ШҚО прокуратурасы азаматтың бостандығы мен құқығын бұзғандығы үшін полиция қызметкерлерін жауапкершілікке тартты

Олар Е.Богатырев атты азамат басқа бір азаматтың сенім телефоны арқылы хабарлаған өктемдік туралы фактісі бойынша қолға түскен.
Богатыревті таңғы сағат 9-да полиция бөлімшесіне жеткізіп, сағат 12.30-да прокуратура қызметкерлері келгенше оған қатысты ешқандай тергеу амалдары жүргізілмеген. Осы уақыт бойы азамат аудандық бөлімнің қызметтік кабинетінде жайдан-жай отырған. Оның босату туралы өтінішіне полиция қызметкерлері кабинеттен шықпауды бұйырып, жоқ деп жауап берген.
«Азаматты үш сағаттан астам уақыт заңсыз ұстағаны» туралы фактіні тексерген соң прокуратура оны босатып, ал азаматтың бостандығы мен құқығын бұзуға жол берген полиция қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тартты.
Сонымен қатар, облыстық прокуратура хабарлағандай, осы жылдың алты айында прокуратура органдарына 2961 адам мен 302 заңды тұлғалар шағым білдірген.