15:24, 21 Мамыр 2019 | GMT +5
ШҚО мен Қостанай облысында күн суытады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты екі өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
22 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, солтүстік-батыстан жел соғады. Жел екпіні күндіз 15-20 м/с дейін жетеді. Түнде кей жерлерде 3 градус үсік күтіледі.
Осы күні Қостанай қаласында күндіз солтүстік-батыстан жел соғады. Жел қарқыны секундына 15-20 метр болады.
22 мамырда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл соғады. Бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан cоғатын жел батысқа ауысып, кей жерлерде жел екпіні 15-20, 25 м/с дейін күшейеді.
Осы күні Өскемен қаласында найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-шығыстан cоғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, 15-20 м/с дейін жетеді.
Семей қаласында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан cоғатын жел батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.