Шілденің алғашқы күндері Тараздың бірқатар ауданында жарық өшіріледі

АСТАНА. KAZINFORM — Тараз қаласында электр желілерінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілуіне байланысты бірнеше аудан мен көшеде уақытша электр қуаты өшіріледі, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

Некоторые районы Тараза останутся без света в первые дни июля
Фото: Алексей Поляков / Kazinform

«ЖЭС» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, шілденің алғашқы күндері әуе электр желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстары өтеді. Осыған байланысты электр қуаты уақытша, сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін өшіріледі.

1 шілде күні Жансая (11) және Аса (10) шағынаудандарының тұрғындары жарықсыз қалады. Сондай-ақ Ақша батыр, Майкөт ақын, Бейбітшілік, Жамбыл даңғылы, Пушкин, Ұлы Дала, Жандосов, Төле би, Сүлейменовтің 1-тұйығы, Тәуке хан, Саңырақ батыр және Махамбет көшелерінде электр қуаты уақытша ажыратылады.

Бұдан бөлек, осы күні Қарасай тұрғын алабының бір бөлігінде де жарық өшіріледі. Атап айтқанда, Ақмола, Речная, Ниязымбетов, Алмалы көшелері мен Өзбек тұйығы қамтылады.

2 шілде күні жөндеу жұмыстары қаланың басқа бөліктерінде жалғасады. Сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін Салтанат (4) және Қарасу (5) шағынаудандарында, сондай-ақ Өтемісұлы, Шалқия жырау, Байтенов, Сабуров, Балуан Шолақ, 8 Наурыз, Каменогорская, Прибалхашская, Тараз, Есенин, Ақтөбе, Құсмұрын, Беделбаев және Талдықорған көшелерінде электр қуаты болмайды.

Некоторые районы Тараза останутся без света в первые дни июля
Фото: Алексей Поляков / Kazinform

Сондай-ақ Қарасай тұрғын алабында 2 шілдеде Речная, Набережная және Алмалы көшелерінде де уақытша жарық өшіріледі.

Мамандар тұрғындарға электр қуатының өшірілу кестесін алдын ала ескеріп, ұялы телефондар, қуаттағыш құрылғылар (power bank) және басқа да қажетті техникаларды алдын ала зарядтап алуға кеңес береді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық экономика министрі 2026 жылғы 18 маусымда тариф қалыптастыру қағидалары мен қоғамдық маңызы бар нарықтардағы баға белгілеу қағидаларына өзгерістер енгізу туралы бұйрыққа қол қойғанын жазғанбыз.