ШҚО-ның білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО-да өңірлік білім басқармасының басшысы ауысты. Бұл қызметке бұрын облыстық білім беру саласындағы бақылау департаментінің басшысы болған Нұргелді Әбжапаров тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

ШҚО-ның білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды

ШҚО білім басқармасына жаңа басшы болып Нұргелді Әбжапаров тағайындалды. Ол 1980 жылы дүниеге келген. Білімі - «Халықаралық іс жүргізу» (2001 ж.), «Заңгер» (2006) MBA

2002-2003 жылдары ҚР ІӘ қатарында борышын өтеді.

Еңбек жолын 2003-2004 жылдары Астана қаласының Алматы ауданы әкімі аппаратында бастаған.

2004-2008 жылдары сот жүйесінде жұмыс істеді.

2008-2010 жылдары коммерциялық құрылымдарда, 2010-2011 жылдары прокуратура органдарында, 2011-2015 жылдары «Казатомпром» ҰАҚ АҚ басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

2015 -2016 жылдары «Универсиада өткізу жөніндегі дирекция» МҚ директорының орынбасары болып қызмет етті.

2016-2017 жылдары Шығыс Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы.

Облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы Айжан Садықова облыстық педагогтар кәсіподағына ауысты.