ШҚО-да топырақ астында қалған ер адам құтқарылды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскеменде Шығыс аймақтық аэромобильдік жедел-құтқару жасағының (ШААЖҚЖ) қызметкерлері жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде орда топырақ астында қалған 33 жастағы ер адамның өмірін құтқарып қалды.

ШҚО-да топырақ астында қалған ер адам құтқарылды (ФОТО)

ШҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен хабарланғандай, Көкжал Барақ көшесінде салынып жатқан нысанның аумағында орын алған төтенше оқиға туралы ақпарат таңертең келіп түскен. Сағат 9:50-де құтқарушылар операциясын бастады, ШААЖҚЖ-ның қызметкерлері ер адамды топырақ астынан шығару үшін бір сағатқа жуық уақыт жұмсады. Әрбір минут қымбат болған.

Сағат 11-дің шамасында құтқарушылар зардап шеккен азаматты топырақ үйіндісінің астынан шығарып, ол ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде оның жағдайы қалыпты.