ШҚО-да жер сілкінісі болды
ӨСКЕМЕН. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Шығыс Қазақстанда сағат 13:35-те жер сілкінісі болды.
Оның ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 1050-ші шақырым жерде, Қытай мен Ресейдің шекарасында орналасты. Өскеменде жер сілкінісінің күші 2 балл, Зырянда - 3, Риддерде - 2-3 балл болды.