ШҚО-да тубдиспансер науқасы 2 центнер жылқы етін жойып жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 жастағы Өскемен тұрғыны тубдиспансерде берген тағамның сапасына наразылық білдірген. Сөйтіп ол 220 келі жылқы етін жарамсыз қылған, деп хабарлады YK-news.kz.
None
None

Сотта ол тағамның сапасына шағымданған. Оның айтуынша, ол медициналық мекемеге түскеннен бастап, яғни 5 айда науқастарға ет бермеген. Азамат бұған ашуланып, аурухана басшысынан өшін алмақ болған.

Түнгі уақытта ол палатадағы көршісімен ішімдік ішеді. Көршісі ұйықтаған соң жігіт қоймаға барып, оның құлпын сындырған. Ондағы тоңызытқышта жылқы етін көрген екен. Ашуланған ол етті терезеден лақтыра бастаған. Ол ет жарамсыз болып қалды.

Құқық бұзушы қанша етті лақтырғаны есінде жоқ екенін айтты. Тубдиспансер қызметкерлері науқас 220 келі етті құртқанын айтты.

Айыпталушы аурухана басшысына келтірілген залалдың орнын толтыруға сөз берді. Алайда емдеу мекемесінің қызметкерлері бұған сенбей отыр. Өйткені айыпталушы еш жерде жұмыс істемеген, ішімдікті мөлшерден көп пайдаланады және шамамен үш жыл бұрын тонау фактісі бойынша жазасын өтеп шыққан.

Сот үкімімен айыпталушы бір жыл көлемінде шартты түрде бостандығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар