ШОБ-тың Астана экономикасына қосқан үлесі 66%-ға жетті
АСТАНА. KAZINFORM — Шағын және орта бизнес секторында елорданың 560 мыңға жуық тұрғыны жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.
Президенттің экономиканы әртараптандыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Астанада кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамытудың жоғары қарқыны сақталып келеді.
Астана әкімдігінің Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Халел Әкімжанов логистика мен қоймаға сақтауға барлық инвестицияның 38,8%-ы салынғанын, ал өнеркәсіптің өсуі — 7,6% болғанын хабарлады. Қалада 560 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтып отырған 246 мың ШОБ субъектісі жұмыс істейді. ШОБ-тың елорда экономикасына қосқан үлесі 66%-ға жетті, бұл ретте секторда қаланың экономикалық белсенді халқының шамамен 76%-ы жұмыс істейді.
— Жоғары динамиканы көрсетіп отырған негізгі жетекші салалар — логистика, өнеркәсіп және дәстүрлі түрде құрылыс саласы. Бүгінгі таңда шағын және орта бизнес субъектілері жалпы өңірлік өнімінің шамамен 66%-ына үлес қоып отыр, — деп атап өтті Халел Әкімжанов.
2026 жылы Астанада 1,4 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, 68,4 млрд теңгеге 26 өнеркәсіптік жобаны іске қосу жоспарланған. Қазірдің өзінде құны 32,1 млрд теңге болатын 8 жоба 500 жұмыс орнын қамтамасыз етті.
Жыл соңына дейін 36,3 млрд теңгеге тағы 18 жоба іске қосылады деп күтіледі, бұл қосымша 956 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Бұған дейін Қазақстанда сапасыз өнімге қатысты 136 кәсіпкер жауапқа тартылғанын жаздық.