ШҚО-ның Ұлан аудандық ауруханасының жас дәрігерлері жарты миллион теңге көтерме ақы алды

ӨСКЕМЕН. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысындағы Ұлан ауданының әкімі Серік Түленбергенов «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша келген жас дәрігерлерге жарты миллион теңгеден табыстады.
None
None

Бұл құрметке өткен аптаның соңында өткен ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиналыс рәсімінде жас хирург Ахат Датбаев пен Таврическое ауылындағы аудандық аурухананың статист дәрігері Аяулым Мұратқызы ие болды.

Енді жас хирург Ахат Датбаевтың жеке қажеттіліктері үшін жарты миллион теңгесі және ауылда пайызсыз несие бойынша алынған үш бөлмелі пәтері бар.

Аяулым көтерме ақыдан басқа қызметтік екі бөлмелі пәтермен қамтамасыз етілді.

Соңғы жаңалықтар