14:55, 22 Қаңтар 2020 | GMT +5
                                        ШҚО трассасында екі елдің азаматтары құтқарылды
                                            ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында Тәжікстан мен Өзбекстан азаматтары мінген автобус жолда сынып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
                                        
                                        
                                    
                                              «Красноярск-Сарыағаш» бағытындағы автобус «Алматы-Өскемен» тасжолында бұзылған. Полиция қызметкерлері жолдың жиегінде тұрған жолаушылар көлігін байқаған. Ішінде 20-дан астам шетел азаматы отырған. Арасында 1 бала бар», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Жақын маңдағы жол базасына жеткізілген жолаушыларға ыстық шай берілді. Келесі күні шетел азаматтары басқа автобусқа мініп, сапарларын жалғастырған.