ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қайтыс болды
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов көз жұмды.

Нұржан Сайлаубекұлы 1969 жылы ШҚО Аягөз ауданының Тарбағатай ауылында дүниеге келген. Ол Өскемен құрылыс-жол институты мен Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «инженер-құрылысшы», «экономика және бизнес бакалавры» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы Аягөз ауданындағы ДЭУ-25-те жол шебері болып бастаған. Біраз уақыттан кейін прораб, одан соң осы ұйымның өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы болды.
2001 жылы «Қазақавтожол» РМК Шығыс Қазақстан облыстық филиалының 71-жол пайдалану учаскесін басқарды.
2006 жылдан 2009 жылға дейін Автомобиль жолдары комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық департаментінің Сапаны бақылау және жұмыстарды қабылдау бөлімдерін басқарды.
2009 — 2014 жылдар аралығында ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының автомобиль жолдарын дамыту мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2014-2018 жылдар аралығында «Шығысжолзертхана» РММ басшысы болды.
2018-2021 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
2021 — 2022 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2022 жылдың қыркүйек айынан осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы болды.
Еске салсақ, осыған дейін Ақтөбеде бір апта бұрын із-түзсіз кеткен дәрігердің денесі табылғаны хабарланған.