22:15, 01 Тамыз 2024 | GMT +5
ШҚО Жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы тағайындалды
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысы Жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы болып Нұрлан Махамбетов тағайындалды.

ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Нұрлан Мұхтарұлы 1965 жылы Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Ивановка ауылында дүниеге келген.
Ленинград жоғары зениттік-зымыран командалық училищесін және Қазақстан-Америка еркін университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
2019 жылға дейін әскери салада әр түрлі қызмет атқарды.
2020-2023 жылдары Алтай ауданы Серебрянск қаласының әкімі болып жұмыс істеген.
2023 жылдың сәуір айынан осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының әкімі лауазымын атқарды.