ШОЛУ: Қазақстандағы спорттың дамуы (ІІІ бөлім)

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жыл - Қазақстан спорты үшін ерекше жыл. Биыл Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында төрт жылда бір келетін дүбірлі дода - жазғы Олимпиада ойындары байрағын көтереді. Төрткүл дүние көз тігетін бәсекеге біздің спорт саңлақтарымыздың дайындығы қалай? Іріктеу жарыстарынан кім сүрінбей өтіп, жанкүйер үмітін ақтап жатыр? Олимпиададан өзге де спорттық жарыстардағы нәтижеміз қандай? Елімізде жалпы бұқаралық спорт қаншалықты дамып жатыр? «ҚазАқпарат» жыл басынан бері спорт тақырыбын назардан тыс қалдырмай, ерекше көңіл бөліп келді. Назарларыңызға осы және өзге де тақырыптарды қамтитын спорт туралы ең қызықты материалдарға шолудың үшінші бөлімін ұсынамыз.
None
None

***


Қызылордадағы спорт мектебінде осы оқу орнының түлектері - дзюдо чемпиондарымен кездесу өтті

Алғыс айту күніне орай Ж.Баһадүр атындағы Қызылорда облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта республикалық, халықаралық жарыстарда ел мерейін асқақтатып жүрген спортшыларға құрмет көрсетілді. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.Дзюдодан жасөспірімдер Олимпиада ойындарының чемпионы, жасөспірімдер арасында тұңғыш Әлем чемпионы, осы интернаттың түлектері Бауыржан Жауынтаев пен дзюдодан жастар арасында Әлем чемпионы Мағжан Шамшадинге алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етілді. Мектеп-интернат директоры Ишанбек Жұмабаев спортшыларға алғысын айтып, алдағы дүбірлі додаларда әрқашан жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектестігін білдірді.  


Қазақстандық З.Дияс Куала-Лумпур турнирінің екінші айналымына шықты

Қазақстандық Зарина Дияс Малайзияның Куала-Лумпур қаласында теннистен өтіп жатқан халықаралық турнирдің екінші айналымына шықты.Vesti.kz сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Зарина осы турнирдің төртінші ракеткасы, неміс теннисшісі Анника Бекті сағат жарымға созылған уақытта 7:5, 6:3 есебімен тізе бүктірді. З.Дияс матч барысында бес брейкке қол жеткізді. Әсіресе, бірінші партияда 3:5 есебімен жеңіліп жатып, кейінгі төрт геймді қатарынан ұтты. Қазақстандық теннисші бұдан бұрын да А.Бекті бір мәрте ұтқан болатын. З.Дияс екінші айналымда осы турнирде ресейлік Александра Панованы жолдан тайдырған қытайлық Чжу Линьмен кездеседі. Айта кетейік, биылғы жарыстарын сәтсіз өткізген З.Дияс әлемдік рейтингте 95-інші орынға дейін төмендеп кеткен болатын. Ал аталмыш турнирдің жүлде қоры - 226750 АҚШ доллары.       


ҚР чемпионаты: Алматы облысының дзюдошылары үздік атанды

2016 жылдың 26-29 ақпан күндері Талдықорған қаласында самбо күресінен 1998-1999 ж.т. жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізілді, - деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.Аталған жарыста Алматы облысының спортшылары жоғары шеберлік үлгісін көрсетіп, нәтижелі орындарға ие болды. Айталық, 56 келі салмақта Тоқтар Үміталиев және 87 келі салмақта Бахтияр Ибрагимов Қазақстан Республикасының чемпиондары деген атаққа қол жеткізді. Сонымен қатар 70 келі салмақта Аңсарбек Ғайнуллин мен 60 келі салмақта Әділбек Сейсов күміс жүлдегер атанса, Армат Қабдолов 52 келі салмақта қола жүлдені қанжығасына байлады. Ал қыздар арасында 70 келі салмақта Әсем Телекова жеңіс тұғырының екінші сатысынан көрініп, жерлестерін күміс жүлдесімен қуантты.          


«Астананың» велоспортшысы Андреа Гуардини «Лангкави турының» кезеңінде жеңіске жетті

«Астана» командасының мүшесі италиялық Андреа Гуардини «Лангкави туры» велокөпкүндігінің жетінші кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Sports.kz.Екінші және үшінші орынға сәйкесінше отандастары Якуб Марежко («Southeast-Venezuela») және Андреа Палини («SkyDive Dubai») ие болды. Бас іріктеу сынында алғашқы үштік өзгеріссіз қалды: көш басында оңтүстік африкалық Рейнардт Ренсбург («Dimension Data»), одан кейін колумбиялықтар Даниэль Алехандер Харамильо Диез («UnitedHealthCare Professional») және Мигель Анхель Лопес («Астана»). «Лангкави туры». Жетінші кезең. Seremban - Parit Sulong, 202,3 км 1. Андреа Гуардини (Италия, «Астана») - 4:47:12 2. Якуб Марежко (Италия, «Southeast-Venezuela») 3. Андреа Палини (Италия, «SkyDive Dubai») 25. Мигель Анхель Лопес (Колумбия, «Астана») 40. Лоуренс де Вриз (Бельгия, «Астана») 58. Диас Өмірзақов (Қазақстан, «Астана») 92. Арман Қамышев (Қазақстан, «Астана») - +0:25 Жетінші кезеңнен кейінгі жалпы есеп: 1. Рейнардт Ренсбург (ОАР, «Dimension Data») - 25:48.29 2. Даниэль Алехандер Харамильо Диез (Колумбия, «UnitedHealthCare Professional») - +0:11 3. Мигель Анхель Лопес Морено (Колумбия, «Астана») - +0:12 28. Лоуренс де Вриз (Бельгия, «Астана») - +2:02 100. Андреа Гуардини (Италия, «Астана») - +28:30 103. Арман Қамышев (Қазақстан, «Астана») - +29:43 122. Диас Өмірзақов (Қазақстан, «Астана») - +52:32.     

Астанада канадалық хоккей кеші өтеді

Қазақстан Республикасындағы Канада Елшілігі ҚР шайбалы хоккей федерациясының қолдауымен "Барыс Арена" мұз айдыны сарайында канадалық хоккей кешін өткізеді. Жанкүйерлер және көрермендер ойынды тегін тамашалай алады.  Онда "Канада-Қазақстан" кубогі үшін екі елдің құрамалары күш сынасады. Бұл матч 2012 жылдан ұйымдастырылып, игі дәстүрге айналды. Ол екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға септеседі. Канада командасын Қазақстандағы Канаданың Төтенше және Өкілетті Елшісі Шон Перри Стайл басқарады. Жарыс барысында қайырымдылық лотереясы ойнатылады. Басты сыйлық NAFA аукционының (маркасының) канадалық қаракүзен тоны (құны 5500 АҚШ доллары) болмақ.  Екінші сыйлық - Bauer спорттық компаниясының  хоккейшінің киім-кешегі, үшінші - канадалық стильдегі хоккей күртесі.  Лотереядан жиналған қаражат Қазақстандағы әуесқой хоккейдің дамуына жұмсалады. Шара 2016 жылы 7 наурызда сағат 18.00-де өтеді.      


Жанат Сайын 20 жасқа дейінгі жастар арасында өтетін әлем чемпионатына жолдама алды

Батысқазақстандық шахматшы Жанат Сайын Көкшетау қаласында 20 жасқа дейінгілер арасында ел чемпионатының жеңімпазы атанды.БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, классикалық шахматтан үздік шыққан Жанат 20 жасқа дейінгі жастар арасында өтетін әлем біріншілігіне жолдама алды. Сол сияқты тағы бір батысқазақстандық Айсезім Мұхит классикалық шахматтан екінші, блицтен үшінші орынды иеленді. Енді ол шахматтан Азия чемпионатында бақ сынайтын болады. Еске сала кетейік, Ж.Сайын өткен жылы Таиландтың Паттайя қаласында 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер (оқушылар) арасындағы шахматтан әлем чемпионатында абсолютті жеңімпаз атанған болатын.      


Әр бейсенбіде «Медеу» мұз айдынының қонақтарын қазақстандық эстрада жұлдыздары қарсы алады

Әр бейсенбі сайын оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтары танымал әншілер мен топтардың жанды дауыстағы орындау шеберлігіне тәнті болады.Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, 25 ақпаннан 7 сәуірге дейін (әр бейсенбіде) сағат 19:00-дан 22:00-ге дейін «Медеу» биік таудағы мұз айдынында жаппай бұқаралық сырғанақ тебу кезінде ««Медеу МұзFest» фестивалі аясында қазақстандық эстрада жұлдыдарының қатысуымен концерттер өткізіледі. «Өткен аптада «Медеу» қонақтары алдында Нұржан Керменбаев пен  YES17 тобы өнер көрсетті. Ал 3 наурызда сырғанақ тебушілер «Do-Mi-No» тобының сүйікті хиттарымен сусындайды», - делінген хабарламада. «Медеу» басшылығы белсенді және салауатты өмір салтын наихаттайтын жобалар мен жақсы идеяларға әрқашан да қолдау көрсетуде. Бұрын мұз айдынында «Азия дауысы» халықаралық музыка фестивалі өтетін еді. Енді бұдан бұлай «Медеу МұзFest» фестивалі де жұртшылық көңілінен шығатынына сенеміз    


Күрес киімдерінің түсі өзгереді

Бүкіләлемдік күрес одағы (UWW) балуандар киімдерінің түсіне өзгерістер енгізбек. Бұл туралы одақтың ресми сайты хабарлап отыр, деп жазады massaget.kz.Қызыл және көк түстердің орнына елдердің Туының түсі бейнеленеді. Ал қызыл және көк түстер тек киімнің арқа бөлігіндегі сызықтар мен төменгі жағында ғана сақталады. Жаңа өзгерістер 2016 жылғы Олимпиада ойындарына лицензиялық ұпай тарататын Улан-Батордағы (Моңғолия) жарыстан басталмақ. - Күрес киімдеріне енгізілген өзгеріс көпшілік көңілінен шығады деп ойлаймын. Бұл спорт түріне деген қызығушылықты да арттыра түспек, - деген UWW президенті Ненад Лалович.   


«Kazsport» Дэвис Кубогы аясындағы Сербия-Қазақстан матчтарын тікелей эфирде көрсетеді

4-6 наурызда Белградта (Сербия) Дэвис Кубогының Әлемдік тобындағы 1/8 финалы аясында Сербия мен Қазақстан кездеседі.Бұл матчтарды «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.Көрсетілім кестесі:4 наурыз (жұма)18:50. Сербия-Қазақстан. 1-ші ойын. Тікелей эфир21:30. Сербия-Қазақстан. 2-ші ойын. Тікелей эфир5 наурыз (сенбі)19:55. Сербия-Қазақстан. 3-ші ойын. Тікелей эфир6 наурыз17:50. Сербия-Қазақстан. 4-ші ойын. Тікелей эфир20:35. Сербия-Қазақстан. 5-ші ойын. Тікелей эфирҚазақстан Ұлттық құрамасының капитаны Диас Досқараев сербиялықтарға қарсы матчқа Михаил Кукушкин, Александр Недовесов, Андрей Голубев пен Дмитрий Попконы шақырған.Ал, Сербия сапында әлемнің 1-ші ракеткасы Новак Джокович, Виктор Троицки, Филип Крайинович және Ненад Зимонич ойнайтын болды.Еске сала кетейік, 2015 жылы қазақстандық теннисшілер Дэвис Кубогының ширек финалында Австралия құрамасына 3:2 есебімен есе жіберген еді.Теннистен Қазақстанның ерлер құрамасы 6-шы жыл қатарынан әлемдік элитада ойнауда. Бұл уақыт аралығында спортшыларымыз турнирдің ширек финалына 4 рет шықты. 


Алексей Полторанин «Канада туры» жарысының финалына шықты

Канададағы Гатино қаласында шаңғышылардың «Канада туры» жарысы өтіп жатыр.Ең үздік нәтиже норвегиялық Петтер Нортугтың еншісінде, екінші орын америкалық Саймон Хэмилтонға бұйырса, үштікті ресейлік Сергей Устюгов түйіндеді. Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин іріктеу кезеңін 24-інші болып аяқтап, жарысты одан әрі жалғастыратын болды, деп хабарлайды sports.kz.    


Сауль Альварес: «Головкиннен жеңілмеймін, ол менен басым түсе алмайды»

WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль Альварес Геннадий Головкинмен 155 фунт аралық салмақта жұдырықтасу шешімін өзгертпейтінін мәлімдеді, деп жазады Sports.kz.«Мен орта салмақтағы спортшы емеспін. Мен бірінші орта салмақ дәрежесіндегі боксшымын. Бұл жолы мен қандай да бір титул үшін бірінші орташа салмақта жұдырықтасқым келді. Көп жағдайда шегініп, көп басымдықты беріп қойдым.  Ендігі мен істемейтін жалғыз нәрсе - GGG-дан жеңіліп, немесе оған қандай да бір басымдықтар бермеу. Бұл жекпе-жекті ұйымдастыруға  бола ма? Ол болады. Бірақ талаптары дұрыс болуы тиіс. Мен де, ол да өзімізді жайлы сезінуіміз керек. Жұдырықтасу биыл өте ме? Оны білмеймін, өз жекпе-жектерімді өткізу бойынша келіссөздер жүргізбеймін. Бірақ оның барлық талаптары мен бөліктері дұрыс болса, айқасты өткізейік», - деген «Канелоның» сөздерін келтіреді The Ring.      


«Астана» клубының велошабандозы Гуардини «Лангкави турының» сегізінші кезеңінде жеңімпаз атанды

«Астананың» велошабандозы Андреа Гуардини «Тур Лангкави»-2016 көпкүндік жарысында үш кезеңде мәреге бірінші болып жетіп, жарыстың соңғы сегізінші кезеңі бойынша да жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sports.kz.Сегізінші кезеңде екінші болып мәреге «Southeast-Venezuela» командасының спортшысы, тағы да бір итальяндық Якуб Марежко келді, үшінші орында - «Aisan Racing Team» спортшысы жапондық Шики Куроеда. Жарыстың қорытынды сынағында «Dimension Data» велошабандозы ОАР райдері Рейнардт Ренсбург бірінші орында, екінші орында - «UnitedHealthCare Professional» командасынан колумбиялық  Даниэль Алехандер Харамильо Диез, үшінші орында - «Астаналық» Мигель Анхель Лопес. «Лангкави туры». Сегізінші кезең.Batu Pahat - Melaka Loop. 119 км 1. Андреа Гуардини (Италия, «Астана») 2. Якуб Марежко (Италия, «Southeast-Venezuela») 3. Шики Куроеда (Япония, «Aisan Racing Team») Соңғы сынақ: 1. Рейнардт Ренсбург (ОАР, «Dimension Data») 2. Даниэль Алехандер Харамильо Диез (Колумбия, «UnitedHealthCare Professional») 3. Мигель Анхель Лопес Морено (Колумбия, «Астана»).       


WSB: «Baku Fires» пен «Astana Arlans» матчының құрамы белгілі болды

 WSB аясында «Baku Fires» пен «Astana Arlans» матчына қатысатын жұптар құрамы белгілі болды, ол 4 наурызда Әзербайжан астанасында өтеді, деп жазды  Sports.kz.52 келі: Магомед Ибиев - Олжас Сәттібаев 60 келі: Насраддин Маммадов - Закир Сафиуллин 69 келі: Тамерлан Абдуллаев - Асланбек Шымбергенов 81 келі: Михаил Долголевец - Нұрдәулет Жарманов +91 келі: Арсланбек Махмудов - Нұржан Бекзатов.      


Тоғызқұмалақтан Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған республикалық турнир басталды - Қызылорда

Бүгін, Қызылорда облысының Тереңөзек кентінде тоғызқұмалақтан Н.Ергешбаевты еске алуға арналған IX республикалық рейтингілік турнир басталды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.Жарыс қатысушыларын облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев, аудан әкімінің кеңесшісі Нұртаза Нұғман, спорт ардагері, тоғызқұмалақтан ҚР спорт шебері Тұрғанбай Болғанбайұлы, Н.Ергешбаевтың ұлы, облыстық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әбдіқадыр Ергешбаев құттықтады.  Турнирге Алматы қаласы, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қызылорда облыстарынан 255 спортшы швейцар жүйесімен классика түрі бойынша бақ сынасуда.          Олардың арасында 6 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 15 спорт шебері, 60 спорт шеберлігіне үміткерлер бар. Соның ішінде Әлем чемпиондары Хәкімжан Елеусінов (Қызылорда обл.),Нұрбек Кабиев (Ақтөбе обл.), Әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері Жанат Қаймулдин (Павлодар обл.), Сайлан Матылов (БҚО) және Азия чемпионы Роза Райымбековалар (Павлодар обл.) сынға түсуде. Турнир 6 наурызда қорытындыланады.       


Оскар Де Ла Хойя: «Головкин - супержұлдыз емес, бірақ Альвареспен жекпе-жек өтеді»

Golden Boy Promotions президенті Оскар Де Ла Хойяның пікірінше, Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің жекпе-жегін ұйымдастыруға бұл екі боксшының танымалдылығындағы айырмашылық кедергі келтіруі ықтимал, деп жазады Sports.kz.«Сөзіме сеніңіздер, бұл болады. Ерте ме, кеш пе. Оны жасау қиындау болады, дегенмен, мүмкін. Ол (Головкин) - тамаша боксшы, бірақ Канело сияқты супержұлдыз емес. Сізде Альварестей супержұлдыз және Головкиндей боксшы болғанда, келіссөз оңайға соқпайды әрі күрделі болуы мүмкін, бірақ мүмкін емес ештеңе жоқ», - деді Де Ла Хойя Fighthype.com-ға берген сұхбатында.       


Қазақстан FIFA рейтингінде 6 сатыға көтерілді

FIFA құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлады Sports.kz.Қазақстандық құрама наурызда шыққан рейтингте 6 сатыға жоғарылап, 125-ші орынға көтерілді. Алғашқы үштікте бұрынғыдай Бельгия, Аргентина және Испания тұр. FIFA рейтингі (2016 жыл 3 наурыз): 1 (1). Бельгия - 1506 (ұпай) 2 (2). Аргентина - 1457 3 (3). Испания - 1374 4 (4). Германия - 1355 5 (5). Чили - 1307 6 (6). Бразилия - 1254 7 (7). Португалия - 1234 8 (8). Колумбия - 1215 9 (9). Англия - 1112 10 (10). Австрия - 1095   23 (23). Ресей - 892 27 (27). Украина - 845 64 (67). Беларусь - 517 74 (71). Өзбекстан - 484 88 (88). Эстония - 376 98 (100). Латвия - 341 105 (105). Қырғызстан - 324 112 (116). Әзербайжан - 300 113 (114). Түркіменстан - 298 116 (123). Армения - 285 122 (120). Грузия - 283 125 (131). Қазақстан - 276 128 (128). Литва - 274 150 (148). Тәжікстан - 193 156 (155). Молдова - 165.     


«Astana Arlans» және «Baku Fires» боксшылары матч алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

«Astana Arlans» және «Baku Fires» командаларының боксшылары 4 наурызда Әзербайжан астанасында өтетін матч алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Бұл туралы қазақстандық клубтың ВКонтакте желісіндегі ресми парақшасынан хабарланды.Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) чемпионаты аясындағы матчтағы жұптардың құрамы: 52 кг: Сәттібаев Олжас - Ибиев Магомед 60 кг: Сафиуллин Зәкір - Маммадов Насраддин 69 кг: Шымбергенов Асланбек - Абдуллаев Тамерлан 81 кг: Жарманов Нұрдәулет - Дахалицев Михаил +91 кг: Бекзатов Нұржан - Махмудов Арслан Еске сала кетейік, WSB-дің екі дүркін чемпиондары VI маусымда әзербайжандық команданы 4:1 есебімен жеңіп, маусымды сәтті бастаған. Ташкентте өткен екінші кезеңде «Арландар» осындай есеппен «Uzbek Tigers» құрамасынан жеңілді.     



Бауыржан Байбек «Қайрат» командасына жаңа маусымда сәттілік тіледі

Бүгін Алматыда «Қайрат» футбол клубының басшылығы жаңа маусымға байланысты баспасөз мәслихатын және ашық жаттығу шарасын өткізді.Жаңа маусым қарсаңында командада бірқатар ауыс-түйістер орын алды. Одан басқа, бірегей Footbonaut тренажері ресми түрде пайдалануға берілді. Мұндай тренажер әлемде бірнеше футбол клубында ғана бар екен. Сонымен, биыл команданың бас жаттықтырушысы болып ресейлік маман Александр Бородюк тағайындалды. Ал команда құрамы қақпашы Андрей Сидельников, қорғаушы Лукаш Тесак және жартылай қорғаушы Ян Вороговскимен толықты. Бүгінгі шараға қатысқан қала әкімі Бауыржан Байбек командаға жаңа маусымда сәттілік тіледі. «Біз «Қайрат» командасын қашанда мақтан тұтамыз. «Қайрат» - шын мәнісінде халықтық команда. Елбасының салиқалы саясатының арқасында елімізде спорттың дамуына барынша  жағдай жасалуда. Қалада бұқаралық спортты қаржыландыру 20 есеге артты. Біз өткен жылдың ішінде 100-ден астам балалар алаңқайын аштық. Биыл тағы 150 алаңқай пайдалануға беріледі. «Қайраттың» жаттығу базасында футболшыларды маусымға сапалы тұрғыда дайындау үшін барлық жағдай жасалған. Жанкүйерлер сүйікті командасына қызу қолдау көрсетеді. Сондықтан, жаңа маусымда «Қайрат» командасына сәттілік тілеймін», - деді қала басшысы.  Айта кетелік, жаңа маусым аясында алдағы 8 наурызда Астанада  «Қайрат» пен «Астана» командалары кездеседі.           


«Қайрат» ФК басшылығы ресейлік футболшы А. Аршавинмен келіссөз жүргізіп жатқандығын мәлімдеді

Бүгін Алматыда жаңа футбол маусымына байланысты өткізілген арнайы баспасөз мәслихаты барысында «Қайрат» ФК басшылығы ресейлік футболшы Андрей Аршавинмен келіссөз жүргізіп жатқандығын мәлімдеді.  «Аршавин қазір Алматыда, командамен бірге жаттығып жүр. Біз онымен әлі де келіссөз жүргізіп жатырмыз. Уақыт әлі бар. Аршавин кезінде Ресей құрамасының капитаны, соңғы 10 жыл ішінде отанында ең үздік футболшылардың бірі болған. Алматыға ол өз еркімен келді. Командамен жақын танысып, қаланы аралап көргісі келеді. Аршавин Алматыға келмей тұрып-ақ, біз онымен ұзақ уақыт келіссөз жүргізгенбіз. Ол дұрыс шешім қабылдағысы келеді, тіпті спорттық мансабын аяқтауы да мүмкін. Мен қазір Аршавиннің қандай шешім қабылдайтыны жайында ештеңе айта алмаймын. Оның келгенінің өзі айтулы уақиға. Бұл біздің клубты, бас бапкерді сыйлайтындығын білдіреді», - деді «Қайрат» ФК Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев.    Өз кезегінде команданың жаңа бапкері Александр Бородюк те Аршавинге қатысты өз пікірін білдірді. «Мен бұл футболшыға үлкен құрметпен қараймын. Ол футболдың дамуына көп еңбек сіңірген ойыншы. Оның келуі «Қайрат» үшін үлкен маңызға ие. Егер ол команда құрамында өнер көрсетер болса, жас футболшылар одан көп нәрсе үйренеді деп ойлаймын», - деді А. Бородюк.       



«Заманауи Жібек жолы» сынақ-туры Алматы - Шымкент - Түркістан - Тараз бағытымен өтеді

ҚР ИДМ басшысы Әсет Исекешев пен Түркітілдес мемлекеттердің Ынтымақтастық Кеңесінің Бас хатшысы Рамиль Гасанов Қазақстан аумағы арқылы өтетін Алматы - Шымкент - Түркістан - Тараз бағытындағы «Заманауи Жібек жолы» заманауи туристік жобасын дамыту мәселесін талқылады, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.Дәл осы Алматы - Шымкент - Түркістан - Тараз бағыты бойынша сынақ-тур өтпек. Сонымен қатар, тараптар Ақтау портын одан әрі дамыту бойынша мәселелерді қозғап, ынтымақтастықтың басты бағыттарының ішінде көлік, транзит, туризм және медианы атап өтті. Кездесудің қорытындысында тараптар ТМЫК елдері арасындағы жалпы саяси және экономикалық жағдайларға тоқталып, Кеңес шеңберіндегі барлық сұрақтар бойынша конструктивті диалогты қолдауға келісті.     Айта кетейік, 2014 жылы  Қазақстан "Түркі кеңесі": Заманауи жібек жолы" туристік өнімін құру бағдарламасының үйлестірушісі болды. Мұндай шешім түркі тілдес елдердің туризм саласындағы әріптестік кеңесінің жұмыс тобының екінші кездесуінде қабылданды. Қазіргі уақытта Жібек Жолы бойында этномәдени және экологиялық туризмді дамытуға бейімделген бірлескен туристік маршруттар бекітілді.     


«Қайрат» футбол клубының шәкірттері ерекше құрылғымен жаттығып жатыр

Footbonaut - футболшылардың допты басқарудағы икемділігі мен физикалық ептілігінің жақсаруына немесе қалыпқа келуіне әсер ететін құрылғы. Оны дортмундтық "Боруссия" футбол клубы мен арнайы технологияларды құрастырумен айналысатын компания біріге шығарған, деп жазады massaget.kz.Жақында "Қайрат" футбол клубы осы құрылғыны елімізге алып келді. Алматылық клубтың тәрбиеленушілері заманауи технологияны қалай игеріп жатқанын төмендегі видеодан көре аласыздар.     


Жамбыл облысында тағы бір ежелгі қаланы қазуға 30 млн теңге бөлінді

Орталық коммуникациялар қызметінің аймақтық филиалында болған брифингте Жамбыл облысындағы туризм нысандарының ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындығы туралы Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағат және құжаттандыру басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев хабарлады.Еске сала кетейік, Таразда жергілікті бюджет қаржыландырумен  «І-ХІХ ғасырлардағы Ежелгі Тараз» археологиялық қазба жұмыстары жүріп жатыр. Археологтар 6-12 ғасырларға жататын 40 мың артефактілер, 8-9 ғасырлардағы медресе, мешіттер, Талас өзенінің көне  арнасының жағалауы, құрылыс орындарын тапқан. Д. Бықыбаев атап өткендей, «Ежелгі Тараз» қаласының Шахристан участогында қазба жұмыстарын жалғастыру үшін 2016 жылға 30 млн теңге бөлінді. «Бүгінде «Ежелгі Тараз» музейінің құрылысы, «Мыңбұлақ» аллеясы, «Тараз әуендері кешені», биік мұнараның құрылысы аяқталды. Этномәдени орталықтың құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Өткен 2015 жылы Тараздағы этнотуризмді дамыту үшін «10-12 ғасырлардағы Төрткүл» керуен-сарайын қалпына келтіру үшін облыстық бюджеттен 28 млн теңге бөлінді», - деп атап өтті мәдениет басқармасында. Территориясы 20 гектар болатын «Ежелгі Тараз» кешенінің құрылысының жалпы құны 2,5 млрд теңгені құрайды. Жергілікті бюджеттен қазба жұмыстарын жүргізуге 2011 жылы 348 млн теңге бөлінді. «Ежелгі Тараз» ескерткішінің аймағындағы музей құрылысы үшін республикалық бюджеттен 832,3 млн теңге бөлінген. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын «Архелогиялық сараптау» ЖШС мен «Қазархеология» ЖШС жүргізіп жатыр. «Ежелгі Тараз» кешені облыста халықаралық туристік бренд болмақ, ол «ЭКСПО-2017» көрмесіне келген қонақтар баратын қалалардың тізіміне енген.      


WBC: «Сені мақтан етеміз, GGG»

Халықаралық бокс кеңесі (WBC) твиттерінде аталған ұйымның нұсқасы бойынша орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы титулының иегері Геннадий Головкинға құрметін білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.Головкиннің «WBC чемпиондық белдігі - әрбір боксшының арманы» деген твитіне ұйымның ресми аккаунты: «Біз сені мақтан етеміз, GGG. Сен тек ұлы чемпион ғана емес, сонымен бірге тамаша адамсың. Сен сияқты жақсы жігітке рахметтен басқа айтарымыз жоқ» деп жауап жазды.     


Қазақстандық грек-рим балуандары әлемдік рейтингте өз орнын сақтап қалды

Қазақстандықтар грек-рим күресінің әлемдік рейтингінде өз орнын сақтап қалды, деп жазады sports.kz.Грек-рим күресі бойынша жаңартылған UWW әлемдік рейтингінде біздің спортшылар өз орнын сақтап тұр, деп хабарлаған Kazakhstan Wrestling Online. Алмат Кебіспаев 59 келі салмақ дәрежесінде үздік үштіктің қатарында. Бұл салмақ дәрежесінде Мейрамбек Айнағұлов 19-шы орында; Дархан Баяхметов - 71 келі салмақ дәрежесінде 13-ші; Досжан Қортықов - 75 келі салмақ дәрежесінде екінші орында; Асхат Ділмұхамедов - 80 келі салмақ дәрежесінде 15-ші, Нұрсұлтан Тұрсынов - сегізінші орында; Нұрмахан Тінәлиев 130 келі салмақ дәрежесінде 13-ші орында.      



ҚР МСМ, ҰОК және «Қазақстан» телеарнасы спортты кеңінен тарату және насихаттау жөнінде меморандум жасасты

Қазақстан Респаубликасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстанс Республикасының Ұлттық олимпиада комитеті және «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ ынтымақтастық туралы меморандум жасасты, деп хабарланді ҚР ҰОК баспасөз баянында.Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиалық комитетінің бас хатшысы Данияр Әбілғазин және «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова Қазақстан Республикасы халқының арасында спортты саласын дамыту мен ілгерілету жөніндегі үшжақты меморандумға қол қойды. Меморандум шеңберінде Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты, салауатты өмір салтын дамытуға бағытталған жұмыстарды бірлесіп күшейту көзделген. Басым бағыттардың бірі елімізде спортты дамыту мен Олимпиадалық қозғалысты, бұқаралық спорттық іс-шараларды телевизиялық насихаттау арқылы күшейту болып табылады.  Басым бағыт ретінде Қазақстан Республикасының Олимпиадалық спорт түрлерінен Ұлттық құрама командаларына баса назар аударылмақ. Меморандумда спортшылардың телевизиялық жобаларға, сараптамалық бағдарламаларға, жаңалық сюжеттеріне қатысуын қамтамасыз ету қарастырылды және  "Кazsport" телеарнасында жаңадан арнайы бағдарламалар (отбасылық, сауықтыру) ашу көзделген.  Сондай-ақ әріптестік меморандумына сәйкес «Қазақстан» РТРК АҚ Министрлік немесе ҚР ҰОК өткізетін спорттық бұқаралық іс-шаралардың басты ақпараттық серіктесі ретінде белгіленген.          


Америкалық иллюстратор Геннадий Головкинді Бэтмен кейпінде бейнеледі

Америкалық иллюстратор Coyote Duran Геннадий Головкин мен Роман Гонсалесті Бэтмен және Робин кейпінде бейнеледі, деп хабарлады Sports.kz.Еске сала кетейік, WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) америкалық Доминик Уэйдпен (18-0, 12 КО) кездесуге дайындалып жатыр. Жекпе-жек 23 сәуірде өтеді. Геннадий Головкин үшін бұл кәсіби карьерасындағы 35 жекпе-жек болады. Доминик Уэйд 18 кездесудің 18-де жеңген, солардың 12-сін мерзімінен бұрын аяқтады.   Головкин және Гонсалес 23 сәуірде Лос-Анджелесте бір бокс кеші аясында мүмкіндігін көрсетеді.     


WSB: Жармановтың нокауты «Астана арландарына» жеңіс сыйлады

WSB аясында өтіп жатқан «Baku Fires» пен «Astana Arlans» матчының үшінші кездесуінде 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша шаршы алаңға Михаил Долголевец пен Нұрдәулет Жарманов шықты, деп жазады, Sports.kz.Қазақстандық боксшы қарсыласын екінші раундта нокаутпен жеңді.      



WSB: «Astana Arlans» «Baku Fires» клубын 3:2 есебімен жеңді

WSB жобасы аясында Astana Arlans қонақта Бакудің Baku Fires клубын  3:2 есебімен жеңді, деп жазады Sports.kz.Зәкір Сафиуллин (60 кг) Насраддинин Маммадовты 3:0 (49:45, 49:44, 49:45) есебімен жеңсе, Олжас Сәттібаев та (52 кг) Магомед Ибиевтен 3:0 (50:45, 50:44, 50:45) есебімен басым түсті, Асланбек Шымбергенов (69 кг) Тамерлан Абдуллаевқа 0:2 (47:47, 46:48, 46:48) есебімен есесін жіберіп алды. Нұрдәулет Жарманов (81 кг) екінші раундата техникалық нокаутпен Михаил Долголевецті жеңді. Ал шаршы алаңға соңғы болып шыққан Нұржан Бекзатовты (+91 келі) Арсланбек Махмудов техникалық нокаутпен ұтты. Енді 19 наурызда Astana Arlans Петропавлда Puerto Rico Hurricanes-пен кездесетін болады.   



Теннис: Дэвис кубогы сайысында М.Кукушкин Сербиямен матчта есепті теңестірді

Белградта өтіп жатқан Дэвис кубогының 1/8 сайысында Сербия мен Қазақстан арасындағы екінші ойында Михаил Кукушкин қарсыласы Виктор Троицкиді үш партияда ұтты.«Қазспорт» телеарнасынан тікелей эфирде көрсеткеніндей, алғашқы партияны Қазақстанның бірінші ракеткасы 7:5, екіншісін 6:2 есебімен ұтты. Үшінші, шешуші партияда 3:0 есебімен алға шыққан Михаил кездесуді оңай ұтатындай көрінген. Бірақ бұдан кейін оның қарқыны бәсеңдеп, сербиялық теннисші есепті 2:3-ке дейін қысқартты. Осыдан кейін кездесу тізгінін қайта қолға алған М.Кукушкин есепті 5:2-ге жеткізді. Алайда өзі доп бергенде, бұл басымдылықты пайдалана алмады. Есеп 4:5-ке дейін тағы қысқарды. Дегенмен осы сәтте жеңіске деген жігері мен қайсарлығын таныта білген қазақстандық теннисші шешуші геймді ұта білді. Сөйтіп соңғы партия 6:4 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды. 2 сағат 37 минутқа созылған матчта әлемнің 79-ыншы ракеткасы М.Кукушкин дүниежүзілік рейтингте өзінен әлдеқайда жоғары, яғни 23-інші орында тұрған В.Троицкиді тізе бүктіріп, есепті теңестірді. Мұның алдында әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович қазақстандық Александр Недовесовті үш партияда (6:1, 6:2, 6:3) оңай ұтып, Сербия құрамасын 1:0 есебімен алға шығарған еді. 5 наурыз күні жұптық кездесу өтеді.     



Шаңғы спорты: Полторанин Квебектегі «Канада турының» ақтық кезеңіне өте алмады

Квебектегі «Канада туры» жеке спринттермен жалғасты, деп хабарлайды Sports.kz.Ерлер арасындағы спринтте франциялық Баптист Гро жеңіске жетсе, екінші болып жергілікті фанаттардың қуанышына канадалық Алекс Харви келген. Үшінші орынды көпкүндіктің жалпы есебінде топ жарып келе жатқан ресейлік спортшы Сергей Устюгов еншіледі. Қазақстандық Алексей Полторанин ширек финалға өте алмай, 44-ші орынды қанағат тұтты.      



Допты хоккей: «Ақжайық» тартысты ойында «Черемшанға» есе жіберді

Допты хоккейден «Жоғары лига» бүкілресейлік жарысының финалдық турнирінде кеше Оралдың «Ақжайығы» Ульяновск қаласында Димитровградтың «Черемшан» командасымен күш сынасты.Ресей допты хоккей федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, аса тартысты өткен матч 9:8 есебімен айдын иелері болып есептелетін «Черемшанның» пайдасына аяқталды. Бұл кездесуде «Ақжайық» құрамында Максим Өтебалиев үш доптың авторы атанса, Еламан Әліпқалиев, Максим Пьянов, Ескендір Нұғманов, Сергей Башаев, Павел Чебаков бір-бірден гол соқты. Еске сала кетейік, бұдан бұрын оралдықтар бірінші ойында «Мурман» (Мурманск) командасынан ірі есеппен (1:13) ойсырай ұтылып қалған болатын. Енді «Ақжайық» алдағы үш күнде «Саяны-Хакасия» (Абакан), «Никельщик» (Верхний Уфалей) және «Знамя-Удмуртия» (Воткинск) командаларымен айдынға шығады. Финалдық турнирде бірінші және екінші орынды иеленген командалар Ресей чемпионатының суперлигасына жолдама алады.      



Оскар Де Ла Хойя: Головкин-Альварес жекпе-жегі Пакьяо-Мейвезер айқасынан асып түседі

Golden Boy Promotions президенті Оскар Де Ла Хойя Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегі бокстағы келесі супер айқасқа айналатынына сенімді, деп жазады Sports.kz.«Бұл айқас Мэнни Пакьяоның Флойд Мейвезерге қарсы жекпе-жегінен асып түседі. Биылғы жылы экшн мен нокаут болады. Оның өтуі уақыттың еншісінде болып отыр», - деді Де Ла Хойя Boxingscene.com-ға берген сұхбатында. Промоутерінің сөздерімен Альварестің өзі де келіседі. «Жекпе-жек өтеді, бірақ осындай жұдырықтасулар келіссөздер өткізу үшін қашанда уақытты талап етеді. Бірақ егер солай болса, бұл менің адамдарға сыйлағым келетін жекпе-жектерімнің бірі», - деді ол.      



Теодор Теодоридис УЕФА бас хатшысы міндеттерін атқарушы болып тағайындалды

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) атқарушы комитеті Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті  Джанни Инфантиноны УЕФА Бас хатшысы қызметінен босатып, ұйымның бас хатшысы міндеттерін атқарушы ретінде  Теодор Теодоридисті тағайындау туралы шешім қабылдады.Теодорис 2010 жылдан бастап УЕФА бас хатшысының орынбасары қызметін атқарып келген. Ол ұйымда 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Еске сала кетейік, Инфантино ФИФА президенті қызметіне ақпан айының соңында сайланған.      


Алматыда жас спортшыларға велосипедтер тарту етілді

Бүгін Орталық мәдениет және демалыс саябағында орналасқан Алматы велотрегінде 45 жас велошабандозға салтанатты жағдайда велосипедтер табыс етілді. Бұл шараға Raimbek компаниялар тобы, Almaty Bro Team спорт командасы және басқа да әуесқой велосипедшілер тарапынан қолдау көрсетілді.«Спорттың дамуына қолдау көрсету - бұл кез-келген бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі. Кез-келген ірі компания қоғамдық өмірге белсене араласып, спорттың дамуына қолдау көрсетуі керек», - деді Raimbek холдингі тамақ дивизионының бас директоры Виталий Борков. Велосипедтерді тарту ету рәсіміне Қазақстанның велосипед спортының ардагерлері: ҚР велоспорт федерациясының бұрынғы атқарушы директоры Александр Антышев,  веложарыстан әлем біріншілігінің қола жүлдегері, ҚазКСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Владислав Кухарский, ардагерлер арасында өткен 2013 жылғы Олимпиада чемпионы Алексей Абраменко қатысты. «Біз велосипед спортына балаларды көптеп тартуға дайынбыз. Бұл үшін оларға велосипедтер және басқа да керек-жарақтар қажет болады. Ал бүгін бізге сыйға тартылған велосипедтермен біздің клубтың ең жас спортшылары  жаттығатын болады. Біз биыл Первомайский ықшам ауданында, «Сұңқар» шаңғы трамплиндері кешенінде және Көктөбеде велосипед спорты мектебін ашатын боламыз», - деді А. Винокуров атындағы велоклубтың директоры Александр Макеншин.        


«Астана» велошабандозының арқасына тотықұс қонып алды

Astana Pro Team велошабандозы Микеле Скарпонидің арқасына көк-сары түсті тотықұс қонды, оған Фрэнки есімі берілді. Facebook-тағы команданың ресми парақшасында «Мен және Фрэнки» атауымен ерекше видео пайда болды.«Таңдаған бапкерің керемет екен», - деген пікір қалдырды парақшаға жазылушылардың бірі.  Еске салсақ, таяуда команда Лангкави Турында жарысын аяқтады,  онда сегіз кезеңнің бесеуінде «Астана» жеңіске жетті. «Астана» спортшылары шығатын келесі жарыс осы күндері Тосканада өтіп жатыр.   


2017 жылы Алматыда өтетін қысқы Универсиадаға 54 ел тіркелді

Бүгін Брюссельде Халықаралық студенттік спорт федерациясы атқарушы комитетінің отырысы  өтті. Оның барысында Универсиада дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Әсет Әбдуәлиев Алматыда өтетін 28-ші Дүниежүзілік қысқы 2017 жылғы Универсиадаға  дайындық туралы аралық есеп берді.«Бүгін кезекті отырыста 28-ші Универсиадаға дайындық барысы туралы аралық есепті ұсындық. Ол Халықаралық федерация мен атқарушы комитет басшылығы тарапынан жоғары баға алды. Универсиаданың барлық нысандары осы жылы 30 тамызда тапсырылады», - деді Әбдуәлиев. Алматыда Универсиада ұйымдастырушылар шараға әлемнің 55 елінен 2 мыңдай спортшы қатысады деп күтуде. 12 қысқы спорт түріне 555 медаль ойнатылады. Олар: биатлон, таушаңғысы спорты, керлинг, конькимен жүгіру спорты, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы, шаңғымен секіру, сноуборд, мәнерлеп сырғанау, фристайл,   шайбалы хоккей, шорт-трек. «Универсиада - Қазақстан тарихындағы ең ірі спорт жарысы. Алматыда жарыс көрнекі өтеді.  Мұның алдында ең көп қатысушы 52 елден - түріктің Ирзурумінде болған.  Біз 55 мемлекеттен атлеттер қатысады деп күтіп отырмыз. Бүгінде 54 ел қатысатынын растады», - деп атап өтті дирекция басшысы.   Оның айтуынша, Алматыда өтетін Универсиадаға  30 мыңнан астам турист келеді деп жоспарлануда. Телевизиялық көрсетілімнің күнделікті аудиториясы әлемнің 80 елінің 1 млрд.-тан астам тұрғындарын қамтиды.       


«Қайраттың» 2016 жылғы құрамы тізімінде Андрей Аршавин жоқ

Футболдан Қазақстан біріншілігінің Премьер-Лигасында өнер көрсететін Алматының «Қайрат» футбол клубы жаңа маусымға арналған мәлімдеу науқанын бастап жіберді.Бүгін команданың 2016 жылдың жаңа маусымына арналған құрамы белгілі болды. Бұл туралы «Қайрат» командасының ресми сайтында жария етілді.    Әзірге команда құрамында Санкт-Петербургтың «Зенит» және Лондонның «Арсенал» командаларының бұрынғы ойыншысы Андрей       Аршавин жоқ. Бірақ ол команданың оқу-жаттығу базасында ойыншылармен бірге жаттығуын жалғастыруда. Сондықтан, осы наурыз айында команда құрамына қандай да бір өзгерістер енгізілуі әбден мүмкін. Өйткені, Қазақстанда трансферлік кезең әлі аяқталған жоқ.  Ол 3-ші сәуірде жабылады. Сонымен, әзірге жаңа маусымға мәлімделген ойыншылардың тізімін назарларыңызға ұсынамыз. Қақпашылар: 1. Владимир Плотников (03.04.1986) Қазақстан 16. Андрей Сидельников (08.03.1980) Қазақстан 25. Владимир Грошев (04.01.1995) Қазақстан Қорғаушылар: 2. Тимур Рудосельский (21.12.1994) Қазақстан 4. Бруно Соарес (21.08.1988) Бразилия 5. Лукаш Тесак (08.03.1985) Словакия 6. Жарко Маркович (28.01.1987) Сербия 13. Ермек Қуантаев (13.10.1990) Қазақстан 26. Ділшат Мұсаев (09.01.1995) Қазақстан Жартылай қорғаушылар: 3. Ян Вороговский (07.08.1996) Қазақстан 7. Исламбек Қуат (12.01.1993) Қазақстан 8. Михаил Бакаев (05.08.1987) Қазақстан 9. Бауыржан Исламхан (23.02.1993) Қазақстан 10. Исаэль Да Силва Барбоза (13.05.1988) Бразилия 17. Аслан Дарабаев (21.01.1989) Қазақстан 21. Нұрлан Дайыров (26.06.1995) Қазақстан 22. Мадияр Райымбек (15.08.1995) Қазақстан 44. Анатолий Тимощук (30.03.1979) Украина Шабуылшылар: 11. Жерар Би Гоуа Гоу (29.12.1988) Кот-д'Ивуар 15. Лоренцо Риера Ортега (05.01.1987) Испания 18. Виталий Ли (13.03.1994) Қазақстан 24. Рифат Нұрмағамбет (22.05.1996) Қазақстан     


Велоспортшы Артем Захаров олимпиадалық лицензия үшін күресте жеңіске бір табан жақындады

Лондонда тректе велосипед спорты бойынша әлем чемпионаты өтіп жатыр. Оған Қазақстан құрамасы да қатысуда, деп хабарлады Қазақстанның велоспрот федерациясының баспасөз қызметінен.Ел намысын Роберт Гайнеев, Никита Панасенко және омниум (көпсайыс) бойынша олимпиадалық лицензияға үмітті Артем Захаров қорғайды.Жарыстың бірінші күнінде Роберт Гайнеев скретч сынында он сегізінші орында келді. Топтық жарыста күш сынасқан Никита Панасенко ұпай бойынша үздік ондықтың қатарына енді. Артем Захаров омниум тректік сынында Олимпиадаға жолдама алуы мүмкін. 15 шақырымдық скретч жарысында Артем Захаров екінші болып жетті. Жеке сында ол жетінші орынға ие болды. Атап өтейік, отандасымыз бұл жарыста - азияның рекордсмені. Осылайша, үш сында қазақстандық жалпы есепте бесінші орында тұр. Әлем біріншілігінің соңғы жарыс күнінде 2016 жылғы Олимпиадаға жолдама алуға мүмкіндік беретін ұпайлардың басым бөлігі ойнатылады. 



