ШҚО Қатонқарағай ауданының жаңа әкімі тағайындалды
ӨСКЕМЕН. Шілденің 16-сы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Аймақ басшысының өкімімен Қатонқарағай ауданының әкімі болып Арман Бекбосынов тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі.
Осы қызметке сайланар бұрын, Арман Бекбосынов Шығыс Қазақстан облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы лауазымын атқарды.
Арман Ілиясұлы Бекбосынов 1973 жылғы қаңтардың 10-ында Зайсан қаласында туды. Еңбек жолын Шығыс Қазақстан облыстық автомобиль жолдары қазыналық кәсіпорны жүйесінде бастады. Бес жыл ішінде ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінде қызмет атқарды.
2006 жылдан 2008 жылға дейін Атырау облысының жергілікті атқару органдары жүйесінде түрлі басшылық қызметтерде болды.
2008 жылғы шілдеден 2009 жылғы қыркүйекке дейін - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің стратегиялық жоспарлау және көлік-коммуникация кешенін дамыту департаментінің Автомобиль жолдарын дамыту басқармасының бастығы қызметінде болды.