Шоқан және оның заманы туралы ғұмырнамалық кітап жарық көрді

       АСТАНА. Желтоқсанның  24-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ -    Жуырда    Алматыдағы   «Қазақстан»  баспасынан «Ғибратты  ғұмыр»  сериясы  бойынша  белгілі  журналист-зерттеуші, жазушы   Жарылқап    Бейсенбайұлының   «Шоқан»  атты  көлемді   кітабы  жарық  көрді,
None
None

  деп  хабарлайды  ҚазАқпарат.

      Автор    Шоқан  Уәлихановтың   өмірін  көп жылдан  бері  зерттеп,   қазақтың  ұлы  ғалымының   1856  жылы  жазған  «Ыстықкөл  сапарының  күнделігі»  ізімен  қайталай  жүріп  өткен,  ол  ғұмыр  кешкен  мекендерді  арнайы   аралап,  бұған  дейін осы  тақырыпқа арналған  «Шоқан  ізімен» (1977),  «Жасын-тағдыр  жарқылы»  (1987)   атты  кітаптарымен оқырман  қауымға  танымал  қаламгер.             

        Шоқандай  ардақтымыздың  келер  жылы аталып  өткелі  отырған  175  жылдық  мерейтойы  қарсаңында   жарық  көріп  отырған жаңа  ғұмырнамалық туындыда  ұлы  ғұлама  мен  ол   өмір  сүрген  заманға қатысты,  кейінгі  онжылдықтарда ғылыми айналымға  түскен тарихи, мұрағаттық  деректер  кеңінен  пайдаланылып,  бұрын  беймәлім  боп келген  көптеген  тұстарға  жаңаша  барлау  жасалынады.  Сол  кезеңдегі  қазақтың  белгілі  тұлғалары  туралы тиянақты мағлұматтар  беріледі,   күшейе  түскен  отаршылдық   құрсау,  жаңа  жерлерді  бағындыруға  ұмтылған  империялық    обыр  пиғылдың  әртүрлі  құйтырғылары  ашып  көрсетіледі. Автор мезгілінен оза  туған  Шоқанның  ерек  тұлғасын,  шығыстану  әлемінде  құйрықты   жұлдыздай   ағып  өткен    ғажайып  ғалымдығын,  өз  уақытының үздік  ойлы  зиялылары  мен  қаламгерлерін  айрықша  тәнті  еткен   оқшау  дарынын,  қызығы  мен  құсалығы   қатар  ұшырасқан   шытырман   тағдырлы   ғұмырын   сол  дүрбелең     заман  демімен  тығыз  байланыстыра   қарап тарқатады.                  

        Кітап  Мәдениет  және  ақпарат  министрлігінің  әлеуметтік  маңызды  әдебиет  тізіміне  енгізілген.  Көлемі - 39 баспа  табақ.

               ҚазАқпарат  анықтамасы:

        Ж. Бейсенбайұлы  - 1969-1990  жылдары «Жас  Алащ»  газетінде  қызмет  істеді. 1990-1987  жылдары  «Ана  тілі»  газетінің  тұңғыш  бас  редакторы.  1997  жылдың  соңынан  бастап Қазақ ақпарат агенттігі   (қазіргі «ҚазАқпарат» ұлттық  компаниясы)  Қазақ  редакциясының   бас   редакторы.  Оқырман  қауымға  ол  жоғарыда  аталып  өткен  шығармалардан  басқа  «Буырқанған  бояулар» (1981), «Әдеп  әлемі» (1982), «Қазақ  шежіресі» (1994),  «Арғы  түрктер  ақиқатының  ізімен» (2006)   атты  кітаптарымен  де  таныс.

Соңғы жаңалықтар