Теннис: Дэвис кубогы кездесуінде Қазақстан құрамасы 2:1 есебімен алға шықты

Белградта өтіп жатқан Дэвис кубогының 1/8 сайысында Сербия мен Қазақстан арасындағы үшінші, жұптық кездесуде Александр Недовесов пен Андрей Голубев Новак Джокович пен Ненад Зимоничпен шеберлік байқасты.«Қазспорт» телеарнасынан тікелей эфирде көрсеткеніндей, қазақстандық жұп бұл матчта айды аспанға шығарып, 6:3, 7:6, 7:5 есебімен қарсыластарын үш партияда ұтты. Тамаша ойнаған А.Недовесов пен А.Голубев екінші партияда тай-брейкті өз есептеріне жазса, үшінші, шешуші сетте есеп 6:5 болып тұрған сәтте брейк жасап, кездесуді көп созбай, аяқтай білді. Үшінші партия барысында әлемнің бірінші ракеткасы Н.Джоковичтің қапаланғаны сондай, ракеткасын кортқа ұрып, сындырды. Сөйтіп, үш кездесуден кейін Қазақстан құрамасы 2:1 есебімен алға шықты. Қай құраманың ширек финалға шығатыны қалған екі ойында шешіледі. 6 наурыз күні алдымен Новак Джокович пен Қазақстанның бірінші, әлемнің 79-ыншы ракеткасы Михаил Кукушкин күш сынасса, содан кейін Александр Недовесов пен Виктор Троицки кортқа шығады. Осы екі кездесудің бірінде қазақстандық теннисші жеңсе, онда Қазақстан құрамасы келесі кезеңге жолдама алады. 



Айбек Нұрсейіт WBK нұсқасы бойынша әлем чемпионы белбеуін еншіледі

Шанхайда (ҚХР) кәсіби ММА бойынша WBK нұсқасында жеңіл салмақта (70 келі) чемпиондық титул үшін болған қазақстандық Айбек Нұрсейіт  пен француз Майкл Дубойс арасындағы жекпе-жекте жерлесіміз басым түсті. Бес раундқа созылған айқаста «Alem Fighters» клубының мүшесі Нұрсейіт өз қарсыласын екінші раунда сұлатып салды, деп хабарлайды sports.kz.      


АРАЛАС ЖЕКПЕ-ЖЕК: Қуат Хамитов екі салмақ дәрежесінде чемпион атанды

Қытайдың Шанхай қаласында кәсіби ММА бойынша жарыс аяқталып, оның басты оқиғасында қазақстандық Қуат «Найман» Хамитов WBK нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы, украиндық Андрей Митрофановпен кездесті.Аралас жекпе-жекте қазақстандық жеңіске жетіп, сол арқылы бұл ұйым бойынша екінші салмақ дәрежесінде әлем чемпионының белбеуін жеңіп алды. Бұған дейін Хамитов жеңіл салмақта (70 келіге дейін) әлем чемпионы атанған, одан кейін бұл титулды бос  қалдырып, келесі салмақ дәрежесіндегі чемпионмен айқасты, деп жазады sports.kz.      


Палуан Амандық Бәкеев «Моңғолия Оупеннің» қола жүлдегері атанды

Ұлан-Баторда еркін күрестен «Моңғолия Оупен» жарысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Kazakkhstan Wrestling Online-нің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтемемен Sports.kz.65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ақтық кезеңде өзінің отандасы Номин Батболдтан басым түскен Мандахнаран Ганзориг жеңімпаз атанды. Қола жүлделерге қазақстанды Амандық Бәкеев пен ресейлік палуан Виктор Степанов лайық деп танылды.      


ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕК: Қуат Хамитов пен Андрей Митрофанов арасындағы айқас

Назарларыңызға Қуат Хамитов пен Андрей Митрофанов арасында WBK әлем чемпионы атағы үшін ММА жекпе-жегінің видеосын ұсынамыз.           



«Astana Arlans» пен «Puerto Rico Hurricanes» кездесуі 26 наурызға ауыстырылды

6 наурызда Петропавлдағы «Жеңіс» кешенінде Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) топтық кезеңінің аясында «Astana Arlans» пен «Puerto Rico Hurricanes» арасында матч өткізіледі, деп хабарлайды sports.kz.Бастапқыда кездесу уақыты 19 наурыз деп белгіленген. Алайда бүгін матчтың нақты уақыты жария етілді. Билеттер сатылымға 16 наурызда шығарылады. Алдағы матчта рингке 49, 56, 64, 75 және 91 келі салмақтағы боксшылар шығады.       



Теннис: Дэвис кубогы кездесуінде М.Кукушкин - Н.Джокович ойыны бес партияға созылды

Белградта өтіп жатқан Дэвис кубогының 1/8 сайысында Сербия мен Қазақстан арасындағы төртінші кездесуде әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович пен дүниежүзілік сатыда 79-ыншы орында тұрған Михаил Кукушкин күш сынасты.«Қазспорт» телеарнасынан тікелей эфирде көрсеткеніндей, рейтингтегі айырмашылыққа қарамастан, аталмыш матч аса тартысты өрбіді. Бірінші партияда қазақстандық теннисші тайбрейкте жеңіске жетсе, екіншісінде сербиялық ойыншы осындай сәтті құр жібермеді. Үшінші партияда М.Кукушкин 6:4 есебімен қарсыласын ұтса, төртіншісінде 6:3 есебімен Н.Джокович есепті теңестірді. Бесінші, шешуші партияда Новак екі мәрте брейк жасап, 6:2 есебімен қазақстандық теннисшіні тізе бүктірді. Сөйтіп бес сағатқа жуық уақытқа созылған кездесуде М.Кукушкин атақты қарсыласына қатты қарсылық көрсеткенімен, Н.Джокович 3:2 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан-Сербия арасындағы есеп қайтадан (2:2) теңесті. Енді соңғы, шешуші кездесуде қазақстандық Александр Недовесов пен сербиялық Виктор Троицкидің қай жеңгені өз командасын келесі айналымға шығарады.     


Дамир Рыспаев «Ертістің» екі ойыншысын ұрып-соқты

Павлодарда 6 наурызда Қазақстан біріншілігінің плей-офф кезеңінде «Ертіс» пен «Номад» кездесті, деп хабарлайды Sports.kz.Керекуліктер елордалықтарды ұтып осы кезеңде алға басты 6:4 (2:1, 4:3, 0:0). Есеп: 2:1. «Ертіспен» ойында екі хоккейшімен «жаға жыртысқан» Дамир Рыспаев көзге түсті. Еске сала кетсек, елордалық «Барыстың» қорғаушысы Дамир Рыспаев қаңтарда «Номад» фарм-клубына ауыстырылған. Фарм-клуб - бас командаға резерв ретінде саналатын команда. Бұған дейін Дамир Рыспаев Спорттық-тәртіптік комитеттің шешімімен бес матчқа шеттетілген. Ол кезеңде бірнеше мәрте төбелес шығарып, ойыншыларға күш көрсеткен.     


Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстан Сербия құрамасын ұта алмады

Белградта мәреге жеткен Дэвис кубогының 1/8 сайысында Сербия мен Қазақстан арасындағы соңғы, шешуші кездесуде Виктор Троицки мен Александр Недовесов кортқа шықты.«Қазспорт» телеарнасынан тікелей эфирде көрсеткеніндей, екі сағатқа жуық уақытқа созылған бұл матчта әлемнің 23-інші ракеткасы В.Троицки А.Недовесовті 6:2, 6:3, 6:4 есебімен үш партияда ұта білді. Сөйтіп ол Сербия құрамасына жеңіс әперді. Жалпы, Қазақстан құрамасы сербиялықтардан жеңіліп қалғанымен, тайталаса білді. Әрине, М.Кукушкиндей тағы бір шебер ойыншы болғанда, қазақстандықтардың келесі айналымға шығуы да мүмкін еді. Бұл матчтық кездесуде әлемнің бірінші ракеткасы Н.Джоковичтің екі мәрте жеңіске жетіп, шешуші рөл атқарғанын айта кету керек.      


Макс Келлерман: «Головкин Уордан басқалардың бәрінен де мықты»

HBO телеарнасының журналисі және спорт шолушысы Макс Келлерманның айтуынша, Геннадий Головкин әрқашанда өз айқастарының басым бөлігінде қарсыластарының мысын басып жүреді, деп жазады Sports.kz.- Менің ойымша, Triple G  Андре Уордтан басқа әлемдегі барлық мықтылармен өз жекпе-жектерінде бет қаратпайды. Сонымен қатар олардың бәрін нокаутқа түсіруде де алдына ешкімді сала қоймас», - деген пікірімен бөлісті Келлерман Fighthype.com-да.     


Головкин обыр дертіне ұшыраған жас боксшыға қолдау көрсетті

Бірнеше нұсқа бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин твиттерде лимфа жүйесі обырымен күрес жүргізіп жатқан жас боксшы Ли Уэлшқа қолдау сөздерін жазды, деп хабарлайды Sports.kz.«Сенің бойыңда нағыз батылдық бар! Күресіңді жалғастыр!». - деп жазды Геннадий.      


Головкин Big Bear-да өзге танымал жұлдыздармен жаттығып жатыр

Ресейлік боксшылар Константин Пономарев пен Мурат Гассиев, қазақстандық Геннадий Головкин, кубалық Салливан Баррера және Коста-Рика боксшысы Брайан Васкес танымал американдық жаттықтырушы Абель Санчестің АҚШ-тағы Биг Бэр залында жаттығып жатыр.Еске сала кетейік, 26 наурызда Баррера рингте орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, американдық Андре Уордпен айқасады, Пономарев 9 сәуір күні Пакьяо-Брэдли III бокс кешінің аясында шығады, оның қарсыласы ешкімнен жеңілмеген 32 жастағы американдық Брэд Соломон болмақ. Ал әлемнің орта салмақтағы ең мықты боксшысы Геннадий Головкин 23 сәуірде Доминик Уэйдпен кездеседі.      


Шведова WTA рейтингінде жұптық разрядтың үздіктер «жүздігінде» үшінші орында

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Әйелдер теннис федерациясының (WTA) нұсқасы бойынша жұптық разрядтың жаңартылған рейтингінде үшінші орында қалып отыр.Шведова жұптық разряд рейтингінде қазақстанның үздік өкілі болып қалуда, қазақстандық Зарина Дияс үшінші жүздіктен екінші жүздікке - 274-ші орыннан 192-ші орынға көтерілді, қазақстандық Камила Керімбаева бесінші жүздікте 46 саты жоғары көтеріліп, 443-ші болды, ал Галина Воскобоева 554-ші орыннан 548-ші орынға ауысты. Жұптық разряд рейтингінде Швейцария өкілі Мартина Хингис көш бастауда, екінші орында - Үндістан өкілі Сәния Мирза.      



Аршавин «Қайратпен» бірге Астанаға келді

Ресейлік шабуылшы Андрей Аршавин алматылық «Қайратпен» бірге Қазақстан Суперкубогының матчына келді.Оның Алматы командасының құрамына өтуі туралы ресми хабарланған жоқ, бұл 3 сәуірге дейінгі кезеңде орын алуы мүмкін, деп жазады Sports.kz. Еске сала кетейік, Суперкубок кездесуі ертең өтеді. «Қайраттың» бәсекелесі «Астана» командасы болмақ, ойынның басталуы - сағат 15:00-де.      


Қазақстандық Ж.Алдабергенова фристайлдан Еуропа кубогының жеңімпазы атанды

Қазақстандық Жанбота Алдабергенова фристайл спортынан Еуропа кубогының жеңімпазы атанды.ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз хатшысы Бақытбек Хамиттің хабарлағанындай, Жанбота өткен жылғы желтоқсан айында Финляндияда өткен кубок кезеңінде күміс және қола медальді иеленсе, одан кейін қаңтарда Беларусь еліндегі сайыста қос алтын жүлдені жеңіп алды. Ақпан айында Мәскеуде күмістен алқа тақса, осы наурызда Швейцарияда тағы бір алтын медальді еншіледі. Сөйтіп ол жалпы есепте бірінші орынға көтерілді.        


«Астана» ФК Суперкубок матчына толығымен дайын - С. Стойлов

«Астана» футбол командасы Қазақстан Суперкубогы үшін болатын матчқа еш жарақатсыз жетіп отыр. Бұл туралы бүгін матч алдындағы баспасөз мәслихатында «Астана» командасының бас бапкері Станимир Стойлов мәлім етті.«Біздің қуанышымызға орай, футболшыларымызда еш жарақат жоқ, жаттығудан бірде-бір футболшы тыс қалған жоқ. Меніңше, команда ертең былтыр көрсеткен өзінің футболын паш ете алады. Және бұл сында мықты команданың басымдығы болады», - деп атап өтті бапкер.  Оның сөзі бойынша, «Астана» командасының барлық ойыншылары жоғары дайындықпен келіп отыр. «Астана» мен «Қайрат» ойнағанда, жолдастық матч болуы мүмкін емес. Үлкен футбол қақтығысы орын алады. Біз бұл суперкубокқа дайындалдық. Футболшылар барлық күшін көрсетуі тиіс», - деді С. Стойлов.     


С. Стойлов: Жолшиев әзірше «Астана» командасында ойнауға ниет танытып отырған жоқ

Бауыржан Жолшиев әзірше «Астана» футбол  командасында ойнауға ниет танытып отырған жоқ. Бұл туралы бүгін Қазақстан Суперкубогы үшін болатын матч алдындағы баспасөз мәслихатында «Астана» командасының бас бапкері Станимир Стойлов мәлім етті.«Оның өз ойлағаны бар, оның басында не болып жатқанын ешкім білмейді. Әзірге ол «Астана» командасында ойнауға ниет білдірген жоқ. Мен ондай ойыншылардың артынан жүгірмеймін және жалынбаймын да. Кез келген футболшыға «Астана» клубында ойнау - үлкен басымдық», - деді  С. Стойлов. Бас бапкердің ойынша, Б.Жолшиев Еуропада ойнауды жоспарлап отырса керек. «Ол Еуропада ойнауды ойлап жүргенде, трансферттік ауысулар тотатылды. Оның не ойлап жүргенін ешкім білмейді», - деп атап өтті С. Стойлов.     


Допты хоккей: финалдық турнирде «Ақжайықтың» жолы болмай тұр

Ульяновск қаласында өтіп жатқан допты хоккейден «Жоғары лига» бүкілресейлік жарысының финалдық турнирінде «Ақжайықтың» жолы болмай тұр.Ресей допты хоккей федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, кеше оралдықтар «Саяны-Хакасия» (Абакан) клубынан 2:9 есебімен жеңіліп қалды. Бұл ойында «Ақжайықтан» ресейлік легионер Сергей Башаев қос доптың авторы атанды. Ал бүгін батысқазақстандықтар өзімен бірге екінші топта ойнаған «Никельщик» (Верхний Уфалей) командасына есе жіберді. Мұнда «Ақжайық» бірінші таймнан кейін 3:2 есебімен алда тұрғанымен, сол басымдылықты сақтай алмады. Бұл кездесуде Максим Өтебалиев қарсыластар қақпасына қос доп енгізсе, команда капитаны Ескендір Нұғманов пен 41 жастағы қорғаушы Александр Шавалдин бір-бір голдың авторы атанды. Дмитрий Иванниковтің шәкірттері осыған дейін «Мурман» (Мурманск), «Черемшан» (Димитровград) командаларынан ұтылып қалған болатын. Ертең «Ақжайық» финалдық турнирдегі қорытынды кездесуін «Знамя-Удмуртия» (Воткинск) командасымен өткізеді.      


Маңғыстаулық бес дзюдошы республикалық жарыста жеңімпаз атанды

Маңғыстаулық спортшылар Орал қаласында дзюдодан өткен республикалық жарыстан оралды. Екі күндік турнир Халықаралық әйелдер күніне арналып өткізілді, оның қорытындысы 6 наурызда шығарылды.Жарысқа Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарының, Шымкент, Ақтөбе, Қызылорда қалаларының 2003-2005 жылғы 200 спортшысы қатысты. Маңғыстау облысының құрамасына 17 дзюдошы кірді. Бес маңғыстаулық спортшы 2 алтын, 2  күміс және 1 қола жүлдеге ие болды. Жеткіншектер бірінші мәрте республикалық жарысқа қатысты. Алтын медальді Жасұлан Асаров ( «Жастар» спорт мектебі, 55 келі салмақта), Ердос Бегайдарұлы (Шетпе кенті, 26 келі) алды. Күміс жүлдеге Мейрамбек Алдаберген ( «Жастар» спорт мектебі, 50 келі салмақта) және Мағжан Аяпберген («Жастар» спорт мектебі, 23 келі) ие болды. Қола жүлде Ержігіт Тәжімұратқа ( «Жастар» спорт мектебі (32 келі салмақта) бұйырды. Маңғыстау құрамасы жалпы командалық есепте 3-ші орынға тұрақтады.          


«Қайрат» пен «Астана» тағы да суперкубокқа таласады

Ертең Қазақстан футболының жаңа маусымы басталады, деп хабарлайды alaman.kz.8 наурызда сағат 15:00-де «Астана Арена» стадионында былтырғы маусымның жеңімпазы «Астана» мен кубок иегері алматылық «Қайрат» арасында Суперкубок ойыны өтеді. Ойынды тікелей «Қазақстан» телеарнасы көрсетеді. Оған өзбек рефериі Равшан Ирматов қазылық етеді.     


Фрэнк Уоррен: Головкинді бір жеңсе, Сондерс жеңеді

WBO нұсқасы бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы Билли Джо Сондерс (23-0, 12 КО) бүгін украиналық боксшы Максим Бурсакпен (32-4-1, 15 КО) жарияланған жекпе-жегі оған спорттық қалыпты сақтауы үшін керек екенін мәлімдеді, себебі жазда ол қазақстандық Геннадий Головкинмен (34-0, 31 КО) кездесу өткізгісі келеді, деп жазады sports.kz.«Мен белсенді болуым керек. Бурсакты жеңген соң, келесі деңгейге қайта көтеріліп, нағыз мегафайт өткізем деп үміттенемін. Мен шынықтыратын немесе оған ұқсас жекпе-жектерді іздеп отырған жоқпын. Бұл әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек болмақ: а) жаттығу лагерін өткізу үшін; б) ресми жекпе-жек рингінде болуым үшін. Өткен аптада мен Фрэнк Уорренмен (промоутер) сөйлесіп, жазда Головкинмен жұдырықтасқым келетіні туралы айттым», - деді өткен жылдың желтоқсан айында титулды жеңіп алған Сондерс. Өз кезегінде Фрэнк Уоррен Головкинді бір жеңсе, Сондерс жеңетінін мәлім етті. Айта кетейік, 23 сәуір күні Геннадийдің Доминик Джокерге қарсы жекпе-жегі жоспарланған, ал қыркүйек айында ол Сауль Альвареспен жұдырықтасуы мүмкін.      


Қандастарымыз да қазақ спортының гүлденуіне өз үлестерін қосуы тиіс - Нұржан Жұмажанұлы

Биыл тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өтетін мерейлі жыл! Алғаш еліміз егемендігін жариялаған сонау 1991 жылдан бастап, күні бүгінге дейін шеттегі қандастарымыздың өз отанына оралуы толастаған емес.Бүгінгі статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Елбасы Н. Назарбаевтың көшелі көші-қон саясатының арқасында қазір елімізге табан тіреген қандастарымыздың саны миллионнан асыпты. Бұл Қазақстанның демографиалық өсіміне қосылған өлшеусіз үлес екені айтпасақ та түсінікті. Қазір елге оралған қандастарымыздың ішінде өзі қалаған кәсіппен айналысып, сан саланың үздіктері атанып жүргендері де баршылық. «Қазақпын, өз отанымда өмір сүрейін, өз еліме үлесімді қосайын, ұрпағым қазақ топырағында өссін» деп келіп, еліне алақан жаймай, керісінше ата-жұртыма не берем берем деп жүрген бауырларымызды көргенде Аллаға шүкірлік етесің, әрине! Міне, сондай қандастарымыздың бірі - Қытайдың Алтай аймағы Қаба ауданынан келіп, бүгінде Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы бойынша жасөспірімдер спорт мектебінде гір спортынан аға жаттықтырушы болып қызмет атқарып жатқан қандасымыз Нұржан Жұмажанұлы. Еліне оралып елеулі еңбек жасап жатқан Нұржанның жақында өз шәкірттерімен бірге Қостанай қаласында өткен  гір спортынан Қазақстан чемпионатына қатысып, жүлделі қайтып бара жатқан жолынан кездесіп, сұхбаттасқан болатынбыз. -         Жүлделеріңіз құтты болсын! -         Рахмет! -         Гір спортынан Қостанайда өткен Қазақстан біріншілігіне қанша шәкіртіңіз қатысты? -         Мен Курчатов қаласынан өзімнің қол астымда жаттығатын 4 баланы ертіп бардым. Біреуінің бағы мен бабы қатар шауып, Қазақстан чемпионы атанды. Тағы бір спортшым төртінші орынға табан тіреді. Ал қалған екеуі 6-7-орындардан көрінді. Бұл ел біріншілігінің спортшыларымыз үшін маңызы ерекше болды. Чемпион атанған балаларға алтын медальмен бірге осы жазда Латвия елінде өтетін Еуропа чемпионатына жолдама берілді. -         Төрт баланың біреуі чемпион атануы үлкен жетістік екені белгілі. Шәкіртіңіз туралы толығырақ айтып өтсеңіз? -         Чемионымның аты-жөні - Ақжол Жеңісханұлы, 73 келі салмақта сынға түсті. Ұстаз бен шәкірттің бірлесе жасаған еңбегінің арқасында барлық қарсыластарынан оқ бойы озық шығып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Енді жазда Латвияға барып, Еуропа біріншілігіне қатысатын болады. -         Жалпы, қоластыңызда қанша бала жаттығады? -         Гір спорты елімізде кереметтей дамыған спорт түрі деп айта алмаймын. Көп жағдайда мереке мейрамдарда гір көтеруден жарыстар болып жатады. Ол жай әуесқойлық. Ал кәсіби түрде енді-енді дамып келеді. Сондықтан гір спортына келетін балалардың саны аса көп емес. Бірақ, мен өзім жұмыс жасап жатқан шағын ауданда гір спортына деген қызығушылық өте жақсы. Қазір қол астымда 20-дан астам бала жаттығады. Тек ұлдар ғана емес, қыз балалар да жаттығып жатыр. Мектебіміздің жұмыс кестесіне сәйкес балалар үш ауысым бойынша жаттығады. -         Бұған дейін де жетістіктерге қол жеткізген шәкірттеріңіз бар болар? -         Әрине, өткен айда ғана 2003 жылғы бір қыз баламыз Шығыс Қазақстан облысында өткен жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігінде бас жүлдені жеңіп алды. Өткен жылғы Шымкент қаласында өткен ел біріншілігінде екі шәкіртім қоржынымызға екі мадаль салып қайтты. Онда бүгінгі чемпион атанған Ақжол Жеңісханұлы үшінші орынға қол жеткізген. Міне, биыл бас жүлдемен бірге Латвияда өтетін Европа біріншілігінің жолдамасын да жеңіп алып отыр. Осындай шәкірттерімнің арқасында ауданымыз Шығыс Қазақстан бойынша гір спортынан Өскемен қаласынан кейінгі екінші орында келеді. Бұл біздің еңбегімізде ілгерілеушіліктің бар екенін көрсетеді. Енді Еуропа біріншілігіне дайындықты бастаймыз. -         Бапкерлікпен айналысудың қандай қиндықтары бар? -         Өзің қалаған кәсіптің қиындығын қуанышты жақтары жеңіп кетеді. Алғашында тіл жағынан аздап қиындықтар болғанын жасыра алмаймын. Себебі, ата-жұртымыздағы білім ордасында ұстаздық етіп, шәкірт тәрбиелеп жатқан соң, «мен тек қазақ балаларын ғана тәрбиелеймін, соларды ғана жаттықтырамын» деп айта алмайсың ғой. Біздің еліміз көпұлтты мемлекет. Қазірдің өзінде қол астымда бірнеше ұлт өкілдерінің балалары жаттығып жұр. Солардың ішінен кім спортты жалықпай жаттығып, мықтылығын дәлелдейді, сонымен ары қарай жұмыс істейміз. Мен бапкер болғандықтан ешқашан, ешкімді ұлтына, руына бөлген емеспін. Кім келіп, спортпен айналысам десе, есігіміз ашық. -         Оқу орындарыңызда спортты ары қарай дамытуға қаншалық мүмкіндіктер қарастырылған? Балаларды жарысқа апару барысында қандай қиындықтар кездеседі? -         Оқу ордамызда барлық шарт-жағдай жасалған. Жергілікті әкімдіктер, мектеп басшылығы - барлығы да біздің спортымызды дамытуға өзіндік үлестерін қосып келеді. Әр жарысқа барып, жүлделі орындарға іліккенде қуанышымызды құттықтап, келгенде гүл шоқтарын алып, салтанатты түрде қарсы алады. Жарысқа аттанарда да сәттілік тілеп, жол шығындарымызды көтеріп, шығарып салады. Бұдан артық қандай көмек болсын... Оларға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. -         Өзіңіздің спортта қандай жетістіктеріңіз бар? -         Студент кезімде өзім де гір спортымен айналыстым. Шығыс Қазақстан облысының гір спортынан бас жаттықтырушысы Әділ Әбдіғали деген ағаның қол астында жаттығып, аудандық, облыстық және ел біріншіліктеріне қатысып, көптеген жүлделі орындарға ие болдым. Алайда, оқу бітірген соң, жұмысқа кірісіп кеттім. Бірақ, спорт мұғалімі оқушыларын жаттықтыра жүріп, өзі де жаттығады. Себебі, тәрбиелеп жатқан шәкірттерің өзіңе қарап өседі. Сондықтан әлі күнге жаттығудан қол үзген емеспін. Ендігі мақсатым: ата-жұртыма адал еңбек етіп, шәкірттерім арасынан әлем чемпиондарын шығарып, әлемдік рекордтар жасау. Біз еліміз-жеріміз деп келген соң елге қызмет етуіміз керек. Қандастарымыз да қазақ спортының гүлденуіне өз үлестерін қосуы тиіс деп есептеймін. -         Әңгімеңізге көп рахмет!                                                                   



ФУТБОЛ: «Астана» мен «Қайрат» командаларының Суперкубокқа таласы басталды

Бүгін елорданың «Астана Арена» стадионында Қазақстан футболының жаңа маусымы басталды. Онда былтырғы маусымның жеңімпазы «Астана» мен кубок иегері алматылық «Қайрат» арасында Суперкубок ойыны өтіп жатыр.Матчтың бас төрешісі - өзбекстандық қазы Равшан Ирматов. Айта кетерлігі,   бұл осы маусымдағы алғашқы матч. Командалар арасындағы өзгерістерге келсек, алматылықтарда жаңа ойыншылар арасында қақпашы Андрей Сидельников, «Астана» сапында былтыр «Қайратта» ойнаған Джордже Деспотович пен Асхат Тағыберген ойнайды. «Қайрат» өз тарихында ел Кубогын 7 мәрте жеңіп, Суперкубок финалына осымен екінші рет шығып отыр. Айта кетерлігі, былтырғы жылы «Астана Аренада» «Астана» мен «Қайрат» шығып, пенальти сериясы бойынша елордалықтар жеңіске жеткен болатын. «Астананың» бас бапкері Станимир Стойлов баспасөз мәслихатында командасының былтыр көрсеткен футболды паш ете алатынын сенімді айтқан болатын. Оның сөзі бойынша, «Астана» командасының барлық ойыншылары жоғары дайындықпен келіп отыр. «Астана» мен «Қайрат» арасындағы бұл ойында жолдастық матч секілді болуы мүмкін емес. Үлкен футбол қақтығысы орын алады. Біз бұл суперкубокқа мықты дайындалдық. Футболшылар барлық күшін салып, өнерін көрсетуі тиіс», - деді С. Стойлов.          


Суперкубок: «Астана» мен «Қайрат» бірінші таймда есеп ашқан жоқ

Бүгін елорданың «Астана Арена» стадионында Қазақстан футболының жаңа маусымы басталуына орай «Астана» мен алматылық «Қайрат» арасында Суперкубок матчы өтуде. Ойынның бірінші таймында есеп ашылған жоқ.Қос команда арасында ойын тартысты өтуде. Алғашқы 45 минутта екі командада да гол соғу мүмкіндіктері болғанымен, есеп ашылмады. Ойын тәртібін бұзғаны үшін бас төреші өзбекстандық қазы Равшан Ирматов ойыншыларға «сары қағазды» үш мәрте суыруға мәжбүр болды. Айта кетерлігі, бұл - осы маусымдағы алғашқы матч. «Қайрат» өз тарихында ел Кубогын 7 мәрте жеңіп, Суперкубок финалына осымен екінші рет шығып отыр. Айта кетерлігі, былтырғы жылы «Астана Аренада» «Астана» мен «Қайрат» шығып, пенальти сериясы бойынша елордалықтар жеңіске жеткен болатын. "Астана Арена" стадионында шамамен он бес мыңға тарта жанкүйер футболды тамашалауда.           


Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы» соңғы ойынында да жеңіліп қалды

Ульяновск қаласындағы «Волга-Спорт-Арена» стадионында өтіп жатқан допты хоккейден «Жоғары лига» бүкілресейлік жарысының финалдық турниріне қатысқан Оралдың «Ақжайығы» бүгін соңғы ойынында да жеңіліп қалды.Ресей допты хоккей федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, «Ақжайық» «Знамя-Удмуртия» (Воткинск) командасына 3:6 есебімен есе жіберді. Бұл кездесуде батысқазақстандықтар сапынан ресейлік легионерлер Максим Пьянов екі, Сергей Башаев бір доптың авторы атанды. Сөйтіп оралдықтар финалдық турнирдегі ойындарының бәрінде жеңіліс тауып, жоғары лиганың үздік командаларымен шеберлік таластыруға әлі де дайын еместігін көрсетті. Айта кетейік, финалдық турнирде «Мурман» (Мурманск) командасы 12 ұпаймен жекедара көш бастап келеді. Сондай-ақ «Саяны-Хакасия» (Абакан) мен «Черемшан» (Димитровград) командаларының еншісінде 9 ұпайдан бар. Ертең финалдық турнирдің қорытынды күнінде осы екі клуб өзара кездессе, «Мурман» «Никельщик» (Верхний Уфалей) командасымен күш сынасады. Осы ойындардан кейін Ресей чемпионатының суперфиналына жолдама алған қос команда белгілі болады.     


ФУТБОЛ: Суперкубок иегері пенальтиде анықталады

«Астана Арена» стадионында Қазақстан футболының жаңа маусымы басталуына орай өтіп жатқан Суперкубок матчының негізгі уақытында «Астана» мен алматылық «Қайрат» арасында есеп ашылған жоқ.Осыған орай, бас төреші экстра-тайм жариялады, алайда қос команда экстра-таймда да бір-бірінің осал тұсын таба алмады. Айта кетерлігі, былтырғы жылы да қос команда арасындағы жеңімпаз пенальти арқылы анықталған болатын. Ал қос команда арасында ойын тартысты өтуде. Негізгі уақытта қақпа алдында қауіпте сәттер тудырып, гол соғу мүмкіндіктері екі командада болғанымен, есеп ашылмады. Ойынға өзбекстандық қазы Равшан Ирматов төрелік етуде. Айта кетерлігі,   бұл осы маусымдағы алғашқы матч. «Қайрат» өз тарихында ел Кубогын 7 мәрте жеңіп, Суперкубок финалына осымен екінші рет шығып отыр. Айта кетерлігі, былтырғы жылы «Астана Аренада» «Астана» мен «Қайрат» шығып, пенальти сериясы бойынша елордалықтар жеңіске жеткен болатын.       


ФУТБОЛ: «Қайрат» тұңғыш рет Суперкубок игері атанды!

«Астана Арена» стадионында Қазақстан футболының жаңа маусымы басталуына орай өтіп жатқан Суперкубок матчында «Қайрат» пенальти кезеңінде «Астананы» сан соқтырды.Ойынныңың негізгі уақытында «Астана» мен алматылық «Қайрат» арасында есеп ашылған жоқ. Осыған орай, бас төреші экстра-тайм жариялады, алайда қос команда экстра-таймда да бір-бірінің осал тұсын таба алмады. Ал пенальти кезеңінде 5:4 есебімен «Қайрат» алға шықты. Ойынға өзбекстандық қазы Равшан Ирматов төрелік етті. Айта кетерлігі,   бұл осы маусымдағы алғашқы матч. «Қайрат» өз тарихында ел Кубогын 7 мәрте жеңіп, Суперкубок финалына осымен екінші рет шыққан болатын. Былтыр «Астана Аренада» Суперкубокқа таласқа «Астана» мен «Қайрат» шығып, пенальти сериясы бойынша елордалықтар жеңіске жеткен болатын. Пенальти: («Астана»). Каньяс - 1:0, («Қайрат»). Исламхан - 1:1, («Астана»). Аничич - 2:1, («Қайрат»). Бруно Соарес - 2:2, («Астана»). Щеткин (қақпашы қайтарды) - 2:2, («Қайрат»). Риера - 2:3, («Астана»). Максимович (мүлт кетті) - 2:3, («Қайрат»). Ли (қақпашы қайтарды) - 2:3, («Астана»). Твумаси - 3:3, («Қайрат»). Гоу (қақпашы қайтарды) - 3:3, («Астана»). Бейсебеков - 4:3, («Қайрат»). Тимощук - 4:4, («Астана»). Мужиков (қақпашы қайтарды) - 4:4, («Қайрат»). Тесак - 4:5                     



Жанкүйер Қазақстан Суперкубогы матчында сүйіктісіне сезімін білдірді

Елордалық жанкүйер бүгін «Астана» командасы мен алматылық «Қайрат» командасының арасында өткен Қазақстан Суперкубогы матчының үзілісі кезінде сүйіктісіне сезімін білдірді.Куәгерлердің айтуынша, жас жігіт «Арена» стадионы алаңы ортасына бір құшақ гүл алып шыққан. Кейін тізерлеп тұрып, сүйіктісінен оған тұрмысқа шығуын сұраған. Ал жас ару оған келісімін берген. Еске сала кетейік, бірер сәт бұрын 2016 жылғы Қазақстан Суперкубогын «Қайрат» командасы жеңіп алған болатын. Олар елордалық «Астананы» 5:4 есебімен қапы қалдырды.  


Қазақ күресі: ел чемпионатында қызылордалық палуандар бірінші орынды иеленді

Павлодар облысының Екібастұз қаласында қазақ күресінен жасөспірімдер арасында өткен ел чемпионатында кызылордалық палуандар жалпы командалық есепте 1-орынды (2 алтын, 2 күміс, 3 қола) жеңіп алды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.Екінші орында - Жамбыл облысы (1 алтын, 2 күміс, 1 қола), үшінші орында - Оңтүстік Қазақстан облысы (1 алтын, 1 күміс, 1 қола). Жекелей сында 42 келі салмақта Мұхит Шералиев пен 50 келіде Бақдәулет Төлешов ел чемпионы атанды. 55 келіде Ерлан Бақытбек пен 73 келіден жоғары салмақта Еңбек Сақтағанов чемпионаттың күміс жүлдесін иеленді. 46 келіде Айдос Балтабаев, 60 келіде Наурызбек Мамыт және 73 келіде Асылжан Бакытжанұлы қола жүлдені еншіледі.   



Қазақстан Суперкубогына 14 мыңнан астам жанкүйер барды

Бүгін «Астана» командасы мен алматылық «Қайрат» командасының арасында өткен Қазақстан Суперкубогы матчына 14 мыңнан астам көрермен жиналды, деп хабарлады Sports.kz.Спорт сайтының хабарлауынша, Суперкубогка келушілердің ең көп саны былтырғы ойында, яғни «Астана Аренадағы» «Астана» мен «Қайраттың» матчына 20 000 жанкүйер жиналған. Бүгінгі көрсеткіш осыдан кейінгі екінші болып отыр.  Ең көп жанкүйер жинаған Қазақстан Суперкубогтері: 1. «Астана» - «Қайрат». 2015 жыл - 20 000 көрермен;2. «Қайрат» - «Астана». 2016 жыл - 14 500 көрермен;3. «Ақтөбе» - «Шахтёр». 2014 жыл - 14 000 көрермен;4. «Ақтөбе» - «Тобыл». 2008 жыл - 12 000 көрермен;5. «Ордабасы» - «Шахтёр». 2012 жыл - 12 000 көрермен.   



Нұрберген Шәріпов Жапонияда Real MMA турниріне қатысады

Токиода (Жапония) 12 наурызда кәсіби ММА турнирі өтеді, оның аясында «Alem Fighters»  клубының қазақстандық спортшысы Нұрберген Шәріпов өзінің бесінші айқасын өткізеді. Оның қарсыласы 11 жекпе-жек өткізген (9-ы жеңіспен аяқталған) Шо Коган болмақ.Бастапқыда Шәріповтың қарсыласы жапондық Дайсаку Танака болуы тиіс еді, алайда ол белгісіз себептермен айқастан бас тартты. Қазақстандық спортшы 4 кәсіби кездесуін жеңіспен аяқтаған.       


«Астана» ойыншысы Сербия ұлттық құрамасына шақырту алды

«Астана» жартылай қорғаушысы Неманья Максимович наурыз айының аяғында Польша және Эстония командаларымен өтетін жолдастық кездесуге қатысу үшін Сербияның футболдан ұлттық құрамасының бас бапкері Радован Чурчич шақырған ойыншылар тізіміне енді, деп мәлімдеді Sports.kz.Қазақстандық «Астана» командасының жартылай қорғаушысы өз елінің ұлттық құрамасының құрамына үміткер ретінде бұған дейін де аты аталған. Енді, міне, ресми түрде шақырту алды. Осылайша,   еуропалық  U-19 және әлемдік U-20 чемпионаттарының алтын наградасын ұтқан Максимович Сербия ұлттық футбол құрама командасының ойыншысы атанады.       


Алматы жұртшылығы Әбілсейіт Айқановты ақтық сапарға шығарып салды

Алматыда қара жамылған халық Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында еркін күрестен Қазақстанның 11 дүркін чемпионы Әбілсейіт Айқановпен қоштасты.Қаралы жиынға келген қауымға Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Қазақстан Республикасы Президентінің көңіл айту хатын оқып берді: «Әбілсейіт Айқанов бұрынғы Кеңес Одағының ауқымында ғана емес, көптеген халықаралық жарыстарда жеңімпаз атану арқылы зор жетістіктерге қол жеткізген аса үлкен дарын иесі еді. Ә.Айқанов өз жеңістері арқылы халқымыздың рухын көтеріп, жастардың спорттың осы түрімен айналысуына ықпал етті. Көптеген жас оған еліктеп саламатты өмір салтын ұстануға, қажырлы, қайратты болып өсуге талпынды. Білікті бапкер ретінде де көптеген даңқты спортшыларды тәрбиелеп, өсірді. Спорттағы жетістіктері үшін түрлі марапаттарға ие болды», - делінген жеделхатта. Әбілсейіт Рүстемұлы Айқанов  еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның 11 дүркін чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері, КСРО-ның «Құрмет белгісі» орденінің иегері. Ол 1938 жылдың 15 сәуірінде Алматы облысы, Сарқанд ауданы, Покатиловка ауылында дүниеге келген. 1963 жылы Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын тәмамдаған. 1957-1970 жж. әр түрлі деңгейдегі жарыстардың жеңімпазы атанып, олжалы оралып отырған. Спорттық карьерасын аяқтаған соң бапкерлікпен айналысқан. Ә.Айқановтың шәкірттерінің арасында халықаралық дәрежедегі спорт шебері А.Бұғыбаев, спорт шеберлері Ж.Көпебаев, Н.Нұрманов, А.Мұсабековтер бар. 1983-1986 жж. еркін күрестен Ауғанстанның ұлттық командасының жаттықтырушысы болып, 22 халықаралық сайыстардың жеңімпазын, төрт халықаралық дәрежедегі спорт шеберін тәрбиеледі. Ә.Айқанов спорттың дамуына зор үлес қосты. Ол Ұлттық олимпиада комитетінің мүшесі, Қазақ ұлттық «Күрес» Федерациясының президенті, еркін күрестен Орта Азия мен Қазақстандағы ұлттық «Күрес» Федерациясының вице-президенті, Моңғол халқының күрестен «Консатай» ұлттық Федерациясының вице-президенті және Алматы облысының құрметті азаматы болған.     


Қазалыда ҚР гандбол федерациясының кубогы аяқталды - Қызылорда облысы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданында гандболдан 2000 ж.т және одан кіші жастағы  қыздар арасында  ҚР гандбол федерациясының кубогы аяқталды, деп хабарлады облыстыө дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.Оған Қызылорда қаласы мен барлық аудандардан 8 команда қатысты. Айтулы жарыс ҚР гандбол федерациясының  қолдауымен биыл үшінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Мақсаты - ауылдық елді мекендерде гандболды дамыту, жастарды спортқа тарту, саламатты өмір салтын насихаттау, достық қарым-қатынасты нығайту және тәжірибе алмасу. Төрт күнге созылған тартысты ойынның нәтижесі бойынша Қызылорда қаласының  командасы көш бастады. Екінші орынды Қазалы  ауданы иеленсе, үшінші орынды  Жаңақорған ауданының командасы еншіледі. Ал, төртінші орын Шиелі ауданына бұйырды. Үздік ойыншылар - Феруза Ысқақова, Олеся Малышева, Татьяна Давыдова, Ксения Пупченкова, Жамира Нұрқожаева (барлығы Қызылорда қ.), Айғаныс Назар (Жаңақорған ауд.), Айсана Әбдікәрім (Қазалы ауд.).    Жеңімпаз және жүлдегер  командалар медаль, диплом және естелік сыйлықтармен  марапатталды.         


Қызылордалық Арман Кенжебек халықаралық турнирдің қола жүлдесін иеленді

Шымкент  қаласында теннистен 14 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар  арасында өткен «Shymkent Gold 14 & under» халықаралық турнирінде жерлесіміз   Арман Кенжебек қола  жүлдені иеленді, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.Ал қыздар арасында Камилла Мағауия төртінші орынды еншіледі.«Нұрсәт» теннис орталығында жаттығатын қос спортшының бапкері - Рүстем Әбдиев.       


Қазақстан Дэвис Кубогы рейтингінде екі саты төмендеді

Халықаралық Дэвис Кубогының наурыздық жарысының қорытындысы бойынша ұлттық командалар рейтингі жаңартылды, деп хабарлады  Sports.kz.Рейтингтің алғашқы алты жолы өзгеріссіз қалды, одан әрі ауыс-түйістер бар. Тізімде Ұлыбритания көш бастаса, екінші орында чехтар, үшінші швейцарлықтар. Қазақстандық құрама Белградта сербтерден жеңілгеннен кейін екі сатыға төмендеп, он төртінші орынға орналасты. Дэвис Кубогындағы құрамалар рейтингі: 1. Ұлыбритания - 25919.38 2. Чехия - 24581.25 3. Швейцария - 18331.25 4. Бельгия - 13627.50 5. Франция - 12950.00 6. Аргентина - 12527.50 7. Сербия - 10562.50 8. Италия - 8415.00 9. Австралия- 7993.75 10. АҚШ - 6371.88   14. Қазақстан  - 3306.28     

«Астана» ФК ойындарға билет сатудың инновациялық жүйесін енгізді

«Астана» футбол клубы «Астана» Президенттік клубымен бірлесіп, клубтың ойындарына билет сатудың қолайлы жүйесін әзірледі. Енді жанкүйерлер билеттерді тәуілігіне 24 сағат, әлемнің кез келген нүктесінен ғаламтор, мобильдік қосымша және бүкіл республика бойынша орнатылған терминалдар арқылы ала алады. Бұл туралы «Астана» футбол клубы баспасөз қызметінен хабарланды.«Астана» клубы бұқаралық-мәдени іс-шараларға билет сатумен айналысатын «Тикетон» желісімен серіктестік орнатқан болатын. Осыған байланысты, футбол маусымының алғашқы ойындарынан бастап, футбол сүйер қауым үшін билеттер он-лайн режимінде «Тикетон» (ticketon.kz сайты немесе мобильдік қосымшалары) арқылы, клубтың сайтында (fca.kz), сонымен қатар «Тикетон» серіктестері көмегімен - еліміздің ең белгілі спорттық жаршылары sports.kz және vesti.kz, nur.kz, zakon.kz, jam.kz, afisha.kz, yvision.kz және т.б. сайттарда, Қазақстанның ең ірі ойын-сауық орталықтарында, Qiwi және Kassa24 терминалдары арқылы сатылады», - делінген баспасөз баянында. Билет сатып алу үшін, біріншіден, ойынды және «Астана Арена» стадионының кез келген секторында қалайтын орынды таңдау керек. Төлем жасалған соң билеттің өзі ұялы телефонға және электрондық поштаға жолданады. Стадионға өту үшін жанкүйер қағазға басылған электрондық билетті көрсетеді. Футбол клубының әкімшілігі атап өткендей, ойындарға билеттерді он-лайн режимінде ғана емес, «Астана Арена» стадионының кассаларында ойын өтетін күні алуға болады.      Билет ақысы секторға байланысты 200 теңгеден бастап 2000 теңгеге дейін, ал 7 жасқа дейінгі балалар үшін кіру тегін. Сонымен қатар 7-16 жас аралығындағы жеткіншектер, студенттер мен зейнеткерлер үшін 50% мөлшерінде жеңілдік бар (зейнеткерлік куәлік, туу туралы куәлік, студенттік билет болса). «Бұған қоса, маусымдық абонементтер де сатуға шығарылады, оның құны 3500 теңгеден бастап 34000 теңгеге дейінгі аралықты қамтиды. Абонемент алған  адам Премьер Лиганың 16 ойынын, Қазақстан Кубогының барлық жергілікті ойындарын, сондай-ақ Чемпиондар Лигасының квалификациялық раундтарының 2 ойынын тамашалай алады», - делінген баспасөз баянында.       


Батыржан Шалғынбаевты еске алуға арналған футзалдан республикалық турнир өтеді - Қызылорда

12-13 наурыз күндері «Евразия» СК жауынгер-интернационалист Батыржан Шалғынбаевты еске алуға арналған футзалдан республикалық турнир өтеді.Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Осымен 20 жыл қатарынан жалғасып келе жатқан дүбірлі бәсекеге Алматы, Атырау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 300-ден аса спортшылар қатысады. Турнирді ұйымдастырушылар: облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық футбол федерациясы, Б.Шалғынбаев атындағы қор. Жүлде қоры: 1-орынға жеңіл автокөлік, 2,3 - орындарға ақшалай сыйлық беріледі.   

