«Шоқан жолдарымен» халықаралық жоба қолға алынды

None
None
КӨКШЕТАУ. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ресейдің Омбы қаласынан бастау алған «Шоқан жолдарымен» ғылыми-танымдық экспедиция мүшелері Көкше жеріне жетіп, өз жұмысын бастап кетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Омбы облыстық мәдениет және білім министрліктері, «Болашақ» қазақ тілін жетілдіру орталығы, Ақмола облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармалары, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетімен бірлесе отырып Шоқанның 175 жылдығы мен «Шоқан тағылымы» халықаралық оқуының 15 жылдығына орай арнайы экспедиция ұйымдастырып отыр. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарлама аясында белгілі ғалым, әдебиеттанушы, географ Шоқан Уәлихановтың шығармашылығы мен өмірін қамтитын іс- шара барысында Қазақстан мәдениетімен кеңінен танысу, Шоқан шығармашылығының қыр-сырын жете меңгеру, туып -өскен жеріне саяхат жасау ескерілген. Сонымен қатар ғалымдармен, студенттермен, өңірдің зиялы қауымымен кездесіп, Шоқан тағылымына терең үңілу көзделуде. Қазақстан мәдениеті мен ғылымы, әдебиеті мен тарихы әңгіме арқауына айналып, пікір алмасу өткізілмек. Экспедиция Омбы-Көкшетау-Түркістан-Алматы бағытында Шоқан жүрген жолдарды қамтиды.
Соңғы жаңалықтар
telegram