ШҚО-да цемент таситын көлік аударылып қалды
АСТАНА. KAZINFORM - Шығыс Қазақстан облысында Өскемен-Алтай-Рахман қайнары тасжолында цемент таситын көліr аударылды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда кабинада қысылып қалған 1987 жылы туған жүргізушіні оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері куәгерлермен бірлесіп шығарып алды.
-ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері зардап шеккен азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны қаладағы медициналық мекемеге жеткізді,-делінген хабарламада.
Осыған дейін Қарағанды облысында вахталық автобус аударылып қалғаны туралы жаздық.