ШҚО-да тұтыну бағасының индексі 106,1 пайызды құрады

ӨСКЕМЕН. 22 қараша. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысында осы жылдың қаңтар айынан қазан айы аралығында тұтыну бағасының индексі 2010 жылдың желтоқсанындағы жағдаймен салыстырғанда 106,1 пайызды құрады.
None
None

Азық-түлік бағасы 8,1 пайызға, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 4,3 пайызға, төлем қызметтері 5,3 пайызға артқан. Облыстық статистика басқармасының мәліметінше, 2010 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2011 жылдың қазан айында өнеркәсіп өнімдерін шығаратын кәсіпорын өндірушілерінің бағасы 6,0 пайызға артқан.

Соңғы жаңалықтар