ШҚО-да жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Курчатов қаласында жедел жәрдем көлігі ағашқа соғылып, ішіндегі медбике мен бала жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Жедел жәрдем апатқа Абай көшесінен қайтар жолда ұшыраған. Өз бетімен келе жатқан көліктің  жолын жеңіл автомобиль қиып өткен. Жедел жәрдем жүргізушісі соқтығыстан қашу үшін жол шетіне бұрған. Салдарынан ағашқа соғылып, ішіндегі медбике мен алты жасар бала жарақат алыпты. Фельдшердің аяқ-қолы сынса, баланың миы шайқалған.

«Медицина қызметкерінің жағдайы «орташа ауыр».  Семейден шұғыл жеткен санитарлық авиация оның денсаулығын толық зерттеді. Әзірге оны Семейге тасымалдау туралы шешім шыққан жоқ. Аяғында ашық сипаттағы, қолында жабық сипаттағы сынық бар. Баланың миы шайқалған, жағдайы тұрақты» - дейді қалалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Қарлығаш Тілауғабылова.

Соңғы жаңалықтар