Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ШҚО-да жаңа тағайындаулар болды

ӨСКЕМЕН. Шілденің 21-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен ШҚО әкімінің орынбасары қызметіне Ермек Көшербаев тағайындалды,

ШҚО-да жаңа тағайындаулар болды

деп хабарлайды аймақ басшысының баспасөз қызметі.

Ермек Беделбайыұлы 1965 жылы сәуірдің 2-сі күні Алматы қаласында дүниеге келген. 1988 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Тарихшы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Өзінің еңбек жолын Алматы қаласындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған.

1988 жылдан 1991 жылдар аралығында - ҚР Сыртқы істер министрлігі консулдық бөлімінің бірінші хатшысы болған. 1991 жылдан 1993 жылға дейін - осы министрліктің Дипломатиялық академиясында, 1993 жылдан 1994 жылдар аралығында ҚР Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік хаттама бөлімінің меңгерушісі, 1994 жылдан 1996 жылдар аралығында ҚР Президенті Аппараты хаттама қызметі жетекшісінің қызметін орындаушы болған. 1996 жылдың сәуірінен 1997 жылдын қазан айы аралығында Елшіліктің бірінші хатшысы, Швейцариядағы ҚР Елшілігінің құрылымды бөлімінде жұмыс істеген.

1997-1999 жылдары Премьер-Министрдің көмекшісі, 2000 жылдан 2001 жылдар аралығында «ҚазТрансойл» «МТҰҚ» ЖА ҰҚ баспасөз қызметінің жетекшісі болып қызмет атқарған.

2001 жылдан 2005 жылдар аралығында жетекшілік қызметтерінде болған.

2007 жылдың желтоқсанынан 2008 жылдың сәуір айлары арасында - «Каzenergy» Мұнайгаз және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығының атқарушы директоры, 2008 жылдан 2009 жылдар арасында «Рауан Медиа Групп» АҚ-ның бас директоры болған.

2009 жылдың сәуір айынан 2010 жылдың шілдесіне дейін Семей қаласындағы «Ертiс» ӘКК басқармасының төрағасы болған.