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иса Ақбербаев келесі жекпе-жегін 30 сәуірде өткізеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иса Ақбербаев 30 сәуірде шаршы алаңға шығады, деп хабарлады Vesti.kz.32 жастағы боксшы Данияда жекпе-жек өткізеді. Кездесу 12 кезеңнен тұрады. Қазақстандық бірінші ауыр салмақтағы Global Boxing Council белбеуін қорғауы мүмкін. Boxrec.com ресурсының ақпаратынша, қазақстандықтың қарсыласы әлі анықталмады. Бүгінде Ақбербаев 16 рет жеңіске жеткен. 11 қарсыласын нокаутқа жіберді. Айта кетейік, бұл Иса Ақбербаевтың 2016 жылғы бірінші жекпе-жегі болмақ. Ол соңғы жекпе-жегін былтыр маусым айында бразилиялық Жулио Сезар Дос Сантоспен өткізіп, жеңіске жеткен еді.       


Жас футболшылар Бразилияға оқуға кетті

Еліміздің 2000 жылы туған жас футболшылары Бразилия Федеративті Республикасының «Крузейро» футбол клубының академиясына оқуға кетті. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.Футболшылардың қасында екі жаттықтырушы бар. Олар жастардың оқуын қадағалап, жаттығуларына қатысып отырады. Жастар екінші семестрді оқып, екі жылдан кейін елге қайтып келеді. Академиядағы оқу Белу-Оризонти қаласында болады. Бұл - елімізден Оңтүстік Америка еліне оқуға кеткен жас футболшылардың үшінші толқыны. Алғаш рет жастарымыз 2009 жылы Бразилияға барып, «Оле Бразил» жобасы бойынша екі жыл теңбіл доп өнерімен сусындап қайтқан болатын. Жас футболшыларды Бразилияға шығарып салу рәсімі Алматыда өтті. Онда Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Сейділда Байшақов, жастарды жаттықтырған маман Қайрат Биекенов пен жобаның кураторы Болат Жуасбаев сөз сөйлеп, Бразилияға аттанған футболшыларға сәт сапар тіледі.   


Қазақстанның төрт бірдей теннисшісі Индиан-Уэллс турниріне қатысады

Қазақстанның төрт бірдей теннисшісі Индиан-Уэллс (АҚШ) турниріне қатысады.Championat.com сайтының хабарлауынша, Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева алғашқы айналымда қытайлық Пэн Шуаймен күш сынасады. Ярослава Шведова чехиялық Кристина Плишковамен, Зарина Дияс америкалық Джейми Лобпен кортқа шығады. Көптен мұндай ірі жарысқа қатыспаған Галина Воскобоева ұлыбританиялық Хитер Уотсонмен шеберлік байқасады. Бұл турнирде Серена Уильямс, Анжелика Кербер, осы жарыстың өткен жылғы жеңімпазы Симона Халеп, Гарбинье Мугуруса, Агнешка Радьванска, Петра Квитова сынды әлемнің маңдайалды теннисшілері бақ сынайды. Айта кетейік, екі аптаға созылатын турнирдің жүлде қоры  6 134 605 АҚШ долларын құрайды.   


Теннис: Индиан-Уэллс турнирінде Ю.Путинцева мен Я.Шведова екінші айналымға шықты

 Индиан-Уэллсте (АҚШ) өтіп жатқан ірі халықаралық турнирде Қазақстанның үш теннисшісі кортқа шығып үлгерді.Championat.com сайтының хабарлауынша, Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева бірінші кездесуінде қытайлық Пэн Шуайды 6:0, 6:1 есебімен күйрете жеңді. Ол екінші айналымда Франция елінің өкілі, турнирдің 27-інші ракеткасы Кристина Младеновичпен күш сынасады. Ярослава Шведованың чехиялық Кристина Плишковамен матчы әлдеқайда тартысты болды. Мұнда Ярослава 6:3, 6:7, 7:5 есебімен қарсыласын тізе бүктірді. Я.Шведованың келесі қарсыласы - осы турнирдің 11-інші ракеткасы, тағы бір чехиялық ойыншы Люси Шафаржова. Екі жылғы үзілістен кейін спортқа қайта оралған Галина Воскобоева әлемнің 53-інші ракеткасы, ұлыбританиялық Хитер Уотсонға табанды қарсылық көрсеткенімен, одан өте алмады. Бұл кездесуде Х.Уотсон 7:6, 4:6, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Еске сала кетейік, Қазақстанның тағы бір теннисшісі Зарина Дияс алғашқы айналымда америкалық Джейми Лобпен шеберлік байқасады.      

Бейбіт Шүменов IBO рейтингінде ТОП-10 қатарына енді

 Халықаралық бокс ұйымы  (IBO) наурыздағы жағдай бойынша барлық салмақ санатындағы әлем боксшыларының рейтингін жариялады,  деп жазды  Sports.kz.Жеңіл салмақтағы жерлесіміз (53,5 келіге дейін) Жанат Жақиянов 50-ші орынға сырғып, үш саты төмендеді, бірінші ауыр салмақ санатында (90,7 келіге дейін) Бейбіт Шүменов 11-шіден 8-ші орынға көтерілді. Ал  Иса Ақбербаев 35-ші орнын сақтап қалды. Бірінші орта санаттағы боксшы (69,8 келіге дейін) Қанат Ислам ТОП-жүздікке ілікпей қалды.       


Елордада футзалдан Студенттік лига басталды

Бүгін елордалық университеттерде футзалдан Студенттік лига ойындары басталды. Бұл кезеңде сегіз команда екі-екі матчтан өткізеді. Үздік төрт команда ақтық кезеңде шеберлік байқасады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.Студенттік лиганың алғашқы маусымы 12 мамырға дейін жалғасады. Турнир Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спортзалында бастау алады, ал ақтық кездесулерді Назарбаев университетінде өткізу жоспарланған.Жарысқа «Астана» медицина университетінің, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің, «Тұран-Астана» университетінің, Қаржы академиясының командалары, сондай-ақ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Назарбаев университетінен екі-екі командадан қатысады. Әр командада 18 жуық студент ойнайды. - Астанада студенттер арасында футболдан турнирлер жиі өткізіледі. Астана Футбол федерациясының мақсаты - Студенттік лиганы жаңа сапалы деңгейге көтеру. Кездесулерде қазақстандық Премьер-лига мен Қазақстанның Бірінші лигасында жұмыс істеген арбитрлар төрешілік етеді, - деді Астана Футбол федерациясының менеджері Ерік Чинчалинов. 

Биатлон: Я.Савицкий әлем чемпионатында 11-інші орынды иеленді

Норвегияның Хольменколлен қаласында биатлоннан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Ян Савицкий 20 км қашықтықтағы жекелей сында 11-інші орынды иеленді.Championat.com сайтының хабалауынша, Я.Савицкий нысана көздеуден бір ғана рет мүлт кетіп, жеңімпаздан 2 минут 32 секунд қалып қойды. Жалпы, бұл - қазақстандық биатлоншылар арасындағы озық көрсеткіш. Аталмыш жарыста франциялық Мартен Фуркад тағы да ешкімге дес бермей, чемпион атанса, австриялықтар Доминик Ландертингер мен Симон Эдер екінші, үшінші орынды иеленді. Осы чемпионатта тамаша өнер көрсетіп жатқан М.Фуркад осымен төртінші алтын медаліне қол жеткізді. Медальдар саны жөнінен Франция құрамасы 5 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлдемен жеке-дара көш бастап келеді.     


Теннис: Индиан-Уэллс турнирінде Зарина Дияс америкалық Джейми Лебті жеңді

Индиан-Уэллсте (АҚШ) өтіп жатқан ірі халықаралық турнирде қазақстандық Зарина Дияс бірінші айналымда америкалық Джейми Лебпен шеберлік сынасты.Тікелей спорттық көрсетілім арқылы мәлім болғанындай, Зарина бірінші партияны 6:1 есебімен ұтты. Есеп 2:1 болғаннан кейін қазақстандық теннисші ұрымтал сәттерде жеңістік бермей, екі мәрте брейк жасап, алғашқы сетті өз пайдасына шеше білді. Екінші партияда есеп 2:2 болған тұста Зарина тағы да брейк жасады. Содан кейін өз геймін сәтті пайдаланып әрі тағы бір брейкке қол жеткізіп, есепті 5:2-ге дейін ұлғайтты. Дегенмен Джейми Леб те қарап қалмай, бір брейк жасап, өзі допты сәтті беріп, есепті 4:5-ке дейін қысқартты. Сосын аз-маз үзілісте бапкерінен ақыл-кеңес алған Зарина Дияс соңғы геймді сәтті аяқтай білді. Сөйтіп ол бұл партияда 6:4 есебімен жеңіске жетті. Зарина екінші айналымда бұрын дүниежүзілік рейтинг көшін бастаған, қазір осы турнирдің 13-інші ракеткасы, Беларусь елінің маңдайалды өкілі Виктория Азаренкомен кездеседі. Еске сала кетейік, жүлде қоры 6,8 млн астам АҚШ долларын құрайтын аталмыш турнирдің екінші айналымында сондай-ақ қазақстандық Юлия Путинцева турнирдің 27-інші ракеткасы, франциялық Кристина Младеновичпен, ал Ярослава Шведова осы жарыста 11-інші болып тіркелген чехиялық Люси Шафаржовамен күш сынасады. 

Головкин-Уэйд жекпе-жегінің 10 мың билеті сатылды

23 сәуірде Лос-Анджелесте болатын Головкин-Уэйд бокс кешінің 10 мың билеті сатылды.Бұл туралы ВКонтакте желісіндегі GGG ресми тобы хабарлады. Еске сала кетейік, қазақстандық боксшы, WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) америкалық Доминик Уэйдпен (18-0, 12 КО) кездесуге дайындалып жатыр. Жекпе-жек 23 сәуірде Лос-Анджелестің маңындағы The Forum аренасында өтеді. Арена сыйымдылығы - 17 500 орын. Геннадий Головкин үшін бұл кәсіби карьерадағы 35-ші жекпе-жегі болады. Доминик Уэйд 18 кездесудің барлығында жеңіске жеткен. 12 қарсыласын уақытынан бұрын жеңген. «Біз оны тексереміз, аз уақыт қалды, оның осал тұстарын іздеуіміз керек», - деді Уэйд сұхбаттарының бірінде.     



Головкин - Сондерс жекпе-жегі жазда болуы мүмкін

Британиялық Билли Джо Сондерстің промоутері Фрэнк Уоррен ресми сайттағы өзінің бағанасында ағымдағы жазда Сондерстің Геннадий Головкинмен жекпе-жегін өткізуге қызығушылық танытатынын жазды, деп хабарлады Sports.kz.«Билл бірнеше рет Головкинмен кездесуге ниет танытты. Ол украиналық Макс Бурсакпен жекпе-жек өткізгеннен кейін осы іске кірісемін. Мен оған: «Егер Головкинмен кездескің келсе, сен Бурсакты жеңуің керек» дедім. Головкинмен кездесу жазда ұйымдастырылуы мүмкін.   Канело Альварес пен Амир Хан мамыр айында шығатынын ескерсек, мексикалық пен Головкиннің кездесуі биыл болатынына күмәнім бар. Бұл жекпе-жек мүлдем болмауы да мүмкін», - деп жазды Уоррен.      


Хоккейші Дамир Рыспаев әскерге шақырту алды

Елордалық «Барыс» клубының хоккейшісі, Құрылықтық хоккей лигасында тафгай ретінде танымал Дамир Рыспаев  әскери қызмет өткеруге кетуі мүмкін.Хоккейшінің ҚР Қарулы Күштері қатарында қызмет өткеруге шақырту алғаны туралы ақпаратты «Барыс» ХК баспасөз қызметі растады.  «Бар айтарымыз осы.  Себебі әрі қарай не болатыны шешілмеді. Шақырту құжатына қол қойылған жоқ, сондықтан ештеңе айта алмаймыз», - деді клуб баспасөз хатшысы Олег Журкевич. Қазіргі уақытта «Барыс» қорғаушысы Дамир 2016 жылы қаңтарда ауысқан «Номад» клубында ойнап жүр. Бұдан бұрын оны Спорттық тәртіп комитеті  өткен маусымда матч кезінде бірнеше рет жанжал шығарғаны үшін бес ойынға қатысу құқығынан айырған.   


Допинг қолданған қазақстандық ауыр атлет өмір бойына спорттан шеттетілді

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы  IWF зертханалық допинг-бақылау сараптамаларының негізінде қазақстандық спортшы Фаина Сиванбаеваны өмір бойына барлық деңгейдегі спорттық шаралардан шеттетті. Бұл туралы Ауыр атлетика федерациясынан хабарлады.Осыған дейін спортшы допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін 2012-2014 жылдары аралығында спорттық шаралардан шеттетілген. Спортқа оралғаннан кейін ұлттық және халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысты. 2015 жылы 7 қыркүйекте Таиландта өткен ауыр атлетика бойынша Азия чемпионатының қорытындысы бойынша спортшыдан алынған допинг-бақылаудың «А» сынамасында тыйым салынған заттардың болғаны анықталды. Ішкі тергеу қорытындысы аталған препаратты әдейі қолданғанын көрсетті. Аталған фактілерге сәйкес, Тәртіптік кеңес спортшыны өмір бойына жарыстардан шеттету шешімін қабылдады. «Ауыр атлетика федерациясы допингпен күресуде түрлі шаралар қабылдап жатыр. Фаина мұндай заңсыздыққа үшінші рет барып отыр. Сондықтан Халықаралық ауыр атлетика федерациясы  осындай қатал шараны қолданып отыр», - деді ҚР Ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы  Омар Мұстафин.   


Астана тұрғындарына Бурабай мен Зерендіге балама демалыс орындары ұсынылмақ

Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы (ҚҰГҚ) Бурабай мен Зерендіге балама ретінде елорда тұрғындары демалатын арнайы туристік бағдарды әзірлеуде.ҚҰГҚ директорының ғылыми және халықаралық жобалар жөніндегі орынбасары Сәулет Сәкеновтың айтуынша, «Демалыс күнінің саяхаты» жобасы Астана тұрғындарына қаладан алыс емес жерлерге барып, демалуға мүмкіндік береді. «Саяхаттап жүретін бірнеше джиперлік клубтарды таптық және олар біздің бастамаға қуана қолдау білдірді. Яғни, адамдар жұма кешқұрым немесе сенбі таңертең осы джиперлермен бірге қызықты жерлерге баруына болады. Атап айтқанда, қала тұрғындары кемпингтік (автотуристер лагері) өмірдің тәжірибесін жинап, жаңа жерлермен таныса алады»,-деді С. Сәкенов.      


Биатлон: Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында 8-інші орынға көтерілді

Норвегияның Хольменколлен қаласында биатлоннан өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер арасында эстафеталық жарыс мәреге жетті.«Еуроспорт» телеарнасынан тікелей көрсеткеніндей, әлемнің 23 құрамасы қатысқан бәсекеде қазақстандықтар сегізінші орынға көтеріліп, үздік ондықтың қатарына ілікті. Әсіресе, бірінші және екінші кезеңде Галина Вишневская мен Дарья Усанов мәреге бесінші болып келсе, одан кейін Анна Кистанова Қазақстан құрамасын тіпті төртінші орынға шығарды. Бұл ретте Г.Вишневская нысана көздеуде бірде-бір рет қателеспесе, Д.Усанова қосымша бір, А.Кистанова екі оқты пайдаланды. Соңғы кезеңге әр құрама көбіне өз мықтыларын қоятыны белгілі. Сол себепті әрі нысана көздеуде төрт рет мүлт кеткендіктен, Алина Райкова мәреге сегізінші болып келді.Ең бастысы, бұл жарыс қазақстандықтардың да әлемнің күшті құрамаларымен бәсекеге түсе алатындығын көрсетті.Эстафеталық сында Норвегия құрамасы жеңімпаз атанса, Франция екінші, Германия үшінші орынды иеленді. 


Қазақстандық боксшылар ақпараттық алмасу аясында АҚШ-қа барады

АҚШ Мемлекеттік департаменті қаржыландырып отырған ақпараттық алмасу бағдарламасы аясында 12-26 наурыз аралығында 12 боксшы мен жаттықтырушыдан құралған қазақстандық делегация Мұхаммед Әли орталығына барады.Делегация қатысушыларының арасында Қазақстанның түрлі аймақтарынан жиналған жеті ер адам мен бес әйел бар. Оларды қазақстан бокс федерациясы жас спортшылар мен жаттықтырушылардың көшбасшылық қасиеттерін мойындау белгісі ретінде таңдап алды. Делегацияның қатысушылары Вашингтон, Колумбия және Луисвилл округтері, Кентукки штатында спорттық білім беру бағдарламаларының көмегімен жастарды дамыту мүмкіндіктері туралы ақпарат алады. Мұхаммед Әли дүниеге келген Луисвилл қаласында оның есімі берілген орталықта делегация оның мектептер мен бокс секцияларында пайдаланылатын білім беру бағдарламасымен танысады. Бұдан бөлек, бағдарламаға Вашингтон, Колумбия округіндегі қоғамдық спорттық орталықтарға және Роквилл, Мэрилэнд штатындағы «Sugar Ray Leonard» жаттығу орталығына бару еніп отыр. Нью-Йоркте делегаттар бокстан американдық әйелдер құрамасының мүшелерімен кездеседі.      


«Ертіс» футболшылары биыл да жоғары жетістіктерді бағындырады деген үміттеміз - Қ. Бозымбаев

Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев кеше «Ертіс» ФК-ның бапкерлерімен және ойыншыларымен кездесті.  «Павлодарлық футбол мектебі еліміздегі мықты ұжымдардың қатарында. Тәуелсіздік жылдарында «Ертіс» бес мәрте ел чемпионы атанды. Төрт рет күміс жүлдеге қол жеткізді. Әр жылдары команда сапында мықты футболшылар өнер көрсетті. Биыл да команда ойыншылары жоғары жетістіктерді бағындырады деген үміттеміз. Жанкүйерлердің тілегі сол. Әзірге басты мақсат - біріншіліктің алғашқы кезеңі бойынша үздік алтылықтан орын алу. Кейін жүлдеге таласу мәселесі де шешімін табар. «Ертіс» жейдесін киген жаңа ойыншыларға қош келдіңіздер деймін. Командаға тек қана жеңіс тілеймін!», - деді Қ. Бозымбаев футболшыламен жүздесу барысында. Сондай-ақ өңір басшысы павлодарлық жанкүйерлердің сүйікті командасына қолдау көрсетуге қашан да әзір екендігін айтты.   Команда капитаны Давид Лория өз кезегінде павлодарлықтардың үмітін ақтау үшін барын салуға сөз берді. «Биылғы жылы командалар көптеген мықты ойыншылармен толықты. Көш басында «Астана» мен «Қайраттың»  көрінетіні айдан анық. Ал, алтылықтағы қалған төрт орынға 15 команда таласады. Сондықтан маусым өте тартысты болмақ», - деді Д. Лория. Естеріңізге сала кетсек, 13 наурыз күні сағат 15.00-де «Ертіс» өз алаңында көкшетаулық «Оқжетпеске» қарсы алғашқы ойынын өткізеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.   


Тараздық спортшы қол күрестен 7 жыл бойы жеңіліп көрмеген америкалықты тізе бүктірді

Жамбылдық спортшы армрестлингтен «Құрлықаралық чемпиондық белбеуін» жеңіп алды. Ол 7 жыл бойы ешкімге жеңіліп көрмеген америкалық спортшыны тізе бүктіріп, чемпиондық атаққа ие болды.АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен жарыста абсолюттік салмақта өнер көрсеткен тараздық Дмитрий Трубин қарсыласы Майкл Тоддтан 4:2 есебімен басым түсті. Ал 2-6 наурыз аралығында осы елде қол күрестен өткен «Арнольд классик» халықаралық турнирінде ол бұл жетістігін тағы бір мәрте қайталап, қарсыластарын мойындатты, деп хабарлайды 24.kz. Айта кету керек, аталған жарыста әлемнің 40 елінен 500-ге тарта спортшы бақ сынаған. "Турнир өте қиын болды. Әсіресе ақтық сындағы қарсыласым мықты, тәжірибелі спортшы еді. Оның қол күрестіру әдісі ыңғайсыз әрі біздің ережелерге сәйкес келмейді. Бірақ бұл жарыста ондай қулықтар рұқсат етіле береді екен. Дегенмен, оның осал тұсын таптым. Еліміздің көк байрағы Америка төрінде көтерілді. Мен үшін бұл үлкен жетістік. Енді бұл ауыспалы белбеуді елде ұстап қалу үшін барымды саламын", - дейді қол күрестен құрлықаралық чемпиондық белбеу иегері Дмитрий Трубин.    


Футбол: «Ақжайық» жаңа ойыншыларын таныстырды

«Атриум» мейрамханасында футболдан ҚР чемпионатының премьер-лигасында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» жаңа ойыншыларын таныстырды.«Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жаңа келгендердің үшеуі - сербиялық ойыншылар. Атап айтқанда, Белград мектебінің түлегі, 2010 жылдан Павлодардың «Ертісіне» ауысып, «Ақжайықтың» қазіргі бас бапкері Талғат Байсуфиновтың қоластында ойнаған 31 жасар Предраг Говедарица жартылай қорғанысты нықтамақ. Ал 28 жасар қорғаушы Саша Колуния Сербияның «Земун» футбол клубынан келді. 32 жасар тағы бір қорғаушы Данило Николич те біраз жерде доп тепкен, соңғы клубы - «Вождовац» (Сербия). 26 жасар жартылай қорғаушы Фредди Коронел Қазақстан біріншілігінде ойнайтын Парагвай елінің тұңғыш өкілі болмақ. Қазақстандық қос шабуылшы, 33 жастағы Эдуард Сергиенко мен 28 жастағы Сергей Гридинді жанкүйерлер жақсы біледі. «Ақжайық» футбол клубы» ЖШС директоры Бағдат Ағниязовтың айтуынша, негізінен жергілікті ойыншыларға арқа сүйеп келе жатқан оралдық команда премьер-лигада жерге қарап қалмау үшін барын салатын болады. «Ақжайықтың» биылғы бюджеті өткен жылғыдан өзгере қойған жоқ. 424 млн. теңге бірінші лигаға есептеліп салынған болатын. Бұл, әрине, премьер-лига үшін жеткіліксіз. Сондықтан жуырда қосымша қаржы қаралатын болады. Айта кетейік, «Ақжайық» жаңа маусымды 13 наурыз күні сырт алаңда «Тобыл» командасымен ашатын болады. Одан кейін 19 наурызда өз алаңында Павлодардың «Ертісін» қабылдайды.         


Қазақстандық Алексей Луценко «Париж - Ницца» көпкүндігінде бесінші кезеңнің жеңімпазы атанды

 «Астана» командасының мүшесі Алексей Луценко «Париж - Ницца» көпкүндігінде бесінші кезеңнің жеңімпазы атанды.Бесінші кезеңде спортшылар 198 шақырымды жүріп өтті. Мәреге 28 шақырым қалғанда, алда кетіп бара жатқан Антуан Дюшенді қуып жеткен А.Луценко содан кейін ешкімге дес бермей, мәре сызығын жекедара қиды. «Париж - Ницца» көпкүндігінде жалпы есепте қазақстандық велоспортшы екінші орында келеді. Жиырма үш жастағы А.Луценко Солтүстік Қазақстан облысында туып-өскен. 2013 жылы 23 жасқа дейінгілер арасында топтық бәсекеде әлем чемпионы атанған. Сол жылы «Астана» командасының құрамына алынған Алексей сондай-ақ Азиада чемпионы атанып, екі мәрте «Алматы туры» жарысын ұтқан. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз хатшысы Бақытбек Хамиттің хабарлауынша, бұл - А.Луценконың әзірге ең жарқын жеңісі. Ол Рио-де-Жанейрода өтетін олимпиада ойындарында ел намысын қорғайды.     


Алматы облысында спортты дамытуға 4 млрд. 691 млн. теңге бөлінді

Бүгінге дейін Алматы облысының 6 спортшысы Рио-де-Жанейрода өтетін XXXI Жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға лицезия ұтып алды. Олар Зульфия Чиншанло мен Светлана Подобедова,  Сұлтан Дүзелбаев пен Гүлжанат Жанатбек, Иван Иванов және Раушан Қойшыбаева. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың өңір спортшыларымен кездесуі барысында белгілі болды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.Жылдағы дәстүр жалғастырылып, жүздесу барысында 2015 жылдың қорытындысы бойынша халықаралық жарыстардың жеңімпаздары, жаттықтырушылар, спорт комментаторлары марапатталды. «Жетісу» кәсіби клубы мен үздік спорт мекемелерінің жұмысы да аталып өтілді. Кездесу барысында қол жеткен жоғары жетістіктері үшін спортшыларға ризашылығын білдіріп, облыста спортты дамыту мен спортшыларға қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінетінін айтты. Сондай-ақ спортшылардың табысқа жетуіндегі жаттықтырушылардың үлесіне ерекше тоқталып өтті. - Өткен жылы Алматы облысының спортшылары едәуір жетістіктерге жетіп, әртүрлі деңгейдегі жарыстарда 1251 медаль жеңіп алды. Оның 468-і - алтын, 345-і - күміс, 438-і - қола. 108 спортшы спорт шебері, 440-ы спорт шеберлігіне кандидат атанды. Табандылықтарыңыз бен табыстарыңыз үшін алғыс айтамын. Өз кезегінде облыс тарапынан қажетті қолдаулар мен көмек көрсетілетін болады, - деді А. Баталов. Кәсіби футбол клубының ойыншыларына облыс әкімі футбол клубын дамытуға барлық жағдайлар жасалып отырғанын, ендігі ретте оның қайтарымы жақсы көрсеткішпен - жеңісті ойындармен өтелуі керектігін атап өтті. Мұнан соң Амандық Ғаббасұлы үздік спортшылар мен жаттықтырушыларға 150 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар тапсырды. Сонымен қатар 500 мың теңгенің сертификаттары «Жетісу» кәсіби волейбол клубына, Олимпиада резевтерін дайындайтын № 1 Талдықорған арнайы балалар мен жасөспірімдер мектебіне, Талдықорған қалалық спорт бөліміне берілді. - Олимпиада ойындары - мықты да талантты спортшылар үшін өте салмақты сынақ. Олимпиадаға қатысу жоғары жетістік болуымен қатар аса үлкен жауапкершілік жүктейді. Рио-де-Жанейрода жақсы өнер көрсетіп, елімізге жеңіс медальдарымен оралуларыңызға тілектеспін, - деді облыс әкімі А. Баталов. Жалпы, биылғы жылы Алматы облысында спортты дамытуға 4 млрд. 691 млн. теңге бөлінді. Бұл қаржы қолданыстағы спорт мекемелерінің материалдық-техникалық базаларын нығайтуға, күрделі жөндеу жүргізуге бағытталатын болады.       


Кэнморда өткен 15 шақырымдық жарыста Алексей Полторанин 16-шы нәтиже көрсетті

  Кэнморда «Канада турында»  еркін стильде 15 шақырымдық ерлер жеке сайысы өтті. Бірінші болып мәреге  финдік Матти Хейккинен жетті, екінші орын  - ресейлік Евгения Беловаға, үшінші орын норвегиялық  Маркус Хельнерге бұйырды. Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин жарысты 16-шы болып аяқтады, деп жазды Sports.kz. Шаңғы жарысы. «Канада туры». Кэнмор (Канада) Ерлер. 15 шақырым. Еркін стиль. 1. Матти Хейккинен (Финляндия) - 35:16.3 2. Евгений Белов (Ресей) - +13.6 3. Маркус Хельнер (Норвегия) - +13.9 16. Алексей Полторанин (Қазақстан) - +1:21.7.      


КҮРЕС: Астанада Олимпиада жолдамасына таласатын қыз-жігіттердің есімдері белгілі болды

18-20 наурызда Астанада өтетін күрес түрлерінен олимпиадалық іріктеу жарысына қатысатын еркін күрес пен әйелдер құрамасының тізімі жарияланды.Бұл туралы «Аламан» ұлттық спорт порталында хабарланды. Сонымен Астана бозкілемінде жолдамаға таласатын балуандар:   ЕРКІН КҮРЕС  65 кг - Мейіржан Аширов. 74 кг - Ғалымжан Өсербаев. 86 кг - Аслан Кахидзе. 97 кг - Мамед Ибрагимов. 125 кг - Даулет Шабанбай.   ӘЙЕЛДЕР КҮРЕСІ 48 кг - Жұлдыз Эшимова 53 кг - Зульфия Яхиярова 58 кг - Айым Әбілдина 63 кг - Екатерина Ларионова 69 кг - Эльмира Сыздыкова 75 кг - Гузель Манюрова.     


Теннис: Ю.Путинцева мен Я.Шведова Индиан-Уэллс турнирінің үшінші айналымына шықты

 Индиан-Уэллсте (АҚШ) өтіп жатқан ірі халықаралық турнирде қазақстандық теннисшілер Юлия Путинцева мен Ярослава Шведова үшінші айналымға шықты.Екінші айналымда Ю.Путинцева осы жарыстың 27-інші ракеткасы, франциялық Кристина Младеновичті 6:4, 6:4 есебімен ұтты. Енді ол әлемнің бірінші ракеткасы, атышулы америкалық Серена Уильямспен күш сынасады. Ал Я.Шведова турнирде 11-інші болып тіркелген чехиялық Люси Шафаржованы 6:3, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Ярославаның келесі қарсыласы - тағы бір америкалық теннисші Николь Гиббс. Еске сала кетейік, жүлде қоры 6,8 млн.-нан астам АҚШ долларын құрайтын аталмыш турнирдің екінші айналымында Қазақстанның тағы бір өкілі Зарина Дияс кезінде әлемнің маңдайалды теннисшісі болған, қазір осы турнирдің 13-інші ракеткасы, белоруссиялық Виктория Азаренкомен шеберлік байқасады.      


Алматы полицейлері Президенттік тест тапсырды

Алматыда 1500-дей полиция қызметкері дене даярлығы бойынша Президенттік тест тапсырды. Сынақ дәстүрлі түрде «Динамо» стадионында өтті. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.«Жүгіруге Ішкі істер департаментінің барлық қызметтері мен бөлімшелерінің өкілдері қатысты. Жүгіру қашықтығы - 2 шақырым 400 метр болды. Қатысушылардың жас мөлшеріне байланысты уақыттық шектеулер қойылды. Жалпы, тұрғындардың дене даярлығы бойынша Президенттік тест нормативтерін қабылдау ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсанда шығарған қаулысы негізінде жүзеге асырылып келеді. Шараның мақсаты - саламатты өмір салтын насихаттау және қызметкерлеріміздің дене даярлығы деңгейін арттыру», - деді осыған орай Алматы қалалық ІІД Кадрлық жұмыс басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Олжас Мырзабеков. Айта кетелік, қатысушылардың барлығы Президенттік тестіні үздік тапсырды.              

Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спорттық биден ҚР біріншілігі басталды

Бүгін Алматыда VI Қазақстандық би Олимпиадасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында арбада отырып спорттық би билеуден ҚР Чемпионаты басталды.  Бұл лицензиялық турнир болғандықтан оған қатысып, үздік нәтиже көрсеткендерге алдағы 8-9 сәуір аралығында Астанада би өнерінен өтетін халықаралық «KAZAKHSTAN OPEN 2016» турниріне жолдама беріледі.  Алматыда тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған біріншілікке еліміздің 8 облысы мен қаласынан 54 биші қатысуда. Онда Қазақстан мен Ресейдің білікті төрешілері төрелік етеді.    Бағдарламада заманауи және эстрадалық билер көрсету жоспарланған. «Мен қатысушылардың барлығына ризашылығымды білдіремін. Рахмет Сіздерге! Әрине, келу оңай болған жоқ. Бұл турнирде қандай да бір орын алу маңызды емес. Маңыздысы - өзіңді жеңу. Сіздер онсыз да жеңімпазсыздар! Бұл жарыс - тең құқық пен тең мүмкіндіктердің айқын көрінісі», - деді өз сөзінде Қазақстан мүгедектері ұйымдары одағының төрағасы Әли Аманбаев.    Ұйымдастырушылардың айтуынша, бишілер үшін мұндай жарысқа қатысу ерекше уақиға. Бұл, спорттық би өнерінің дамуына септігін тигізеді. Чемпионатта 3 категория бойынша 11 аталым қарастырылған. Ал ертең - 13 наурызда жеңімпаздар анықталады.  Айта кетелік, турнирдің ұйымдастырушылары - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық Паралимпиада комитеті, ҚР «Замауни және Спорттық биі федерациясы» Республикалық қоғамды бірлестігі және Алматы қаласының әкімдігі.     


ҚР Премьер-Лигасы: «Астана» қарағандылық «Шахтер» командасынан басым түсті

Бүгін Премьер-Лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының бірінші туры аясында елордалық стадионда «Астана» ФК мен қарағандылық «Шахтёр» ФК шеберлік байқасты. Ойын нәтижесінде алаң иелері 2:1 есебімен қарсыластарынан басым түсті, деп жазады елорда әкімдігінің ресми сайты.Кездесу жағымды жаңалықтардан басталды. Алдымен қазақстандық Премьер-Лига-2015 үздік бапкердің есімі белгілі болды. «Астана» ФК жаттықтырушысына марапатты ҚР Кәсіпқой футбол лигасының президенті Олжас Абраев табыстады. Кездесу тартысты басталды, сегізінші минутта-ақ қарағандылықтар мергендік танытып, есеп ашты. Голды орындаған - Деслей Уббинк. Бірінші бөлімнің соңына дейін негізінен «Шахтер» футболшылары басымдыққа ие болды, үзіліске дейін есеп өзгерген жоқ. Ал екінші тайм басталғанда «Астана» командасының жаңа ойыншысы Джордже Деспотович есепті теңестіре алды. Қазіргі ел чемпионы шабуылды тоқтатпады, алайда елордалық команда капитаны Танат Нөсербаев ойынның 65-ші минутында ғана гол соға алды, есеп - 2:1. "Астана" ФК келесі кездесуін 20 наурызда Шымкентте «Ордабасы» командасымен өткізеді.     


Риодан не күтеміз? Қазақстан спортшыларының олимпиадалық жетістіктері

Биылғы жылдың басты додасы Рио-де-Жанейро олимпиадасының басталуына санаулы айлар ғана қалды. Төртжылдық доданың дүбірі жақындаған сайын әркімнің көңілінде «Бразилия төрінде Лондондағы жетістікті қайталай аламыз ба?» деген сауалдың жүргені анық.Қазақстан спортшылары қазірге дейін, XXXI жазғы Олимпиада ойындарына 46 жолдама алып үлгерді. Әлі алдағы уақытта көптеген жолдамалар сарапқа салынатын «бәйгелерде» бұл көрсеткішті еселей түседі деген сенімдеміз. Себебі, бұған дейінгі Олимпиада ойындарына елімізден ең кемінде тоқсан спортшыдан кем барған кезі болған жоқ. Тәуелсіздік алған жылдардан бергі басты додаға қатысқан спортшыларымыздың санына көз жүгіртсек, әр төрт жыл сайын спортшылар мен жолдамалар саны біртіндеп өсіп отырғанын байқауға болады. Соңғы Лондон олимпиадасы кезінде ел намысын спорттың 20 түрінен 115 спортшы қорғады. Биыл да жолдамалар санын осы көрсеткішке жеткізу көзделіп отыр. Алайда, бізге ең маңыздысы жолдамалар саны емес, спортшылардың сапасы екенін басты назарда ұстауды ұмытпағанымыз абзал. Лондон олимпиадасынан бері төрт жыл өтсе де сол кездегі Қазақстан спортшыларының жарқын жеңісі әлі де көз алдымызда. Тарихымызда бұрын-соңды болмаған жетістікке жеткен еліміздің спортшылары 200 мемлекеттің арасында 12-орын алғанда қай қазақ бөркін аспанға атпады?! Содан бері біраз уақыт өтті. Енді биылғы Рио олимпиадасында кімдердің бағы жанып, жасындай жарқырайтыны әзірге беймәлім. Десе де, Бразилия төрінде қазақ елінің намысын абыроймен қорғап, жеңіс тұғырының биік сатыларына көтерілетін ұл-қыздары шығатынына сенімдіміз. Себебі, біздің еліміз Тәуелсіздік алған кезден бері бес Олимпия ойындарына қатысып, жүлдесіз қайтып көрген емес. Үкілеп қосқан саңлақтарымыз үмітті ақтап, Әнұранымызды асқақтатып, көк байрағымызды желбіретті. Қазір санап отырсақ, спортшыларымыз тек жазғы төрт жылда бір келетін Олимпиада ойындарында 52 медаль, оның ішінде 16 алтын, 17 күміс және 19 қола жүлдеге ие болды. Бұл биыл Тәуелсіздік алғанына 25 жыл толуын енді тойлағалы отырған жас мемлекетіміз үшін оңай жетістік емес. Енді, міне, төрт жылды тағы да артқа тастап, Рио Олимпиадасын қарсы алғалы отырмыз. Биыл спортшыларымызға қойылатын талап та, міндет те ауыр екені белгілі. Себебі, Лондондағы қол жеткізген биік жетістіктерімізді қолдан бермей алға ұмтылу басты назарда болмақ. Сол үшін бүгін Тәуелсіздік алғаннан бергі қазақ спортшылары қатысқан бес Олимпиада ойындарының тарихына қайта бір көз жүгіртіп, командалык есепте, қай жылы нешінші орындарды иеленгені және кімдердің қандай спорт түрлерінен медальға қол жеткізгенін жариялауды жөн көріп отырмыз.       Атланта олимпиадасы (1996)  Спортшы саны - 94. Спорт түрі - 15. Медаль саны - 11. Командалық есеп - 24. Алтын: Василий Жиров (бокс, 81 келі), Александр Парыгин (бессайыс), Юрий Мельниченко (грек-рим күресі, 57 келі); Күміс: Болат Жұмаділов (бокс, 51 келі), Анатолий Храпатый (ауыр атлетика, 99 келі), Сергей Беляев (нысана көздеу, 2 дүркін); Қола: Болат Ниязымбетов (бокс, 63,5 келі), Ермахан Ибрайымов (бокс, 71 келі), Мәулен Мамыров (еркін күрес, 52 келі), Владимир Вохмянин (нысана көздеу).   Сидней олимпиадасы (2000) Спортшы саны - 130. Спорт түрі - 18. Медаль саны - 7. Командалық есеп - 22. Алтын: Бекзат Саттарханов (бокс, 57 келі), Ермахан Ибрайымов (бокс, 71 келі), Ольга Шишигина (жеңіл атлетика); Күміс: Болат Жұмаділов (бокс, 51 келі), Мұхтархан Ділдәбеков (бокс, +91 келі), Ислам Байрамуков (еркін күрес, 97 келі), Александр Винокуров (велоспорт).   Афины олимпиадасы (2004) Спортшы саны - 114. Спорт түрі - 18. Медаль саны - 8. Командалық есеп - 40. Алтын: Бақтияр Артаев (бокс, 69 келі); Күміс: Геннадий Головкин (бокс, 75 келі), Георгий Цурцумия (грек-рим күресі, 120 келі), Геннадий Лалиев (еркін күрес, 74 келі), Сергей Филимонов (ауыр атлетика, 77 келі); Қола: Серік Елеуов (бокс, 60 келі), Мкхитар Манукян (грек-рим күрес, 66 келі), Дмитрий Карпов (жеңіл атлетика).   Бейжің олимпиадасы (2008) Спортшы саны - 129. Спорт түрі - 20. Медаль саны - 13. Командалық есеп - 29. Алтын: Бақыт Сәрсекбаев (бокс, 69 келі), Илья Ильин (ауыр атлетика, 94 келі); Күміс: Асқат Жіткеев (дзюдо, 100 келі), Таймураз Тигиев (еркін күрес, 96 келі), Ирина Некрасова (ауыр атлетика, 63 келі), Анна Важенина (ауыр атлетика, 75 келі); Қола: Еркебұлан Шыналиев (бокс, 81 келі), Нұрбақыт Теңізбаев (грек-рим күресі, 60 келі), Әсет Мәмбетов (грек-рим күресі, 96 келі), Арман Шылманов (таэквондо, 80 келі), Марид Муталимов (еркін күрес, 120 келі), Елена Шалыгина (әйелдер күрес, 63 келі), Мария Грабовецкая (ауыр атлетика, +75 келі),   Лондон олимпиадасы (2012) Спортшы саны - 115. Спорт түрі - 20. Медаль саны - 13. Командалық есеп - 12. Алтын: Серік Сәпиев (бокс, 69 келі), Илья Ильин (ауыр атлетика, 94 келі), Александр Винокуров (велоспорт), Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика), Зүлфия Чиншанло (ауыр атлетика, 53 келі), Майя Манеза (ауыр атлетика, 63 келі), Светлана Подобедова (ауыр атлетика, 75 келі); Күміс: Әділбек Ниязымбетов (бокс, 81 келі); Қола: Ақжүрек Таңатаров (еркін күрес, 66 келі), Иван Дычко (бокс, +91 келі), Марина Вольнова (әйелдер боксы, 75 келі), Гүзель Манюрова (әйелдер күресі, 72 келі), Даниял Гаджиев (грек-рим күресі, 84 келі).  


Бокс: Оралда жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты мәреге жетті

 Орал қаласында бокстан 2000-2001 жылғы жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты мәреге жетті.Жарыс қорытындысы бойынша салмақ дәрежелеріне сәйкес мына спортшылар жеңімпаз атанды: 44 кг - Бекзат Ақмолда (Ақмола облысы), 46 кг - Нұрсұлтан Нұриденов (БҚО), 48 кг - Бейбарыс Жексен (Жамбыл), 50 кг - Нұрболат Сапарбай (Қарағанды), 52 кг - Нығметолла Молдашев (ШҚО), 54 кг - Сұңқар Талдыбек (ОҚО), 57 кг - Жандос Қауал (ОҚО), 60 кг - Азат Асанов (ОҚО), 63 кг - Ермахан Жақпеков (ШҚО), 66 кг - Аят Маржықпаев (Астана), 70 кг - Бекен Пернехан (ОҚО), 75 кг - Сағындық Тоғанбай (Астана), 80 кг - Айбек Оралбай (Астана), 80 кг жоғары - Дамир Тойбай (Алматы қаласы). Барлық жеңімпаз-жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен марапатталды.           


Голубев Швецияда челленджер финалына шықты

28 жастағы қазақстандық спортшы Андрей Голубев теннистен Йёнчёпингте (Швеция) өтіп жатқан челленджердің финалына шықты, деп жазады спорт.кз.Жартылай финалда Андрей 32 жастағы голландық теннисші Матве Мидделкопты 6:2 есебімен жеңді. Финалда қазақстандық спортшы ресейлік теннисші Карен Хачановпен ойнайды.      


Нұрберген Шәріпов Жапониядағы «Real MMA» турнирінде жеңіске жетті

Токиода «Real MMA» паралас жекпе-жегінен турнир өтті, оның аясында кәсіпқойлар арасында қазақстандық «Alem Fighters»  клубының палуаны Нұрберген Шәріпов өзінің бесінші ұрысын өткізді.Қазақстандық спортшы жапондық Шо Коганмен айқаста жеңіске жетіп, ұрысты мерзімінен бұрын аяқтады. Жапондық спортшы үшін бұл үшінші жеңіліс, бұған дейін ол сондай-ақ тоғыз жекпе-жекте жеңіс тұғырынан көрінген болатын, деп хабарлады inboxing.kz. Шәріпов әзірге жеңіліссіз келеді. Оның есебінде кәсібилер арасында өткізілген бес айқаста бес жеңісі бар.       

Елеусінов пен Левит Финляндиядағы турнирді сәтті бастады

Хельсинкиде 35-ші халықаралық GeeBee бокс турнирі өтуде. Оған 17 елден 83 боксшы қатысуда, соның ішінде Қазақстаннан Біржан Жақыпов, Данияр Елеусінов, Берік Әбдірахманов және Василий Левит бар.Алдын ала ұрыстарда Біржан Жақыпов британдық спортшыдан, ал Берік Әбдірахманов - норвегиялық боксшыдан жеңіліп қалды. Василий Левит пен Данияр Елпеусінов GeeBee турнирінің финалына сеніммен жылжып келеді. Елеусінов шведпен жекпе-жекте, ал Левит - Уэльс боксшысын жеңді, деп хабарлады Қазақстандық бокс федерациясы.      


Зарина Дияс АҚШ-та «BNP Paribas Open» екінші айналымында Азаренкодан ұтылды

 Индиан-Уэллсте (АҚШ)  «BNP Paribas Open» хардтық теннис турнирі өтуде, сообщает Sports.kz.Қазақстандық Зарина Дияс екінші айналым матчында әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы болған қазір WTA рейтингінде 15 орында орналасқан, беларусь Виктория Азаренкодан 3:6, 2:6 есебімен  ұтылып қалды Бұл теннисшілердің алғашқы бетпе-бет кездесуі.     



Денис Тен жарақатына қарамастан, жарысты қалай өткізгенін айтты

Белгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочидегі Олимпиада жүлдегері Денис Тен әлеуметтік желіде жанкүйерлерімен ауырып тұрғанына қарамастан, халықаралық жарысқа қалай қатысқаны жайлы бөлісті.«Неге қатты ауырып тұр?» - деп ойладым да таңертең мұздан шығып кеттім. Киім шешетін орынға ақсаңдап әрең жеттім. - Кешке жарысқа қалай шығасың? - Бірдеңе қылармын. Сөйтіп  Люксембургке келдім. Жарысқа шықтым. Қысқа бағдарламадан кейін алға шықтым.  Ерікті жарысқа шығасың ба деп сұрады.   - Иә. - Қалай? - деп уайымдады анам.  - Бәрі жақсы болады», - деп жазды Денис әлеуметтік желіге. Атап айтсақ, қазіргі  уақытта қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Люксембургте Сoupe du Рrintemps турниріне қатысуда. Қысқа бағдарламадан кейін Денис 86.95 балл алып,  бірінші орынға шықты.  Спортшы АҚШ-та Бостонда 28 наурыз - 3 сәуір аралығында өтетін әлем чемпионатының алдында жаңа бағдарламасын пысықтауда. Еске салсақ, Денис жарақаты салдарынан  ақпанда төрт құрылық чемпионатына қатыса алмады.  Бұдан бұрын ол өз жанкүйерлерін денсаулығына алаңдап, қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, Бостонда әлем біріншілігінде Қазақстан атынан міндетті түрде шығуға уәде берген.       


