ШҚО-ның құтқарушысы Алексей Лялько Азия веложарысында «қола» жүлдені еншіледі
ӨСКЕМЕН. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Өрт сөндіруші Алексей Лялько көпкүндік веложарысында үшінші орыннан көрінді.
165 шақырымдық жарыс ыстық Вьетнамда өтті. 100-ге тарта қатысушы, Азия елдерінің 21 командасы біріншілікте бақтарын сынады.
«Мен үшін үшінші орыннан көріну өте маңызды. Әрбір жеңіс алға жылжуға жетелейтіні сөзсіз. Қаңтар айында Мексикада өтетін Әлем кубогына қатыспақшымын», - дейді Алексей.