ШҚО Тарбағатай ауданына қарасты 16 елді мекенде су басу қаупі әлі сақталып отыр

АСТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының 7 ауылдық округі мен 9 елді мекенінде су басу қаупі әлі де сақталып отыр,
None
None

деп хабарлады ҚР ТЖМ-нан.

Ведомство баспасөз қызметінен мәлім еткендей, елді мекендердің төмен орналасқан жерлерінен жиналған судың арналарын бұру жұмыстары жалғастырылуда. Температураның төмендеуіне байланысты жағдай тұрақтағанмен, су тасқынына қарсы жұмыстар тоқтатылған жоқ.

Абай, Күршім, Ұлан, Зайсан, Қатонқарағай және Аягөз аудандары мен Риддер қаласында барлық өзендерде су деңгейі түсіп, жағдай тұрақтанды. Дегенмен 7 ауылдық округ пен 9 елді мекенде су басу қаупі әлі сейілген жоқ.

Төтенше жағдай салдарынан ШҚО-да барлығы 7406 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Бүгінгі күні олардың 6046-сы өз үйлеріне қайта оралды. 1157 үй, 1573 шаруашылық нысан, 50 қыстақ су астында қалды. 536 үй, 479 шаруашылық нысан мен 24 қыстақ жарамсыз болып қалды.

Бүгінгі күні апат аймақтарына Төтенше жағдайлар министрлігінің жеке құрамдағы 1119 адамы мен 220 техникасы, 64 жүзу құрылғысы, 2 тікұшақ пен 1 ұшақ жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар