ШҚО қалалары мен аудандарының барлық әкімдері өңірдің әкімшілік орталығында есептік баспасөз мәжілісін өткізеді

ӨСКЕМЕН. 8 қазан. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда облыс қалалары мен аудандарының атқарушы билік өкілдерінің халықпен кездесулер өткізу маусымы басталды.
None
None

Барлық деңгейдегі әкімдер өз аумақтарындағы халықпен жүздескеннен кейін облыстың әкімшілік орталығы - Өскеменде есеп беру баспасөз мәжілістерін өткізеді. Онда әкімдер ШҚО-да тіркелген тілшілердің сұрақтарына жауап береді деп жоспарлануда.
Есеп беру мәжілістер сериясын Өскемен әкімі Темірбек Қасымжанов бастайды. Оның журналистермен кездесуі бүгін, 8 қазан күні өтеді.

Соңғы жаңалықтар