ШҚО-дағы балық зауыты экспорт көлемін арттырды

Жергілікті кәсіпкерлер кәсіпорынға 140 миллион теңге инвестиция салған. Нәтижесінде зауытта жыл сайын 110 тонна балық өңделеді. Қазір балықтың әр түрінен 10-нан астам өнім дайындайды. Ол үшін өңдеу кешені толық еуропалық құралмен жабдықталған. Балықтың тартылған және сұрпы еті мен балық ұны бүгінде Қазақстанның ішкі нарығында бар. Енді «Қазақстанда жасалған» деген брендпен Ресей мен Литваға да экспортталып жатыр. Ал зауыттың өзінде қазір Зайсан көлі жағасын қоныстанған он шақты ауылдан 280-ге жуық адам тұрақты еңбек етіп жүр, деп жазады 24.kz.
«Қазір біздің зауыт қалдықсыз технологиямен жұмыс істейді. Балықтың бірде-бір бөлігін қалдырмаймыз. Ал дайындалған өнімді еліміздің барлық өңірі мен Еуразиялық экономикалық елдерге де жөнелтеміз», - дейді «Төре тоған» балық зауытының директоры Нұрлан Қасымханов.