ШҚО кәсіпкерлері Ресейге 90 миллион теңгені заңсыз алып шыққан, қылмыстық іс қозғалды

СЕМЕЙ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Шығыс Қазақстанның кеденшілері экономикалық қылмыспен күрес қызметкерлері анықтаған заңсыз іс-қимылдарға байланысты, бес жеке кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс қозғады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазақстан мен Ресейдің 2008 жылғы жолаушылардың кедендік декларацияларының мәліметтер базасын салыстыру кезінде салық басқармасында жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендер Ресей Федерациясының кедендік аймағына біздің елімізде декларациядан өтпеген ірі көлемдегі ақшаны алып шыққаны анықталған. ШҚО бойынша КБД баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, АҚШ доллары мен ресей рублінің жалпы сомасы ұлттық валюта эквивалентімен есептегенде 90 миллион теңгеден асып түскен.Кәсіпкерлер осы сомаға Қазақстанда сату үшін РФ аймағынан көкөніс өнімдерін сатып алған. Олардың заңсыз әрекеттерін ресейлік және қазақстандық кедендік жүк декларациясы растап отыр.Аталған фактілер бойынша кәсіпкерлерге қарсы экономикалық контрабандаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Соңғы жаңалықтар