ШҚО-да жылыту маусымы басталғалы жер үйлерден 60-қа жуық өрт шықты

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар 9 мыңнан астам жер үйде өрт қауіпсіздігі талаптары сақталмағанын анықтады.

өрт
Фото: Pexels

Жылыту маусымы басталғалы облыс бойынша жер үйлерде 58 өрт тіркелді. Бұл туралы ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Өрттердің 40%-ы от жағу кезіндегі салақтықтан, 27%-ы пеш жағу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаудан, 21%-ы электр жабдықтары мен құралдарын орнату және пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуынан болған. Сонымен қатар балалардың отпен ойнауы және төсекте шылым шегу салдарынан да өрт шықты.

- Жер үйлерді аралау және рейдтер жүргізу барысында мамандар өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуының 9000-нан астам фактісін анықтады. Халық бұл кемшіліктерді дер кезінде жояды деген үмітеміз. Ақауы бар розетканы уақтылы жөндеп, ашық отты қолданғанда барынша сақ болған дұрыс, - дейді департаменттің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.

Еске салсақ, осыған дейін Ақтөбеде тағы да қоқыс полигоны өртенгені хабарланған.

 

Соңғы жаңалықтар