«Астана» - «Шахтер» матчына қолдан жасалған билеттер сатылуына жүйенің ақауы себеп болған

 «Астана»  футбол клубы   қарағандылық  «Шахтермен» өтетін матчқа жүйедегі ақауға байланысты қолдан жасалған билеттер сатқан. «ticketon арқылы электрондық билеттердің жаңа жүйесін енгіздік. Халық бұл жүйеге дағдыланбаған.  Сондықтан онлайн режімінде ешкім билет сатып алмады. Интернет арқылы бар болғаны 100 билет сатылды. Қалған билеттер кассада сатылды. Техникалық жағдайлар туындап, жүйе істемей қалды. Сондықтан осы жолды таңдауға тура келді», - деді елордалық команда баспасөз хатшысы Дмитрий Нестеренко. Атап өтсек, «Астана Аренасында» кездесу 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталған. Көрермендер әлеуметтік желіде ойын қорытындысын емес, қолдан жасалған билетті талқыға салды. Бұл футбол сүйер қауымды сұрақтың астында қалдырды. Бұдан бұрын айтылғандай, билет  сатудың жаңа жүйесі әлемнің әр түпкірінен интернет, мобильдік құрылғы, терминалдар арқылы тәулігіне 24 сағат бойы билет сатып алуына мүмкіндік береді.      


Полторанин Әлем Кубогының жалпы есебінде маусымды 11-ші болып аяқтады

Бүгін түнде  «Канада туры» шаңғы жарысы бойынша әлем кубогының 2015/16 маусымы аяқталды, деп хабарлады Sports.kz.Спринтте Алексей маусым қорытындысы бойынша   33-ші болды, Шағын Хрусталь глобусты  итальяндық Федерико Пеллегрино   ұтты. Қашықтық есебінде  үшінші рет глобусты иеленген Мартин Йонсруд Сундбю (Норвегия)  бірінші болды.   Жыл қорытындысы бойынша екінші кіші Петтер Нортуг, үшінші олардың командадағы жас әріптесі  Финн Хаген Крог. Полторанин қашықтық есебінде16-шы болды,  бас есепте 11-ші орында.      Шаңғы жарысы бойынша Әлем кубогының жалпы есебі. Ерлер: 1. Мартин Йонсруд Сундбю (Норвегия) - 2634 2. Петтер кішіНортуг (Норвегия) - 1602 3. Финн Хаген Крог (Норвегия) - 1584 4. Сергей Устюгов (Ресей) - 1479 5. Морис Манифика (Франция) - 1131 6. Никлас Дюрхауг (Норвегия) - 995 7. Алекс Харви (Канада) - 889 8. Эмиль Иверсен (Норвегия) - 874 9. Дидрик Тёнсет (Норвегия) - 871 10. Ханс Кристер Холунд (Норвегия) - 834 11. Алексей Полторанин (Қазақстан) - 735.       


Сырбойылық Ислам Салимов жеңіл атлетикадан Азия-Мұхит аймағы чемпионатының күміс және қола жүлделерін жеңіп алды

 6-12 наурыз аралығында Дубайда (БАӘ) жеңіл атлетикадан мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Азия- Мұхит аймағы чемпионаты өтті.Айтулы жарыста ҚР құрама командасы сапында Қызылорда облысынан Ислам Салимов, Еламан Жоламан, Қолғанат Бақбергендер өнер көрсетті. Халықаралық дәрежедеги спорт шебері Ислам Салимов 400 метрге жүгіруден күміс жүлдені иеленсе, 200 метрге жүгіруден қола жүлдені еншіледі. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Ал Еламан Жоламан ядро итеруден 4-орынға ие болса, диск лақтырудан 6-орынға табан тіреп, шеберлігін шыңдады.  Айта кетейік, жарысқа 25 мемлекет спортшылары қатысты. Енді спортшылар 16-21 наурызда Дубайда болатын Гран при FAZZA -2016 лицензиялық халықаралық жарысына қатысады.  Спортшыларды жарысқа жеңіл атлетикадан облыстың аға жаттықтырушысы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Мощеев дайындады.    


Бокс: Д.Елеусінов пен В.Левит Еуропада өткен турнирде жеңімпаз атанды

 Хельсинки қаласында Еуропаның ең күшті боксшылары қатысқан GeeBee турниріне қазақстандық боксшылар да қатысып, соның ішінде Данияр Елеусінов пен Василий Левит чемпион атанды.ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз хатшысы Бақытбек Хамиттің хабарлауынша, Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Данияр Елеусінов әуелі швед Оливер Флодин, сосын француз Сулейман Чисоконы 3:0 есебімен ұтты. Финалда Еуропа чемпионы, литвалық Эймантис Станионисті 2:1 есебімен тізе бүктірген Данияр өзінің 25-ке толған туған күнінде жеңіс тұғырына көтерілді. Василий Левит те алғашқы екі кездесуін Уэльс елінің өкілі Коди Дэвис пен фин Тони Хонканы 3:0 есебімен жеңді. Финалда ирландық Даррен О'Нил жарақатына байланысты рингке шығудан бас тартты. Осы жарысқа олимпиада лицензиясын иеленген Біржан Жақыпов пен Берік Әбдрахманов та қатысқан болатын, бірақ олар сәтті өнер көрсете алған жоқ. Бұл турнир, бір жағынан, олимпиада жолдамасын еншілеген қазақстандық боксшылар үшін жылдың басты жарысына дайындық есебінде болды.    


Теннис: А.Голубев Швецияда өткен турнирдің жеңімпазы атанды

 Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Йенчепингте (Швеция) «челленджер» дәрежесі бойынша өткен турнирдің чемпионы атанды.Championat.com сайтының хабарлауынша, А.Голубев аса тартысты өткен финалдық матчта ресейлік Карен Хачановты 6:7 (7:9), 7:6 (7:5), 7:6 (7:4) есебімен ұтты. 2 сағат 45 минутқа созылған кездесуде А.Голубев доп бергенде 7 рет эйс жасап, екі рет қателесті, сондай-ақ 5 брейкке қол жеткізді. Оның қарсыласы 13 эйс жасап, бес рет қателесті, 5 брейк-понтты өз есебіне пайдалана білді. Йенчепинг жүлде қоры 42 500 АҚШ долларын құрады.     



«Қайраттың» бұрынғы бас бапкері Грузия құрамасын жаттықтыратын болды

Грузияның футболдан ұлттық құрамасын словак Владимир Вайсс жаттықтыратын болды, деп хабарлайды Sports.kz осы елдің спорт жаңалықтарын таратын Jako FM радиосына сілтемемен.Владимир Вайсс дүйсенбі, 14 наурыз күні Грузияның футболдан ұлттық құрамасының бас бапкері ретінде ресми түрде таныстырылатын болады.      


Денис Тен Люксембургтағы жарыста екінші орын алды

Сочидегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен Люксембург қаласында өткен «Coupe du Printemps» жарысында екінші орын алды.Жарыстың бірінші күніндегі қысқа бағдарламада қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы 86,95 ұпай жинап, үздік атанды. Еркін бағдарлама қорытындылары бойынша Денис Тен 133,09 ұпаймен төртінші орында болды. Жарыстың жалпы кестесінде қазақстандық спортшы 220,04 ұпаймен екінші орын алды. Жарыстың бас жүлдесін Бельгия спортшысы Йорик Хендрикс иеленсе, үшінші орынға жапондық Такахито Мура лайықты деп танылды. Қазақстандық спортшының алған жарақатынан кейін қалпына келмегендіктен бұл жарысқа дайын болмағанын атап өту керек. Алайда жарысқа қатысу шешімін қабылдауға еркін бағдарламаның ауысуы себеп болған. Денис үшін 28 наурыз бен 3 сәуір аралығында Бостонда өтетін әлем чемпионатының алдында жаңа бағдарламаны орындау қажет болды. Бұған дейін Денис Тен төрт құрлық чемпионатына жарақаты салдарынан қатысқан жоқ.      


ШҚО әкімі аймақта хоккейді дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

ШҚО басшысы Даниал Ахметов хоккейді дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметінен.Кеңес барысында «Торпедо» хоккей клубының 2015-2016 жылдардағы маусымда көрсеткен ойын қорытындысы және алдағы маусымдарға жоспарлар қаралды. Содан соң, облыс әкімі аймақта балалар хоккейін дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Хоккейді дамыту мәселелеріне арналған отырыста, аймақ басшысы «Торпедо» ХК-ның ағымдағы жылы көрсеткен ойынында, өткен жылмен салыстырғанда нақты алға қадам басу байқалатындығын басып айтты. Сонымен қатар, Даниал Кенжетайұлы клуб алдындағы барлық міндет орындалып жатқандығын жеткізді. Облыс әкімі хоккей клубының басшылығына бір апта ішінде алдағы маусымға жұмыс жоспары бойынша ұсыныс дайындауды тапсырды. Содан соң, облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға шайбалы хоккейден Қазақстан Федерациясының аймақтық филиалымен бірлесіп, балалар хоккейін дамытуға септесетін, барлық жастағы балалар командалары арасында өтетін жарыстардың біркелкі кестесін дайындау тапсырылды. Турнирлер қазан айында басталып, наурызда аяқталуы қажет. Жарыстар кестесі мен оны іске асырудың бақылау жүйесі облыс әкімінің өкімімен бекітілетін болады.     


Қызылордада Батыржан Шалғынбаев атындағы футзалдан республикалық турнирдің жеңімпазы анықталды

12-13 наурыз күндері Қызылорда қаласында жауынгер-интернационалист Батыржан Шалғынбаевты еске алуға арналған футзалдан республикалық турнир өтті.Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, биыл 20-шы рет ұйымдастырылған турнирге Байқоңыр қаласы, Алматы, Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 28 команда 400-ден аса спортшы қатысты. Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша, «Олимп-Версаль» командасы бірінші орынды иеленді. Олар финалда оңтүстікқазақстандық «JTI Қазақстан» командасын ұтты. Ойынның негізгі уақыты тең аяқталғандықтан жеңімпаз тек айып добын орындау барысында анықталып, есеп 4:2 болды. Үшінші орынды қызылордалық «Азамат» командасы, төртінші орынды алматылық «Энергоколледж» командалары иеленді. Жарыста «Үздік қорғаушы» номинациясымен Нұрлан Дайрабаев («Азамат» командасы), «Үздік қақпашы» - Ғалым Қосмұхаметов («Олимп-Версаль» командасы), «Үздік шабуылшы» - Андрей Шлема («JTI Қазақстан» командасы), «Мерген ойыншы» - Әсет Меңліқожа («Олимп-Версаль» командасы), «Үздік ойыншы» - Дәурен Тұрсағұлов («Энергоколледж» командасы) марапатталды.       


ТЕННИС: Юлия Путинцева Индиан-Уэллс жарысында Серена Уильямстан жеңіліп қалды

Америкалық Индиан-Уэллста теннистен хардтағы «BNP Paribas Open» турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sports.kz.Қазақстандық Юлия Путницева үшінші раунд ойынында ғаламшардың бірінші ракеткасы, америкалық Серена Уильямстан жеңілді. Юля алғашқы сетте тай-брейкқа дейін 6:7 есебімен жетіп, қарсылық танытып жатса, екіншісінде бұдан әлдеқайда тәжірибелі Уильямс отандасымызға мүмкіндік қалдырмай, ойынды 0:6 есебімен аяқтады.    


«Астана» президенттік клубы Алматыда Универсиада өткізуге көмектеседі

 «Астана» президенттік кәсіби спорт клубы 2017 жылы Алматыда Дүниежүзілік Қысқы универсиада өткізуге көмектеседі. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне клубтың басқарушы директоры, Олимпиада чемпионы, әлемнің екі дүркін чемпионы Юрий Мельниченко мәлім етті.«Таяу уақытта біз Универсиаданы ұйымдастыру комитетімен серіктестік туралы меморандумға қол қоймақпыз. Осылайша, біз ұйымдастырушыларға толыққанды, жан-жақты көмек беретін боламыз. Универсиаданы ұйымдастыру комитетінің өкілдері өз тараптарынан біздерге нақты жәрдем де береді. Қазіргі уақытта құжатқа қандай ережелер кіргізілуі тиістігі талқылануда», - деді ол. Ю.Мельниченко Универсиаданың Олимпиада ойындарынан кейінгі орын тұрған әлемдік деңгейдегі спорт жарысы екендігін еске салып өтті. «Бұл - еліміздің қонақжайлығын дәне спорттық инфрақұрылымдарының деңгейін спорт әлеміне таныстырудың бірегей мүмкіншілігі», - деді Ю.Мельниченко. Сонымен қатар ол Универсиаданы өткізу алдағы уақытта Қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге үміт артуға да бірегей мүмкіндік беретіндігін айтты. Өйткені, Универсиаданың барлық нысандары толығымен қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге қажетті спорттыққұрылымдардың міндетті тізіміне кіргізілетін болады. «Барлық спорттық құрылымдар халықаралық комитет тарапынан сынақтан өткізіледі. Содан кейін Қазақстанның оңтүстік астанасы Алматы қаласы бұл нысандарды тапсыру барысында ең заманауи спорттық инфрақұрылымдарға ие деп саналатын болады», - деді «Астана» клубының басқарушы директоры. Оның пайымынша, қазақстандық спортшылар байрақты бәсекеде жақсы нәтиже көрсете алады. Өйткені, біріншіден, олар жергілікті табиғи жағдайға өзгелерге қарағанда жақсы бейімделген. Екіншіден, Қазақстанда өте қызықты жанкүйлер қоғамы қалыптасқан. Олар ірі спорттық шара барысында өз спортшыларына толықтай қолдау көрсете алады. «Жеңіске мүдделі жанкүйерлердің болуы - бұл спортшылардың жинақы болуына мүмкіндік беретін фактор. Қазақстандық жанкүйлердердің көп болуы аталған жарыста біздің атлеттеріміздің барынша жемісті өнер көрсетуіне мүмкіндік береді», - деді Ю.Мельниченко.   


Қытайда ережесіз жекпе-жекте ұлты қазақ қарсыласына жұдырық жұмсамаған А.Нұрсейіт өз әрекетін түсіндіріп берді

Мен бауырмалдықты спорттағы жеңістен, спорттық принциптерден жоғары қойдым. Ережесіз жекпе-жектен қазақстандық спортшы, «Алем файтерс» спорт клубының мүшесі Айбек Нұрсейіт бүгін журналистерге берген сұхбатында осылай деді.Естеріңізге сала кетелік, таяуда - 5 наурыз күні ережесіз жекпе-жектен WBK тұжырымы бойынша Қытайдың Шанхай қаласы маңында халықаралық турнир өткен болатын. 70 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық сайыпқыран Айбек Нұрсейіт пен Қытайдағы қандасымыз Ғабит Тұрғанбек финалға дейін барлық қарсыластарын жеңіп, ақтық айқаста кездескен еді. Бірақ, екеуі де жұдырықтасудан бас тартып, тек бір-біріне әр түрлі күрес тәсілдерін қолданумен болды. Алғашында төреші екеуіне де ескерту жасаған. Бірақ, бұл әсер етпеген соң, екінші раундта төреші екеуіне де қызыл карточка көрсетіп, сайысты тоқтатты. Осылайша, бұл «болмаған жекпе-жек» деп есептелінді. «Әрине, мен бұл турнирден еліме көк Туды желбіретіп, жеңіспен оралғым келді. Оның үстіне бұл мен үшін алғашқы халықаралық жарыс болатын. Бұл турнирде көрермендер арасындағы азын-аулақ қазақ қандастарымыздың маған қызу қолдау көрсеткені маған ерекше әсер етті. Ал ақтық сында бауырмалдықты, спорттағы жеңістен, спорттық принциптерден жоғары қойдым. Сол финалда қазақ әуенін әуелетіп, сегіз бұрышқа бірінші болып мен шықтым. Ал Ғабит қандасым Бекболат Тілеуханов ағамыздың «Алаш ұраны» әнін асқақтап шықты. Бұған дейін салмақ өлшеу рәсімінде ғана кездесіп қол алысқанымыз болмаса, сөйлескен емеспіз. Сонда, ақтық сында екеуміз қол алысқан сәтте оның күлімдеген көзінен бауырмалдықтың, елге деген сағыныштың лебін сездім. Сол үшін де бауырымды ұру мен үшін ерсі болып көрінді. Мен бұл әрекетіме еш өкінбеймін. Бұл менің ата-анамның, бапкерлерімнің тәрбиесі деп білем», - деді Айбек Нұрсейіт. Дегенмен, ол турнирден шеттетілмегендігін жеткізді. «Бізге төреші қызыл карточка көрсетті. «Барлығы бітті» деп ойлап едім. Бірақ, кейін банкет кезінде WBK президенті жаныма келіп, менің жартылай финалда мықты француз спортшысы Майкл Дубойсты айқын басымдықпен жеңгеніме тәнті екендігін айтып, келесі турнирге қатысуға рұқсат берді. Ал Ғабиттің жағдайынан хабарсызбын. Енді құдай қаласа, бір аптадан кейін, алдағы мамыр айында болатын кезекті турнирге дайындаламын. Онда 70 келі салмақ дәрежесінде 16 мықты сайыпқыран қатысады», - деді А. Нұрсейіт.  


Хабибулин Бакудегі ITF турнирінің 1/4 финалына шықты

  Қазақстандық теннисші Тимур Хабибулин ресейлік Евгений Турневпен жұптасып  Бакудегі (Әзербайжан) ITF турнирінің жұптық бөлімінде ширек финалға шықты. Жарыстың сыйлық қоры 10 мың доллар.Бірінші айналымда Хабибулин/Турнев жұбы Расул Годжаев (Әзербайжан)/Роберт Жиганжин (Ресей) жұбын  6:1, 6:1 есебімен жеңді. Қазақстандық-ресейлік жұптың ширек финалдағы қарсыласы чехиялық  Марек Ялович/Дэвид Поляк жұбы және Александр Прудников (Белоруссия)/Сардор Пулатов (Өзбекстан) дуэті арасында жеңіске жеткені болмақ, деп хабарлады sports.kz.     


Велошабандоз Артем Захаров Рио Олимпиадасына жолдама алды

Велотрек бойыншат Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Артем Захаров көпсайыста Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиадаға жолдама жеңіп алды.Қазақстан Велоспорты федерациясының баспасөз қызметінен атап өткендей, велоспортта Олимпиада ойындарына тікелей жолдамалар жоқ, ал іріктеу квалификациялық жүйеге сәйкес жүзеге асырылады. Соңғы екі маусым бойы қазақстандықтарды түрлі деңгейдегі халықаралық жарыстар, соның ішінде Азия және Әлем кубоктарында жоғары нәтижелерімен қуантқан Артем Захаров Олимпиаданың үздік 18 спортшысының рейтингіне кірді. Осылайша, қазақстандық трекшілер Афины-2004 олимпиадасынан бері алғаш рет басты додаға қатыспақ. Бүгінде Қазақстанның қоржынында 50 олимпиадалық лицензия бар екенін атап өтейік. 2016 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары 5-21 тамыз күндері Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өтеді. Артем Захаров - омниумда 2013 жылғы Азия чемпионы, Азия кубогының иегері, 2013, 2016 жылғы Әлем кубогының қола жүлдегері, Азия чемпионатының қола және күміс жүлдегері.    


«Уэмблидегі» Головкинмен жекпе-жек аса мол қаражат жияды

Энди Лиден титулды тартып алған орта салмақтағы WBO чемпионы Билли Джо Сондерс өзінің Геннадий Головкинмен кездесуі мүмкіндігі жайында айтқанында, онымен жазда жекпе-жекке шығуға қарсы емес екенін мәлімдеді, деп хабарлады  worldboxingnews.net.Титулын алғаш рет Сондерс украиналық Максим Бурсакқа қарсы 30 сәуірде өтетін айқаста қорғайды. "Бурсакпен жекпе-жегім сәуір айында өтетіні жақсы болды. Бұл ағымдағы жылы шаршы алаңға үш рет шығуыма мүмкіндік береді. Мен шілде айында жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырмын. Менің көздегенім Бурсакты жеңіп, жазда Юбенко немесе Головкинмен кездесу. Қарсыласым Головкин болса, кейін тағы бір үлкен жекпе-жек өткіземін", - деді Сондерс. "Ақылы жекпе-жектерді ұнатамын.  Головкинмен  "Уэмбли" немесе өзге  стадионда кездессем көп табысқа ие болар едім. Соны тағатсыздана күтіп отырмын.  Отбасымның жарқын болашағын қамтамасыз ету үшін бокспен айналысып жүрмін", - деп қосты чемпион.     

Салливан Баррера: «Уордпен жұдырықтасуға дайындалуыма Головкин және өзге де спортшылар көмектесіп жатыр»

34 жастағы кубалық жартылай ауыр салмақтағы боксшы Салливан Баррера өзінің кәсіби спорттық жолындағы маңызды кездесуге дайындалып жатыр, деп хабарлады sports.kz.26 наурызда Оклендта (АҚШ, Калифорния штаты) ол  32 жастағы америкалық Андре Уордпен бәсекелеседі. -Жекпе-жекке деген жоспарымыз жақсы, - деді Салливан. «Кездесуде қандай жағдай болмасын, әр кезеңде тізгінді өз қолыма аламын деп ойлаймын. 26 наурызда жеңемін. Маған Геннадий Головкин, сонымен қатар өзге спортшылар да көмектесіп жатыр. 26 наурызда барлығына Салливан Баррераның мықты екенін көрсетемін».      

Я.Шведова Индиан-Уэллсте жұптық разрядтың жартылай финалына шықты

Америкалық Индиан-Уэллсте BNP Paribas Open хардтық теннис турнирінде шешіші ойындар өтуде, деп хабарлады  Sports.kz.Әйелдер жұптық разрядының ширек финалында Ярослава Шведова (Қазақстан) және Тимеа Бабош (Венгрия) құрамындағы интернационалдық дуэт супер тай-брейкте 5:7, 6:4, 10:3 есебімен словяндық жұп  Андреа Клепач / Катарина Среботникті жеңіп, жарыстың жартылай финалына шықты.     


Головкин Рио Олимпиадасына қатыса алмайды

Дүниежүзілік бокс кеңесі өкілдерінің пікірінше, Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (AIBA) кәсіпқой боксшылардың Олимпиадаға қатысуына жол беру арқылы, жай ғана қателік емес, қылмыс жасап отыр, себебі кәсіпқойлар мен әуесқойлар бір-бірімен жұдырықтасу үшін дайындығы түрлі деңгейде болады,  деп хабарлайды vRINGe.«WBC жоғары деңгейдегі кәсіпқойлардың ешқайсысы Олимпиада ойындарына қатысуды ойламайды, себебі бұл - өте қауіпті», - делінген ұйым мәлімдемесінде. «Бұл мәселе (кәсіпқойлар мен әуесқойларды араластыру - vRINGe) толық түсінікті болмайынша және жарыс форматы қауіпсіз деп бағаланбайынша, WBC өз чемпиондары мен ұйымның бүкіл үздіктер рейтингіндегі боксшыларға Риода алдағы уақытта өтетін ойындарға қатысуға тыйым салады», - деп мәлім етті WBC шенеуніктері. Еске сала кетейік, 2 наурызда AIBA басшысы Чинг-Куо Ву маусымда AIBA жарғысына өзгерістер енгізілген соң  кәсіпқойлар Рио-де-Жанейродағы 2016 жылғы Олимпиадаға қатысу құқығын алатынын мәлімдеді. Геннадий Головкин - WBC тұжырымдамасы бойынша уақытша әлем чемпионы. 


Лондондағы Олимпиада чемпиондары Астанадағы лицензиялық турнирге келеді

Лондон Олимпиадасының грек-рим күресі бойынша жеңімпаздары  оңтүстіккореялық Ким Хен-Ву және ирандық Хамид Сориан Қазақстанның елордасы Астанада Азиялық лицензиялық турнирде өз мүмкіндіктерін сынайды, деп хабарланды ВКонтакте желісіндегі Kazakhstan Wrestling Online парақшасында.Сондай-ақ Олимпиадаға жолдама алу үшін грек-рим күресі бойынша әлем чемпионатының жүлдегерлері Омид Ноурузи (Иран) және Елмурат Тасмурадов (Өзбекстан) келеді. Еркін күрес бойынша әлем біріншілігінің жүлдегерлері Сосукэ Такатани (Жапония), Комеиль Гасеми (Иран) және т.б. астанамызға табан тірейді. Жарыстың әр күнінде әр түрінен екі салмақта күш сынасады. Турнир 18-20 наурызда өтеді. Әр салмақ дәрежесіндегі финалға шыққандар олимпиадалық лицензиялардың иегері атанады.       



Ұлттық олимпиада комитетінің бас қосуында ұлттық олимпиада құрамасының жаңа жарғысы бекітілді

Астанада ҰОК президенті Тимур Құлыбаевтың төрағалық етуімен ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің кезектен тыс съезі өтті.Съезд қатысушылары Қазақстан ұлттық спорт федерациясының басшылары, елдің спорт қоғамының спортшылары мен өкілдері,  сондай-ақ оған ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысты. Қатысушылар ҰОҚ жаңа редакциядағы жарғысы мен ұйымның басқару органы: Бас ассамблея мен Атқарушы комитеттің құрамын бекітті. Атқарушы комитет құрамы 15 адамға, олардың өкілеттік мерзімі - төрт жылға қысқартылды. Комиссия Олимпиадалық спорт түрі бойынша кемінде бес спортшыдан немесе төрт жыл ішінде алдыңғы Олимпиадаларға қатысқан спортшылардан тұрады, комиссияның өкілеттік мерзімі - 4 жыл. Съезд аясында Рио-де-Жанейродағы XXXI жазғы Олимпиадалық ойындарға қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасы спортшыларының шеруге киетін киімі  таныстырылды. Киім дизайнында құрамына олимпиада чемпиондары Ольга Шишигина, Серік Сәпиев, Ермахан Ыбрайымов, Юрий Мельниченко, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық олимпиада комитеті өкілдері, тәуелсіз дизайнерлер Ольга Станишевская, Эльвира Нарибаева кіретін комиссия мүшелерінің ескертулері мен толықтырулары ескерілді.              



Начо Берстайн: «Головкин өзгелер ойлағаннан да мықты»

Хуан Мануэль Маркестің жаттықтырушысы Начо Берстайн Геннадий Головкин туралы оңды пікір білдірді, деп хабарлады  sports.kz ВКонтакте желісіндегі GGG тобының ресми сайтына сілтеме жасап.«Егер Мейвезер кәсіби боксқа оралып, шаршы алаңда  Головкинмен кездессе, бұл ол үшін сәтті жекпе-жек болады деп ойламаймын. Головкин өзгелер ойлағаннан да мықты.  Менің пікірімше, Головкин салмақ дәрежесіне қарамастан, үздік боксшы. Ол - табиғи панчер, сондай-ақ ол дұрыс жұдырықтаса біледі.      



ТЕННИС: Қазақстандық Кувейттегі турнирді жеңіспен бастады

Кувейтте үстел теннисі бойынша World Tour Kuwait Open (Super) турнирі басталды.21 жасқа дейінгі қатысушылар арасында қазақстандық Кирилл Герасименко (Астана) бірінші ойында 3:0 (11:8, 11:2, 11:4) есебімен Ливан өкілі Хамье Мохамадты жеңді, деп хабарлады sports.kz.     


Павлодарда халықаралық турнирден түсетін қаражат науқас жеткіншектердің еміне жұмсалады

 

Павлодарда ММА аралас жекпе-жек бойынша өтетін «Қаһарлы күрес-17» халықаралық турнирінен түскен қаражаттың барлығы сал ауруына шалдыққан балаларға беріледі.   Бразилия, Ресей, Украина, Литва, және тағы басқа елдерден барлығы 24 спортшы келеді. Алты салмақ дәрежесі бойынша 12 жекпе-жек өтеді, деп хабарлайды pavlodarnews.  Қазақстандағы «Ахмат» кәсіпқой филиалының басшысы Сұлтан Ичиевтің айтуынша, кештің басты жекпе-жегі павлодарлық Фаниль Рафиков пен бразилиялық Жозе Маркус Сантиаго арасында өтеді деп күтілуде. Сондай-ақ еліміздің намысын қорғап «Битва за Иртыш» жобасының чемпиондары Никита Балтабаев, Диас Еренғайыпов, Василий Гончаров сынды талантты спортшылар бақ сынасады. Дүбірлі доданың жүлде қоры шамамен 35 мың долларды құрамақ. Сонымен қатар билеттен түскен қаражаттың барлығы ауыр дертке шалдыққан балалардың есебіне аударылады.     «Павлодар қаласы әкімдігінің қолдауымен өтетін жарысқа «РБК», «Қазкоммерцбанк» АҚ демеушілік жасады. Сондай-ақ бізге Шешен Республикасының Президенті Рамзан Қадыров пен белгілі кәсіпкер Кенес Рақышев үлкен қолдау көрсетті. Билеттен жиналған ақшаны емге зәру балаларға береміз. Мүмкіндік болса, олардың өзін немесе ата-аналарын шақырып, марапаттау рәсімінен кейін табыстаймыз», - деп атап өтті С. Ичиев.  Халықаралық турнирдің басты қонақтарының бірі Шамиль Завуров (Дағыстан арыстаны) - орта салмақ дәрежесінде M-1 Challenge, M-1 Selection және OFS чемпионы, жауынгерлік самбодан үш дүркін әлем чемпионы, ТМД-ның екі дүркін чемпионы. «Batyr mall» орталығында 22 наурыз күні, сағат 17.00-де спортшылардың салмағын өлшейді. Ал, жарыс 23 наурыз күні, сағат 17.00-де басталады.     


Дағыстандық легионер Қазақстан атынан жолдамаға таласады

18-20 наурызда Астанада өтетін күрес түрлерінен олимпиадалық іріктеуге қатысатын грек-рим күресінен құрама белгілі болды, деп хабарлайды alaman.kz сайты.66 келі салмақта 2016 жылғы Қазақстан чемпионы, Дағыстаннан келген Магомед Чухалов жолдамаға таласады. Ал 85 келіде ел чемпионы болған Нұрсұлтан Тұрсыновтың жарақатына байланысты оның орнына биыл ел чемпионатында үшінші орын алған Азамат Құстыбаев кілемге шығады. Ал 98 келіде ел чемпионы Марғұлан Әсембеков, 130 келіде Азия ойындарының чемпионы Нұрмахан Тыналиев қатысады. Қазақстан құрамасында әзірге бір жолдама бар. Оны былтырғы әлем чемпионатында 56 келіде Алмат Кебіспаев иеленген. Олимпиада жолдамасын алу үшін балуандар финалға шығуы тиіс.     


Қазақстандық кәсіпқой боксшының қарсыласы белгілі болды

 

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бахтияр Эюбов спорттық мансабындағы он бірінші жекпе-жегін Нью-Йоркте (АҚШ) өткізеді. 2016 жылдың 15 сәуіріне жоспарланған жекпе-жекте отандасымыз жергілікті боксшы Самуэль Тихпен жұдырық түйістіреді, деп жазады massaget.kz.29 жастағы қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін 22 қаңтар күні өткізіп, америкалық Джаред Робинсонды үшінші раундта-ақ нокаутпен жеңген болатын. Осыған дейін өткізген он жекпе-жегінде де Бахтияр Эюбов мезгілінен бұрын жеңіске жеткен. Бахтияр Эюбов пен Самуэль Тих арасындағы жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған. Бірінші жартылай орта салмақ (63,5 кг дейін) дәрежесінде өтеді. Америкалық боксшы осыған дейін 9 кездесу өткізіп, 7-де жеңіске жеткен. 1 рет жеңіліс тапса, 1 жекпе-жегінде қарсыласымен тең түскен. Бахтияр Эюбов пен Самуэль Тих арасындағы жекпе-жекті америкалық беделді телеарна «Show Time» тікелей эфирде көрсетеді. Айта кетейік, Бахтияр Эюбовтың жұдырықтасу мәнері өзгеше. Ол қарсыласын бірінші раундта-ақ ұрып құлатудың жолын іздейді. Осыған дейін отандасымыз спорттық мансабында бір қарсыласын (Жозе Брюйер, 2012 жыл) 9 секундта жеңген. Оның жұдырықтасу мәнерін 1990 жылдары кәсіпқой бокс шаршы алаңында жасындай жарқылдаған америкалық боксшы Джеральд Макклелланға да ұқсатуға болады. Ол да қарсыласын бірінші раундта-ақ жеңіп шығуды басты мақсат тұтатын боксшылардың бірі болатын.     

Қазақстан допингке қарсы зертханаға жаңа жабдық сатып алды

Қазақстандық спортшылар келесі айдан бастап допингке қарсы жаңа жабдықтан  тексеріле бастайды. Сәуірде допингке қарсы зертханада заманауи техника пайда болмақ.Бұл туралы «Астана» арнасына берген сұхбатында Спорт және дене тәрбиесі комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов хабарлады. Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев жаңа жабдық сатып алу туралы мәселені өткен жылғы қараша айында  қозғаған. Себебі ескі құрылғылар спортшылар қанынның құрамындағы тыйым салынған препараттарды дұрыс анықтамауы мүмкін. «Зертхана сәуірдің басында жеткізілуі мүмкін. Шарт жасалып, ақысы төленген, жабдық - заманауи. Шетелден әкелінеді, жеткізу уақыты келісілген, сәуірде болып қалады күтіп отырмыз.  Барлық қаржыландыру мәселелері шешілді.  WADA ұсынымы бойынша сатып алмақпыз, бұл спортшыларымызды егжей-тегжейлі талдауымыз үшін маңызды», -  деді Комитет төрағасы Елсияр Қанағатов.      



Қазақтың тоғызқұмалақ ойыны туралы Миланда ағылшын және итальян тілінде кітап шықты

Қазақтың ұлттық ойыны - тоғызқұмалақ туралы Миланда ағылшын және итальян тілінде жаңа кітап жарық көрді. Бұл туралы Дүниежүзілік тоғызқұмалақ қауымдастығы хабарлады.«Togyzkumalak's composition» кітабы итальян тілінде «IL Togyzkumalak» деген атпен Милан қаласында жарық көрген кітаптың авторы Дүниежүзілік тоғызқұмалақ қауымдастығының бас хатшысы, Тоғызқұмалақтан ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мақсат Шотаев. 150 беттен тұратын бұл кітаптың басты ерекшелігі бағзы заманнан келе жатқан төл ойынымыз тоғызқұмалақтың есептері мен этюдтері толығымен жинақталып берілген. Бұл кітап аталған елде жергілікті тұрғындардың қазақтың тоғызқұмалақ ойынына деген қызығушылығын арттыруға таптырмас құрал екені анық.      



Елдің атынан Олимпиадаға қатысу керек болса, мен дайынмын - Қанат Ислам

Қанат Ислам елдің атынан Олимпиадаға қатысу керек болса, дайын екенін мәлімдеді, деп жазады oishogyr.kz.«Қанат аға, кәсіпқой боксшылардың да олимпиадаға қатысуына болады деген сөз шыққалы «Қанат Ислам барады ма екен?» деген сұрақты әр қазақ қойды десек артық айтқандық емес. Себебі бәріміз олимпиадада көк туды желбіреткеніңізді көргіміз келеді. Риоға барып, ел намысын қорғау қаншалықты мүмкін болып тұр?!» - деген сұраққа былғары қолғап шебері төмендегідей жауап берді. «Елдің ықыласына, қолдауына рахмет. Мені іздейтін қазағымның барына шүкір. Елдің ықыласы жеңіске жетуіме сенім ұялатып, серпін береді. Қазір мен АҚШ-та келесі жаттығуыма дайындалып жатырмын. Бұйыртса жекпе-жек келесі айдың сегізіне деп жоспарлануда. Әрине, мен үшін олимпиаданың орны бөлек. АҚШ-та да Көк туды желбірету үшін жүрмін ғой. Бірақ олимпиада ойындарында Әнұранды ойнату ол бөлек нәрсе. Ол - бөлек қуаныш. Қазір менің салмағымда Данияр Елеусінов, Жәнібек Әлімханұлы інілерім өнер көрсетіп жүр. Екеуі де жақсы жігіттер. Олар бокс әлемінің жарық жұлдызына айналатынына сенемін. Тілекшімін. Шынымды айтсам, сол екі інімнің жолын кескім келмейді. Әрине, маңдайға жазғаны болады. Егер, Қанат олимпиадаға елдің атынан сен баруың керек десе, мен дайынмын. Бәрін тастап баруға әзірмін. Биылғы дода өте тартысты болмақ, олимпиадада өнер көрсететін бауырларыма тек сәттілік тілеймін. Көк туды желбіретіп, ел қоржынына көп алтын салады деп сенемін», - деді ол. Берік СҰЛТАН       


Алматыда Жансая Әбдімәліктің шахмат Академиясының филиалы ашылды

Бүгін Алматыда «Әйгерім» тұрғын үй кешенінде «Жансая Әбдімәліктің шахмат Академиясының» филиалы ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне шахматтан 12-ші Әлем чемпионы Анатолий Карпов, әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік, Қазақстанның шахмат федерациясының президенті Ғалымжан Есенов, «Capital Bank Kazakhstan» АҚ Басқарма төрағасы Ғани Өзбеков, Жансаяның ата-анасы Алма мен Данияр Әшіровтер, басқа да ата-аналар мен балалар қатысты.«Бұл филиалды ашудағы мақсатымыз - Қазақстанның атын шығаратын болашақ чемпиондарды дайындау. Оның үстіне қазір қалада шахматқа деген қызығушылық күннен-күнге артып келеді. 300 балаға шақталған қазіргі академияда бос орын жоқ. Ал шахмат  үйренем деушілер көп. Сондықтан, осы филиалды ашуды ұйғардық. Мұнда алдағы уақытта 500-ден астам бала шахматпен айналысатын болады. Қазір қабылдау жүріп жатыр. Біздің филиалда өте білікті отандық және жақын шет елден келген мамандар дәріс береді. Олар тек қана шахматты ғана үйретіп қоймайды, сонымен қатар, балаларды патриоттық рухта тәрбиелейді, ізгілікке, адамгершілікке баулиды», - деді өз сөзінде қыздар арасында төрт дүркін Әлем чемпионы, 16 жастағы Жансая Әбдімәлік. Айта кетелік, алдағы уақытта бұл филиалда 100-ден астам көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары тегін дәріс алатын болады.  Ұйымдастырушылардың айтуынша, болашақта Жансая Әбдімәліктің шахмат академиясының филиалдары еліміздің басқа да өңірлерінде ашылады.   Бүгінгі филиал «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Capital Bank Kazakhstan» АҚ және «Самрұқ-Қазына» ұлттық  әл-ауқат қорының қолдауымен құрылды. Тағы бір айта кететін жайт, Жансая Әбдімәліктің шахмат академиясы «Астана» президенттік кәсіпқой спорт клубының құрамына енді.          



«Милан - Сан-Ремо» веложарысында Нибали «Астана» командасының капитаны болады

«Астана» бір күндік «Милан - Сан-Ремо» итальяндық бәсекесіне қатысатын спортшыларды атады. Құрама капитаны Винченцо Нибали болады. Сондай-ақ жарыста ел намысын: Валерио Аньоли, Эрос Капекки, Ларс Бом, Алексей Луценко, Андрей Гривко, Луис Леон Санчес және Гатис Смукулис қорғайды, деп жазды Vesti.kz. Еске сала кетейік, «Милан - Сан-Ремо» - итальяндық Милан және Сан-Ремо қалалары арасында жыл сайын өтетін  көктемгі классикалық бір күндік веложарыс. Оның қашықтығы  291 шақырымды құрайды. Бұл бір күндік жарыстар ішінде ең үлкені. Жарыс 19 наурызда өтеді.     


Жамбыл облысында соңғы үш жылда 9 спорт кешені пайдалануға берілді

Жамбыл облысында соңғы жылдары 9 спорт кешені пайдалануға берілді. Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Гамлет Қайнарбеков мәлім етті.«Сонымен қатар, облыста спортты, оның ішінде бұқаралық спортты өркендетуге  бағытталған 2011-2015 жылдарға арналған аймақтарды дамытуға арналған бағдарлама іске асырылды. Бүгінгі таңда осы бағдарлама шеңберінде өңірде спортты дамыту мақсатында жаңа спорт нысандары бой көтерді. Мысалы, 2012 - 2015 жылдары облыста 9 спорт кешені қолданысқа берілді (Тараз қаласы-5, Сарысу-1, Талас-1, Мойынқұм-1, Жуалы-1). Сонымен қатар, облыстық бюджет және демеушілер тарапынан 31 спорт алаңшасы салынды (Тараз қаласында 14, аудандарда 17)»,- деді Г.Қайнарбеков. Бір ғана, 2015 жылы Мойынқұм, Жуалы аудандарында спорт зал  кешендері, Тараз қаласында №3 олимпиада жеткіншектерін даярлайтын спорт мектебіне арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы пайдалануға берілді, Сондай-ақ, соңғы жылдары ірі өндіріс орындарындағы қызметкерлер мен жұмысшы-жастардың спортпен айналысулары басты назарға алынды. Нәтижесінде «Казфосфат» ЖШС тарапынан спорт кешені пайдалануға берілді. Бұл спорт кешенінде бүгінгі таңда 600 жұмысшы және 150-ге жуық жасөспірімдер спортпен тұрақты шұғылдануда. 


Астанада ХОК мүшесі допинг пайдаланғандарға жазалар күшейтілгенін ескертті

Халықаралық олимпиада комитетіндегі Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттігінің (ВАДА) өкілі Ненад Лалович допингті пайдаланғаны үшін жазалар күшейтілгені жайлы ескертті. Мұндай мәлімдемені ол Астанада күрес түрлері бойынша өтетін азиялық лицензиялау турниріне орай өткізілген баспасөз мәслихатында түрлі елдердің спорт делегаттарына қарат жасады.Оның сөзіне қарағанда, қазір ВАДА-да ережелерге өзгерістер енгізілді.   «Жыл сайын айыппұл көлемі ұлғайып. Болашақта бұл қыруар сомаға айналуы мүмкін. Көптеген елдер өз заңнамаларын өзгерте бастады, жазалардың ішінде спортшыларды қамауға алу да бар. Мұндай заң Германияда бірнеше ай бұрын қабылданды. Ресейде де осындай заң әзірленіп жатыр. Жазалау шаралары күшейтіледі, сондықтан сіздерді допингке қарсы күресуге шақырамын», - деді ол. Атап өтейік, Ненад Лалович спорттық күрес тарихында алғашқы болып ХОК  мүшесі атанды.  Күрес түрлері бойынша Азиялық лицензиялау турнирі Астана қаласныда 18 - 20 наурыз аралығында өтеді, онда Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға 36 жолдама ойнатылады. Жарысқа 20-дан астам елдің спортшылары қатысуда.       


UWW президенті: Астанадағы турнирде нағыз күресті көрсетуіміз керек

Әлем күрестері бірлестігінің (UWW) президенті Ненад Лалович ертең Астанада өтетін азиялық лицензиялау турнирінің қатысушыларын таза және әділ күреске шақырды.«Техникалық делегаттар, жарыс төрешілері жұмыстарына қатысты нұсқаулықтар алды. Бірінші орында нағыз және таза күрес болу керек. Бір-бірінің саусақтарын сындыратын тәсілдерді ұмытуларыңыз қажет. Палуандар әлемге әділ күресті көрсетеді деп үміттенемін», - деді Н.Лалович түрлі делегациялардың өкілдеріне. Астанада күрес түрлері бойынша Азиялық лицензиялау турнирі  18 - 20 наурыз аралығында өтеді. Жарыстарға 20-дан астам елдің спортшылары қатысады.  Солардың ішінде Иран, Қытай, Жапония, Моңғолия, Оңтүстік Корея және Үндістан  құрамалары бар. Онда Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға 36 жолдама сарапқа салынады.  


Елордадағы азиялық лицензиялық турнирді бүкіл әлем тамашалайды

 

18 наурыз күні Қазақстан елордасында басталатын күрестен байрақты бәсекені бүкіл әлем жұртшылығы ғаламтор арқылы тамашалай алады. Бұл туралы Әлем күрестері бірлестігінің (UWW) президенті Ненад Лалович елордада өткен баспасөз мәслихаты барысында мәлім етті. «Бұл сайысты бүкіл әлем жұртшылығы тамашалай алатындығын естеріңізге салғым келеді. Біреулер телеарналар арқылы, дегенмен, басым бөлігі Video Stream арқылы онлайн-көрсетілімді көреді. Турнирді тікелей көрсететін телеарналардың саны бүгін белгілі болады. Қалай десек те, видеокөрсетілімді әлемнің кез келген нүктесінен көруге болады». Сонымен қатар ол соңғы әлем чемпионатында жалпы 40 млн, оның ішінде Ташкент турнирін 1 миллионнан астам, Лас-Вегас турнирін 14 миллионнан астам, ал Латвия турнирін 5 миллионнан астам  адам тамашалағандығын жеткізді. Айта кетерлігі, Астанаға шамамен 400-ге жуық спортшылар, жаттықтырушылар, техникалық қызметкерлер, журналистер мен жанкүйерлер келді. Астанада күрес түрлері бойынша Азиялық лицензиялау турнирі 18 - 20 наурыз аралығында өтеді. Жарыстарға 20-дан астам елдің спортшылары қатысады. Солардың ішінде Иран, Қытай, Жапония, Моңғолия, Оңтүстік Корея және Үндістан құрамалары бар. Онда Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға 36 жолдама сарапқа салынады. Грек-рим күресінен ерлер 59, 66, 75, 85, 98, 130 келіде, ал еркін күресте 57, 65, 74, 86, 97, 125 келіде белдеседі. Ал әйелдер 48, 53, 58, 63, 69 және 75 келі салмақ санатында үздіктерді анықтайды.     


Астана боз кілемінде қанша қазақ ұл-қызы Риоға жолдама алады?

