ШҚО-да жөндеуге байланысты жабылған республикалық жол учаскесі қайта ашылды
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы Рахман қайнарына апаратын жолдағы шектеу алынып тасталды.
 
                                              «КАЖсервис» ЖШС облыстық филиалының мәліметіне сүйенсек, аталған жол учаскесіндегі биылға жоспарланған жөндеу жұмыстары аяқталды.
- 30 қазан күні сағат 8:00-ден бастап жоспарлы құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталуына байланысты республикалық маңызы бар Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары бағытындағы жолдың Қараайрық ауылы мен Рахман қайнары шипажайы аралығындағы учаскесінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына рұқсат етілді, - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, көлік жүргізушілері жолдағы шектеулерге қатысты ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығына хабарласып ала алады.
Еске салсақ, осыған дейін Алматыда опырылған жолдан кейін техникалық қадағалау компаниясы аккредиттеуден айырылғаны хабарланған.