ШҚО-дағы жолдарда көлік қозғалысы шектелді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар республикалық маңызы бар жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «QazAvtoJol» ҰК» АҚ-ға сілтеме жасап.

«Ауа райына байланысты »Өскемен-Риддер-Ресей Федерациясының шекарасы« автожолының Белоусовкадан Риддерге дейінгі учаскесінде, »Өскемен-Шемонаиха-Ресей федерациясының шекарасы« автожолының Глубокое елді мекенінен Ресей шекарасына дейінгі учаскеде және »Өскемен-Семей автожолының« Герасимовкадан Семейге дейінгі учаскесінде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар
telegram