Бүгін, 18 наурыз күні елорда төріндегі «Дәулет» спорт кешенінде күрестің үш түрінен, яғни еркін, грек-рим және әйелдер күресінен Азияның кіл мықты балуандары арасында Рио Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынады.Біз «қазақ балуан халықпыз» деп мақтанып жатамыз. Иә, арғы ата-бабаларымыздан небір алып күш иелерінің ерліктері бүгінгі ұрпаққа аңыз болып жетті. Күш атасы Қажымұқан мен Балуан Шолақтан бері қарай да талай алыптарымыз қазақтың намысын биіктен көрсете білді. Аманжол Бұғыбаев, Амангелді Ғабсаттаров және кеше ғана жарық дүниемен қош айтысқан Әбілсейіт Айханов ағаларымыз белгілі себептермен Олимпиада ойындарында өнер көрсете алмаса да, ерліктері мен рухы бүгінгі жастарға ғана емес, келер ұрпаққа да аңыз болып қалары даусыз. Қазақ күресінің тарихына көз жүгіртіп қарап отырсақ, Олимп шыңын бағындырған екі-ақ қазақ балуаны бар екен. Олар Шәміл Серіков пен Жақсылық Үшкемпіров. Екеуі де кешегі Кеңестер Одағының тұсында топ жарып, әлемге танылды. Алайда, Тәуелсіздік алған жылдардан бері бірде-бір қазақ балуаны Олимпиада шыңына шыға алмай келеді. Дәулет Тұрлыхановтың 1988 жылғы күмісі де КСРО қоржынына түсті. Даңқты балуанымыз одан кейінгі Олимпиадада да жүлдесіз қалған жоқ. Бірақ, бұл жолы да бұйырғаны алтын емес еді. Қазақ жанкүйерлерінің алтын аңсағанына бүгінде отыз бес жылдан асты. Тәуелсіздіктен кейінгі Мәулен Мамыровтың, Нұрбақыт Теңізбаевтың, Әсет Мәмбетовтің, Ақжүрек Таңатаровтың жүлделері бұл спортшылар үшін үлкен жетістік екені даусыз. Алайда, жанкүйерлер үшін дәтке қуат қана. Бас жүлдені қандай жүлде алмастыра алуы мүмкін?! Қазақ жанкүйерлері Лондон Олим­пиадасында күрес түрлерінен қатысқан балуандарымызға ерекше үміт артқаны белгілі. Олимпиадаға дейін Нұрмахан Тінәлиев балуандар арасында басты үміткер ретінде дәріптелді. Оның қолына Елбасы Мемлекеттік туды сеніп тапсырды. Ал Дархан Баяхметов, Дәурен Жұмағазиевтерге де артылған сенім басым болды. Бірақ, бұл балуандардың ешқайсысы да көпшілік күткен нәтижені көрсете алмады. Міне, әне-міне дегенше төрт жылды артқа қалдырып, Рио Олимпиадасының жалауы тұтануға да бірнеше ай ғана қалды. Биыл күрес түрлерінен кімдерге үміт артамыз? Бұл сұраққа бүгін Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде үш күнге жалғасатын Азияның лицензиялық турнирінде күресетін балуандарымыздың қарымына қарап баға беретін боламыз. Сары құрлықтың барлық мықтылары бас қосатын жарыста Олимпиада ойындарының 36 жолдамасы сарапқа салынады. Яғни осы дүбірлі додада әр салмақ дәрежесі бойынша финалға дейін сүрінбей жеткен әр балуан Бразилия төрінде өтетін басты додаға баратындар тізіміне енеді. Еркін күрестен Қазақстан құрамасы­ның бас бапкері Сергей Белоглазов Мейіржан Әшіров (65 келі ), Ғалымжан Өсербаев (74 келі), Аслан Кахидзе (86 келі), Мәмед Ибрагимов (97 келі ) және Дәулет Шабанбай (125 келі) сынды сайыпқырандарға сенім артып отыр. Осы балуандардың арасынан 32 жастағы Дәулет 2012 жылы Лондон Олимпиадасында бесінші орынға табан тіреген болатын. Енді Астанада топ жарса, Рио Олимпиадасында тағы бір өз бағын сынайтын болады. Қазір еркін күрестен жерлестерімізде әлі Риоға бірде-бір жолдама жоқ. Сондықтан балуандарымыз өз алаңында барын салып, белдеседі деген үміттеміз. Ал грек-рим күресі шеберлері арасынан қазірге дейін Риоға екі жолдама бар. Оның иелері Алмат Кебісбаев (59 келі) пен Досжан Қартықов (75 келі). Бұл екі балуанымыз бұл жолдаманы өткен жылы Лас-Вегаста өткен әлем чемпионатында иеленген болатын. Енді ұлттық команданың бас бапкері Таңат Сағындықов қалған төрт салмақ дәрежесі бойынша Магомед Чухалов (66 келі), Аза­мат Құстыбаев (85 келі), Марғұлан Әсем­беков (98 келі) және Нұрмахан Тінә­лиев (130 келі) сынды шәкірттерін жарыс жолына шығармақ. Нұрмахан бауырымыз осыған дейін әлем біріншілігінің үш дүркін қола жүлдегері,  Азия ойындары мен Азия біріншілігінде екі реттен бас жүлдені еншілеген болатын. Лондон Олимпиадасына қатысып, жарыстан ерте қоштасқаны әлі есімізде. Биыл сол олқылықтың орнын толтырып, қазақ елінің қоржынына бір медаль салады деген үміттеміз. Енді әйелдер күресіне тоқталсақ. Бұрымды балуандарымыз да осыған дейін бірде-бір жолдамаға иелік ете алмай келді. Ал өз елімізде Рио олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын бәсекеде барын салады деген үміттеміз. Сол себепті де біздің қыздар барлық алты салмақта күш сынасады. Астанадағы турнирде қазақ елінің намысын Жұлдыз Ешімова (48 келі), Зүлфия Яхиярова (53 келі), Айым Әбділдина (58 келі), Екате­рина Ларионова (63 келі), Елмира Сыз­дықова (69 келі) және Гүзел Манюрова (75 келі) сынды спортшылар қорғайды. Астанаға Азияның кіл мықтылары жиналатыны анық. Олай болса әр күрес түрінен де басты қарсыластарымыздың кімдер екенін айқын аңғаруға болады. Олар Иран, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, Солтүстік Корея және Қытай елінің балуандары. Біз жерлестерімізге тек сәттілік жолдас болсын деп тілейміз.


Жамбыл облысында 1069 спорт нысаны тұрғындарға қызмет көрсетеді

Жамбыл облысында 1069 спорт нысаны тұрғындарға қызмет көрсетеді. Бұл туралы Орталық  коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Гамлет Қайнарбеков  айтты, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.Гамлет Төреханұлының айтуынша, бүгінгі күнге облыс бойынша тұрғындардың спортпен жүйелі түрде шұғылдану үшін қолжетімді 1069 спорт нысаны анықталып отыр. Оның 442-і - Тараз қаласында, 627-і - аудандарда орналасқан. Аталған спорт нысандарында тұрғындардың, оның ішінде жастар мен жасөспірімдердің спортпен тұрақты шұғылдануы үшін арнайы кестелер жасалды. Кестелер жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және облыс әкімдігінің сайттарында жарияланып келеді. Өткен жылы облыс бойынша спорт нысандарының жалпы саны 2013 құрады. Оның ішінде 19 стадион, 665 футбол алаңы, 548 спорт залы, 662 спорт алаңшалары және 119 басқа да нысандар бар.Сонымен қатар, 2015 жылы Тараз қаласы мен аудандарда 2614 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 540 мыңнан астам адам тартылды. Оның ішінде саламатты өмір салтын насихаттау бағытында 1547 спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Оған 299 мыңнан астам адам қамтылды. Сонымен қатар, соңғы жылдары ұлттық спорт түрлерін қайта жаңғыртуға басымдықтар берілуде. Өткен жылы, ұлттық спорт түрлері бойынша өткізілген 611 іс-шараға 67 мыңнан астам адам қатысты.  Ал кешенді 456 іс-шараға 172 мыңнан аса  адам қамтылды.      


Ақсайда гір спортынан Қазақстан чемпионаты мәреге жетті

 Ақсай қаласында гір спортынан жастар, жасөспірімдер мен қыздар арасында Қазақстан чемпионаты мәреге жетті.БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, еліміз облыстарынан қатысқан мықты командалар арасынан батысқазақстандықтар да жүлдегерлер қатарынан көрінді. Атап айтқанда, жасөспірімдерден Расул Төлеуов 85 кг, қыздардан Роза Варданян 68 кг салмақта күміс жүлдегер атанды. Андрей Наугольный жастар арасында 95 кг салмақта қола жүлдені иеленді. Командалық эстафетада БҚО құрамасы үшінші орынды еншіледі. Ал Виктор Друзик халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады. Спортшыларды гір спортынан БҚО құрамасының аға бапкері Мұрат Ибатов дайындады.           


Жамбылдық спортшылар жыл басынан бері 147 медальға қол жеткізді

Жыл басынан бері жамбылдық  спортшылар 147 медальға қол жееткізді. Бұл туралы орталық  коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы  Гамлет Қайнарбеков айтты«2016 жылдың қаңтар-наурыз айларында спорттың  шахмат, дзюдо, самбо, таеквондо (WTF), қол күресі және гир спорты, панкратион, үстел теннисі, бокс, «64» шаршы дойбы, дайдо джуку кудо және каратэ до, ушу (саньда), еркін күрес, каратэ-до кёкушинкай, греплинг түрлерінен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған 20 облыс чемпионаттары мен біріншіліктері өтті. Оның ішінде жас ерешеліктеріне қарай ересектер арасында - 5, жастар арасында - 2 және жасөсіпірімдер арасында - 13.  Аталған спорттық іс-шараларға  2 100 спортшы қатысты. Жалпы 2016 жылдың алғашқы үш айында облыс спортшылары Қазақстан Республикасы чемпионаттары мен біріншіліктерінде 129 медальға (оның ішінде 48 алтын, 41 күміс және 40 қола) және халықаралық турнирлерде 18 медальға (оның ішінде 9 алтын, 5 күміс және 4 қола) қол жеткізді.Осындай спорттық нәтижелердің артында біздің спортшылар мен өз ісіне берілген жаттықтырушылардың төккен терлері мен еңбектері, тынымсыз жаттығулары жатыр. Өйткені, өмірде ешқанда нәтиже - еңбексіз келмейді»-, деді Гамлет Төреханұлы.           


Қанат Исламның келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

 Қазақстандық боксшы Қанат Исламның келесі жекпе-жегі Майамиде 8 мамырда өтеді. Бұл туралы спортшының ВКонтактедегі ресми парақшасында хабарланды.«Қанат Исламның келесі айқасы Флорида штаты Майами қаласында 8 мамырда өтеді. Қарсыласының есімі жарыс алдында бір ай бұрын белгілі болады», - делінген хабарламада. Кәсіби рингте Қанат Ислам барлығы 20 айқас өткізген. Барлық жекпе-жегінде жеңіске жетсе, 17-сі нокаутпен аяқталған. Боксшы бірінші орта салмақ  (69 кг) санатында. WBA Fedelatin және WBA FideCaribe нұсқалары бойынша әлем чемпионы болып табылады.       


Бүгін Астанада грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Азиялық Олимпиадалық іріктеу турнирі басталады

 Астана қаласында 18-20 наурызда «Дәулет» СК-де грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Азиялық Олимпиадалық іріктеу турнирі өтеді. Бұл туралы Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.Турнирге қатысатын Азияның 168 балуаны Рио Олимпиадасына 36 жолдаманы сарапқа салады. Шара сағат 10:00-де басталады деп күтілуде.            


Қазақстандық биатлоншы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанды

Словенияның Поклюка қаласында биатлоннан жастар арасында өтіп жатқан Еуропа чемпионатында қазақстандық Роман Еремин қола жүлдегер атанды.ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз хатшысы Бақытбек Хамиттің хабарлағанындай, Р.Еремин 15 км қашықтықтағы жекелей сында нысана көздеуден екі рет қателік жіберіп, жеңімпаздан 1 минут 40,6 секундқа қалып қойып, мәреге үшінші болып келді. Барлығы 48 спортшы қатысқан бұл жарыста белорус Виктор Кривко жеңімпаз атанса, украиналық Антон Дудченко күміс медальді иеленді.     


Кәсіпкер өз ауылына спорт кешенін салып берді - Атырау облысы

Атырау облысы Жылыой ауданы Шоқпартоғай ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Бақытжан Достанов осы ауылдағы өзі оқыған №3 орта мектепке «Ырыс» спорт кешенін сыйға тартты деп жазады qazaquni.kz порталы «Ақжайық» басылымына сілтеме жасай отырып.Спорт кешенінің құрылысына ол өз қаржысы есебінен 87 млн теңге жұмсады. Жалпы алаңы - 807 шаршы метр. Мұнда ерлер мен әйелдерге арналған душ, киім ауыстыруға арналған шкафтар, медициналық пункт жұмыс жасайды. Спортпен шұғылдану үшін тренажер құралдары, стол теннисі, баскетбол, волейбол ойындарына арналған залдар бар. Құрал-жабдықтарды шетелден жеткізді. «Кешенді өзімізді бағып өсіріп, тәлім-тәрбиесін берген марқұм, асыл әжем Ырыс атымен атауды ұйғардым. Бүгінде кешен өз жұмысын бастап кетті. Балалар дән риза», - дейді кәсіпкер Достанов.Алдағы уақытта ол енді мәдениет үйін тұрғызып, ауылды көгалдандыруды жоспарлап отыр.   


Н.Назарбаевқа «Біріккен күрес әлемі» халықаралық федерациясының құрмет ордені табыс етілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Біріккен күрес әлемі» халықаралық федерациясының президенті Ненад Лаловичті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.Мемлекет басшысы күрес түрлері бойынша Азияның Олимпиадалық біліктілік турнирін өткізу мақсатымен Астанаға келген Н.Лаловичтің сапарына ризашылық білдірді. -Күрес - қазақтар үшін тарихи спорт түрі. Біздің елде ежелден-ақ балуандар күресінсіз бірде бір мереке өтпеген. Бүгінде мемлекет спорттың осы түрін жастар арасында танымал ету үшін зор күш-жігер жұмсап отыр, соның арқасында Қазақстан халықаралық аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.«Біріккен күрес әлемі» халықаралық федерациясының президенті Астанада өтетін турнирді ұйымдастыруға қолдау көрсетілгені үшін алғыс айтты. Сондай-ақ кездесу барысында Н.Лалович Нұрсұлтан Назарбаевқа «Біріккен күрес әлемі» халықаралық федерациясының құрмет орденін тапсырды.   


Шведова мен Бабош «BNP Paribas Open» жұптық разрядының жартылай финалында ұтылып қалды

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова венгриялық Тимеа Бабошпен бірге АҚШ-тағы «BNP Paribas Open» турнирінің жұптық разрядының финалына шыға алмай қалды, деп жазды Sports.kz.Америкалық Беттани Маттек-Сандс пен Коко Вандевегемен жартылай финал ойынында қазақстандық-венгриялық жұп 6:2, 4:6, 4:10 есебімен есе жіберді.   



Головкин мен Хан жекпе-жегін АҚШ-та өткізу тиімді - Леффлер

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қазақстандық чемпионның британдық Амир Ханға қарсы жекпе-жегі жайлы өз ойын білдірді.Леффлердің пікірінше, бұл көрініс көп көрермен жинаған болар еді.  «Головкин мен Альварестің айқасы әлем боксындағы ерекше оқиға болар еді. Егер Хан «Канелоны» жеңіп, белдігін тартып алса, онда WBC ұстанымы бойынша ол Головкинмен кездеседі не титулынан айырылады. Маркетингтік және қаржы жағынан Амирден түсетін пайда көп. Фрочты айтқан кезде үнемі осы жайлы сөз етеміз - оған британдық жанкүйерлер шығады. Ханмен де осындай жағдай. Оның британдық жанкүйерлеріне АҚШ-тағы Геннадийдің жанкүйерлері қосылар еді. Хан-Головкин айқасы Ұлыбританияда көп адам жинаса, бірақ қаржы жағынан алып қарасақ. АҚШ-та өткізу тиімдірек болады», - деді Леффлер Sky Sports берген сұхбатында. Еске салсақ, Альварес-Хан жекпе-жегі 7 мамырда Лас-Вегаста өтеді. Жеңімпаз Головкинмен кездесуге міндетті. Өз кезегінде, Головкиннің Доминик Уэйдпен айқасы 23 сәуірде, Лос-Андежелсте өтеді.     


Алматы Орталық стадионының көгалы 7 жылдан бері бірінші рет жаңғыртылмақ

Футболдан Қазақстан біріншілігінің жаңа XXV маусымы қарсаңында Алматының Орталық стадионындағы көгал толығымен қайта жаңартылды. Бұл туралы Премьер-Лигада өнер көрсететін «Қайрат» футбол клубының ресми сайтында жария етілді. Агроном, көгал жөніндегі маман Виктор Яроменконың айтуынша, көгалды қайта жаңарту шарасы Орталық Стадионда соңғы жеті жылға жуық уақыттан бері жүргізілмепті. «2010 жылы стадионның көгалын төсеу барысында «Master grass» жүйесі қолданылған болатын. Яғни, мұндай жағдайда көгалды жыл сайын жаңартып тұру қажет. Ағылшын Премьер-Лигасында солай жасалады. Бірақ, ол жақта маусымаралық кезең алты аптаға созылады ғой. Осы уақыт ішінде көгалды қайта қалпына келтіруге болады. Ал біз жаңа шөптың тұқымын ерте көктемде себуге мәжбүрміз. Біз енді бұдан былай ескі төселімді толығымен алып тастамаймыз, үстінен қосымша егіп отыратын боламыз. Сонда көгал жаңарып тұрады», - деді В. Яроменко. Айта кетелік, Орталық стадионның көгалын жаңарту жұмысы жыл сайын жүргізілетін болады.   




Қызылорданың жас шахматшылары ел біріншілігінде жақсы нәтиже көрсетті

8-20 наурыз аралығында Ақмола облысы Бурабай курорттық аймағында шахматтан 8-18 жас аралығында ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан чемпионаты өтуде.Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлауынша, ел біріншілігінің айтулы сынында шахматтың классика түрі бойынша бақ сынаған Сыр өңірінің командасы жалпыкомандалык есепте жоғары көрсеткішке қол жеткізді. 12 жасқа дейін қыздар арасында Назерке Нұрғали чемпион атанса, ұлдар арасында Сұлтан Аманжол 2 орынды иеленді.  14 жасқа дейін қыздар арасында Әсел Серікбай топ жарса, күміс жүлде Сакыпжамал Бармағанбетованың еншісінде. Спортшылар ертең шахматтың рапид түрі бойынша, 20 наурызда блиц бойынша сынға түседі.      



Андрей Аршавин - «Қайрат» ойыншысы

Келісімшарт 1+1 нұсқасы бойынша жасалды. Клубта Андрей Аршавин 28 нөмірмен өнер көрсетеді, деп хабарлады клубтың ресми сайтынан.Жартылай қорғаушы Аршавиннің спорттық жолы Санкт-Петерборда басталды. Онда  Андрей «Зенит» құрамында ойнады. 2008 жылы Аршавин «Зенитпен» бірге  УЕФА Кубогы мен Суперкубогында жеңіске жетіп, Еуропа чемпионатының қола жүлдегері болды. 2009 жылы Андрей лондондық «Арсеналмен» келісімшарт жасасып, оның құрамында 100 матчқа қатысады. 2013 жылы Аршавин «Зенитке» оралады, ал екі жылдан кейін  краснодарлық «Кубаньға» ауысып, онда 2016 жылдың ақпанына дейін ойнады.     


Астанадағы турнирде қазақстандық екі балуан Рио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды

Астана қаласында бүгін «Дәулет» спорт кешенінде грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Азиялық Олимпиадалық іріктеу турнирі өтіп жатыр. Жарыстың түске дейінгі қорытындысы бойынша екі қазақстандық финалға шығып, Рио Олимпиадасына жолдаманы жеңіп алды.Бірінші жолдаманы әйелдер арасындағы 69 келі салмақта белдескен Эльмира Сыздықова финалға өтіп қанжығасына байлады. Ал еркін күрестен 74 келі салмақта өнер көрсеткен Ғ. Өсербаев финалға сүрінбей жетіп, Қазақстан қоржынына екінші жолдаманы салды. 53 келіде сынға түскен З. Яхиарова мен 85 келіде «классик» А. Құстыбаев жарысты ерте аяқтады. Енді финал кешкі сағат 18:00-де басталады. Жолдама алған қос саңлағымыз бүгін кеште алтынға таласады. Естеріңізге сала кетейік, финалға жолдама алған балуандар лицензияға қол жеткізеді. Астанадағы турнирге қатысатын Азияның 168 балуаны Рио Олимпиадасына 36 жолдаманы сарапқа салады.



Алматыда бильярдтан Қазақстан біріншілігінің жеңімпаздары анықталды

Бүгін Алматыда «Бастау» ойын-сауық орталығында бильярд спортының «Құрама пирамида» түрі бойынша Қазақстан біріншілігі аяқталды. Оған бүкіл Қазақстан бойынша барлығы 118 еркек және 14 әйел қатысты», - деп хабарлайды ҚР бильярд спорты федерациясының баспасөз қызметінен.  Сонымен, төрт күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша чемпионаттың жеңімпаздары анықталды. Ерлер арасында спорт шебері, Дәурен Орынбаев (Алматы) бірінші орынды жеңіп алды. Тағы бір алматылық бильярдшы, еңбек сіңірген спорт шебері Қаныбек Сағындықов екінші орынға ие болды. Ал үшінші орынды спорт шебері Дмитрий Григорьев (Қарағанды) пен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ернар Шымбаев (Алматы) өзара бөлісті. Әйелдер арасында өткен жарыста спорт шебері Ақерке Ушакова (Астана) бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды астаналық бильярдшы Айна Әкімова (Астана) иеленді. Ал үшінші орын спорт шеберлігіне кандидат Анжела Ахметоваға бұйырды. Естеріңізге сала кетелік, 2016 жылдың 29 наурызы мен 2 сәуірі аралығында Алматыдағы Республика сарайында ерлер мен әйелдер арасында бильярд спортының «Құрама пирамида» түрі бойынша Әлем чемпионаты өткізіледі.      


Қазақ пен қырғыз ҰОК басшылары олимпиадалық қозғалыстың даму мәселелерін талқылады

Астанада күрес түрлері бойынша Азияның Олимпиадалық іріктеу турнирінің өтуі аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев Қырғызстанның ҰОК басшысы Шаршенбек Абдыкеримовпен кездесті.Кездесуде тараптар Орталық Азия аумағында олимпиадалық қозғалыстың дамуын, Орталық Азия елдерінің Олимпиадалық Азия кеңесінің жұмысына қатысуын және Қазақстан мен Қырғызстанда спорттың дамуын талқылады, деп хабарлады ҚР ҰОК сыртқы коммуникациялар қызметінен. Еске сала кетейік, бүгін Астанада грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Азияның Олимпиадалық іріктеу турнирі басталды. Онда Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына жолдамалар сарапқа салынады. Турнирдің бірінші күнінде қазақстандық спортшылар Ғалымжан Өсербаев пен Эльмира Сыздықова Олимпиада ойындарына жолдама алды. 


Астанадағы турнирдің бірінші күні қазақстандық балуандар 2 алтын, 1 қола медаль жеңіп алды

Бүгін Астана қаласындғы «Дәулет» спорт кешенінде грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Азиялық Олимпиадалық іріктеу турнирінің бірінші күні аяқталды.Жарыстың алғашқы күні отандастарымыз 2 алтын , бір қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, Рио Олимпиадасынна екі бірдей жолдаманы жеңіп алды. Естеріңізге сала кетейік. Алғашқы жолдаманы арасындағы 69 келі салмақта белдескен Эльмира Сыздықова жеңіп алған болатын. Ол финалда жолдамамен бірге алтын медальді қоса жеңіп алды. Ал екінші алтынды ерлер арасында еркін күрестен 74 келі салмақта өнер көрсеткен Ғалым Өсербаев иеленді. Ол түске дейін Рио Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізген болатын. Ал бүгінгі жалғыз қола медальді грек-рим күресінен белдескен 85 келідегі Аза­мат Құстыбаев иеленді. Алайда, Азаматқа үшінші орын алғанымен Рио Олимпиадасының жолдамасы бұйырмады. Естеріңізге сала кетейік, Астанада өтіп жатқан Азияның Олимпиадаға іріктеу жарысына тек финалға шыққан екі балуанға ғана Олимпиаданың жолдамасы беріледі. Астанадағы турнирге Азияның 26 елінен жалпы 168 балуаны Рио Олимпиадасына 36 жолдаманы сарапқа салуда.                                                           


Қазақстандық велошабандоз Артем Захаров Олимпиада-2016 лицензиясын жеңіп алды

Афиныда өткен 2004 жылдан бері Олимпиадалық ойындарда Қазақстан биыл алғаш рет трек жарысы бойынша төртжылдықтың басты сайысына қатысатын болады.Солтүстікқазақстандық Артем Захаров - трек жарысы - омниумда өнер көрсететін елдің ұлттық құрамасының көшбасшысы, ол 2016 жылғы Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына ресми лицензияны жеңіп алды. Бұл туралы СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.     «Артем Захаров 2013 жылғы Азия чемпионы, Азия Кубогының жеңімпазы, 2013. 2016 жылдардағы Әлем Кубогының қола жүлдегері, омниумда Азия чемпионатының қола және күміс жүлдегері. Жапондық Ошима қаласында өткен велосипед спортынан Азия чемпионатында тамаша өнер көрсеткен Артем Захаров трек жарысы көпсайысы - омниумде күміс жүлдегер атанды. Одан әрі солтүстікқазақстандық спортшы Гонконгтегі Әлем Кубогында қола жүлдені иеленді және Лондондағы әлем чемпионатының қорытындысымен трек спортынан үздіктер ондығына кірді», - делінген хабарламада. Қазіргі кезде Қазақстан тұтастай алғанда спорттың әр түрінен 50 лицензияға қол жеткізіп отыр. Оның екеуін солтүстікқазақстандық спортшылар иеленген. Еске сала кетейік, өткен жылы солтүстікқазақстандық жеңілатлет Ирина Эктова үштік секіруде Олимпиада ойындары - 2016 лицензиясына ие болған еді. Қазақстанның тасжолдағы велоспорттан Рио-де Жанейродағы Олимпиадаға екі лицензиясы бар. Оны алғашқы болып солтүстікқазақстандық Алексей Луценко иеленді. Оған СҚО веломектебінің тағы бір түлегі Бақтияр Қожатаев та ілесуі мүмкін. Екі спортшы да бүгінде «Astana» кәсіби велокомандасында өнер көрсетеді. Сонымен бірге лицензия үшін сайысты біздің жеңілатлеттер Маргарита Мұқашева, Михаил Литвин, Евгений Эктов және ауыр атлет Айдар Қазов жалғастыруда. 2016 жылғы жазғы Паралимпиадалық ойындарға қатысуға мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында жеңіл атлетикадан өнер көрсететін біздің Сергей Харламовтың да үміті бар. 2016 жылғы жазғы Олимпиадалық ойындар бразилиялық Рио-де-Жанейрода 5-21 тамыз аралығында өтеді.      


Сондерс Головкинмен Уэмблиде сайысқа түскісі келеді

WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы 26 жастағы орта салмақтағы британдық Билли Джо Сондерс өз атағын алғаш рет қорғау үшін Лондонда (Англия, Ұлыбритания) ұрысын өткізеді.Оның қарсыласы 31 жастағы украиндық Максим Бурсак. Сондерстің айтуынша, бұдан кейін ол орта салмақтағы үздік қазақстандық Геннадий Головкинмен кездескісі келеді. «Мен әлем чемпионы болдым, менің өзіме сенімім артты. Жеңілментін жауынгерлер жоқ, оны мысалға Тайсон Фьюри дәлелдеді. Егер мен Геннадий Головкинмен Уэмблиде сайысқа түссем, үздіктерді де жеңе алатынымды әлемге көрсетер едім», - деген Сондерстің сөзін келтіреді allboxing.ru.       


Астанадағы жарыстың екінші күні қазақ палуандары тағы екі Рио жолдамасын ұтып алды

 Елордада өтіп жатқан азиялық лицензиялық турнирде еліміздің екі палуаны Рио-деЖанейрода өтетін Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алды.Атап айтқанда, Лондон Олимпиадасында қола жүлдегер атанған Гузель Манюрова (75 келі) ширек финалда ирандық К.Кираннан басым түссе, жартылай финалда тайпейлік Х.Чангтан айласын асырған еді. Енді ол ақтық сында жапондық Рио Ватаримен белдеседі. Ал еркін күресте 97 келі салмақ санатында жарыс жолына шыққан Мамед Ибрагимов алғашқы белдесуінде тәжік палуаны Рустам Искандардан басым түскен еді. Жартылай финалдық белдесудің соңғы секундтарында моңғол палуаны Худербулг Доржханға қарағанда белсенділік таныта білген ол  финалға жолдама алды. Айта кетерлігі, байрақты бәсекенің алғашқы күнінде Элмира Сыздықова мен Ғалымжан Өсербаев Рио лицензиясын иеленген еді.  Жарыстың екінші күні олимпиаданың 12 лицензиясы сарапқа салынады. Жолдама әрбір салмақ санатында ақтық белдесуге шыққан спортшыларға беріледі.     


Бүгін Н. Тінәлиев Рио Олимпиадасына үшінші жолдаманы ұтып алды

Жарыстың екінші күні олимпиаданың 12 лицензиясы сарапқа салынады. Жолдама әрбір салмақ санатында ақтық белдесуге шыққан спортшыларға беріледі.  Грек-рим күресі стилінде белдесетін палуан Нұрмахан Тінәлиев елордада өтіп жатқан азиялық лицензиялық турнирде Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарының лицензия жеңіп алды.130 келі салмақ санатында күресетін палуанымыз ширек финалда ирандық Башир Асгари Бабаджанзадеха Дарзиден басым түскен болатын. Ал жартылай финалда ол қытайлық Куанг Менганың жауырынын жер иіскетті. Осылайша, Астанада өтіп жатқан турнирде қазақ палуандар әзірше 5 олимпиада лицензиясына ие болып отыр. Айта кетерлігі, байрақты бәсекенің алғашқы күнінде Элмира Сыздықова мен Ғалымжан Өсербаев, ал бүгін  Гузель Манюрова мен Мамед Ибрагимов  Рио лицензиясын иеленген еді. Жарыстың екінші күні олимпиаданың 12 лицензиясы сарапқа салынады. Жолдама әрбір салмақ санатында ақтық белдесуге шыққан спортшыларға беріледі.  


Қытайдағы қандасымыз Қазақстан Астанасында Рио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды

 Астана төріндегі «Дәулет» спорт кешенінде өтіп жатқан күрес түрлерінен Азияның Рио Олимпиадасына іріктеу жарысында еркін күрестен 65 келіде сынға түскен қытайлық қандасымыз Ерланбек Кәтейұлы финалға шығып, Қытай елі атынан Рио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.Миллиард Қытайдың ішінен үздіктердің үздігі атанып жүрген қандасымыз осыдан тура төрт жыл бұрын да Астана төрінде Лондон Олимпиадасының жолдамасына таласқан болатын. Алайда, сол кезде ширек финалда қазақстандық Ақжүрек Таңатаровқа жол беріп, Лондонға бара алмаған болатын. Сол кезде ол «жығылсам, өз қазағымнан жығылдым. Өкінбеймін, енді келесі Олимпиадаға баруға тырысамын» дегені есімізде. Міне, сол арманы бүгін орындалды. Енді Рио-де-Жанейро Олимпиадасында қазақ балуаны Қытай елінің атынан сынға түседі. Ерланбек Кәтейұлы 1990 жылы Қытайдың Алтай аймағында Қызылтас қалашығында дүниеге келген. Қазір еркін күрестен Қытай ұлттық құрамасының белді мүшелерінің бірі.    



Футбол: Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында ірі есеппен ұтылып қалды

Биыл премьер-лигаға қосылған Оралдың «Ақжайығы» өз алаңындағы алғашқы кездесуін Павлодардың «Ертісімен» өткізіп, 0:3 есебімен ұтылып қалды.Ойын барысында қонақтардың допты ұстап, пас берудегі, шабуыл ұйымдастырудағы шеберліктері айқын көрініп тұрды. 28-минутта бұрыштамадан берілген допты «Ертістің» қорғаушысы Елдос Ахметов баспен қақпаға дәл бағыттай білді. Бірінші тайм бітер сәтте павлодарлықтар тағы бір стандартты жағдайды сәтті пайдаланып кетті. Бұл жолы Осман Джаллоу мергендік танытты. Екінші таймда Роман Муртазаев өз мүмкіндігін мүлт жібермей, есепті 3:0-ге жеткізді. «Ақжайық» алаңға тыңнан ойыншылар шығарып, алға ұмтылып баққанымен, тым болмаса бір гол соға алмады.Сөйтіп6 Талғат Байсуфиновтың қазіргі командасы оның бұрынғы клубына ірі есеппен есе жіберді. Бұл кездесу «Ақжайыққа» премьер-лига командаларымен тайталасу қиынға түсетінін көрсетті. Өткен турда Қостанайдың «Тобылынан» 0:1 есебімен жеңілген батысқазақстандықтар келесі ойынын 3 сәуір күні Алматының «Қайратымен» өткізеді. Биылғы маусым «Қайрат» үшін де сәтті бастала қойған жоқ. Алматылықтар бірінші турда Таразда 1:2 есебімен ұтылып қалса, бүгін Көкшетаудың «Оқжетпесімен» тең ойынды (1:1) қанағат тұтты. 


Том Леффлер: «Біз Головкин жекпе-жектеріне билет құнын қолжетімді етуге тырысып жүрміз»

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер 23 сәуірде өтетін жекпе-жек билеттеріне қатысты баға саясаты жөнінде айтты, деп жазады Sports.kz.Еске сала кетейік, Головкин-Уэйд шоуы мен Роман Гонсалес жекпе-жегін тамашалау үшін билеттердің бағасы 30 доллардан басталады. Алайда, дәл қазіргі уақытта ең арзан билеттер сатылып кеткен. «Геннадий Головкиннің өнерін адамдар көргісі келеді. Біз оның шаршы алаңға шыққан кештерінің билетін қолжетімді етуге тырысып жүрміз», - дейді Леффлер.   


Қызылордада көркем гимнастикадан облыстық ашық чемпионат өтеді

25-27 наурыз күндері Қызылорда қаласында көркем гимнастикадан «Сыр жұлдыздары» атты облыстық ашық чемпионат басталады, деп хабарлады облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.Оған Алматы қаласы, Атырау, Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 300-ге жуық 2003-2011 ж.т гимнасшы қыздар өнер көрсетеді.  Облыс орталығында қатарынан үшінші жылы жалауын көтерген байрақты дода жекелей және топтық жаттығу бойынша өтеді. Жарыстың мақсаты - облыста көркем гимнастиканы дамыту, жас гимнасшылардың спорттық шеберлігін шыңдау, достық қарым-қатынасты нығайту және тәжірибе алмасу. Жарыста 1,2 орынды иеленгендер спорт шеберіне үміткер нормативін орындайды.   


WBC Геннадий Головкиннің ерекше қасиеттерін атады

 Дүниежүзілік бокс кеңесі   (WBC) өз  инстаграмында бокс жанкүйерлеріне қазақстандық Геннадий Головкиннің рингтегі ерекше сәттері туралы пікір қалдыруды сұрады, деп хабарлады   Sports.kz.Жанкүйерлер GGG қашықтықты еңсеру шеберлігін, қарсыласына қысым көрсететінін, рингтегі оның жоғары IQ,  сол қолымен қарсыласының бүйір тұсына жасайтын ауыр соққыларын атады.     Сондай-ақ Головкиннің жанкүйерлері боксшының сұхбат берген кездегі   қарапайымдылығы, ашықтығы  мен  жылы әсер сыйлайтын  адамгершілік қасиеттері жайлы жазды.      


Батысқазақстандық балуан Е.Ларионова олимпиада жолдамасын ұтып алды

 Астана қаласында күрестен өтіп жатқан лицензиялық турнирде батысқазақстандық Екатерина Ларионова олимпиада жолдамасын жеңіп алды.«Қазспорт» телеарнасынан көрсетіп жатқанындай, Е.Ларионова 63 келіге дейінгі салмақта алдымен өзбекстандық қарсыласын таза жеңсе, содан кейін жартылай финалда үнділік спортшыны 8:2 есебімен тізе бүктірді. Сөйтіп финалға шығып, олимпиада лицензиясын иеленген Екатерина енді алтын жүлде үшін таласады.Айта кетейік, Е.Ларионова - көптеген халықаралық жарыстарда топ жарып жүрген балуан, 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Осы жарыста сондай-ақ тағы бір қазақстандық Жұлдыз Ешімова 48 келіге дейін салмақта финалға шығып, ол да олимпиада жолдамасына ие болды.      


Еркін күрес шебері Д.Шабанбай олимпиада жолдамасын иеленді

Бүгін Астана қаласында күрестен жалғасып жатқан Рио-де-Жанейро олимпиадасына лицензиялық іріктеу турнирінде қазақстандық Дәулет Шабанбай сәтті өнер көрсетіп, жолдаманы иеленді.«Қазспорт» телеарнасынан тікелей эфирде көрсеткеніндей, Дәулет еркін күрестен 125 кг салмақта алдымен сириялық балуанды ұтса, сосын ширек финалда тәжік қарсыласын 10:0 есебімен тізе бүктірді. Ал жартылай финалда Қырғыз елінің өкілін 10:8 есебімен жеңді. Сөйтіп финалға шығып, олимпиада жолдамасын еншіледі. Бұл - қазақстандық балуандар иеленген он бірінші лицензия. Өкінішке қарай, грек-рим күресінен Марғұлан Әсембеков 98 кг салмақта жартылай финалда үнділік балуанға айқын басымдылықпен есе жіберді.      


КҮРЕС: Қазақстан құрамасы Олимпиаданың тағы төрт жолдамасын иеленді

Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан азиялық лицензиялық турнирдің үшінші күні Қазақстан құрамасы Рио-де Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына тағы төрт лицензия жеңіп алды.Атап айтқанда, әйелдер күресінен жеңіл салмақтағы (48 келі) Жұлдыз Ешимова ширек финалда  өзбек қызы Жақсымұратованы 10:0 есебімен, ал жартылай финалда үндіс аруы Винешті 5:4 есебімен ұтты. Сонымен қатар, 63 келідегі Екатерина Ларионова да жеңіс тұғырынан көрініп, лицензияны қанжығасына байлады. Ал еркін күрестен 86 келіде күрескен Аслан Кахидзе жартылай финалда жапондық палуанды 6:3 есебімен ұтып, жолдамаға қол жеткізді. Сондай-ақ, еркін күрестен аса ауыр салмақтағы (125 келі) Дәулет Шабанбай жартылай финалда қырғыз Аял Лазаревті 10:8 есебімен жеңіп финалға шықты. Осылайша ол екінші мәрте Олимпиада ойындарына бару мүмкіндігіне ие болып отыр. Өкініштісі, грек-рим күресінен палуандарымыздың жолы болмады. 66 күрескен  легионер Магомед Чухалов жартылай финалда жапон балуанына есе жіберді. Ал 98 келіде белдескен еліміздің он дүркін, Азияның екі мәрте чемпионы Марғұлан Әсембеков те уысындағы жолдаманы жіберіп алды. Ол жартылай финалда үндіс балуаны Хардеептен 11:2 есебімен жеңілді. Айта кетейік, келесі іріктеу турнирлері Ұлан-Батырда (Моңғолия) 22-24 сәуірде және екінші іріктеу Стамбұлда (Түркия) 6-8 мамыр күндері болады.     



Катардағы сайлау учаскесінде Қазақстанның гимнастикадан құрамасы дауыс берді

Дохадағы сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып спорттық гимнастика бойынша Қазақстан құрамасы дауыс берді. Олар гимнастика бойынша әлем біріншілігіне (9th Gymnastics World Challenge Cup) қатысу үшін Катарда жүр.Катар мемлекетінің астанасы Дохадағы Қазақстан Елшілігі жанындағы №230 сайлау учаскесінде дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 20:00 дейін жүргізіледі.   


КҮРЕС: Олимпиадаға жолдама саны 12-ге жетті

Күрес түрлерінен Астанада Азия құрлығы бойынша Олимпиадаға іріктеу турнирінің үшінші күнінде Қазақстан құрамасы төрт жолдама алды. Грек-рим күресінің балуандары жолдама жолында жеңілді, деп хабарлайды alaman.kz сайты.Әйелдер күресі Жеңіл салмақтағы (48 келі) Жұлдыз Ешімова ширек финалда  өзбек қызы Жақсымұратованы 10:0, жартылай финалда үндіс аруы Винешті 5:4 есепбімен жеңіп жолдама алды. 63 келіде күрескен Екатерина Ларионова жартылай финалда үндіс Антианы 8:2 есебімен ұтып, финалға шықты және жолдамаға ие болды. Еркін күрес 86 келіде күрескен Аслан Кахидзе Олимпиада ойындарына жолдама алып берді. Ол жартылай финалда жапон Матсумотаны 6:3 көрсеткішімен жеңді. Еркін күрестен аса ауыр салмақтағы (125 келі) Дәулет Шабанбай екінші мәрте Олимпиада ойындарына баруға мүмкіндік алды. Ол жартылай финалда қырғыз Аял Лазаревті 10:8 есебімен жеңіп финалға шықты. Грек-рим күресі 66 күрескен  легионер Магомед Чухалов жартылай финалда жапон балуаны Иноуеден 2:1 нәтижесімен жеңілді. Чухалов жолдамадан қағылды, тек үшінші орын үшін күреседі. 98 келіде белдескен еліміздің он дүркін, Азияның екі мәрте чемпионы Марғұлан Әсембеков уысындағы жолдаманы жіберіп алды. Жартылай финалда үндіс балуаны Хардеептен 11:2 есебімен жеңілді. Алғашқы айналымда Әли әл-Каабиді 8:0 нәтижесімен жеңген еді. Әсембеков әлі Олимпиада ойындарына бармаған. Осылайша палуандар 12 Олимпиада жолдамасына ие болды. Еске сала кетсек, келесі іріктеу турнирлері Ұлан-Батырда (Моңғолия) 22-24 сәуірде және екінші іріктеу Стамбұлда (Түркия) 6-8 мамыр күндері болады. 


Геннадий Головкин: «Сондерс менімен жекпе-жекке шығам деп әзілдеп айтқан»

WBA, IBF, IBO, уақытша WBC нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин WBO чемпионы Билли Джо Сондерс онымен жекпе-жекке шығам деп әзілдеп айтқан деп санайды.«Билли Джо Сондерстің менімен жекпе-жекке шығам деген сөзі әзіл ғана. Мен Канеломен рингке шыққым келеді. Одан да басқа көптеген жекпе-жектер өткізгім келеді», - дейді былғары қолғап шебері. «Доменик Уэйдпен өтетін кездесуіміз ол үшін үлкен мүмкіндік, - дейді Головкин World Boxing News-ке берген сұхбатында. - Мен чемпион болғанға дейінгі өзім бастан кешірген күйді есіме алып отырмын. Сол себепті Уэйдтің жеңіске өте құштар болып отырғанына, бар күшімен дайындалып жатқанына сенімдімін».     


Г.Шейко спорттық жүрістен Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Батысқазақстандық Георгий Шейко Жапонияның Номи қаласында өткен Азия чемпионатында спорттық жүрістен қола жүлдегер атанды.БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, біріншілікке Азия елдерінен жүз шақты спортшы қатысты. Г.Шейко 20 км қашықтықта 1 сағат 21 минут 52 секунде нәтиже көрсетіп, тартысты бәсекеде мәреге үшінші келді. Бұл сында үнділік спортшы чемпион атанса, жапониялық жеңіл атлет күміс жүлдені иеленді. Енді Г.Шейко 7-8 мамырда Италияның Рим қаласында спорттық жүрістен өтетін әлем чемпионатына, одан кейін тамызда Рио-де-Жанейро олимпиадасына қатысады. Еске сала кетейік, жазғы олимпиадалық ойындарға Батыс Қазақстан облысынан әзірге төрт спортшы лицензия алды. Ескек есу шеберлері Андрей Ергучев пен Алексей Дергуновқа және Г.Шейкоға қоса 20 наурыз күні Астанада мәреге жеткен лицензиялық іріктеу турнирінде әйелдер күресінен күміс жүлдегер атанған Екатерина Ларионова олимпиада жолдамасын иеленді.     


«Арсенал» ойыншылары тақия киіп, қазақ елін Наурыз мерекесімен құттықтады

Англияның "Арсенал" футбол клубының ойыншылары барша қазақ халқын  Наурыз мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Baistars.kz хабарлайды.Әлемге танымал атақты футболшылар қазақтың ұлттық бас киімі - тақияны киіп, қазақ тілінде елге сәлем жолдады. Айта кетейік, «Арсенал» ағылшынның кәсіби футбол клубы, базасы солтүстік Лондонда орналасқан. Премьер-лигада ойнайды әрі Англияның мықты командаларының бірі болып саналады. 13 рет чемпион болып, 10 рет Англия Кубогын жеңіп алған. Сонымен қатар, клуб Англияның жоғарғы дивизионында маусымдық ойындардың есебі бойынша рекордшы саналады.   



Қызылорда облысында «Абзал и К» жүлдесі үшін дзюдодан республикалық ашық турнир өтеді

24-25 наурыз күндері Сырдария ауданы  Нағи Ілиясов ауылында дзюдодан «Абзал и К»  жүлдесі үшін 2001-2002 жылдары туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында республикалық ашық турнир басталады. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.Биыл 6-шы  мәрте ұйымдастырылатын турнирге еліміздің барлық өңірлерінен және Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен  500-ге жуық спортшы 17  салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады. Мақсаты - Елбасының Жолдауынан туындайтын іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында бұқаралық спортпен шұғылдынушылар санын арттыру, жастар арасында дзюдоны кеңінен насихаттау, жастарды спортпен шұғылдануға тарту арқылы олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру. Жеңімпаз және жүлдегер спортшылар «Абзал и К» толық серіктестігінің медаль, диплом және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.   


Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы отандастарын Наурыз мерекесімен құттықтады

 Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы отандастарын Наурыз  мерекесімен құттықтады.Спортшыларымыздың құттықтауын ҚР Бокс федерациясының ресми сайты жариялады.   


Денис Тен қазақстандықтарды сайлаудың аяқталуымен құттықтады

Сочидегі Олимпиадалық ойындардың қола жүлдегері Денис Тен қазақстандықтарды 20 наурызда өткен Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлаудың аяқталуымен құттықтады. Бұл туралы мәнерлеп сырғанаушы өз Инстаграмындағы парақшасында жазды.«Бүгінгі сайлаудың аяқталуымен құттықтаймын, бұл елдің бүгіні мен ертеңіне ықпал ететін ерекше шара», - деді спортшы.  Сондай-ақ Денис Тен Қазақстан азаматтарын Наурыз мерекесімен құттықтады,      көктемнің шуақты мерекесі табыстар әкелсін.   Ертеңіміз жарқын болсын! - деп жазды Д.Тен. Еске салсақ,  ҚР ОСК алдын ала деректеріне сәйкес   сайлау қорытындысы бойынша «Нұр Отан»  82,15%, ҚКХП  - 7,14%, «АҚ ЖОЛ» - 7,18%, «Бірлік» - 0,29%,   ЖСДП- 1,18%,  «Ауыл» партиясы - 2% дауыс жинады.     


