ШҚО мектеп оқушылары Дарынды балалар орталығын салуды ұсынды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО-да өткен Жас дарындар форумының қатысушылары Бердібек Сапарбаевқа Дарынды балалар орталығын салуды ұсынды, деп хабарлады әкімнің ақпарат орталығы.
None
None

Идеяға бастамашылық еткен №3 мектептің түлегі Мәдина Еркенованың пікірінше, бұл орталықта жас ғалымдар өздерінің ғылыми жобаларын әзірлеп, тәжірибе бөлісе алады. ШҚО әкімі ұсынысты қолдап, Мәдинаға облыстық құрылыс басқармасының мамандарына құрылысқа қажетті техникалық құжаттаманы әзірлеуге тапсырма беретінін айтты.

Айта кетейік, Мәдинаның ғылыми жобасын ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мақұлдаған болатын.

Бұдан басқа, оқушылар форумында Ертістің сол жағалауында жуық арада жастар қалашығы құрылысының басталатыны айтылды. Бірінші жоба - баламалы энергия көздерімен (күн батареясы, су жылытатын қазандықтар) жұмыс істейтін болады.

Сондай-ақ облыс әкімі Б. Сапарбаев балаларға үздік оқушылардың суреттері Тәуелсіздік даңғылындағы аллея маңында орнатылған стендтерге ілінетінін хабарлады.

Соңғы жаңалықтар