ШҚО-ның далалы алқаптарындағы өрттер Ресей шекарасына 30 шақырым қалған жерде ауыздықталды - ТЖМ

СТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы, Башкүл және Сосновка ауылдық округтерінің далалы алқаптарындағы өрттер Ресей шекарасына 30 шақырым қалған жерде ауыздықталды.

ШҚО-ның далалы алқаптарындағы өрттер Ресей шекарасына 30 шақырым қалған жерде ауыздықталды - ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сәйкес, өртте құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәліметтер бойынша жалын 45 га аумақты шарпыды.

«Отпен күреске ШҚО ТЖД-ның барлық өртке қарсы және құтқару қызметтері, «Семей орманы» мемлекеттікорман табиғи резерваты" мемлекеттік мекемесі мен Ресей Федерациясы Степномихайловский орман шаруашылығының қызметкерлері жұмылдырылды», - леп анықтады ТЖМ-дан.