Шведова Майамиде іріктеу жарысының екінші айналымына шықты

  В Майамиде (АҚШ) теннистен «Miami Open» турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sports.kz.28 жастағы әлемдік рейтингте 71-інші орындағы қазақстандық Ярослава Шведова бәсекенің алғашқы ойынында әлемнің 129-ыншы орындағы ракеткасы 21 жастағы румындықты  6:3, 6:3 есебімен ұтты.       


AIBA: Елеусінов пен Дычко көш басында тұр

AIBA боксшылардың жаңа рейтингін жариялады, деп хабарлады www.24kz. 46-49 келі: Қазақстанның бірінші нөмірлі боксшысы Біржан Жақып бұл тізімде 500 ұпаймен 14-орында орналасқан. 52 келі: Бұл салмақтағы қазақстандық боксшы Олжас Сәттібаев - тоғызыншы орында (850 ұпай). 56 келі: Қайрат Ерәлиев болса 740 ұпаймен 12-сатыға жайғасқан. 60 келі: Қазақстандықтар арасында бұл салмақтағы үздік нәтиже 400 ұпаймен 18-орында тұрған Зәкір Сафиуллинге тиесілі. 64 келі: Ақпан айының үздік 69 боксшысының тізімінде қазақстандық бірде-бір былғары қолғап шебері жоқ. 69 келі: Бұл салмақты қазақстандық Данияр Елеусінов көш бастап тұр. Оның жинаған ұпайы - 2000. 75 келі: Жәнібек Әлімханұлы үздік 73 боксшының ішінде 1250 ұпаймен 4-орында тұр. Ол былтыр бірінші орында болған. 81 келі: Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов екінші орында тұр - 1550. 91 келі: Қазақстандықтар Василий Левит 900 ұпаймен - 6-шы, Антон Пинчук 700 ұпаймен 8-орынға орналасқан. +91 келі: Аса ауыр салмақты Иван Дычко көш бастап тұр. Оның жалпы ұпайы - 1640, деп жазады alaman.kz.     


Теннис: Майами турнирінде қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болды

Майами қаласында (АҚШ) 22 наурыз - 3 сәуір аралығында теннистен өтетін ірі халықаралық турнирде қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болды.Сhampionat.com сайтының хабарлауынша, Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева алғашқы айналымда америкалық Николь Гиббзбен кездеседі. Осының алдында Индиан-Уэллс турнирінің үшінші айналымында Н.Гиббз қазақстандық Ярослава Шведованы 6:0, 6:4 есебімен жеңген болатын. Енді Юлияға қарымта қайтарудың мүмкіндігі келіп тұр. Майамиде сондай-ақ Зарина Дияс белоруссиялық Ольга Говорцовамен, Галина Воскобоева биылғы Австралия ашық чемпионатында жарақат алып қалып, кортқа қайта оралған франциялық Ализе Корнемен шеберлік байқасады. Қазақстанның үш теннисшінің қатарына іріктеу сайыстарынан өтсе, Я.Шведова да қосылуы әбден мүмкін. Әлемнің бірінші ракеткасы Серена Уильямс бастаған маңдайалды спортшылар қатысатын Майами турнирінің жүлде қоры 6,1 млн. астам АҚШ долларын құрайды.      


Головкиннің командасы қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің командасы Қазақстанды Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлады  Sports.kz ВКонтакте желісіндегі GGG тобының парақшасына сілтеме жасап.«GGG командасының атынан әр үйге бақыт, денсаулық және жайлылық тілейміз!  Шаңырақ берік,  дастархан майлы болсын! Наурыз құтты болсын!!!», - делінген құттықтауда.           


Футзал: Қазақстан құрамасы сырт алаңда Польшамен тең ойнады

Футзалдан 2016 жылғы әлем чемпионатына берілер жолдама үшін бірінші ойында Қазақстан құрамасы Польшамен тең ойнады.Тікелей спорттық көрсетілім арқылы мәлім болғанындай, 4-минутта Леоның пасынан кейін қазақстандық Серік Жаманқұлов есеп ашты. Алма-кезек шабуылмен өрбіген матч барысында осы есеп көпке дейін өзгерген жоқ. Екі команда да біраз мүмкіндікті мүлт жіберді. Дегенмен ойын бітуге 27 секунд қалғанда, алаң иелері таразы басын теңестіріп кетті. Енді барлық мәселе 12 сәуір күні Алматыда өтетін қарымта кездесуде шешіледі. Айта кетейік, әлем чемпионатының финалдық кезеңі 10 қыркүйек - 2 қазан аралығында Колумбияда өтеді. Оған үздік 24 команда қатысады. Биыл футзалдан Еуропа чемпионатына тұңғыш рет қатысқан Қазақстан құрамасы бірден қола жүлдегер атанғаны белгілі.     


«Astana Pro Team» велошабандоздары Наурыз мерекесімен құттықтады

«Astana Pro Team» велокомандасы отандастарымызды Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды sports.kz.   


Қытайда жолдама үшін бақ сынайтын боксшыларымыздың есімдері белгілі болды

24 наурыз - 3 сәуірде Қытайда бокстан олимпиадалық іріктеу жарысы өтеді. Бұл сынға Қазақстаннан қатысатын боксшылар есімі белгілі болды, деп хабарлайды alaman.kz.52 келіде Азия чемпионы Олжас Сәттібаев, 56 келіде 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Қайрат Ералиев, 64 келіде жасөспірімдер арасындағы олимпиаданың чемпионы Абылайхан Жүсіпов, 75 келіде 2013 жылғы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы, 81 келіде Лондон олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов, +91 келіде Иван Дычко жолдамаға таласады. 49 келіде Біржан Жақып, 60 келіде Берік Әбдірахманов, 69 келіде Данияр Елеусінов жолдама иеленген. Қыздар арасында жолдама үшін әлем чемпионы 51 келіде Назым Қызайбай, 60 келіде Назым Ишанова, 75 келіде Дариға Шакимова шаршы алаңға шығады.   



Путинцева АҚШ-тағы ірі жарыстың бірінші айналымында ұтылып қалды

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Майамидегі (АҚШ) жарыстың басында америкалық спортшы Николь Гиббздан ұтылып қалды. Майамидегі жарыстың бірінші айналымында екі спортшының ойыны Николь Гиббзтың (WC) басымдығымен 4:6, 2:6 есебімен аяқталды. Цинциннатидің 23 жастағы тумасы, WТА рейтингінде 74-ші орында тұрған спортшы үшінші айналымға шығу құқығы үшін француз теннисшісі Кристина Младеновичпен (27) бақ сынасады, деп хабарлайды Чемпионат.     


Илья Ильин отандастарын Наурыз мейрамымен қазақ тілінде құттықтады

Екі дүркін Олимпиада, төрт дүркін әлем чампионы Илья Ильин отандастарын Наурыз мейрамымен қазақ тілінде құттықтады. Спортшы жерлестеріне деген ыстық лебізі жазылған видеосын Инстаграмдағы жеке парақшасына салды.    


Теннис: З.Дияс Майами турнирінің екінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Майами қаласында (АҚШ) өтіп жатқан ірі халықаралық турнирдің екінші айналымына шықты.Vesti.kz сайтының хабарлауынша, Зарина бірінші айналымда Беларусь теннисшісі Ольга Говорцованы 6:0, 6:1 есебімен ойсырата ұтты. 22 жастағы З.Дияс әлемдік рейтингте 97-інші орында болса, 27 жастағы О.Говорцова 84-інші сатыда келеді. Екінші айналымда Зарина осы турнирдің 31-інші ракеткасы, Австралия намысын қорғап жүрген бұрынғы ресейлік Дарья Гавриловамен кездеседі. Егер оны ұтса, әлемнің бірінші ракеткасы, америкалық Серена Уильямспен кортқа шығуы әбден ықтимал. Осы турнирде Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева, өкінішке қарай, алғашқы айналымда америкалық Николь Гиббзден 4:6, 2:6 есебімен ұтылып қалды. Осының алдында Индиан-Уэллс турнирінің үшінші айналымында Н.Гиббз тағы бір қазақстандық Ярослава Шведованы сүріндірген болатын. Майамиде сондай-ақ Галина Воскобоева бірінші айналымда франциялық белгілі теннисші Ализе Корнемен күш сынасады. Ал Я.Шведова іріктеу сайыстарынан өте алмады. Еске сала кетейік, екі аптаға созылатын Майами турнирінің жүлде қоры 6,1 млн. астам АҚШ долларын құрайды.      


Кукушкин «Miami Open» турнирінің іріктеу сынынан сүрінбей өтті

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин «Miami Open-нің» біліктілік турнирінің финалында жеңіске жетіп, жекелей сында негізгі кезеңге өткен 12 спортшының бірі атанды.Өзінің іріктеу сынының ақтық кезеңінде Кукушкин бразилиялық Жоао Соузуды 6:4, 7:6 есебімен ұтты. Бұл - Кукушкиннің бразилиялық спортшыны екінші рет тізе бүктіруі. Негізгі сынның бірінші айналымында Кукушкин Америка спортшысы Бриан Бэйкермен кездеседі, осыған дейін америкалық теннисші жерлесімізді бір рет жеңген болатын.      


Геннадий Головкин The Ring журналының P4P рейтингінде үздіктер қатарында тұр

Американың The Ring Magazine басылымы әлем боксшыларының рейтингтерін жаңартты, деп жазады Sports.kz.Салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) үздік боксшылар ондығы өзгерістерге ұшыраған жоқ. Рейтингте көшті Роман Гонсалес бастап тұр, екінші орында - Сергей Ковалев тұр, үшінші орын Геннадий Головкинге берілді. Үздік боксшылар рейтингі: 1. Роман Гонсалес 2. Сергей Ковалев 3. Геннадий Головкин 4. Андре Уорд 5. Гильермо Ригондо 6. Теренс Кроуфорд 7. Мэнни Пакьяо 8. Сауль Альварес 9. Тим Брэдли 10. Шинсуке Яманака.      


«Astana Arlans» «Puerto-Rico Hurricanes» командасымен кездеспес бұрын бір ұпай еншіледі

«Puerto-Rico Hurricanes» бокс командасы Астанаға келіп жетті. Алайда команда құрамында 64 келі салмақта боксшысы жоқ. Осыған байланысты аталған салмақтағы қазақстандық былғары қолғап шебері Самат Башеновтің еншісіне бір ұпай жазылды. Ол Янкарлос Ривьерамен жекпе-жекке шығуы тиіс болған.24 наурыз күні пуэрторикалықтар Петропавл қаласына барады, осы қалада 26 наурыз күні 17:00-де «Astana Arlans» VS «Puerto-Rico Hurricanes» кездесуі өтеді, деп хабарлайды sports.kz.     


Әділбек Ниязымбетов: Менің мақсатым - Рио Олимпиадасының чемпионы атану

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, 81 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін былғары қолғап шебері, ақтаулық Әділбек Ниязымбетов Қазақстанның бокс федерациясының ресми сайтына сұхбат берген еді. Онда ол таяуда Қытай елінде өткізілетін лицензиялық турнирге дайындық барысы жайында әңгімеледі.  - Қарсыластарыңыздың ішінде қайсысын ерекше атап өтер едіңіз? - Бұл турнирде Рио Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынады ғой. Сондықтан, оған қатысатын спортшылар барынша дайындалады. Меніңше, қарсыластардың барлығына бірдей тыңғылықты дайындалу қажет. Бізді күрделі де жауапты сайыстар күтіп тұр. - Осы салмақта өнер көрсететін жас боксшы Әли Ахметовты сіздің басты бәсекелесіңізге айналды деуге болады... - Бәсекелестік бұл қашанда дамудың белгісі. Ол жаңа мақсаттарға қол жеткізуге ынталандыра түседі. Меніңше, бәсекелестік Қазақстан боксы үшін ауадай қажет. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетуге лайықты, жас ізбасарлардың өсіп келе жатқаны мені қуантады. Негізі, әрбір боксшының қолайсыз қарсыласы болады емес пе!? Мен үшін қолайсыз қарсылас осы Әли Ахметов деуге болады. - Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсете бастаған жас боксшы Абылайхан Жүсіповке қандай кеңестер берер едіңіз? - Абылайхан жақсы мектептен өтті. Көптеген халықаралық турнирлерге қатысып, тәжірибе жинақтады. Оның әлеуеті жоғары. Біз өз кезегімізде оған жан-жақты қолдау, көмек көрсетуге тырысып жатырмыз.   - Алдағы Рио Олимпиадасы жайында не айтар едіңіз? Алдыңызға қандай мақсат қойдыңыз? - Олимпиада бұл - айтулы уақиға. Ерекше жарыс. Бұл жерде жетістік көптеген факторлардан құралады. Солар өзара үйлесім тапқанда жетістік те болады. Менің арманым да мақсатым да - Рио Олимпиадасының алтын жүлдесіне қол жеткізу. Олимпиададан кейінгі спорттық мансабымның қалай жалғасатыны белгісіз. Бірақ, қазір барлық күш-жігерімді жұмылдырып отырған мақсат - ол, Олимпиадада жеңіс тұғырына көтеріліп, еліміздің  Көк байрағын желбірету.       



Қазақстан Рио Олимпиадасына 100 жолдама жеңіп алуды көздейді

Қазақстан Рио Олимпиадасына 100 жолдама жеңіп алуды көздейді, деп хабарлады Sports.kz.«Біз Рио Олимпиадасына 100 жолдама жеңіп алуды көздеп отырмыз. Төрт жылдықтың басты додасында біздің спортшыларымыз қаншалықты көп болса, соншалықты жақсы. Өйткені, әр спортшыға мүмкіндік беріледі. Олимпиадаға 206 елден қатысады. Әр атлет онда жеңіс үшін барады. Қазақстанда мұндай мүмкіндік 3 есе. Риодағы жазғы Олимпиада ойындарында біздің қуанышты сәттеріміз аз болмайды, деп үміттенеміз», -деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков.   


Әскери институтта Ұлттық ұланның «барысын» анықтады

 ҚР Ұлттық ұланының Әскери институтында «Институт барысы» дәстүрлі турнирі өтті.«Сайыс қазақша күрес» ережесі бойынша, олимпиадалық жүйеге сай, 70 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өтті. Жарысқа 32 адам қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша, «қола» жүлдені 4-ші оқу ротасының капитаны Самат Жапаров, екінші орынды бірінші курс студенті Ержан Оразбек, 1-ші орында 3 курс студенті Дархан Дәулетов жеңіп алды», делінген оқу орны баспасөз қызметінің хабарламасында. Жеңімпаз шапанын Әскери институт басшысы полковник Жұмабек Ахметов табыс етті.           


Шахмат неге спорт түріне жатады?

Спорттың бірінші кезектегі мақсаты өзіндік «Меніңді» көрсету, үздік нәтиже мен белестерді бағындыру. Мұнда физикалық, интеллектуалдық деңгейі, жаттығулар, өз-өзіңді басқару мен, әрине, эмоционалдық тұрақтылық сынға түседі.Мұндай мінездемелер шахматқа да сай. Алайда көптеген адамның пікірінше, шахмат спортқа жатпайды. Шахмат 100-ден аса мемлекетте спорт түрі болып қабылданған, ал халықаралық олимпиада комитеті шахматты спорт түрі ретінде ресми түрде 1999 жылы мойындады. Алайда ол кезде де шахмат олимпиада ойындарының бағдарламасына кірмеген болатын. Олимпиадаға кірмеген бұл жалғыз спорт түрі емес. Мұндай шараларға интеллектуалдық ойындар өтеді. Көптеген адам спорт міндетті түрде физикалық белсенділік пен өз-өзіңді жетілдіруден тұру керек деп есептейді. Кәсіби спортшылар ой өрісі тар, ақылсыз адамдар деген пікірлер де бар. Тәжірибеге сүйенсек бәрі керісінше екенін айту керек - интеллектуалды дамыған адамдар ғана үздік нәтиже көрсете алады. Спорттың барлық түрі физикалық күш пен ептілікті қажет етпейді. Шахмат шығармашылық ой-өрісті, интеллектті дамытып, есте сақтауды жақсартады. Мұнда дұрыс шешім мен оған жауапты дұрыс қабылдау маңызды. Бұл спорт түрінде айқасқа тікелей әсер ететін тактикалық ойлау - басты фактор. Бұдан өзге шахматшының физикалық дайындығы да мықты болуы тиіс. Физикалық әлсіз адам көп уақыт бойы отырып жаттығу жасай алмайды. Және ең соңғысы - бұл еңбекқорлық, жинақылық пен табандылық. Себебі, жарыстарға дербес жаттығу қажет болады. Демек, кезекті жеңісте психологиялық икемделу маңызды роль атқарады, әсіресе, егер қарсыластардың шеберлігі тең дәрежеде болса. bilim-all.kz сайтынан алынды. 


Павлодарда өткен аралас жекпе-жек жарысынан түскен қаржы сырқат балаларды емдеуге жұмсалады

Павлодарда ММА аралас жекпе-жек бойынша «Қаһарлы күрес-17» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.Жарысқа Бразилия, Литва, Украина, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстан елдерінен 24 спортшы қатысты. Он екі жекпе-жекке тұратын жарыс бес сағатқа созылды. Кештің басты жекпе-жегі павлодарлық Фаниль Рафиков пен бразилиялық Жозе Маркус Сантиагоның арасында болды. Әділ қазылар алқасының шешімімен Фаниль Рафиков жеңіске жетті. Павлодарлық батырды қала әкімі Болат Бақауов марапаттады. Павлодардағы «Ахмат» кәсіпқой спорт клубының президенті Сұлтан Ичиевтың айтуынша, билеттен 800 мың теңге жиналған. «Билеттен түскен қаржыға 200 мың теңгені өз атымыздан қосып, жалпы сомасы бір миллион теңгені екі баланың емделуіне бөліп бердік. Олар сал ауруына шалдыққан 2002 жылы туған Даниил Шефнер мен 2006 жылы туған Әлішер Аманолла. Даниилге дәрігерлер лейкодистрофия диагнозын қойған, ал Әлішерде орта деңгейлі спастикалық диплегия. Бұл біздің клубтың халықаралық турнирден жасаған алғашқы қайырымдылық шарасы», - деді С. Ичиев. Сондай-ақ Сұлтан Ичиевтың атап өткендей, шет елден келген спортшылар Павлодарда Наурыз мерекесін тойлаған.  «Ұлыс күні қонақтарымызға қатты ұнады. Бразилиялықтар қазақша еттен ауыз тиді, олар бұдан керемет асты жеп көрмегендерін айтты», дейді бапкер. «Batyr mall» орталығында өткен ММА аралас жекпе-жек бойынша «Қаһарлы күрес-17» халықаралық турнирін 1000-ға жуық адам тамашалады. Аталмыш турнир «Боец» телеарнасынан көрсетіледі. 


Универсиада - 2017: Кәсіпқой фитнес-тренер Алматы тұрғындарына қоғамдық спорттық жаттығу жұмыстарын жүргізеді

28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада-2017 жобасы аясында Алматы тұрғындарына арналған жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Халықты салауатты өмір салтын ұстануға шақыру үшін тауға жаяу көтерілу де ұйымдастырылды. Бұл туралы Универсиада-2017 дирекциясы хабарлады.Наурыз - маусым айларының әр сенбісінде ҚР тұңғыш Президенті саябағында Қазақстанның кәсіпқой фитнес-тренері Бауыржан Кәріповтың басшылығымен жалпыхалықтық тегін спорттық жаттығу жұмыстары өткізіледі. «Алматыда бұқаралық спорт жақсы дамуда. Қоғамдық жаттығулар қала тұрғындарын біріктіріп, олардың денсаулықтарын нығайта түседі. Дирекцияның бастамасымен ұйымдастырылып жатқан бұл шаралар оңтүстік астана тұрғындарына өз пайдасын тигізіп, спорттың дамуына үлесін тигізеді деп үміттенеміз. Жалпы, Универсиаданы Алматы қаласында өткізу спорт пен спорттық инфрақұрылымның дамуына жаңа бір күш береді», - деді алғаш рет жаттығу жұмыстарын жүргізген тренер Бауыржан Кәріпов. Бауыржан Кәріпов - Қазақстандағы ғана емес, ол әлемдік дәрежедегі ең мықты бапкерлердің бірі. Өз-өзін қорғау және тойтарыс беру «Барыс» мектебінің, Алматы қаласындағы Муай-Тай мен кикбоксинг мектептерінің  негізін салушы. АҚШ-тың ең танымал спорт клубтарында қызмет атқарған. «Жұлдызды тренер» (тренер әйгілі киножұлдыздар, ресей мен америкалық эстрада жұлдыздарын спортқа баулыған) титулының иегері. Бауыржан Кәріпов көптеген спорттық жарыстарда жүлделі болған. Ол каратэ, кик-бокстың түрлі жарыстарына және Америка Чемпионатында триатлонға қатысқан. Аталмыш қоғамдық жаттығу жұмыстарына кез-келген адам қатыса алады. Ол үш ай бойы әр сенбіде, таңғы сағат 10-да  Республиканың Тұңғыш Президенті саябағында өткізіледі. Универсиада-2017 дирекциясы «Dostyk Crossfit» спорт клубымен бірігіп наурыз-маусым аралығында тауға жаяу көтерілу ұйымдастырды. Кез-келген адам қатыса алады. Тауға шығатын топтың жиналуы әрбір жексенбіде таңғы сағат 10-да «Шымбұлақ» курортының автотұрағында өткізіледі.   Еске сала кетсек, биылғы жылы имидждік спорттық шараларға бөлінетін қаржының қысқартылуы нәтижесінде Алматы қаласындағы бұқаралық спорт шығындары 20 есе артты.         


Головкин Фрочтың сынына өз соққысындай жауап берді

Бірнеше нұсқа бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Карл Фрочтің GGG беделіне қатысты мәлімдемесіне жауап берді, деп жазды Sports.kz.Жуырда Фроч Геннадий Головкинмен Билли Джо Сондерстің болуы мүмкін жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасағанда Геннадийді сынады: «Головкинді барлығы көтерген шыңға мен қоя алмаймын, - деді Фроч. -Билли Джо жеңе алмайтындай ол кімді сұлатты?  Оның беделі жайлы тым асырып та жіберді. Ол мықты боксшы, қатты ұрады, алайда жоғары дәрежедегі біреуді ұрып көрсін. Сондай мықтыны жерге жықсаң, сен туралы  жаңа Шугар Рэй Леонард деп айтып жүремін. Головкинге қарағанымда оның соққыларды жіберіп алғанын байқаймын». Бұл жарияланымға арналған жауабын қазақстандық өз твиттерінде «Мұны анықтаудың бір ғана амалы бар» деп жазды.      


V Алматы марафонына тура бір ай қалды

V Алматы марафонына тура бір ай қалды. Ол алдағы 24 сәуір күні Алматы қаласында өтеді. Ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша, әзірге қайырымдылық жарнасы  3000 теңгені құрайды. Ал сәуір айында ол 4 000 теңге болады. «Алматы марафонына www.almaty-marathon.kz сайтымыздағы онлайн-тіркелу әлі жалғасуда. Сондықтан, барлық әуесқойларды қайырымдылық жарна сомасы 3 000 теңге болып тұрғанда тездетіп тіркелуге шақырамыз. Марафонның қайырымдылық мақсаты -  «АРДИ» (Мүгедек балалардың ата-аналары қауымдастығы) орталығына тірек-қимыл жүйесін қалпына келтіруге арналған жабдықтарды сатып алу», - деді осыған орай ұйымдастыру комитетінің директоры Салтанат Қазыбаева. Естеріңізге сала кетейік, биыл тіркелу айы бойынша градация енгізілді. Сәуірде жарна сомасы 4 000 теңге болмақ. Бастапқы пакеттер 22-23 сәуірде өтетін Спорт жәрмеңкесі барысында беріледі. Алматы марафоны 24 сәуірде болады. Биыл бұл шара барысында тұңғыш рет 10 шақырым қашықтықта «Скандинавия жүрісі» жарысы болады. Соның арқасында әуесқойлар Алматы Марафонын жүгіріп те, жылдам қадаммен жүріп те өте алады.      


Батысқазақстандық шорттрекшілер ел чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді

 Астана қаласында шорт-тректен өткен ел чемпионатында батысқазақстандықтар жеңіс тұғырынан көріне білді.БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Анита Нагай көпсайыстан екінші, 500 және 1 мың метр қашықтықтан үшінші, 1500 метрден екінші, 3 мың метрден бірінші орынды иеленді. Абзал Әжіғалиев пен Айдар Бекжанов көпсайыстан сәйкесінше бірінші және екінші орынды еншіледі. Оған қоса 500 метрден Айдар бірінші, Абзал екінші, 1 мың метрден Абзал мен Айдар сәйкесінше бірінші және екінші, 1500 метрден Абзал бірінші, Айдар үшінші, 3 мың метрден Абзал бірінші, Нұртілек Қажығали екінші орынға көтерілді. Эстафеталық сайыстарда БҚО ерлер мен әйелдер құрамасы көштің алдын бермей, мәреге бірінші келді. Еске сала кетейік, батысқазақстандықтар Абзал Әжіғалиев, Айдан Бекжанов, Нұрберген Жұмағазиев өнер көрсеткен Қазақстан құрамасы Сочи олимпиадасында эстафеталық жарыста бесінші орынды иеленген болатын. Ал биыл Анита Нагай Норвегияның Лиллехаммер қаласында жасөспірімдер арасында өткен қысқы олимпиадалық ойындардың қола жүлдегері атанды.        



Қазақстандықтар әлемдік джиу-джитсу рейтингінде ТОП-5 қатарына кірді

 Екі қазақстандық спортшы Дүниежүзілік джиу-джитсу федерациясының рейтингінде ТОП-5 қатарына кірді, деп хабарлады Новости-Қазақстан АА-ға ҚР джиу-джитсу қауымдастығының бірінші вице-президенті Илья Мирзо. «Спортшыларымыз мұндай жарыстарға бұрын да қатысқан, алайда біздің құрама мұндай көлемде медальдар алмаған болатын. Бұл тек қана кезең. Біз Дүниежүзілік және Азиялық ойындарға қатысу үшін рейтинг жинап жатырмыз. Екі спортшымыз бүгінде үздік бестік қатарына кірді», - деп мәлімдеді Илья Мирзо. Оның айтуынша, биыл қыркүйекте құрама Польшада әлем  чемпионатына қатысады. Қауымдастық онда тағы да медальдар алудан үмітті. Ол Қазақстанның 2017 жылы Дүниежүзілік ойындарға қатысуына мүмкіндік береді.   



Доус, Боченски мен Бойд - хоккей бойынша әлем чемпионатына Қазақстан құрамасына үміткерлер

 Қазақстан құрамасының бапкерлік штабы Санкт-Петерборда 2016 жылы өтетін әлем чемпионатына дайындалу үшін Мәскеуде Қазақстан құрамасына  үміткерлердің кеңейтілген тізімін ұсынды, деп мәлімдеді Sports.kz.Қазақстан құрамасының құрамы: Қақпашылар: Алексей Иванов, Виталий Колесник, Дмитрий Мальгин, Павел Полуэтов. Қорғаушылар: Михаил Гребенщиков, Кевин Даллмэн, Станислав Зинченко, Мадияр Ибрайбеков, Виктор Ивашин, Антон Казанцев, Данияр Қайыров, Андрей Корабейников, Артемий Лакиза, Александр Липин, Алексей Литвиненко, Илья Лобанов, Леонид Метальников, Дамир Рыспаев, Роман Савченко, Максим Семенов, Иван Степаненко, Вячеслав Трясунов, Евгений Фадеев. Шабуылдаушылар: Алексей Анциферов, Алихан Асетов, Нұрсұлтан Белгібаев, Максим Беляев, Дастин Бойд, Брэндон Боченски, Алексей Воронцов, Дмитрий Гренц, Найджел Доус, Талғат Жайлауов, Павел Жилин, Никита Иванов, Вадим Краснослободцев, Иван Кучин, Артем Лихотников, Владимир Маркелов, Никита Михайлис, Михаил Паньшин, Константин Пушкарев, Михаил Рахманов, Константин Руденко, Евгений Рымарев, Константин Савенков, Кирилл Савицкий, Антон Сагадеев, Илья Соларев, Андрей Спиридонов, Роман Старченко, Максим Худяков, Аркадий Шестаков, Александр Шин.         


Абель Санчес: Альварес 15 күн ішінде не жекпе-жекке келіседі, не титулынан айырылады

 Геннадий Головкиннің бапкері Абел Санчесті орта салмақтағы WBC чемпионы Сауль Альварес командасының орта салмақ аясында қазақстандық боксшымен айқас өткізуге ниеті жоқ екендігі туралы мәлімдемесі еш алаңдатпайды.Головкин тарапы орта салмақта жекпе-жек өткізуге ниетті, ал мексикалық болса, 155 фунт - сәл төмен салмақта өнер көрсетеді, деп «Чемпионат» басылымынан үзінді келтірді sports.kz. Головкин IBF/IBO/WBA тұжырымдары бойынша әлем чемпионы әрі WBC нұсқасы бойынша әлемнің уақытша чемпионы, сондай-ақ Альварестің титулына міндетті үміткер саналады. Бұдан бұрын боксшылар командасы айқасты осы жылдың күзінде өткізетіні жайлы уағдаласқан. Бұл Альвареске алдымен Амир Ханмен айқасуға мүмкіндік береді. Ол Лас-Вегаста 7 мамырға жоспарланған. Головкин 23 сәуірле Лос-Анджеелесте Доминик Уэйдпен рингке шығады.  «Белгілі бір тәртіп бар. Қолымда мүдделі тараптардың барлығы қол қойған құжат көшірмесі де бар. Golden Boy мен Альварес командасы бір жақтан, K2 және Головкин командасы екінші жақтан оған қол қойған. Осы құжатта олардың айқас өткізуді қабылдау немесе  бас тарту үшін 15 күн уақыты бар екені айтылған. Егер олар келіссе, онда бізде оны өткізу жағдайларын уағдаласу үшін 13 күн уақытымыз болады. Егер келісімге келе алмасақ, онда промоутерлік сауда-саттық өткізеді. Ол өткеннен кейін барлығы және боксшылардың гонорары WBC қағидаларының аясында айқындалады. Барлығы қағазда жазылған. Барлығы WBC қағидаларымен айқындалуы тиіс», - деді Санчес.   

Андрей Аршавин сүйіктісіне Алматыдан пәтер іздеп жатыр

Алиса Казьмина Алматыға футболшының жанына көшіп келмек. «Қайрат» футбол клубының ойыншысы Андрей Аршавин  жаңа үйге көшіп, сол жерде өзінің екінші жартысымен өмірін жалғастыруды жоспарлап отыр.Андрей Аршавин мен Алиса Казьминаның қатынасы берік бола түспек. Танымал  футболшы мен оның құрбысы өз махаббаттарын басқа елді мекенде «сынап» көрмек. Олар спортшы келісімшарт бойынша жұмыс істеуге келген Алматы қаласында тұратын болады, деп жазды Starhit.ru.   

Футзал: «Тұлпар» ресми түрде ҚР чемпионатынан алынып тасталды

«Тұлпар» футзалдан Қазақстан чемпионатынан ресми түрде алынды, деп хабарлады Sports.kz.Елордалық «Тұлпар» қаржылық қиындықтарға байланысты Қазақстан чемпионатына қатысуды жалғастыра алмай, жарыстан алынды.    Медаль үшін  «Қайрат», «Аят» және  «Інжу» жарысқа түседі.   


IIHF Боченски, Доус пен Бойдқа ӘЧ-де Қазақстан құрамасы сапында ойнауға рұқсат берді

Қазақстанның шайбалы хоккей федерациясы Халықаралық хоккей федерациясымен астаналық «Барыстың» ойыншылары - Брэндон Боченски, Найджел  Доус және  Дастин Бойдтың 2016 жылғы әлем чемпионатына қатысатыны туралы келісім жасасты, деп хабарлады «Р-Спорт» агенттігіне ҚХФ жауапты хатшысы Глеб Каратаев.Хоккейден әлем чемпионаты Мәскеуде, Санкт-Петербургте 6-22 мамыр аралығында өтеді. Элиталық дивизонға қайтып оралған Қазақстан құрамасы Мәскеуде А тобында Ресей, Швеция, Чехия, Швейцария, Латвия, Норвегия, Дания командаларымен ойнайды. Боченски (АҚШ тумасы),  Доус пен  Бойд (екеуі  де - Канада) турнирге дайындалу, қатысу үшін Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізіміне енді.   


Мейвезер Головкинмен жекпе-жекке шығу үшін өз шартын айтты

Өткен жылдың қыркүйек айында мансабын аяқтағанын жариялаған әлемнің үздік боксшысы Флойд Мейвезер (49-0, 26 КО) рингке қайта оралуы мүмкін. Ол тіпті кездесуі мүмкін екі қарсыласының есімін атады.Олардың бірі - қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (34-0, 31 КО). Алайда Мейвезермен шығу үшін жерлесіміз Андре Уордты жеңуі тиіс, деп жазады, sports.kz. «Мен осыған дейін де Головкин менімен жекпе-жекке шығу үшін не істеу керектігін айтқан болатынмын. Алдымен ол Уордты жеңсін. Содан кейін ғана мен онымен жұдырықтасуға дайынмын»,- деді Мейвезер. Мейвезердің тізіміндегі екінші боксшы - WBC бойынша  жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы Дэнни Гарсиа (32-0, 18 КО). «Егер мен рингке қайта оралатын болсам, мені Дэнни Гарсия қызықтырады. Себебі ол жеңілуді білмейді және титулға ие. Егер мен онымен жекпе-жек өткізетін болсам ол әлем чемпионы болуы тиіс», - деді Флойд Мейвезер.   


Теннис: М.Кукушкин Майами турнирінің екінші айналымына шықты

Майами қаласында (АҚШ) теннистен өтіп жатқан ірі халықаралық турнирде Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин екінші айналымға шықты.  Тікелей спорттық көрсетілім арқылы мәлім болғанындай, М.Кукушкин бастапқы кездесуінде америкалық Брайан Бэйкерді 6:4, 6:2 есебімен жеңді. Матч барысында қазақстандық теннисші шебер ойын өрнегін көрсете білді. Екінші партияда есеп 5:1 болып тұрған сәтте Михаил өзі доп бергенде, матч-пойнтты пайдалана алмады. Дегенмен осыдан кейін америкалық теннисші доп бергенде, М.Кукушкин төртінші матч-пойнтты өз есебіне жазып, тартысты бәсекені брейкпен аяқтады. М.Кукушкин жүлде қоры 7 млн. АҚШ долларынан асатын жарыстың екінші айналымында осы турнирдің 30-ыншы ракеткасы, бразилиялық Томас Беллуччимен күш сынасады. Еске сала кетейік, М.Кукушкин іріктеу сайыстарының финалында тағы бір бразилиялық Жоао Соузаны 6:4, 7:6 есебімен тізе бүктіріп, негізгі турнирге жолдама алған болатын. Майами турнирінің әйелдер арасындағы жарысында (жүлде қоры - 6,1 млн. астам АҚШ доллары) екінші айналымға Қазақстаннан Зарина Дияс қана өткен болатын. Ол бүгін турнирдің 31-інші ракеткасы, австралиялық Дарья Гавриловамен кортқа шығады.   


Теннис: З.Дияс әлемнің бірінші ракеткасы С.Уильямспен кездеседі

Майами қаласында (АҚШ) теннистен өтіп жатқан ірі халықаралық турнирде қазақстандық Зарина Дияс үшінші айналымға шықты.Жүлде қоры 6,1 млн. доллардан асатын жарыстың екінші айналымында дүниежүзілік рейтингте 97-інші орында тұрған Зарина осы турнирдің 31-інші, әлемнің 34-інші ракеткасы, австралиялық Дарья Гаврилованы 7:5, 6:3 есебімен тізе бүктірді. Үшінші айналымда Зарина әлемнің бірінші ракеткасы, атышулы америкалық Серена Уильямспен шеберлік байқасады. Бірден екінші айналымға өткен Серена алғашқы кездесуінде отандасы Кристина Макхэйлді тартысты бәсекеде үш партияда (6:3, 5:7, 6:2) ұта алды. Еске сала кетейік, бір жыл бұрын З.Дияс Индиан-Уэллс турнирінің үшінші айналымында С.Уильямске 2:6, 0:6 есебімен есе жіберген болатын.     


Келл Брук: «Головкинмен айқасамын және рингке жеңемін деген көңіл-күйде шығамын»

Британдық Келл Брук IFL TV-ға берген сұхбатында Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға шығуға дайын екенін айтты, деп хабарлайды GGG-дің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі ресми тобы.«Ешкім Головкиннің қасынан тіпті жай ғана өткісі де келмейді, ал мен міне, камераға тіке қарап, Головкинмен егер біз салмақ туралы келіссек айқасқа түсетіндігімді айтып отырмын. Мен онымен рингке шығып, қолымнан не келетіндігін көрсетемін. Ол 160, ал мен 147, сондықтан бізге осы санның ортасында кездесу керек.  Ал Головкинмен жұдырықтасуға тек жеңісті ойлап шығамын», - деп мәлімдеді Брук.      


Геннадий Головкин: «Эстрада - Лопес жекпе-жегінен қапы қалмаңыздар!»

Қазақстандық Геннадий Головкин бокс сүйер қауымға GGG - Уэйд жекпе-жегінің кешінде андеркардта әйелдердің кездесуін тамашалауға кеңес берді, деп хабарлады Sports.kz.23 сәуірде Лос-Анджелесте Геннадий Головкин америкалық Доминик Уэйдпен кездеседі. Шоу аясында әйелдер арасында екі жекпе-жек өтеді: Сеньеса Эстрада (АҚШ) - Селена Лопес (Мексика) және Кения Энрикес (Мексика) - Амарис Кинтана (АҚШ). «Эстрада және Лопес жекпе-жегін көремін - сіздер де қапы қалмаңыздар!» - деп жазды Головкин өзінің шағын блогында.      



Қанат Ислам Майамидегі бокстың үлкен кешіне дайындалып жатыр

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам жекпе-жегін Астанада өткізе алар еді, бірақ оның таңдауы АҚШ-тың Майами қаласына түсті. 8 мамырда бұл қалада оның келесі жекпе-жегі өтеді. Қарсыласының есімі алдағы уақытта жарияланады.«Мені елордалық клубқа шақырды, бірақ олардың бокс кеші де мамыр айына түсіп тұр. Сондықтан біз бәрін ойластырып, Майамиді таңдадық. Болашақта Астанадағы кешке де қатыса аламын деп ойлаймын», - деген сөздерін келтіреді ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі Қ.Исламның ресми парақшасы. Бұдан басқа, бұған дейін Қанат Ислам Қытайда жекпе-жек өткізу мүмкіндігі туралы мәлімдеген. «Бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезде мен Майамидегі бокс кешіне дайындалып жатырмын. Кездесуді Қытайда өткізу нұсқалары одан кейін қарастырылады», - деп баяндады Қанат Ислам. Қанат Ислам кәсіби рингте 20 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті, соның 17-ін нокаутпен аяқтады. Боксшы бірінші орташа салмақта (69 келі) WBA Fedelatin және WBA FideCaribe нұсқалары бойынша әлем чемпионы.      


Назым Қызайбай Мэри Коммен жұдырықтасады

Бүгін қытайлық Цяньаньда Азия мен Мұхит елдерінің Олимпиадаға іріктеу жарысы ашылды. Онда Қазақстан атынан Рио жолдамасы үшін тоғыз спортшы - 6 ер мен 3 әйелден құрылған команда күреседі.БФК баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеребе тастау қорытындылары бойынша 52 келіге дейін салмақ дәрежесінде Олжас Сәттібаев бірінші жекпе-жегін қырғызстандық Азамт Үсенәлиевпен өткізеді. Қайрат Ералиев (56 келі)  Ченг-Лин Линмен (Тайбэй),  ал Абылайхан Жүсіпов (64 келі) -  үнді спортшысы Кумаром Маноймен кездеседі. Үш боксшымыз рейтингте бірінші орында тұр, соның арқасында бірінші жекпе-жекке қатыспайды. Жәнібек Әлімханұлы (75 келі) келесі айналымда Макото Такахаши (Жапония) - Ча-Вей Кан (Тайбэй) жекпе-жегінің жеңімпазымен, Әділбек Ниязымбетов (81 келі) -  Хегён Янг (Оңтүстік Корея) - Сумит Сангван (Үндістан) жекпе-жегінің жеңімпазымен, ал Иван Дычко (91 келі) Джозеф Годалл (Австралия) - Патрик Малата (Жаңа Зеландия) жұдырықтасуының жеңімпазымен кездеседі. Бойжеткендер үш олимпиадалық салмақ дәрежесінде шығып отыр. Дариға Шәкімова (75 келі) Оңтүстік Корея спортшысы Шинёнг Киммен, Назым Ищанова (60 келі) - Тонга Корольдігінің спортшысы Пуэки Фифитамен жұдырықтасады. Біздің еліміздің әлем чемпионы Назым Қызайбай (51 келі) жеребе бойынша бірінші жекпе-жекті атақты үнді спортшысы, әлемнің бес дүркін чемпионы Мэри Коммен өткізеді.      


Көкшетауда жасөспірімдер арасында суда жүзуден ҚР чемпионаты өтіп жатыр

Көкшетауда 2005 және одан  кейінгі жылдары туылған ұлдар мен қыздар арасында «Бурабай» інжу маржаны» суда жүзуден ҚР чемпионаты өтіп жатыр.«Бурабай» спорт сарайында ұйымдастырылып жатқан спорттық сайысқа Көкшетау қаласындағы олимпиадалық резервтерді дайындайтын нөмірі 4-ші балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, Степногордағы «Бөгембай батыр» атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты, Ақкөл балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және «Бурабай» спорт сарайында тәлім-тәрбие алатын жасөспірімдерден құралған және еліміздің әр облысынан келген барлығы 20 команда қатысып, бақтарын сынауда. Сайыс еркін, брасс, баттерфляй әдісі бойынша түрлі қашықтыққа жүзу арқылы өтуде.     


Батысқазақстандық спортшылар қол күресінен Азия чемпионатына жолдама алды

Батысқазақстандық спортшылар Самал Дәулетова, Кенжеқыз Қаупенова, Әсел Жұмағамбетова, Қуаныш Саламатов қол күресінен Азия чемпионатына жолдама алды.БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталған спортшылар Өскемен қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында өткен ел біріншілігінде табысты өнер көрсетті. С.Дәулетова 75 кг, К.Қаупенова 65 кг, Ә.Жұмағамбетова 75 кг жоғары және Қ.Саламатов 45 кг салмақта күміс жүлдегер атанды.      


Қызылордалық дзюдошы Германияда қола жүлдеге қол жеткізді

 Германияның Бремен қаласында дзюд­одан жастар арасында өткен халықаралық т­урнирде жерлесіміз, Жалағаш ауданының ту­масы, облыстық жоғары спорт шеберлігі ме­ктебінің спортшысы Жақсыбек Жеңісбек 6­0 келіде қола жүлдені иеленді.  Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасыныңы баспасөз қызметі хабарлады.  Ал Эрфурт қаласында қыздар арасында өтке­н халықаралық турнирде Әдия Сайын (№1ОРМ­БЖМ) 44 келі салмақта 3-орынды еншіледі.­ Айта кетейік, айтулы жарысқа 22 мемлекет­тен 900 спортшы қатысты. Қос спортшыны жарысқа Жанарбек Сансызбае­в және Арман Молдаханов дайындады.     


Елордада көркем гимнастикадан ел Кубогы өтті

Астанада көркем гимнастикадан Қазақстан Кубогы өтті. Жарысқа еліміздің 13 өңірінен 230 спортшы қатысты. Бұл туралы елорданың ресми сайты хабарлады.Елордалық спортшылар 39 медаль еншіледі: 18 алтын, 12 күміс және 9 қола. Командалық есепте астаналық гимнастшылар 2001-2003 ж.т., 2004 ж.т. және одан кіші жас санаттарында бірінші орынға табан тіреді. Жас спорт шеберлері көпсайыстан жеке жарыста да, топтық жаттығуларда да (2001-2003 ж.т.) тұғырға көтерілді. Қалалық көркем гимнастика мектебінің шәкірттері де көпсайыстан бірінші орын алды, ал доппен жаттығуда бәсекелестеріне есе жіберді.   «Өткен жылы ел Кубогы Қарағандыда өткен болатын, енді турнирді өзімізде елордада өткізіп жатырмыз. Елордалық гимнастшылар өз шеберліктерін көрсетті, әдеттегідей олар барлық шағын топтарда көш бастады», деді Астана қаласының көркем гимнастикадан аға бапкері Ләйлім Омарова. Оның айтуынша, спортшылар сәуір айының соңында Астанада ұйымдастырылатын Азия біріншілігіне қатысады.  


Батысқазақстандық жеңіл атлеттер ел чемпионатында табысты өнер көрсетті

Шымкент қаласында 25 наурызда жеңіл атлетикадан мәреге жеткен Қазақстанның қысқы чемпионатында батысқазақстандықтар табысты өнер көрсетті.Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, қыздар арасында 5 км қашықтықта спорттық жүрістен Елизавета Спирина алтын медальді жеңіп алса, кіші топтағылар арасынан Аружан Нәсіпқалиева спорттық жүрісте 3 шақырымнан қола жүлдені иеленді. 3 шақырымға жүгіруден Ғамзат Шабдан тағы бір қоланы олжалады. Найза лақтырудан ерлер арасында Артем Присташ чемпион атанса, әйелдерден Гүлзада Хабиева екінші орынды еншіледі.      


Шымкентте 227 спортшы жекпе-жек сайысынан ел біріншілігінде бақ сынайды

24 мен 26 наурыз аралығында Шымкент қаласында Әлия Юсупованың көркем гимнастика мектебінде ерлер мен әйелдер арасында жекпе-жектен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.Ел біріншілігін ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша, жарысқа республиканың әр өңірінен және Астана мен Алматы қалаларынан  жасақталған 55, 60, 65, 70, 75, 80, 85, 90 және 90 келіден жоғары 9 түрлі салмақ дәрежесінде 15 құрама топ сынға түседі. Әр өңірден жасақталған құрама командалар білікті спортшылар жасақталған. Олардың қатарында 8 халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, 29 спорт шебері мен 87 спорт шеберлігіне үміткерлер және түрлі шеберлік дәрежесі бар. Спортшылардың шеберлігін ұлттық санаттағы төрешілерден құралған төрешілер алқасы бағалайтын болады.  Төрешілердің көшін ұлттық санаттағы төреші Ринат Әбікешов бастаса, бас хатшының қызметін ұлттық санаттағы төреші Абай Қайырбеков атқарады. Жеңіс тұғырына шығуға, бақ сынасуға келген  қазақстандық спортшылардың саны 227 болса, олардың 27 әйелдер. Аталған дүбірлі доданы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің қолдауымен «Жекпе-жек сайыстан бүкілқазақстандық қауымдастығы» және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру комитеті ұйымдастырып отыр. Чемпионаттың нәтижесінде іріктеуден сүрінбей өтіп, ең үздік деп танылған жеңімпаз спортшылардан Қазақстан Республикасы жекпе-жек сайысының ұлттық құрама командасы жасақталатын болады. 


