ШҚО Көкпекті ауданының жер қатынастары бөлімінің бастығы пара алғаны үшін ұсталды
ӨСКЕМЕН. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының қаржы полициясы Бұқтырма су қоймасы жағасында демалыс орындарын салуға жер учаскесін беру үшін жеке кәсіпкерден 150 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен Көкпекті ауданының жер қатынастары бөлімінің бастығы Зарықбаевты қамауға алды.
Сонымен қатар экономикалық қылмысқа және жемқорлыққа қарсы күрес департаментінен хабарланғандай, Зарықбаев сол кәсіпкерден осы қызметі үшін плазмалық теледидар алды деп күдіктелуде.
15 қаңтарда шенеунікке қатысты ҚР ҚК 311 бабы 2 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі таңда Зарықбаев сот санкциясымен қамауға алынды. Қылмыстық іс тергелуде. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.