ШҚО ТЖД-нің офицерлер құрамына медальдар табыс етілді

ӨСКЕМЕН. 7 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 20 жыл толуына байланысты Шығыс Қазақстан облысының ТЖ бойынша департаментіндегі 26 әскери қызметкер мерейтойлық медальдармен марапатталды.
None
None

Оларды департаменттің бастығы Руслан Нұрбатчанов табыс етті.

Өртке қарсы қызметтің көзге ерекше түскендері мемлекеттік алдын алу жүйесін дамыту және төтенше жағдайларды жоюға қосқан үлестері үшін төсбелгілермен марапатталды.

ҚР ТЖМ шығыс бөлімшесінің барлық құрамын мерекемен құттықтаған Р.Нұрбатчанов: «Біздің ортақ борышымыз - біздің жеңістеріміздің тарихы қазіргі және болашақ жастардың бойында патриоттық сезімін, халықтардың берік достығын тәрбиелеу үшін басты үлгі ретінде қалуы үшін қолдан келгеннің барлығын жасау. Бейбіт уақытта азаматтардың өмір сүру, еңбек ету және өздерінің болашағына снімді болуы үшін Отанымыздың тыныштығын сақтап жүрген бәріңізді мерекемен құттықтаймын», - деді.

Соңғы жаңалықтар