Сауль Альварес: Головкинді жеңсем де, мені сынайтындар табылады

  WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы  мексикалық  Сауль «Канело» Альварес  WBA (Super), IBF және WBC (Interim)  тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен осы салмақта айқасып, жеңіске жетсем де, мені сынаушылар  табылады деп санайды.«Сынаушыларға айтар жауабым жоқ, - деп мәлімдеді Канело. - Мені үнемі сынға алады. Айтар ештеңе жоқ. Егер Головкинді жеңсем, мені сынау үшін тағы себептер табыла береді.  Сондықтан да қазір өзімнің жасауым қажетті іспен айналысып жатырмын». Еске салсақ, 7 мамырда  Альварес   британдық  Амир  Ханмен жекпе-жекке шығады, деп хабарлады  sports.kz.      


Ауылда дзюдодан республикалық турнир өтті - Қызылорда облысы

 24-25 наурыз күндері Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов ауылында «Абзал и К» жүлдесі үшін дзюдодан  2001-2002 жылдары туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында республикалық ашық турнир өтті.  Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Биыл 6-шы мәрте ұйымдастырылған турнирге Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда облыстарынан және Өзбекстан елінен 33 команда, 500-ге жуық спортшы 17 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды. Жарысты ұйымдастырудағы мақсат - бұқаралық спортпен шұғылданушылар санын арттыру, ауылдық елді мекендерде  дзюдоны кеңінен насихаттау, жастарды спортпен шұғылдануға тарту арқылы олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Абзал и К» толық серіктестігінің кубок, диплом, медаль, және естелік сыйлықтарымен марапатталды.  Айта кетейік, дүбірлі дода Нағи Ілиясов аулында былтырғы жылы мемлекеттік-жеке әріптестік аясында салынған спорт кешенінде өткізілді. Турнир жеңімпаздары: Ұлдар арасында: 34 келі: Хусан Турсунов (Өзбекстан Респ.) 38 келі: Рахматулла Косимов (Өзбекстан Респ.) 42 келі: Нұрдәулет Аманқосов (Қызылорда обл.) 46 келі: Нұрсұлтан Зайзағалиев (БҚО) 50 келі: Нұрдәулет Әбдиев (Қызылорда обл.) 55 келі: Санжар Егінбаев (ШҚО) 60 келі: Дінмұхаммед Шәменов (Атырау обл.) 66 келі: Темурлан Базарбай (Өзбекстан Респ.) 73 келі: Аян Байғазы (Алматы обл.) +73 келі: Мақсат Таутай (Жамбыл обл.) Қыздар арасында: 32 келі: Құндыз Жылқыбай (Қызылорда обл.) 36 келі: Сапура Кеңесбекова (Қызылорда обл.) 40 келі: Сара Құлым (ОҚО) 44 келі: Аружан Темірғали (Қызылорда обл.) 48 келі: Анель Мұхан (Қызылорда обл.) 52келі: Гүлназым Талғат (Қызылорда обл.) 57келі: Сымбат Акрам (ОҚО)     


Батысқазақстандық садақшылар ел чемпионатында жақсы нәтиже көрсетті

 Шымкент қаласында жасөспірімдер мен қыздар арасында садақ атудан өткен ел чемпионатында БҚО құрамасы жақсы нәтиже көрсетті.БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, жарысқа Астана, Алматы қалаларынан, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарынан 156 спортшы қатысып, бақ сынады. Біріншілік қорытындысында М-4 (18+18 метр) жаттығуынан батысқазақстандық Артем Костин екінші орынды иеленсе, 2001 жылғы және одан кіші жастағы қыздар арасынан командалық жаттығуда құрамында Алина Ілиясова, Анар Волобуева, Екатерина Лыжникова бар БҚО құрамасы үшінші орынға көтерілді. М-3 жаттығуынан (25+25 метр) Әлихан Нұрышев, Алина Ілиясова, Владимир Кәрімов күміс, Анар Волобуева қола жүлдені иеленді.  Олимпиадалық айналымнан жекелей сында Артем Костин және құрамында Владимир Кәрімов, Артем Костин, Валерий Кривякин, Бауыржан Сатқан бар (1999-2000 жылғылар) БҚО құрамасы чемпион атанды. 2001 жылғы жасөспірімдер арасында құрамында Шамиль Сагутдинов, Әлихан Нұрышев, Сапар Байниязов, Илья Одарченко бар БҚО командасы екінші орынды еншіледі. Ал микстен 2001 жылғылар арасында Шамиль Сагутдинов пен Алина Ілиясова үшінші жүлдеге ілікті.    



Том Леффлер: «жекпе-жекке 30 күн қалғанда Головкиннің салмағы 164 фунт, Альварестікі - 167,8 болды, олардың қайсысы ірі?»

Промоутер Том Леффлер Головкин Доминик Уэйдпен жекпе-жегіне 30 күн қалғанда өлшенгенінде, Мигель Коттомен кездесуге сондай мерзім қалғандағы  Сауль Альварестің салмағынан жеңіл болғанын атап өтті, деп хабарлады Sports.kz.«Кездесуге дейін 30 күн қалғанда WBC салмақ өлшеуінде  GGG  салмағы 164 фунт  болды, Коттомен жекпе-жегінен 30 күн бұрын Канело салмағы 167,8 болған, яғни орта салмақтағы ірілеу әлем чемпионы кім?», - деп жазды Леффлер твиттерде.      


РИО ОЛИМПИАДАСЫ: Қытай құрамасына үш жолдама сыйлаған қазақ бапкерін білеміз бе?

Өткен аптада елорда төріндегі «Дәулет» спорт кешенінде күрес түрлерінен Азия елдері арасындағы Рио Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынды. Онда жерлестеріміз еркін күрестен - 4, грек-римнен - 1, әйелдер күресінен - 4, жалпы 9 жолдаманы жеңіп алды. Азияның 30-ға жуық елінен келген 168 балуан Рио Олимпиадасының 36 жолдамасын өзара бөліске салды. Астана төрінде Қазақстаннан кейінгі ең көп жолдаманы Қытай мен Жапония елінің балуандары олжалады. Қытай құрамасы еркін күрестен -1, әйелдер күресінен -1, ал грек-рим күресінен 3 бірдей жолдамаға қол жеткізді. Ал жапондықтар болса, еркін күрестен -2, қыздар күресінен - 1, грек-рим күресінен 2 жолдаманы қанжығаларына байлады. Бұл сандарға көз жүгірте отырып, грек-рим күресінен Қытай құрамасының көші ілгері екенін байқау қиын емес. Әлемді экономикалық тұрғысынан ғана емес, соңғы жылдары спорт жетістіктерімен де таңғалдырып жүрген көршіміздің құпиясы неде? Жалпы Астана төрінде грек-рим күресінен ең көп жолдаманы жеңіп алған ел - Қытай. Ал екінші, үшінші орындарды екі-екіден жолдама иеленген Жапония мен Қырғызстан түйіндеп тұр. Ал Қазақстан, Иран, Үндістан, Оңтүстік Корея елдері бір-бір жолдамаға ғана иелік етті. Алайда, Қытайдың грек-рим балуандары үш бірдей жолдаманы жеңіп алса да, жергілікті жанкүйерлердің аса бір қолдап қуаттағанын байқаған жоқпыз. Керісінше еркін күрестен иеленген жалғыз жолдамасына қол соқпаған көрермендер қалмады. Өйткені, күрестің бұл түрінен Қытай қоржынына жүлде сыйлаған балуан сол елде тұратын қандасымыз Ерланбек Кәтейұлына деген құрмет еді. Барлық БАҚ өкілдері Ерланбек бауырымызды батырға теңеп жарыса жазды. Өкінішке қарай, Қытайдың грек-рим күресінен 3 жолдамаға иелік етуінің ар жағында тағы бір қазақтың үлесі жатқанын мұндағы жанкүйерлердің брі білсе, бірі білген жоқ. Міне, Қытай балуандарының грек-рим күресінен көш бастауының құпиясы осы жерде жатқаны айдан-анық деп нық сеніммен айтуға болады. Грек-рим күресінен Қытай ұлттық құрамасының бапкері - Әлнұр Төргеұлы. Осыдан төрт жыл бұрын да Астанаға Қытайдың Ұлттық құрамасын бастап келген болатын. Биыл да елорда төріне Қытайдың ұлттық құрамасын осы бауырымыз алып келіп, қоржындарына бір емес үш бірдей жолдаманы салды. Қытай балуандары қазақ азаматының арқасында осындай ірі жеңіске жеткені анық. Жарыстан кейін Әлнұр бауырымызды әңгімеге тарттық. Бүгін сол сұхбатымызды оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік. - Әлнұр Төргеұлы, Астана төріне осымен екінші мәрте Қытай балуандарын бастап келіп отырсыз. Алайда, сізді мұндағы спорт сүйер қауымның бірі білсе, бірі біле бермейді. Өзіңізді қысқаша таныстырып өтсеңіз. - Мен арғы беттегі Іле аймағы Құлжа қаласының тумасымын. Грек-рим күресінен Қытай ұлттық құрамасын жаттықтырып жүргеніме біраз уақыт болып қалды. Негізгі балуандарды баптау менің мойнымда десем артық айтқаным емес. Өздеріңіз көріп отырғандай, өзім жаттықтырған балалардан іріктеп алып келген спортшыларым 3 жолдаманы жеңіп алды. Бұл қатал тәртіп пен тынбай жаттыққан еңбектің жемісі. Маңдай тердің өтеуі. Жігіттерім үмітімді ақтады.  -  Қатал тәртіп, қажырлы еңбек деп айтып кеттіңіз. Спортшыларға ең бастысы тәртіп керек пе, әлде еңбек  керек пе? - Мүмкін біреулер келісе қоймас. Менің ойымша, ең бастысы - тәртіп. Тәртіп болмаған жерде жемісті еңбек те болмайды. Жалпы, тәртібі жоқ кез келген жұмыстан ешқашан нәтиже болмайды. Сондықтан мен әрқашан тәртіпті басты орынға қоямын. - Қытайда аз ұлттар үшін «ұлттық құрамаға кіру Олимпиаданы бағындырумен тең» деп естиміз. Бұл шындыққа қаншалықты жанасады? - Әркім әр түрлі айтатын шығар. Әрине, қиын! Бұрын КСРО кезінде қазақ спортшыларына ұлттық құрамаға кіру қандай қиын болса, бүгінгі таңда Қытайдағы аз ұлттар сол елдің ұлттық құрамасына кіруі де соншалықты қиын деуге болады. Бірақ, айырмашылығы КСРО шын мықты мен шын таланттың иесін тобықтан қақты. Көріп тұрса да көрмеуге тырысты. Ал Қытайда олай емес. Миллиардтан қара үзіп, өзіңді дәлелдесең, ұлттық құраманың есігі ашық. - Біреулер Қытайдың ұлттық құрамасына спортшы болып жете алмай жүр. Ал сіз қалай бапкер болып барып жүрсіз? - Қытайды білесіздер, өте еңбекқор халық.  Және ісіне адал, қолынан іс келетін адамдарды ешқашан кеудесінен қақпайды, аяғынан шалмайды. Қытай соңғы жылдары өздерінде кенжелеген спорт түрлеріне шетелдерден мамандар тарта бастады. Шеттен ғана емес, өз елдерінің ішінде жүрген талантты мамандарды да назардан тыс қалдырмады. Сол ел ішінен іздеген мамандардың бірі ретінде мені де шақырды. Шақырған соң өз үлесімізді қосуға кірісіп кеттім. Қазір Қытайдың грек-рим күресіне үлес қосып жатқаныма бес жылдан асып барады. Жаман емес, бар білгенімді балуандарға үйретіп жатырмын. Мінеки, нәтижесін өздеріңіз де көрдіңіздер. - Қытай ұлттық құрамасына санаулы қазақтан шақырту алғаныңызға қарағанда, өзіңіз де спорттың бұл түрінен біраз биіктерді бағындырған боларсыз? - Біз қазақ «балуан халықпыз, күрес қазақтың қанында бар, бабаларымыз балуан болған» деп мақтанып жатамыз. Мақтанатын жерде мақтанғанға не жетсін. Балуан елдің баласы болғандықтан мен де күреспен ерте айналыстым. Небәрі 3-сынып оқып жүргенде күрес табалдырығын аттадым. Ес біліп, етек-жеңімді өзім жия алатын жасқа келгенде Алланың бұйрығымен 1992 жылы Алматы қаласына келіп, сол кездегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернатына оқуға түстім. Сол кезде нағыз күрестің не екенін білдім. Кейін, Қытайға қайтып барып, ішкі біріншіліктеріне қатыса бастадым. 1995-1996 жылдары Қытайдың біріншілігін қатарынан екі мәрте жеңіп алдым. Соның арқасында 1996 жылы Қытай өздерінің ұлттық құрама командасына қабылдады. Қытай құрамасында жүріп, Әлем, Азия біріншіліктерінде жарқын жеңістерге жеттім. 2004 жылы Грекияның Афины қаласында өткен Олимпиада ойындарында Қытайдың атынан екі қазақ өнер көрсеттік. Бірі - белгілі боксшы бауырымыз Қанат Ислам, екіншісі грек-рим күресінен мен болдым. Бірақ, сол Олимпиадада бағым жанбай 13-орынға табан тіредім. Міне, бұның барлығы айтуға жеңіл болғанымен, спортшы үшін ұзақ жылдық еңбек, үлкен тәжірибе. Осыны ескерген Қытай еңбегімді бағалап, өздерінің батысында жатқан шекаралық аймақтан мені астанасына шақырып алып, шәкірт тәрбиелеуге ұсыныс жасады. Қазір өз ісімді адал атқарып жатқан жайым бар. - Қанатпен бірге Олимпиадаға барғаныңызды айтып кеттіңіз. Бірақ, боксшы ініңіз Бейжің Олимпиадасынан кейін Қытайдың ұлттық құрамасын тастап, Қазақстанға кетіп қалды. Бұл кейінгі қазақ спортшыларының өрлеуіне кедергі болып жатқан жоқ па? - Ешқандай кедергі келтіргенін байқағаным жоқ. Керісінше, Қытайда қазақ спортшыларына деген сұраныс күн санап артып келеді. Оның ең басты себебі - қазақ балаларда тәртіп бар. Жеңіске деген құштарлығы мен қайсарлығы басым. Сондай-ақ, қазақ балалары кең далада, көк жайлауда таза ауамен тыныстап, қазы-қарта жеп, айран-сүт ішіп өскен халық емес пе?! Олардың күш-қуаты ішкі өлкедегі қытайларға қарағанда әлдеқайда жоғары болатынын қытайлар өздері де жақсы біледі. Қазақтарға тек физикалық тұрғыдан көп еңбектену керек. Бұрын кейбір қазақ бауырларымызда қара күш қаншалық көп болғанымен техникалық әдіс-тәсілден жұтаң болды. Енді-енді күш пен техниканы ұштастырып жатыр. Болашақта ол жақтағы қандастарымыз арасынан әлі де талай мықтылар шығатын болады. - Қытайдың еркін күрестен ұлттық құрамасында Ерланбек Кәтейұлын көріп қуанып жатырмыз. Енді өзіңіз тізгіннің бір ұшын ұстап отырған грек-рим күресінен қашан қазақ баласын көретін боламыз? - Ол күндер де алыс емес. Қазір қолымнан келген бар мүмкіндікті жібермеуге тырысып жатырмын. Қытайларды қызықтырып отырғанымыздың өзі бабамыздан жалғасқан батырлығымыз, балуандығымыз. Сондай-ақ, қазақ жастарының имандылығы, тәрбиелілігі, жаттығуға жауапкершілікпен қатысып, белсенді жұмыс жасайтындығы. Бұйырса, грек-рим күресінен де әлі талай қазақ балалары биіктерді бағындыратын болады. - Астана төрінде грек-рим күресінен жолдамалар саны жағынан көш бастадыңыздар. Қазақ елінің балуандарына қандай баға бересіз? - Қазақстан грек-римнен жалғыз жолдама алды екен деп, жалпы қазақ балуандарын кінәлауға болмайды. Жарыста жеңіс пен жеңіліс егіз. Алда әлі екі лицензиялық жарыс бар. Бұл жолы бағы жанбағандардың келесі жолы бағы жанатын болады. Жалпы, қазақ елінің спорты өте жоғары деңгейде дамыған деп үлкен сеніммен айта аламын. Жалғыз ғана мысал, Лондон Олимпиадасында әлемді қалай таңғалдырды. Алдағы Олимпиадада да сол көрсеткішті қайталауына тілектеспін.          



ТЕННИС: Воскобоева Miami Open турнирінің жұптық дәрежесінде 2-ші айналымға шықты

Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева және Австралия өкілі Анастасия Родионова дуэті Астана уақытымен жұмадан сенбіге қараған түні АҚШ-тағы Miami Open турнирінің екінші айналымына шықты. Жарыстың сыйлық қоры әйелдер арасындағы сында 6,8 миллион доллардан, ал ерлер арасындағы турнирде 7 миллион доллардан асады. Бірінші айналымдағы матчта Воскобоева/Родионова жұбы Андреа Клепач (Словакия)/Катарина Среботник (Словакия) дуэтін - 6:3, 6:7, 10:2 есебімен жеңді. Екінші айналымда қазақстандық-австралиялық жұп  Ванья Кинг (АҚШ)/Алла Кудрявцева (Ресей) дуэтімен кездеседі. Бұл жұп турнир басында Юлия Гергес (Германия)/Каролина Плискова (Чехия) дуэтін - 4:6, 6:3, 10:8 есебімен жеңді, деп хабарлады sports.kz.     


Абылайхан Жүсіпов бірінші олимпиадалық іріктеу турнирінде жеңіске жетті

Қытайлық Цяньаньде құрлықаралық іріктеу турнирі басталды. Онда 2016 жылғы Олимпиада ойындарына жолдамалар беріледі. 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Абылайхан Жүсіпов 1/8 финалға шықты. Ол үш кезеңде төрешілердің шешімімен Үндістан өкілі Маножа Кумарды (10:9, 10:9, 10:9) жеңді. Ширек финалға жолдама таразыға салынатын жекпе-жекті Жүсіпов 28 наурызда өткізеді. Оның қарсыласы Оңтүстік Корея өкілі Хунчул Лим болмақ, деп жазды sports.kz.     


Қазақстандық дзюдошылар Грузиядағы Гран-придің бірінші күнінде екі «қолаға» ие болды

Грузиядағы «Grand Prix» сериясының халықаралық турниріне 67 елдің өкілдері қатысып жатыр. Қазақстандық құрама турнирдің алғашқы күнінде екі қола медальға қол жеткізді. Үшінші орынға Галбадрах Отгонцецег және Жансая Смағұлова ие болды. Бүгін келесі салмақ дәрежелеріндегі спортшылары күш сынасады. «Kazsport» телеарнасында тікелей эфир сағат 19.00 басталады. Турнирдің бірінші күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан екі қола медалімен сегізінші орында.       


Көкшетауда жасөспірімдер арасында суда жүзуден ҚР чемпионаты өтіп жатыр

Көкшетауда 2005 және одан  кейінгі жылдары туылған ұлдар мен қыздар арасында «Бурабай» інжу маржаны» суда жүзуден ҚР чемпионаты өтіп жатыр.«Бурабай» спорт сарайында ұйымдастырылып жатқан спорттық сайысқа Көкшетау қаласындағы олимпиадалық резервтерді дайындайтын нөмір 4-ші балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, Степногордағы «Бөгембай батыр» атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты, Ақкөл балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және «Бурабай» спорт сарайында тәлім-тәрбие алатын жасөспірімдерден құралған және еліміздің әр облысынан келген барлығы 20 команда қатысып, бақтарын сынауда. Сайыс еркін, брасс, баттерфляй әдісі бойынша түрлі қашықтыққа жүзу арқылы өтуде.     


ФУТБОЛ: Бүгін Қазақстан құрамасы Анталияда Азербайжан командасымен кездеседі

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындықты бастап кетті.Қазақстан ұлттық құрамасы Дания, Румыния, Армения, Польша, Черногория командаларымен «Е» тобында ойнайды. Ал бұл іріктеу матчтары биылғы жылдың қыркүйек айында басталмақ. Биылғы жылы Қазақстан ұлттық құрамасы әдеттегідей маусым аралық жаттығу жұмысын Түркия елінде бастады. Наурыздың 21-30 аралығында ұлттық құрама жігіттері екі жолдастық кездесу өткізбек. 26 наурыз күні Анталия қаласында Әзербайжан құрамасымен ойнайды. Одан кейін сырт алаңда, Грузиядағы кездесу күтіп тұр. Еске сала кетсек, Қазақстан мен Әзербайжан өзара жеті рет кездескен. Сәйкесінше қос команда бір-бірін екі рет жеңген және үш рет тең ойнады. Командалар осыған дейін 2008 жылы дәл осы Анталия қаласында жолдастық кездесу өткізіп, 0-0 есебімен тең тарқасқан еді. Жолдастық кездесуден бөлек командалар өзара төрт рет негізгі матчта кездесті. Сәйкесінше өзара бір кездесуден басым түскен және екі ойын тең аяқталған. Командалар арасындағы соңғы ойын 2011 жылы Әзербайжанның пайдасына шешілген (3-2). Букмекерлік кеңселер болса бұл елің сәл де болса басымдылыққа ие екендігін көрсетті. Олар Әзербайжанның жеңісіне 2.7  тең ойын үшін 3.02  және Қазақстанның жеңісі үшін 2.93 коэффициент берді, деп хабарлайды alaman.kz.     


«Астана арландары » Puerto-Rico Hurricanes-ті 5:0 есебімен ұтты

 Дүниежүзілік бокс сериясы бойынша тұрақты чемпионат турнирінде (WSB) қазақстандық «Astana Arlans» бен пуэрторикандық «Puerto-Rico Hurricanes» клубы арасындағы кездесу 5:0 есебімен аяқталды.Еске сала кетсек, бұған дейін Мардан Берікбаев пен Нұрсұлтан Көшеғұлов жекпе-жегі сәтті аяқталып, команда жарыс аяқталмай жатып жеңіске ие болған. Үшінші ұпай 64 келідегі пуэрторикандық боксшы рингіге шықпай қалған соң жазылды.  Содан соң 91 келіде шығатын Еркін Мұхаметжан бірінші раундтың екінші минутында Иван Росадо Торресті нокаутқа жіберді. Петропавлда өткен бокс кеші Әбілхана Аманқұлдың WSB турниріндегі алғашқы жеңісімен аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша 75 келі салмақ дәрежедегі Рауль Санчес Мартеге қарсы жұдырықтасу нәтижесіндегі жеңісті қазылар бірауыздан жерлесімізге берді - есеп 3:0 (50:45, 49:46, 49:46). Қорытынды 5:0 есеп бойынша жеңісті жерлестеріміз алды.      


«Astana Arlans» командасының келесі матчы 2 сәуірде Өскеменде өтеді

 «Astana Arlans» командасының келесі матчы 2 сәуірде Өскеменде өтеді. Бұл туралы «Аstana Arlans» бас директоры, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев хабарлады.Еске сала кетсек, Дүниежүзілік бокс сериясы бойынша тұрақты чемпионат турнирінде (WSB) қазақстандық «Astana Arlans» бен пуэрторикандық «Puerto-Rico Hurricanes» клубы арасындағы кездесу 5:0 есебімен аяқталды. Серік Сапиев спортты кеңінен насихаттау үшін жекпе-жектер еіліміздің түрлі өңірлерде өткізілетінін атап өтті. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен матчты Петропавл қаласында ұйымдастырдық. Біз әрбір жерлесіміз салауатты өмір салтын ұстануын қалаймыз», - деді Серік Сәпиев.  Оның айтуынша, «Astana Arlans» командасының келесі матчын 2 сәуірде Өскемен қаласында өткізу жоспарланып отыр. «Astana Arlans» Дүниежүзілік бокс сериясы бойынша атағы көп клубтың бірі. Қазақ командасы үш мәрте бокс сериясының ақтық мәресіне шықты. Екі рет 2013-2015 WSB чемпионы атанды.       


Тоғызқұмалақ: Оралдағы ел чемпионатының алғашқы жеңімпаз-жүлдегерлері анықталды

Орал қаласында 26-30 наурыз аралығында тоғызқұмалақтан өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатының блиц түрі бойынша жарыс мәреге жетті.БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, 10, 12 және 14 жастағы жасөспірімдер арасындағы жеңімпаз-жүлдегерлер анықталды. Атап айтқанда, 10 жастағылар арасында: Ұлдар - Б.Еркін - 1-орын, Ш.Мырзахмет - 2-орын (екеуі де ОҚО-дан), Е.Батыр (Алматы облысы) мен Б.Қалыбек (ОҚО) - 3-орын. Қыздар - Ә.Әлемқызы - 1-орын (ШҚО), Н.Сейджаппар - 2-орын (ОҚО), І.Қайыржанова (БҚО) мен А.Төлекбаева (Қарағанды) - 3-орын. 12 жас: ұлдар -  Ы.Кенжебек (Қызылорда) - 1-орын, С.Смағұлов (Павлодар) - 2-орын, С.Әйтенов (Ақтөбе) пен Д.Қалыбек (ОҚО) - 3-орын. Қыздар - Ә.Дәуренбекқызы (Қызылорда) - 1-орын, А.Құсайынова (Атырау) - 2-орын, А.Оралбекова мен М.Бақтыбек (екеуі де ШҚО-дан) - 3-орын. 14 жас: ұлдар - Б.Батырбек (ОҚО) - 1-орын, Е.Әуелбай (Астана) - 2-орын, Ж.Тұрақбай (Маңғыстау) мен Н.Сүлеймен (Павлодар) - 3-орын. Қыздар: Б.Айжарық (Қызылорда) - 1-орын, Қ.Есіркеп (Астана) - 2-орын, Ж.Смайлова (Қостанай) мен Г.Алдабергенова (Ақтөбе) - 3-орын. Қазіргі кезде тоғызқұмалақтың классика түрінен сайыстар өтуде. Оған Астана, Алматы қалалары мен еліміздің 14 облысынан барлығы 250 спортшы қатысуда.           


Футбол: Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Әзірбайжанды ұтты

Түркияда футболдан өткен жолдастық кездесуде Қазақстан ұлттық құрамасы Әзірбайжан аяқдоп шеберлерін 1:0 есебімен тізе бүктірді.«Қазспорт» телеарнасынан көрсеткеніндей, бұл ойында Әзірбайжан құрамасы алаң иелері болып саналды. Соған қарамастан, кездесу қазақстандықтардың басымдылығымен өтті. 8-минутта Серікжан Мұжықов бұрыштамадан Бауыржан Исламханға пас берсе, «Қайраттың» капитаны оны айып алаңына қарай әуелетті. Мұны ұтымды пайдаланған Мақсат Байжанов баспен допты қақпаға сүңгіте салды. Бұдан кейін Ұлан Қонысбаевтың гол соғатындай мүмкіндігі болды. Екінші таймда Әзірбайжан құрамасы алға ұмтылып баққанымен, ештеңе бітіре алмады. Оларға кейде шеберлік жетіспей жатса, бірнеше рет Орал футболының түлегі, қазір Ресей премьер-лигасында көш  бастап келе жатқан команданың бірі «Ростовтың» намысын қорғап жүрген Стас Покатилов өз қақпасын аман алып қалды. Әсіресе, ол ойын соңына таман әзербайжандықтардың айып соққысын қайтара білді. Есесіне қазақстандықтар есепті ұлғайтындай мүмкіндіктерді мүлт жіберіп жатты. Әуелі Сергей Хижниченкоға дәлдік жетіспесе, одан кейін Мақсат Байжановтың соққысын Әзірбайжан  құрамасының қақпашысы аяғымен қайтара алды. Қосымша минуттарда алдымен Ғафуржан Сүйімбаевтың, іле-шала Алексей Щеткиннің соққылары қақпа маңдайшасынан кері қайтты. Сөйтіп, Қазақстан құрамасы биылғы маусымдағы алғашқы ойынында жеңіске жетті. Айта кетейік, қазақстандықтарды бұл матчқа қазіргі кезде «Ақжайық» командасының бас бапкері міндетін атқаратын Талғат Байсуфинов бастаған мамандар дайындап әкелді. Олар шеттен адам іздемей, қазақ футболының түлектеріне көбірек мүмкіндік берді. Бұл, әрине, құптарлық жайт. Енді Қазақстан ұлттық құрамасы 29 наурызда Грузия футболшыларымен тағы бір жолдастық кездесу өткізеді. 


Самбо: Есет Қуанов «Харлампиев мемориалы» турнирінің жеңімпазы атанды

Мәскеу қаласында 25-26 наурыз күндері самбодан өткен «Харлампиев мемориалы» әлем кубогы сайысында қазақстандық балуандар да жүлдеден құр қалған жоқ.Халықаралық самбо федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, әлемнің көптеген елдерінен майталман балуандар қатысқан жарыстың бірінші күні әйелдер арасында Гүлнәр Ерболова 52 кг салмақта финалда ресейлік Анна Харитоновадан таза жеңіліп, күміс жүлдегер атанды. Сондай-ақ Ақтолқын Смағанбетова 80 кг салмақта соңғы бәсекеде тағы да ресейлік Анастасия Филипповичке есе жіберіп, екінші орынды иеленді. Ал Ажар Кеңпейіл 60 кг, ерлер арасында Шыңғыс Шоқпытов 100 кг салмақта  қола медальді жеңіп алды.  Оған қоса әскери самбодан Ержан Қабделов 82 келіде күміс медальді олжалады. Жарыстың екінші күні Қазақстан қоржынына алтын медаль да түсті. Есет Қуанов 62 келі салмақта жеңіс тұғырына көтерілді. Сонымен қатар Динара Жұмабаева 64 кг, Ділдәш Күрішбаева 72 кг және Құндызай Жайшыбекова 80 кг жоғары салмақта финалда ғана сүрініп, күміс жүлдені иеленді. Ерлер арасында Бейімбет Қанжанов 52 кг, Айдын Дартаев 74 кг, әскери самбодан Амангелді Аманшаев 52 кг  және Руслан Аушев 100 кг жоғары салмақта қола жүлдені қанағат тұтты. 

З.Дияс әлемдік рейтингтің көшбасшысы С.Уильямске есе жіберді

Майами қаласында (АҚШ) теннистен өтіп жатқан ірі халықаралық турнирде қазақстандық Зарина Дияс үшінші айналымда әлемнің бірінші ракеткасы, атақты америкалық Серена Уильямспен күш сынасты.Сhampionat.com сайтының хабарлауынша, бұл тартысты бәсекеде Серена 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Бұл - қос теннисшінің екінші кездесуі. Өткен жылы Индиан-Уэллс турнирінде С.Уильямс 6:2, 6:0 есебімен ұтқан болатын. С.Уильямс Майамиде ширек финалға шығу үшін ресейлік теннисші Светлана Кузнецовамен шеберлік байқасады. Заринаның жүлде қоры 6,1 млн доллардан асатын Майами жарысының үшінші айналымына дейін жетіп, әлем чемпионатымен тең саналатын «үлкен дулыға» турнирін 21 рет ұтып алған атышулы теннисшімен тайталасуын жақсы табыс деуге болады. 2015 жылы қазақстандық теннисші Майами турнирінің екінші айналымынан аса алмаған еді. Қазір дүниежүзілік көште 97-інші орында тұрған Зарина Диястың биылғы турнирден кейін рейтингісі жоғарылайтыны анық.  


Михаил Кукушкин Томаз Беллуччи ойынды тоқтатқан соң Майамидегі «Мастерстің» үшінші айналымына өтті

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин бразилиялық Томаз Беллуччи ойынды тоқтатқаннан кейін Майамидегі (АҚШ) турнирдің екінші кезеңінен өтті. Ойын үшінші сеттің басында тоқтатылды. Ол кезде есеп 5/7, 6/3 болған еді. Томаздың матчты не себепті жалғастырмағаны туралы ақпаратты жарыстың баспасөз қызметі хабарламады.   «Miami Open» бәсекесінің келесі кезеңінде Кукушкин босниялық Дамир Джумхурмен кездеседі, деп жазды sports.kz.       



Алматыдағы жауынгерлік өнер фестиваліне 1000-ға жуық спортшы қатысты

Бүгін Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде Жекпе-жек сайыстар мен жауынгерлік өнер ұлттық түрлерінің халықаралық фестивалі өтті. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына бағытталған бұл игі шараға әлемнің 17 елінен 1000-ға жуық спортшы қатысты. «Бұл фестивальдің мақсаты - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік моделін ілгерілету, жастар арасында спорт пен саламатты өмір салтын насихаттау және осындай спорттық шаралар арқылы жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу. Бүгінгі фестивальге әлемнің 17 елінен 1000-ға мықты спортшылар қатысуда. Олар өз елдерінің ұлттық жекпе-жек өнерлерін паш ететін болады». - деді «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан кәрістері қауымдастығы жастар қозғалысының төрағасы Игорь Ли. Сонымен қатар, фестивальге Қазақсстанның таэквондо федерациясы , Республикалық жекпе-жек өнерлері одағы, ҚР каратэ федерациясы, «Бес қару» федерациясы, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Алматы қаласының этномәдени бірлестіктері мен Алматы қаласы әкімдігінің  өкілдері қатысып отыр. Ең алдымен елімізде жекпе -жек өнерінің дамуына үлес қосқан бірқатар ардагерлер естелік сыйлықтармен марапатталды. Одан кейін, қазақ күресі, өзбек жекпе-жек өнері, таэквондодан сегізінші Азия біріншілігінің құрама командасы, Шинкиокушин жекпе-жек өнері, капоэйра, будзинкан ниндзя, айдидо нишио рю, ушу өнерінің майталмандары өз өнерлерін паш етті. Фестивальдің ұйымдастырушылары - «Қазақстан кәрістері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі және ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ. Айта кетелік, осы фестивальдан соң «Достық» спорт кешенінде таэквондодан сегізінші Азия біріншілігі басталды.             



Қазақстандық Назым Ищанова Қытайдағы бокстан өтіп жатқан турнирді жеңіспен бастады

Қазақстандық Назым Ищанова Қытайдағы Цяньань қаласында бокстан өтіп жатқан турнирді жеңіспен бастады.60 келі салмаққа дейінгі дәрежеде өнер көрсететін Ищанова бірінші жекпе-жекте Тонга Корольдігінің өкілі Пуэки Фифитамен кездесті.  Қазақстандық 3:0 (30:26, 30:27, 30:27) есебімен басым түсті. Ищанованың келесі қарсыласы 2014 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы Қытай өкілі Инь Цзюньхуа болмақ, деп хабарлады Vesti.kz.      



Олимпиада чемпионы С.Сәпиев ҚР Ұлттық гвардиясының әскери институтында болды

Лондон Олимпиадасының чемпионы, бүгінде «Астана арландары» кәсіби бокс клубының бас менеджері Серік Сәпиев ҚР Ұлттық гвардиясының Петропавл қаласындағы әскери институтында болды. Білім ордасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, даңқты боксшы институтқа оның бастығы, порфессор, полковник Жұмабек Ахметовтің шақыруымен барған. Бұл шара 26 наурыз күні «Астана арландары» мен «Puerto-Rico Hurricanes» клубы боксшыларының кездесуі алдында өтті. С.Сәпиевпен бірге әскери институтқа «Астана арландары» клубының жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпеков пен команда капитаны Самат Башенов барды. «Спортшылар институт құрылымымен, курсанттардың тұрып жатқан жерлерімен және оқу орындарымен, ҚР Ұлттық гвардиясы Орталық мұражайының филалы экспонаттарымен танысты. Осыдан кейін әскери оқу орнының конференция залында қолбасшылықпен және институттық спортшы курсанттарымен кездесу өтті», - делінген хабарламада. Сонымен қатар елордалық спортшыларға Әскери институттың әскери қызметшілері қол жеткізген спорттық жетістіктер жайында ақпарат берілді. Өз кезегінде астаналық арландар әскери қызметші спортшыларға оқуда да, спорттық жарыстарда да зор табыстар тіледі. Осыдан кейін олар мемлекеттік рәміздер алдында институт ұжымымен естелік суретке түсті.        



Дияспен кездесуде қол жеткізген жеңіс Уильямстың спорттық жолындағы 750-ші болды

Майами (АҚШ) турнирінде төртінші кезеңге қатысуға жолдама алған Америкалық теннисші Серена Уильямс WTA-Туры аясында спорттық жолындағы 750 жеңісіне қол жеткізді.Әлемнің бірінші ракеткасының WTA рейтингінде 97-ші орында тұрған қазақстандық Зарина Дияспен кездесуіндегі сәтті ойыны  өзінің мерейтойлық жеңісіне қол жеткізді.   Атап өтейік, бұл көрсеткіш бойынша Серена тарихта жетінші орынға ие болып отыр. Жеңіске жеткен матчтардың саны бойынша тағы бір америкалық Мартина Навратилова көш бастап тұр. Ол 1442 рет қарсыластарынан басым түскен.     



Оралда М.Ықсановтың 90 жылдығына орай ардагерлер арасындағы турнир мәреге жетті

Орал қаласындағы «Арман» спорт кешенінде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мұстахым Ықсановтың 90 жылдығына орай волейболдан ардагерлер арасында қалааралық дәстүрлі турнир мәреге жетті.Жарыс қорытындысында БҚО құрамасы жеңімпаз атанса, атыраулықтар екінші, маңғыстаулықтар үшінші орынды еншіледі. Аудандар бойынша Ақжайық, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандары жүлделі орындарды бөлісті. Жекелеген волейболшылардан ақтөбелік Амангелді Сүйінтаев «Үздік қорғаушы», маңғыстаулық Бақадыр Қанназаров «Үздік шабуылшы», БҚО құрамасынан Қамбар Сәлімов «Үздік байланыстырушы», Ақжайық ауданынан Талғат Әділов «Үздік тосқауыл қоюшы», жәнібектік Тельман Ғұсманов «Турнир ақсақалы» аталымымен марапатталды. Сонымен қатар М.Ықсанов атындағы қоғамдық қордың атынан ерекше көзге түскен ойыншылар аталып өтілді. Жеңімпаз-жүлдегерлерге дипломдар мен кубоктар, ақшалай сыйлықтар тапсырылды. М.Ықсанов атындағы қордың төрағасы Асқар Атаевтың айтуынша, аталмыш жарыс 2006 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Биыл тоғызыншы рет өткізіліп отыр. Айта кетейік, Мұстахым Біләлұлы Ықсанов (1926-1991) республика көлемінде басшылық қызметтер атқарды. Соның ішінде 1963-1971 жылдары Қызылорда, Жамбыл облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, Қазақ КСР Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары болса, 1971-1975 жылдары Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің хатшысы қызметін атқарды. 1975-1986 жылдары Батыс Қазақстан облысына басшылық етіп, өңірдің өркендеп, түрлі саласының алға басуына сүбелі үлесін қосты. Әсіресе, Орал қаласында көптеген ғимараттар мен жолдар салынып, көрнекті шаһарға айналды.             


Алматыда таэквондодан (ITF) 8-ші Азия чемпионаты басталды

Бүгін Алматыда «Достық» спорт кешенінде таэквондодан (ITF) 8-ші Азия чемпионаты басталды. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл ауқымды спорттық шараға әлемнің 18 елінен 350-дей таэквондошы қатысуда.«Біз Азия чемпионатын елімізде осымен үшінші рет өткізіп отырмыз. Өйткені, отандық спортшылар соңғы 10 жыл ішінде Азия және Әлем чемпионаттарында жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Мысалы, әлемдік додада 4 рет алғашқы бестікке енсек, азиялық жарыстарда үнемі алғашқы үштікке еніп жүрміз. Сол үшін Азия федерациясы бізге осы жарысты ұйымдастыруды сеніп тапсырды», - деді өз сөзінде таэквондодан (ITF) Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Валерий Когай. Сонымен қатар ол, біріншілік аясында тұңғыш рет 11-13 жастағы балалар арасында жарыстар өткізілетіндігін жеткізді. «Бұған дейін Азия чемпионатында тек жасөспірімдер (14-17 жас) мен ересектер арасында ғана сайыстар өткізіліп келді. Енді міне, балалар да қатыспақ. Әлемнің 18 елінен 350-дей спортшы келді. Әр командада 20-шақты спортшыдан бар. Олардың ішінде ең жас спортшының жасы 10-да, ең ересегі - 40 жаста. Егер де әлемдік қаржы дағдарысы болмағанда чемпионатқа кем дегенде 22 ел қатысар еді», - деді В. Когай. Айта кетелік, 8-ші Азия чемпионаты Халықаралық Таэквондо федерациясының 8 бағдарламасы бойынша кадеттер - 11-13 жас, жасөспірімдер - 14-17 жас және 18 жастан жоғары ересектер арасында жеке және командалық есепте өткізіледі. Жарыс 30 наурызға дейін жалғасады. Жеңімпаздар тиісті медальдармен марапатталады. Қазақстан құрамасы сапында 80-ге жуық мықты спортшылар өнер көрсетуде. Отандық мамандар командалық есепте бірінші орын алуға үміт артуда.   Айта кетелік,бүгінде Қазақстан таэквондо федерациясының 10 облыстық филиалында 6 мыңнан астам спортшы шұғылданады. Федерация спортшылары жасөспірімдер, ересектер және ардагерлер арасындағы 14 - әлем, 7 - Азия чемпионатына және екі рет Әлем кубогына қатысқан. Сәйкесінше, Қазақстан таэквондошылары арасында 14 - Әлем чемпионы, 48 - Азия чемпионы, 12 - Әлем кубогының иегері және 100-ден астам Әлем және Азия біріншіліктерінің жүлдегерлері бар.     

Әділбек Ниязымбетов Қытайда біліктілік турнирінің төртінші күні рингке шығады

Қытайдың Цзяньань қаласында Азия және Мұхит елдерінің Риодағы Олимпиада ойындарына біліктілік жарысы өтіп жатыр.Бүгін рингке төрт қазақстандық спортшы шығады, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясына сілтемемен sports.kz. Күндізгі сессия (Басталуы Астана уақытымен сағат 12:00-де) 4-ші жұп, 52 келі: Олжас Сәттібаев - Ролдан Бонкалес (Филиппин) 5-ші жұп, 64 келі: Абылайхан Жүсіпов - Хунчул Ли (Корея) 9-шы жұп, 81 келі: Әділбек Ниязымбетов - Хегун Ян (Корея) Кешкі сессия (Басталуы Астана уақытымен сағат 17:00-де): 7-ші жұп 56келі: Қайрат Ералиев - Шен-Лин Лин (Тайпей).       


Алматы әкімі мердігерлерге Универсиада нысандарындағы әрлеу жұмыстарының сапасын арттыруды тапсырды

Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек құрылыс жұмыстары жүріп жатқан Универсиада-2017 нысандарын: Мұз аренасын, Мұз сарайын және Атлетикалық ауылды аралады.Мердігерлер қала басшысына құрылыс жұмыстарының барысы, сондай-ақ, құрылыс жұмыстарына қатысты бірқатар мәселелер жайында баяндады. Өз кезегінде қала әкімі атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына жіті көңіл бөлу керектігін баса айтты. «Жұмыстар уақыт кестесіне сай жүргізіліп жатыр. Нысандар дер кезінде қолданысқа беріледі. Бірақ, ең бастысы  - сапа. Бас мердігерлер тарапынан берілетін кепілді мерзімді ұзарту қажет. Үш жыл - бұл аздық етеді. Құрылысшылар нысандарды тапсырған соң, кемшіліктер табылып жүрмесін. Осы құрылыс жұмыстарына тартылған тұлғалардың барлығына жауапкершілік жүктелсін», - деді Б. Байбек.     Сонымен қатар, қала басшысы қолданылып жатқан материалдар бойынша тағы да сараптама жүргізу керектігін тапсырды. Бұл жерде басты мақсат - сапа жағына көңіл бөле отырып, отандық өндірушілерді көбірек тарту. «Бүгінгі таңда нысандардың дайындығы - 70-75 пайызды құрайды. Қазір, әрлеу, инженерлік коммуникацияларды іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көп ұзамай абаттандыру жұмыстары басталады. Ал қазақстандық мазмұнның үлес салмағы - 52 пайызды құрайды. Ішкі әрлеуге қатысты барлық дизайнерлік жобалар мақұлданған. Жұмыстардың барлығы белгіленген уақыт кестесі бойынша жүргізіліп жатыр», - деді Алматы қалалық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Асқар Мапаев. Әкім қысқы Универсиада ойындарын өткізу - қаланың дамуына жаңа серпін беруі керектігін алға тартты, яғни халыққа қызмет көрсету деңгейін, шағын және орта бизнес субъектілерін жаңа жұмыс орындарын ашуға ынталандыру, тұрғындар үшін спорт инфрақұрылымдарын жақсарту қажет.      


БОКСТАН ОЛИМПИАДАҒА ІРІКТЕУ: Үш боксшымыз - ширек финалда

Қытайдың Цяньань қаласында бокстан Азиялық іріктеу жарысы өтіп жатыр.Бүгін 1/8 финал кездесулері өтіп жатыр. 81 келі салмақта Әділбек Ниязымбетов кореялық Хегун Янмен кездесіп, 3:0 есебімен жеңіп, ширек финалға аяқ басты. Енді ол сириялық Алаа Елдин Гоусанмен кезеседі. 52 келіде Азия чемпионы Олжас Сәттібаев Ролдан Бонкалесті (Филиппин) 3:0 есебімен жеңді. 64 келіде Абылайхан Жүсіпов жарыстың нөмері бірінші боксшысы Хун Чун Лиді (Корея) 3:0 есебімен ұтты. Екі боксшымыз да ширек финалға шықты. Сәттібаев енді оңтүстік кореялық Ин Куммен, Жүсіпов австралиялық Давид Виддлимен кездеседі, деп жазады аламан.кз.     


