ШҚО-дағы тұрақтандыру қорында қандай азық-түлік бар, бағасы қандай
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысындағы тұрақтандыру қорында азық-түліктің 7 түрін арзандатылған бағамен сатып алуға болады.
ШҚО Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы АҚ тұрақтандыру қоры арқылы азық-түлік бағасы реттеліп отырады.
«Биыл қор картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат бағасын тұрақтандыру үшін «Агрофирма Приречное» ЖШС-не несие берді. Өнімдерді өткізу маусымаралық кезеңде 2024 жылдың қарашасынан 2025 жылдың мамырына дейін басталады. Сондай-ақ бакалея өнімдері бағасын тұрақтандыру үшін «Алтай» көтерме тарату орталығына несие берілген», - делінген ақпаратта.
Азық-түлік жеңілдетілген бағамен «Ертіс» ӘКК сауда павильондары және Өскемендегі дүкендер желісі арқылы сатылады.
Бағасына қатысты айтар болсақ, қант келісіне - 437 теңге, рожки келісіне – 285 теңге, қарақұмық келісіне – 250 теңге, күріш келісіне – 460 теңге, күнбағыс майы литріне – 630 теңге, тұз келісіне – 70 теңге.