ШҚО-дағы автожолда жасанды қар көшкіні жүргізілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мамандары жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Өскемен -Таулы Үлбі- Северное» автожолында қар көшкінінің алдын алу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды «Қазселденқорғау» ММ.
Нәтижесінде 13 мың текше метр қар түсті. Тау етегіне түскен қар қар автожолды толығымен жауып қалды. «Облшығысжол» КМК-ның 3 қар тазалағыш техникасы жұмыс істеді. Сағат 15:00-де жол жүру қамтамасыз етілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта аталған аймақтағы автожол қауіпсіз.
Жалпы жұмыстарға 26 адам және 9 техника жұмылдырылды. Олар «Қазселденқорғау» ММ, «ШААЖҚТ» ММ, «Востоквзрывпром» ЖШС, Жол полициясы, ШҚО ТЖД, Апаттық медицина, «Облшығысжол» КМК мекемелеріне тиесілі.