ШҚО мен Алматы облысында тұрғын үйдегі өрт салдарынан 3 адам көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Космос ауылындағы жекеменшік тұрғын үйден кеше кешкі сағат 19-дар шамасында өрт шыққан.
None
None

Тілсіз жау 28 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнынан әзірге кім екені анықталмаған белгісіз адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен. Өртті сөндіру жұмыстарына ҚР ТЖМ Алматы облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 7 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылған.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында түнгі сағат 22.25-те жекеменшік тұрғын үйді - 12 шаршы метр аумақты өрт шалған. Тілсіз жау бір сағат ішінде сөндірілді. Оқиға орнынан екі адамның мәйіті табылды. Оның бірі 1976 жылы туған азамат Д.Чехлов, ал екіншісі 1977 жылы туған азаматша И.Чехлова болып шықты. Сондай-ақ иіс тиіп уланған 1995 жылы туған азамат А.Ефемов пен 2010 жылы туған бала Д.Чехлов ауруханаға жеткізілді. Айта кетейік, өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 5 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар