ШҚО-да тұрмысы төмен 2700-ден астам отбасы үйінің жылыту маусымына дайындығы тексерілді
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір құтқарушылары жылыту маусымына дайындық жұмыстарын бастады. Бірінші кезекте көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың, мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарттардың үйлері бақылауға алынған.
«1 тамыздан бастап құтқарушылар жылыту кезеңіндегі қауіпсіздік шараларын түсіндіру үшін әлеуметтік тұрғыда осал санаттағы отбасылардың 2700-ден астам үйін аралап шықты. Пешті қыс мезгіліне қалай дайындау керектігі және оны үйде өрт шығармай қалай қауіпсіз жағу қажеттігі туралы нұсқаулықтар берілді», - делінген ақпаратта.
Әлеуметтік қорғалмаған азаматтардың тұрғын үйлерін толық тексергеннен кейін ТЖД мамандары екінші кезеңді бастамақ. Онда улы газды анықтайтын датчиктер орнатылады.
«Мұндай датчиктер жақсы нәтиже беріп отыр. Соңғы үш жылда осы құрылғылар 7 рет іске қосылып, нәтижесінде 30 адам, оның ішінде 23 бала құтқарылды», – деп атап өтті департамент бастығының орынбасары Серік Амангелдин.
Облыста жыл басынан бері өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау салдарынан 306 пеш өртенген. Ақауы бар пешті қолданған 9 азаматқа иіс тиді.