Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ШҚО-да тамыз айында жаңбыр жиі жауып, найзағай соғады

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстанда тамыз айына арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Осень Күз пасмурно дождь бұлтты жаңбыр
Фото: Александр Павский/ Kazinform

«Қазгидромет» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша тамыз айының ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, жаздың соңғы айында өңірде ауа температурасы құбылып, жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан көп болады деп күтіледі. Ай бойы жаңбыр мен найзағай жиі қайталанып, тамыздың соңына қарай бұршақ жаууы ықтимал.

Бірінші онкүндікте түнгі ауа температурасы +14...+19 градустан +4...+9 градусқа дейін, ал күндізгі температура +26...+31 градустан +16...+21 градусқа дейін төмендейді деп болжанып отыр.

10–20 тамыз аралығында түнгі ауа температурасы +4...+9 градустан +13...+18 градусқа дейін, күндіз +16...+21 градустан +25...+30 градусқа дейін құбылады. Онкүндіктің соңына қарай күн қайта жылынуы ықтимал.

Үшінші онкүндікте алдымен ауа температурасы біршама жоғарылап, түнде +15...+20 градусқа, күндіз +27...+32 градусқа дейін жетеді. Кейін қайтадан құбылып, түнде +5...+10 градустан +13...+18 градусқа дейін, күндіз +17...+22 градустан +25...+30 градусқа дейін өзгереді.

Еске салсақ, осыған дейін Алматыда жылыту маусымы аяқталса да, ауа сапасы неге жақсармай тұрғандығы жайлы жазғанбыз.