ШҚО-да жаздың алғашқы айында ауа райы қандай болады

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында маусым айына арналған ауа райы болжамы жасалды.

ШҚО-да жаздың алғашқы айында ауа райы қандай болады
Фото: Pixabay

«Қазгидромет» РМК ШҚО филиалының мәліметіне сүйенсек, маусым айының басында өңірде түнде үсік жүруі әлі де сақталып, ауа температурасы минус 1-6 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

– Кейін күн біртіндеп жылына бастайды: түнде +8…+13°С, күндіз +24…+29°С болады. Екінші онкүндіктің басында ауа температурасы одан әрі көтеріліп, күндіз аптап ыстық +32…+37°С-қа дейін жетеді, - делінген ақпаратта.

Кейін температура сәл төмендейді. Нақты айтқанда, түнде +10…+15°С, күндіз +26…+31°С шамасында болады.

– 20-30 маусым аралығында ауа температурасы құбылмалы болады. Түнде +10…+15°С-тан +18…+23°С-қа дейін, күндіз +26…+31°С пен +32…+37°С аралығында болады. Қысқа жаңбыр бірінші онкүндікте, екінші онкүндіктің ортасы мен соңында, үшінші онкүндікте жиі жауады, - делінген хабарламада.

Кей кездері жаңбырмен бірге найзағай соғады. Ай соңында бұршақ жаууы да ықтимал.

Еске салсақ, осыған дейін биыл көктемгі дала жұмыстары кезеңінде күн райы қаншалықты қолайлы болатыны хабарланған.