Астанада конькимен жүгіру көпсайысы бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды

Астанада әйелдер мен ерлер арасында конькимен жүгіру көпсайысы бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты және жасөспірімдер арасында жеке қашықтық бойынша ҚР-ның чемпионаты басталды.Жарыс 28-30 наурыз аралығында «Алау» мұз айдынында өтеді. «Біріншілікке 105 спортшы қатысып отыр, бұл ҚР-ның көпсайыстан әйелдер мен ерлер арасындағы чемпионаты. Жасөспірімдер арасында жеке қашықтық бойынша ҚР-ның чемпионаты да қатар өтеді. Жарысқа 8 аймақтан спортшылар келіп отыр», - деп атап өтті ҚР Мемлекеттік жаттықтырушысы Кенже Сәрсекенова. Оның айтуына қарағанда, чемпионаттың нәтижесі бойынша, ұлттық құрамаға жеңіске жеткен 10-ға тарта спортшы алынады. Танымал спортшылардан бүгінгі жарысқа Александр Жигин, Денис Кузин, Федор Мезенцев, Екатерина Айдова қатысып жатқандығын да айта кеткен жөн. «Ерлер 500, 3000, 1500, 5000 метр қашықтықта, әйелдер 500, 1000, 1500, 3000 метр қашықтықта сайысады. Төрт қашықтықтың қорытындысы бойынша чемпиондарды анықтаймыз. Осы жарыспен  2015-2016 жылғы жарыс маусымы аяқталады. Бұл 2016-2017 жылғы  жарыс кезеңіне іріктеу болып саналады. Осы чемпионаттың қорытындысы бойынша, 1, 2, 3 орындарға ие болған спортшылардан  келесі жылға ұлттық құрама мен жастар командасын құрамыз», - дейді мемлекеттік жаттықтырушы.                  



Қысқы Универсиада нысандары ойындардан кейін тұрғындарға қол жетімді болады - Н. Нұров

Алматыда қысқы Универсиадаға арналған Атлетикалық ауылдың алдында орналасқан пирамида ғимаратында ойындардан кейін Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады. Бұл туралы бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбектің Универсиада нысандарын аралауы барысында қалалық спорт басқармасының басшысы Наиль Нұров мәлімдеді.Сондай-ақ, бұл ғимаратта салтанат залы және музыкалық аспаптар музейі орналасатын болады.  «12 мың орындық Мұз сарайында әр түрлі деңгейде спорттық және мәдени шаралар өткізіліп тұрады. Өйткені, бұл - әмбебап кешен. Олардан басқа, онда мини-футболдан, баскетболдан және волейболдан ұлттық құрама командалар оқу-жаттығу жиындарын өтізеді. Медеу ауданында орналасқан Мұз аренасы да осындай мақсаттарға пайдаланылады», - деді Н. Нұров. Оның айтуынша, Атлетикалық ауылда олимпиадалық дайындық Орталығы және қаланың басқа да спорт ұйымдары орналасатын болады. «Атлетикалық ауылда жеңіл атлетикалық жүгіру жолдары бар футбол стадионын салу жоспарланған. Елбасының тапсырмасы бойынша Универсиаданың барлық нысандары ойындар аяқталған соң, халыққа қол жетімді болады», - деді спорт басқармасының басшысы.Айта кетелік, Универсиада нысандары үстіміздегі жылы тамыз айының соңында пайдалануға беріледі. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарының 70 пайыздан астамы орындалған.   



Қазақстандық боксшы Қайрат Ерәлиев Қытайдағы іріктеу турнирін жеңіспен бастады

56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық Қайрат Ерәлиев қытайлық Цзяньаньде өтіп жатқан  Риодағы Олимпиада ойындарының іріктеу турнирінде ширек финалға шықты.Бұл туралы sports.kz жазды. Қайрат Ерәлиев Қытайдағы іріктеу турнирінің алғашқы сынында   Тайбэй өкілі Линг Шен Линді 3:0 есебімен жеңіп, жарыстың келесі кезеңіне өтті.   



Қызылордалық таеквондошылар ел чемпионатынан 15 жүлдені иеленді

Қостанайда таеквондодан кадеттер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында қызылордалық спортшылар 15 жүлдені (3 алтын, 4 күміс, 8 қола) иеленді. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.Жекелей есепте Сымбат Мұханбетқали (51 келі, спорт интернат), Арман Жарылқасынов (53 келі, Байқоңыр қ.), Айнара Жеткергенова (59 келі, №11 Сырдария БЖСМ) ел чемпиондары атанды. Жәния Әмірхан, Әзиз Сұлтанов, Аружан Әбдіқадыр, Ақдәулет Қожахмет күміс жүлдеге ие болса, Әсел Қуандыққызы, Диас Шанжархан, Ернұр Алтынбек, Ғабит Ертай, Құдайменді Рысбек, Айым Тоғман, Гүлмира Сахитова, Самат Болатбаев чемпионаттың қола жүлдесін еншіледі. Жеңімпаз атанған 3 спортшы тамыз айында Кореяның Муджу қаласында болатын Азия чемпионатына қатысады.            


Ақтөбе жанкүйерлері С. Сымақовты клуб тарихы бойынша ең сүйікті ойыншы деп таныды

 «Ақтөбе» футбол клубының жанкүйерлері қазақстандық футбол ардагері Самат Сымақовты команданың күллі тарихы бойынша ең сүйікті ойыншы деп таныды.Бұл нәтижені ВКонтактеде 47 мыңнан астам жазылушысы бар «Қызыл-ақ аумағы» қоғамдастығының сұрақ-жауабы көрсетті.  «Самат Сымақов -   «Ақтөбе» футбол клубының күллі тарихы бойынша  оның жанкүйерлерінің ең сүйікті ойыншысы, - делінген жарияланған хабарламада. -  Жанкүйерлерге түрлі кезеңдердегі клубтың үш үміткерінің тізімі ұсынылды. Смақов Ақтөбелік әр жанкүйердің топ-3-тігіне ілікті. Атап өтсек, 37 жастағы Сымақов «Ақтөбе» ФК-ға осы жылдың басында оралған. Ол бұрын клубта 2007-2012 жылдары ойнаған. Өткен маусымда өткен «Ертіс» ФК жартылай қорғаушы ретінде футболшы 26 ойынға қатысып, үш гол соққан.       



Қостанайда таэквондодан Қазақстан чемпионаты өтті

Қостанайда таэквондодан кадеттер арасында республикалық чемпионат бірінші рет өтті. Оған Қазақстанның барлық облыстарынан кадет спортшылары қатысты.2002-2004 жылы туған 360 таэквондошы 10 салмақ дәрежесінде сынға түсті. Олардың арасында 3 әлем чемпионы да болды. Осы чемпионатта бәсі басым болғандар республика құрамасына өтіп, әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды. Мамандардың айтуынша, жарыс әлемдік стандартпен өтті. Айта кетейік, спорттың бұл түрі Қостанайда кенжелеп қалған болатын, облыс құрамасы республика бойынша соңғы орында. Облыстың таэквондодан бас жаттықтырушысы Ахтам Одилов: «Бүгін қостанайлық біраз балалар қатысып жатыр, бірақ олардың тәжірибесі әлі аз, республикалық құрамаға өтпейді. Оның есесіне бұл чемпионат олар үшін жақсы жаттығу болып тұр», - деді. Еліміздегі кадеттер арасындағы аға жаттықтырушы Мырзағали Сұрағановтың айтуынша, алдымен халықаралық турнир Мәскеуде өтеді, содан іріктелгендер Кореяда қыркүйек айында өтетін әлем чемпионатына жолдама алады. Өткен жылғы әлем чемпионатынан қазақстандық кадеттер 3 қола медал алған болатын. Бұл жолы олардың алтын мен күмістен үміті бар, деп жазады egemen.kz.       



НВО телеарнасы Головкин-Уэйд жекпе-жегіне арналған промороликті жариялады

НВО телеарнасы Головкин-Уэйдтің алдағы жекпе-жегіне арналған промороликті ұсынды.WBA (Super), IBF және WBC (Interim) нұсқалары бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы, 33 жастағы Геннадий Головкин (34-0, 31КО) өзінің келесі жекпе-жегін 23 сәуір күні Лос-Анджелес маңындағы (Калифорния штаты, АҚШ) The Forum аренасында өткізеді. Оның қарсыласы - Американың 25 жастағы боксшысы Доминик Уэйд (18-0, 12КО). Бастапқыда Головкиннің қарсыласы міндетті үміткер болып жарияланған Туреано Джонсон болуы тиіс еді, алайда ол иығының жарақаты салдарынан бұл мүмкіндігін пайдалана алмады. Ақыры IBF рейтинг бойынша жақын болған спортшыны тағайындады. Бұл кеш аясында P4P рейтингінің көшбасшысы, 28 жастағы никарагуалық Роман Гонсалес жекпе-жек өткізеді. Еске сала кетейік, қазақстандық боксшы үшін бұл WBA титулын 16-шы рет, IBO титулын - 13-ші рет, WBC (Interim) титулын - төртінші рет және IBF титулын бірінші рет қорғауы болмақ. Головкин кәсіби рингте 34 жекпе-жек өткізіп, соның барлығында жеңімпаз атанған. Бұл ретте қазақстандық боксшы 31 жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтады. Уэйд кәсіби рингте 18 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңген. Соның 12-сінде қарсыласын нокаутқа жіберген.    



Мәнерлеп сырғанаудан ӘЧ: Қазақстан намысын Денис Тен, Элизабет Тұрсынбаева сынды спортшылар қорғайды

28 наурыз күні Американың Бостон қаласында басталған мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында Қазақстан үш категорияда өнер көрсетеді: ерлердің мәнерлеп сырғанауы, әйелдердің мәнерлеп сырғанауы және мұздағы би.Алғашқы екі күн спортшылардың дайындығына арналған. Жарыс 30 наурыз күні бишілердің мұздағы қысқа бағдарламасынан басталады. Қазақстанның намысын 24 жастағы Дарын Жүнісов пен 18 жастағы Анастасия Хромова қорғайды. Жарысты тікелей эфир арқылы Астана уақыты бойынша сағат 20:35-те KazSport телеарнасы көрсетеді. 31 наурыз күні сағат таңғы 4:05-те ерлер арасында қысқа бағдарлама жарыстары өтеді, мұзға Сочидегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен шығады. Сол күні сағат 22:00-де әйелдер арасындағы жарыстар басталып, онда Қазақстанның намысын 16 жасар Элизабет Тұрсынбаева қорғамақ. Еркін бағдарлама: 1 сәуір - 5.20 - Мұздағы би 2 сәуір - 4.35 - Ерлер 3 сәуір - 4.50 - Әйелдер     



Бүгін қазақстандық 8 боксшы Қытайдағы лицензиялық турнирдің ширек финалында бақ сынайды

Бүгін Азия және Мұхит елдері аймағы боксшылары арасында өтіп жатқан Олимпиада ойындарына лицензиялық турнирдің ширек финалдық додасы өтеді.Цзиньяньдағы рингке қазақстандық бокс мектебінің 8 өкілі (алты ер адам мен екі әйел) шығады, деп хабарлайды Қазақстандық бокс федерациясына сілтемемен sports.kz. Ширек финалдар: Күндізгі сессия, басталуы Астана уақытымен сағат 12:00-де.   Ринг А: 5-ші жұп. 81 келі - Әділбек Ниязымбетов - Алаа Элдин Госсоун (Сирия) 11-ші жұп. 60 келі - Назым Ищанова - Йин Джинхуа (Қытай)   Ринг В: 1-ші жұп. 64 келі - Абылайхан Жүсіпов - Дэвид Биддл (Австралия) 5-ші жұп. +91 келі - Иван Дычко - Патрик Майлата (Жаңа Зеландия) 13-ші жұп. - 75 келі - Дариға Шәкімова - Эрденетуя Энхбаатар (Моңғолия)   Кешкі сессия, басталуы Астана уақытымен сағат 17:00-де.     Ринг В: 2-ші жұп. 52 келі - Олжас Сәттібаев - Инку Ким (Корея) 6-шы жұп. 56 келі - Қайрат Ералиев - Центбаатар Ерденебат (Моңғолия) 9-шы жұп. 75 келі - Жәнібек Әлімханұлы - Ильяр Ахметов (Қырғызстан).       



Қытайдағы лицензиялық турнир: Абылайхан Жүсіпов жартылай финалға өтті

Қытайдың Цзиньянь қаласында Риодағы Олимпиадаға іріктеудің лицензиялық жарысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sports.kz.Қазақстандық Абылайхан Жүсіпов (64 келіге дейін) ширек финалда Австралия спортшысы Дэвид Биддлды 3:0 (30:25, 30:26, 30:27) есебімен ұтып, жартылай финалға өтті, онда біздің спортшымыз тайбэйлық Хун-Мин Пан мен Қытай спортшысы Цзянсун Ху арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі.      



Алексей Полторанин қазақстандық шаңғышылардың арасында үздік болды

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында ҚР-ның шаңғы жарыстары бойынша чемпионаты аяқталды. Халықаралық жарыстардың талай рет жеңімпазы мен жүлдегері, Олимпиада ойындарына үш рет қатысқан Алексей Полторанин туған қаласында ерлер арасында классикалық стильмен жарысуда үздік атанды.Бұл спорт түрінен әйелдер арасында бірінші орынды ШҚО-ның тағы бір өкілі Елена Коломина алды. Сондай-ақ спринт, скиатлон, эстафета және командалық спринтте жарыстар өтті. Ерлер мен әйелдерден басқа елдегі үздіктер атағына жастар да таласты. Жарыс қорытындылары бойынша, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Шығыс Қазақстан облысы алды. Ол табанды күресте жарыста екінші орынды алған Ақмола облысының спортшыларынан небәрі 39 ұпай көп жинады. 1. ШҚО - 2724 ұпай;2. Ақмола облысы - 2685 ұпай;3. Қостанай облысы  - 1575 ұпай.Республикалық біріншілікке барлығы 10 аймақ қатысты. Астананың атынан небәрі бір қатысушы - 24 жастағы Марк Старостин шықты.         



Әділбек Ниязымбетов Қытайдағы жарыстың ширек финалында жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетов Қытайда Олимпиада лицензиялары сарапқа салынып жатқан турнирдің жартылай финалына өтті, деп хабарлады Sports.kz.Ширек финалда 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ниязымбетов сириялық спортшы Алаа Элдин Госсоунды жеңді.      



Өскемендік «Алтай» клубының волейболшылары Қазақстан чемпионы атанды

Өскеменде «Алтай» жергілікті клуб жеңген ұлттық лиганың әйелдер командасы арасындағы волейбол бойынша Қазақстан Республикасының XXIV чемпионаты аяқталды.Ұлттық лиганың әйелдер командасы арасындағы волейбол бойынша Қазақстан чемпионаты финалының екінші матчында Өскеменнің «Алтай» командасы талдықорғандық «Жетісу» командасын жеңді. Ойын аяқталғаннан кейін  марапаттау рәсімі өтті. «Алтай» клубының ойыншылары мен бапкерлік штабына Ұлттық лига чемпионының кубогы мен алтын медальді ШҚО әкімі Д. Ахметов табыс етті. Сондай-ақ жеңімпаздар ШҚО әкімдігінен 5 млн теңгенің сертификатын алды, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы. Енді «Алтай» клубы Филиппинде 2016 жылы 3-13 қыркүйекте өтетін Азия чемпионатында Қазақстан атынан жарысқа қатысатын болады. «Алтайдың» үш ойыншысы ҚР Волейбол федерациясының арнайы жүлдесін алды. Ирина Лукомская - үздік байланыстырушы, Ольга Бирюкова - үздік шабуылдаушы,   риддерлік  волейбол тәрбиеленушісі Инна Матвеева - ең бағалы ойыншы атанды. Бұдан бұрын ШҚО-дан «Алтай» ерлер волейбол клубы Қазақстан чемпионы болған».  



Ж. Әбдімәліктің анасы: Жансаяның басты мақсаты - 20 жасқа дейінгі қыздар арасында Әлем чемпионы атану

Абу-Дабиде (БАӘ) классикалық шахматтан «Азия ұлттарының Кубогы-2016» командалық чемпионаты басталды. Оған 20 елден 21 команда қатысуда.Олардың ішінде Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы да бар. Командалар құрамында барлығы 105 шахматшы, 32 халықаралық гроссмейстер және 12 халықаралық шебер өнер көрсетеді. Төртінші сөрелік орынға ие болған Қазақстанның ерлер гроссмейстерлік командасының құрамында рейтинг бойынша  Ринат Жұмабаев (2607), Мұртас Қажығалиев (2570), Әнуар Ісмағамбетов (2559), Рүстем Хуснутдинов (2496) және Петр Костенко бар (2450). Сондай-ақ, Қазақстанның әйелдер құрамасы сапында екі халықаралық гроссмейстер - Динара Сәдуақасова (2411) мен Жансая Әбдімәлік (2381), халықаралық шеберлер - Мәдина Дәулетбаева (2295) және Гүлмира Дәулетова (2269) сайысқа түседі. Солардың ішінде 16 жастағы Жансая Әбдімәлік өткен жылы Ресейде 20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Әлем біріншілігінде ұзақ уақыт көш бастаған болатын. Бірақ, турнир қорытындысы бойынша үшінші орынға ие болды. Жансаяның биыл алдына қойып отырған басты мақсаты - кезекті Әлем біріншілігінде чемпиондық атаққа қол жеткізу. Осыған байланысты «ҚазАқпарат» тілшісі Жансая Әбдімәліктің шахмат Академиясы филиалының оқу ісі бойынша директоры, Жансаяның анасы Алма Әшіровадан сұхбат алған еді. - Алма, биыл Жансаяның дайындығы қалай? - Жансая Қазақстан құрамасы сапында Алматыда оқу-жаттығу жиынына қатысып, Біріккен Араб Әмірлігіне ұшып кетті. Оның қазіргі мақсаты - осы командалық турнирде үздік өнер көрсету. Кейін, басқа да бірқатар турнирлерге қатысуды жоспарлап отыр. Бірақ, басты мақсаты - 20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Әлем біріншілігінде чемпион атану. Өткен жылғы біріншілікте ұзақ уақыт көш бастап келген еді. Бірақ, соңғы партияда тең ойнап, коэффициент бойынша өкінішке қарай үшінші орын алып қалды. Бірақ, бұл турнир оны шынықтырды. Кезекті Әлем біріншіілігінде үздік өнер көрсетеді деген үміттеміз. - Жансая қандай белгілі шахматшыларды өзіне үлгі тұтады? - Оның ең үлгі тұтатын шахматшыларының бірі - венгриялық гроссмейстер Юдит Полгар. Сонымен қатар, Василий Смыслов, Роберт Фишер, Анатолий Карпов, Гарри Каспаров, Михаил Таль сынды әлем чемпиондарының ойнау мәнерін ұнатады. Біздің Академияның жаңадан ашылған филиалындағы санаулы бөлмелерге осы және басқа да шахматшылардың есімдері берілді. - Алматыда балалар арасында шахматқа деген қызығушылық артып келе жатқаны белгілі. Жансая Әбдімәліктің шахмат Академиясының таяуда ашылған филиалында балаларды қабылдау рәсімі қалай жолға қойылған? - Бұл филиалда бір мезетте 120 бала ойнай алады. Бірақ, арнайы шахмат ойнау кестесі бойынша айына 500-600 баланы оқытуды жоспарлап отырмыз. Олардың ішінде 100-ден астам бала көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары  тегін дәріс алатын болады. Ал ақылы оқуға келер болса, бастауыш топ үшін - айына 16 мың теңге. Мұнда балалар шахматпен аптасына үш рет - 45 минуттан айналысады. Балалардың жас мөлшері - 4 жастан жоғары. Әрине, балалардың деңгейі артқан сайын айлық төлем де қымбаттай береді. Бізде кәсіпқой жаттықтырушылар дәріс береді. Олар балаларды классикалық, іргелі шахматқа ғана үйретіп қоймайды, сонымен қатар, адамгершілік қасиеттерді бойларына сіңдіріп, патриоттық рухта тәрбиелеуге күш салады. - Алма, балаларды шахмат ойнауға баулу қаншалықты қиын? - Біздің ең басты міндетіміз - балаларды шахмат ойнауға қызықтыру, мәжбүрлеу емес. Бұл үлкен педагогикалық тәсілді талап етеді. Егер бала шахматты қызығып, өз еркімен ойнайтын болса нәтиже болады. Қазір онсыз да балаларды қызықтыратын заттар көп-ақ. Кейбір балалардың қолдарынан ұялы телефондар, планшеттер, басқа да гаджеттер түспейді. Соларға шұқшияды да отырады. Соның салдарынан олардың көру қабілеті нашарлайды. Сондықтан, балаларды мұндай жағымсыз әдеттерден құтқару, көру қабілеттерін сақтаудың ең тиімді жолдарының бірі - ол шахмат. Шахматтың арқасында балалар сабырлы, байсалды болуға үйренеді. Ойлау қабілеті артады және тұжырым жасауға дағдыланады. - Әңгімеңізге рахмет! Айта кетелік, «Азия ұлттарының Кубогы-2016» командалық чемпионатында кеше жеребе тартылды. Енді сайыстар 5 сәуірге дейін жалғасады.    


«Қазспорт» телеарнасы бокстан Азиялық іріктеу жарысын тікелей эфирде көрсетеді

Қазір қазақстандық спортсүйер қауымның назары Қытайдың Цяньань қаласында бокстан өтіп жатқан Азиялық іріктеу жарысына ауып тұрғаны жасырын емес.Бүгін ширек финалдық кездесулер өтуде. Астана уақытымен 12-00-де басталған түске дейінгі бәсекелерде өнер көрсеткен Абылайхан Жүсіпов, Әділбек Ниязымбетов, Иван Дычко жеңісті жолдарын жалғастырды. Қыздар арасында сынға түсіп жатқан Дариға Шәкімова қарсыласын жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Ал Назым Ишанова қытайлық боксшыға есе жіберіп алды. Ал кешкі сағат 17-00-де өзге салмақтағы боксшылар шаршы алаға шықты. Бүгін Олжас Сәттібаев, Қайрат Ерәлиев және Жәнібек Әлімханұлы жартылай финалға шығу үшін бар күштерін салатын болады.Ел тұрғындары үшін Қытайдың Цяньань қаласында өтіп жатқан жарыстың барысын тамашалау мүмкін болмай тұр. Дегенмен қазақстандық жанкүйерлерге «Қазспорт» телеарнасы үлкен сыйлық жасап отыр. Бокстан өтіп жатқан маңызды лицензиялық бәсекені ел тұрғындары тікелей эфирде көру мүмкіндігіне ие болмақ.«Қазспорт» телеарнасы 31 наурыз, бейсенбі күнінен бастап Азиялық іріктеу жарысын тікелей эфирде көрсетеді деп күтілуде. Астана уақытымен сағат 12-00-де «Қазспорт» телеарнасы алғашқы көрсетілімін бастайды. Атап айтқанда, жартылай финалдық тартысты бәсекеде -46, -49, -56, -64, -75 кило салмақтағы ерлер, (-48, -51, -57, -60, -69, -75 кило) салмақтағы қыздар шаршы алаңға шығады. Ал сол күні 16-00-де -52, -60, -69, -81, -91, +91 кило салмақтағы ерлер бақ сынайды.Қазспорт» телеарнасының бағдарламасына сәйкес, 1-2 сәуір күндері де (сағат 12-00 және 16-00) жартылай финалдық және финалдық бәсекелер өтеді деп жоспарланған.   



ОҚО спортшылары жыл басынан бері 600-ден астам медальға ие болды

Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары жыл басынан бері спорттың 59 түрі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары, кубоктары мен біріншіліктеріне қатысып, 201 алтын, 182 күміс, 219 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен.Мұнан бөлек, жыл басынан бері өткен Азия чемпионаттары мен кубоктарында облыс спортшылары, 2 күміс және 2 қола медальге қол жеткізсе, осы уақыт арасында Әлем чемпионаттары мен кубоктарында облыс спортшылары 1 күміс медальге ие болды.Сондай-ақ, өңірде осы уақыт аралығында 5 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 30 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 176 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.Айта кету керек, облыс көлемінде 36 олимпиадалық, 23 олимпиадалық емес спорт түрлері дамып келеді. 



Астанада әскерилер арасында AIBA қағидасы бойынша бокстан ашық турнир өтуде

Бүгін Астанада «Жас ұлан» республикалық мектебінде ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің боксынан ІІІ ашық турнир басталды. Турнирге офицерлер, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер қатыса алады.«Бокс - бұл еліміздегі сұранысқа ие спорттың бір түрі. Бұл спорт түрінде былғары қолғап шеберлеріміз халықаралық аренада үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Спорттың аталмыш түрі Қарулы күштерінің жүйесінде де танымал болып келеді. Бұл турнирдің алдында бөлімдер мен құрамаларда, өңірлік қолбасшылықтарда, тікелей бағынысты бөлімдерде үздік боксшыларды іріктеу бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Бүгінде біз боксты ғана емес, сонымен бірге Қарулы күштері қызметкерлерінің дене даярлығын тамашалаймыз. Себебі, төзімділік - бұл жауынгерлік даярлықтың, Қарулы күштеріміздің жауынгерлік әзірлігінің бір бөлігі», - деді Құрлық әскерлері бас қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы - ҚР ҚК ҚӘ БҚБ жауынгерлік даярлық бас басқармасының бастығы  генерал-майор Сәбит Құдайбергенов. Турнир AIBA халықаралық бокс федерациясының халықаралық ережелері бойынша өткізіледі.  Команданың құрамы - 10 адам (8 спортшы, 1 өкіл және 1 төреші). Сайысқа 56, 60, 64, 69, 75, 81, 91 келіге дейінгі және 91 келіден жоғары салмақтағы қатысушылар қатыса алады.        



Қызылордалық кикбоксшылар ел чемпионатында 5 жүлде иеленді

Астана қаласында кикбокстан ерлер мен­ әйелдер арасында Қазақстан Республикасы­ның чемпионаты өтті.Кикбоксингтің фулл-конта­кт, лоу-кик, к-1 бөлімдері бойынша өткен­ жарыста жерлестеріміз, облыстық жоғары ­спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушілері 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медальдарды ие­ленді. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. К-1 бөлімінде өнер көрсеткен Алтынбек Жү­нісов 75 келі салмақ дәрежесінде Қазақст­ан чемпионы атанса, 86 келіде Ахмедияр А­манжолов күміс жүлдеге ие болды. Әйелдер ­арасында фулл-контакт бөлімінде +70 келі­де Нұржанат Тілеумбетова 2-орынды еншілед­і. К-1 бөлімінде 51 келіде сынға түскен ­Нұрсұлтан Сапаровтың еншісіне қола медал­ь бұйырды.     



Қазақша күрестен ел чемпионатында қызылордалықтар 2 алтын, 1 күміске қол жеткізді

Көкшетау қаласында қазақша күрестен 1999-2000 ж.т. жасөспірімдер арасында өткен ел чемпионатында қызылордалық жас палуандар 2 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль олжалады, деп хабарлады облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.Қыздар арасында жекелей сында 57 келіде Мереке Сламбекова (Қармақшы ауд.) мен 70 келіде Әлиса Нұртас (Жалағаш ауд., Мәдениет ауылы) ел чемпионы атанды. 52 келіде Ұлбосын Мүсілім күміс жүлдеге ие болса, 40 келіде Фариза Қайырбек, 44 келіде Малика Алпысбай (үшеуі де Қызылорда қ.)мен Диана Ғайбулла (Жаңақорған¬ ауд., Түгіскен ауылы), 63 келіде Мөлдір Қойбағар (Қызылорда қ.), ұлдар арасында 64 келіде Ринат Елеулі(Қызылорда қ.) че-мпионаттың қола жүлдесін еншіледі.   



Қайрат Ералиев Қытайдағы іріктеу турнирінде жартылай финалға өтті

Қайрат Ералиев (56 келі) Қытайда Олимпиада лицензиялары сарапқа салынып жатқан турнирде екінші жекпе-жегіне ұтты.Боксшы ширек финалда Моңғолия спортшысы Цендбатыр Эрденбатуды - 3:0 есебімен ұтқан. Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қайрат - турнирде жартылай финалған өткен бесінші жерлесіміз.  



ФУТБОЛ: Қазақстан құрамасы сырт алаңда Грузиямен 1:1 есебімен тең ойнады

Грузияның Тбилиси қаласындағы Борис Пайчадзе атындағы стадионда Қазақстан ұлттық құрамасы алаң иелерімен жолдастық кездесу өткізді.Бұдан үш күн бұрын Әзірбайжан құрамасымен өткен кездесуге қарағанда, Талғат Байсуфинов бастаған қазақстандық мамандар бұл ойында біраз өзгерістер жасады. Мысалы, Исламбек Қуат, Абзал Бейсебеков, Азат Нұрғалиев, Алексей Щеткин бірден алаңға шықты. Сондай-ақ құрамаға көптен шақыртылмаған қақпашы Давид Лория өз шеберлігін көрсетуге мүмкіндік алды. Ал команда капитаны Самат Сымақов ұлттық құрама сапындағы 73-інші кездесуін өткізіп, бұл жөнінен өзінің досы Руслан Балтиевті қуып жетті. Бір айта кететін жайт, Грузия құрамасын осыған дейін Алматының «Қайратын» жаттықтырған словакиялық маман Владимир Вайсс алып шықты. Сондықтан оған қазақстандық ойыншылар жақсы таныс болатын. «Қазспорт» телеарнасынан тікелей эфирде көрсеткеніндей, матч барысында алдымен грузиялық футболшылардың басымдылығы байқалып тұрды. Дегенмен қазақстандықтар да қарап қалған жоқ. 36-минутта оң қапталдан суырылып шыққан Серікжан Мұжықовтың берген пасын Азат Нұрғалиев құр жібермей, есеп ашты. Алайда екі минуттан кейін қазақстандықтардың сылбыр қимылын пайдаланған Торнике Окриашвили таразы басын теңестіріп кетті. Жалпы, қорғаныста Ғафуржан Сүйімбаев сәтті қимылдай білді. Екінші таймда қос команда да тыңнан ойыншыларын қосты. Соның ішінде қонақтар қақпасын Владимир Плотников қорғап, ұлттық құрамадағы тұңғыш кездесуін өткізді. Ол ойын барысында жекедара шыққан грузин шабуылшысының соққан добын қайтарып, қақпасын аман алып қалды. Бұдан кейін командалар қанша тырысқанмен, есеп өзгерген жоқ. Еске сала кетейік, 26 наурыз күні Талғат Байсуфинов баптаған Қазақстан құрамасы Түркияда өткен жолдастық кездесуде Әзірбайжанды 1:0 есебімен ұтқан болатын.      


Қазақстандық жеті боксшы жартылай финалға шықты - Олимпиадаға іріктеу

 Бокстан Қытайдың Цяньань қаласында азиялық іріктеу жарысы өтіп жатыр. 81 келіде Жәнібек Әлімханұлы қырғызстандық Ильяр Ахметовты 3:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға өтті.   56 келіде әлем чемпионатының қола жүлдегері Қайрат Ерәлиев ширек финалда моңғолиялық Центбаатар Ерденебатты 3:0 есебімен ұтып, жартылай финалға жолдама алды, деп жазады alaman.kz. 52 келі салмақтағы Олжас Сәттібаев та жартылай финалда. Ол кореялық Киммен кездесіп, 3:0 есебімен жеңді. 75 келіде Дариға Шәкімова ширек финалда моңғолиялық Эрденетуя Энхбаатардан 3:0 есебімен басым түсіп, жартылай финалға шықты.  Ал 60 келіде  Назым Ищанова қытайлық Иун Жинхуадан (Азия ойындарының чемпионы) 0:3 есебімен жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды. 81 келіде Әділбек Ниязымбетов сириялық қарсыласы Алаа Элдин Госсоунды жеңіп, жартылай финалға шықты. 64 келі салмақта Абылайхан Жүсіпов австралиялық қарсыласы Давид Видлиді 3:0 (30:25, 30:26, 30:27) айқын басымдықпен ұтты. +91 келі салмақта Иван Дычко жаңазеландиялық қарсыласы Патрик Майлотты бірінші раундта-ақ сұлатып, жартылай финалға шықты.     



Риодағы Паралимпиада ойындарына Қазақстан спортшылары кем дегенде 10 жолдаманы жеңіп алмақ

Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру iстерi комитетiнiң төрағасы Елсияр Қанағатов Лондондағы ойындарға қарағанда, Рио-де-Жанейрода өтетін 15-ші Паралимпиадалық ойындарға баратын спортшылар көбірек болатынын мәлім етті.Осы орайда 2012 жылы Лондонда өткен Паралимпиадалық  ойындарға жеті қазақстандық спортшы қатысып, оның үшеуі алғашқы ондыққа енгенін еске салып өтті. «Паралимпиадалық  ойындардың ондығына ену жаман көрсеткіш емес. Дегенмен де біздің ұлттық құраманың алдында қазіргі кезде елеулі мақсаттар тұр. Бүгінде спорттың үш түрі бойынша алты спортшы жолдамаларды жеңіп алды. Сонымен қатар жеңіл атлетика, оқ тудан және садақпен атудан жолдамаларды иелену жоспарланып отыр. Жаңадан енгізілген параканоэ туралы айтатын болсақ, Жалғас Тайкенов бұл бағытта жолдаманы жеңіп алуға тырысуда. Ол каноэ бойынша әлем чемпионатына қатысады. Бұл ретте жолдамалар алғашқы төрт орынға беріледі. Жалпы, біз Паралимпиадалық  ойындарға 10 спортшының қатысуы мақсатын алдымызға қойып отырмыз», - деді Е. Қанағатов бүгін аталған ойындарға еліміздің спортшыларын даярлау жөніндегі штабтың отырысында. Айта кетейік, 15-ші Паралимпиадалық  ойындардың басталуына 161 күн қалды. Бұл дода биылғы 7-18 қыркүйекте 23 спорт түрінен Рио-де-Жанейрода өтеді. 528 медаль жиынтығы сарапқа салынады.     



Паралимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне Қазақстанда пәтер беріледі

Паралимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне Қазақстанда пәтер беріледі. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру iстерi комитетiнiң төрағасы Елсияр Қанағатов мәлім етті.Оның айтуынша, заңнамаға сәйкес Паралимпиадалық ойындарда чемпион және жүлдегер атағын иеленген спортшыларға ай сайынғы материалдық қолдау, сондай-ақ оларды баспанамен қамтамасыз ету нормалары қарастырылған. «Өздеріңіз білесіздер, бұндай нормалар Олимпиада жеңімпаздарында болды. Жаңа заңда депутаттардың қолдауымен паралимпиадашылар үшін де тиісті норма бекітілді. Менің ойымша, бұл тұрғыда өте дұрыс шешім жасалды. Енді тек осы ай сайынғы материалдық ынталандыруды және пәтер алуы тиіс чемпиондар мен жүлдегерлер қажет», - деді Е. Қанағатов бүгін Риодағы Паралимпиадалық ойындарға еліміздің спортшыларын даярлау жөніндегі штабтың отырысында. Комитет басшысы Үкімет қаулысымен бекітілген паралимпиадашыларды материалдық ынталандырудың сомасы жайын да  еске салып өтті. 1 орын - 50 мың доллар; 2 орын - 35 мың доллар; 3 орын - 25 мың доллар; 4 орын - 14 мың доллар; 5 орын - 6 мың доллар; 6 орын - 4 мың доллар; Айта кетейік, 15-ші Паралимпиадалық  ойындардың басталуына 161 күн қалды. Бұл дода биылғы 7-18 қыркүйекте 23 спорт түрінен Рио-де-Жанейрода өтеді. 528 медаль жиынтығы сарапқа салынады.     



Спорттан кеткен мүмкіндігі шектеулі спортшылардың белсенді өмірге қайта оралуына жағдай жасалмақ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру iстерi комитетiнiң төрағасы Елсияр Қанағатов спорттан кеткен мүмкіндігі шектеулі спортшыларды іздестіріп, оларға мүмкіндігінше спортқа қайта оралуына жағдай жасау тапсырмасын берді. «Біздің мақсат - үйлерінде отырып қалған адамдарды спортқа тарту. Адамдардың қайғырып, ішімдікке салынып кетуі секілді мысалдар көп болды. Алайда, олар арнайы спорттық секциялар бар екенін білгеннен кейін жаттығып, өмірдегі құлшынысы артып, жоғары нәтижелерге ұмтылған болатын», - деді Е. Қанағатов бүгін Риодағы Паралимпиадалық ойындарға еліміздің спортшыларын даярлау жөніндегі штабтың отырысында. Оның сөзіне қарағанда, бұндай адамдарға ынталандырғыш күш ретінде жоғары нәтижеге қол жеткізген паралимпиада спортшыларының тарихы көмектеседі. «Біз баршасына мүмкіндігі шектеулі спортшылардың жетістіктерін кеңінен баяндауымыз қажет. Олар шынымен де батыр. Осындай өжет спортшылар өзге мүмкіндігі шектеулі адамдарға үлгі болуы тиіс»,-деді ол.     



Элизабет Тұрсынбаева Әлем чемпионатына қатысады

Бүгін, АҚШ-тың Бостон қаласында мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионаты басталады. Дүбірлі додада Элизабет Тұрсынбаева 31 наурыз күні сағат 22:00-де қысқа бағдарлама бойынша өнер көрсетеді, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.16 жасар Элизабет ересектер арасында бірінші мәрте бағын сынамақ. Жарысты «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Тікелей эфир кестесі: 30 наурыз: 20:35. Мұздағы би. Қысқа бағдарлама. 31 наурыз: 02:50. Әлем чемпионатының ашылу салтанаты. 04:05. Ерлер арасындағы қысқа бағдарлама. 22:00: Қыздар арасындағы қысқа бағдарлама. 1 сәуір: 05:20. Мұздағы би 23:05. Жұптық бәсеке. Қысқа бағдарлама. 2 сәуір: 04:35. Еркін бағдарлама. Ерлер. 3 сәуір: 04:50. Еркін бағдарлама. Қыздар. 10:50. Жұптық бәсеке. Еркін бағдарлама.     



«Алау» мұз айдынында конькимен жүгіруден Қазақстан чемпиондары анықталды

Бүгін Астанада конькимен жүгіру көпсайысы бойынша Қазақстан чемпионаты аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында Денис Кузин, әйелдер арасында - Екатерина Айдова чемпион атанды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөөз қызметінен.Үш күн бойы «Алау» мұзайдыны сарайында өткен чемпионатқа сегіз аймақтан келген спортшылар қатысты. Жарыстар ересектер арасында да, жасөспірімдер арасында да ұйымдастырылды. Жалпы, 13 медаль жиынтығы сарапқа салынды.500, 1500, 1000 және 3000 метрге жүгіруде жиналған ұпай саны бойынша Екатерина Айдова көш бастады, Татьяна Климчук екінші, Мария Сизова үшінші орында.Ерлер арасында барлық қашықтықтар бойынша жарыстарда Денис Кузин үздік болды, Дмитрий Морозов күміс, Александр Кленко қола медаль еншіледі.Жасөспірімдер арасында классикалық көпсайыстан Демьян Гаврилов, қыздар арасында Александра Примак топ жарды.Конькимен жүгіру спортынан мемлекеттік бапкер Кенже Сәрсекенованың айтуынша, чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының алдағы маусымдағы құрамы анықталады.- Біздің спортшылар үшін бұл маусым жақсы өтті. Жасөспірімдер резерві артып келеді. Мысалы, Станислав Палкин Әлем кубогының бірнеше кезеңінде, халықаралық жарыстарда бағын сынады, Әлем чемпионатында «еркін» сайыста жалпыкомандалық есепте 5-орынға тұрақтадық, Әлем кубогы кезеңінде Палкин қола медаль олжалады. Негізгі құрамаға тоқталсақ, спринттен Қазақстанда көш бастап тұрған Роман Креч биыл Әлем чемпионатында 500 м қашықтықта 5-орын алды. Келесі маусымда спортшыларымыздың үздік нәтижелерге қол жеткізетініне үміттенеміз, - деді мемлекеттік бапкер.Келесі маусымда спортшылар басты жарыс - Алматы қаласында өтетін Универсиадаға дайындалатын болады.    



Шведова мен Бабош «Miami Open» турнирінің ширек финалына шықты

Майамидегі «Мастерс» кортында әйелдер арасындағы жұптық сынның ширек финалға шыққандардың есімдері белгілі болды, деп хабарлады Sports.kz.Қазақстандық Ярослава Шведова венгриялық теннисші Тимеа Бабошпен жұптасып екінші айналымда  Ярославаның бұрынғы серіктесі Кейси Делльаква және оның отандасы Саманта Стосурды - 7:5, 6:4 есебімен жеңді. Шведовы және Бабоштың келесі қарсыластары украиналықтар Алена Бондаренко және Ольга Савчук болмақ. Бұл кезеңде жеңіске жеткен жағдайда қазақстандық-венгриялық дуэт ресейлік Маргарита Гаспарян және румыниялық Моника Никулескумен (алдымен олар Мартина Хингис (Швейцария) Сания Мирза (Үндістан) - 6:4, 6:2 есебімен, кейін Ваню Кинг және ресейлік Алла Кудрявцева жұбын - 6:3, 7:6 (3)  есебімен жеңді) күш сынасады.  



БОКС: «Astana Arlans» пен «Uzbek Tigers» командалары Өскемендегі кездесуге қатысатын құрамдарын жариялады

«Astana Arlans» пен «Uzbek Tigers» командалары Бүкіләлемдік бокс сериясы чемпионаты (WSB)  аясында Өскеменде 2 сәуірде болатын матчқа қатысатын өз құрамдарын жариялады.52 кг: Азат Махметов VS Аброрджон Кадыров 60 кг: Закир Сафиуллин VS Эльнур Абдураимов 69 кг: Асланбек Шымбергенов VS Махмуд Гаипов 81 кг: Арман Рысбек VS Шухрат Абдуллаев 91+ кг: Камшыбек Күнқабаев VS Мирзохиджон Абдуллаев Еске сала кетсек, бұдан бұрын «арландар» бапкері Нұрлан Ақүрпеков Ташкенттегі кездесудің қарымтасын қайтаруға уәде берген болатын.  27 ақпанда  өткен матч 4:1 есебімен өзбек командасының пайдасына шешілген еді. Бокс кеші сағат 17:00-де «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.     



Денис Тен Бостондағы әлем чемпионатында қысқа бағдарлама нәтижесі бойынша 12-ші орынды иеленді

 Сочидегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен Американың Бостон қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша 12-ші нәтиже көрсетті. Ол 78, 55 балл жинады.Бірінші орынды 110,56 балл жинаған жапониялық Олимпиада чемпионы Юдзуру Ханю иеленді. Екінші орында - испандық  Хавьер Фернандес (98,52), үшінші орын - канадалық  Патрик Чанге (94,84) бұйырды. Еркін бағдарламадағы жарыс 2 сәуірде Астана уақыты бойынша таңертеңгі сағат 5.20-да тікелей эфирде KazSport арнасынан көрсетіледі.   



Бокстан лицензиялық турнир: Бүгін шаршы алаңға қазақстандық боксшылардан кімдер шығады?

Бүгін Қытайда өтіп жатқан бокстан Азия және Мұхит аймағы бойынша Олимпиада ойындарына жолдама таратылатын турнирінің жартылай финалдық бәсекелері басталады.Осыған дейін хабарлағанымыздай осы кезеңнен сүрінбей өткен боксшылар Рио Олимпиадасының лицензиясын қанжығасына байлайтын болады. Назарларыңызға бүгін шаршы алаңға шығатын қазақстандық бокшылардың есімдерін ұсынғанды жөн көріп отырмыз. Күндізгі сессия: Сағат 12:00 Ерлер: 56 келі: Шива Тапа (Үндістан) - Қайрат Ерәлиев (Қазақстан) 64 келі: Абылайхан Жүсіпов (Қазақстан) - Цянксун Ху (Қытай) 75 келі: Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан) - Шинебаяр Нармандах (Моңғолия) Қыздар: 75 келі: Дариға Шәкімова (Қазақстан) - Ун Жанг (Корея) Кешкі сессия: Сағат 16:00 52 келі: Жиангван Ху (Қытай) - Олжас Сәттібаев (Қазақстан) 81 келі: Әділбек Ниязымбетов (Қазақстан) - Азиз Ачилов (Түркменстан) +91 келі: Иван Дычко (Қазақстан) - Хусейн Яшаиш (Иордания) Естеріңізге сала кетейік, бүгіннен бастап «Kazsport» телеарнасы турнирдің жартылай финалы мен финалдық бәсекесін тікелей эфирде көрсететіні туралы хабарлаған болатын. Жерлестерімізге жанкүйерлік танытып, жеңісіне бірге куә болайық.


Батысқазақстандық спортшы таэквондодан кадеттер арасында ел чемпионы атанды

Қостанай қаласында таэквондодан кадеттер арасында ел біріншілігі мәреге жетті.БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, батысқазақстандық Әли Қайырғалиев 41 келі салмақта үздік өнер көрсетіп, ел чемпионы атанды. Бұған таэквондодан БҚО құрамасының аға бапкері Андрей Канның қосқан үлесі мол.      



Қарағандылық «Шахтердің» жартылай қорғаушысы Эрфан Зенели үйленді

Қарағандылық «Шахтер» футбол клубының жартылай қорғаушысы Эрфан Зенели үйленді. Бұл туралы кеншілердің баспасөз қызметінен хабарлайды.«Футбол клубы қарағандылық «Шахтердің» жаңа ойыншысы Эрфан Зенели мен оның қалыңдығы Лиданы неке тойымен құттықтайды! Жас жұбайларға үлкен бақыт пен амандық, отбасылық жылулық тілейміз», - делінген хабарламада. Эрфан Зенели Финляндия ұлттық құрамасының ойыншысы, ол қазақстандық Премьер-лигада бірнеше матч өткізіп үлгерді. Бұған дейін жартылай қорғаушы Чемпиондар лигасында финдік ХИК-тің «Астанаға» қарсы ойнаған құрамына қатысты.      



Абылайхан Жүсіпов Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

Бүгін Қытайда бокстан Азия және Мұхит аймағы елдері бойынша Олимпиада ойындарына жолдама берілетін турнирдің жартылай финалдық бәсекелері өтіп жатыр.Осыдан бірер сәт бұрын 64 келіде рингке шыққан қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов қытайлық былғары қолғап шебері Цянксун Худы 3:0 есебімен тізе бүктіріп, финалға шықты. Айта кетейік, шешуші кезеңге шыққан боксшыларға Олимпиада жолдамасы беріледі. Осылайша Абылайхан Риодағы байрақты бәсекеде ел намысын қорғауға мүмкіндік алды.Өкінішке қарай күндізгі сессияда 56 келіде өнер көрсеткен Қайрат Ерәлиев үндістандық Шива Тапаға жол берген еді. Алайда әлі де үміт бар. Ол ертең, 1 сәуір күні Марио Фернандес (Филиппин) - Чатчай Бутди (Таиланд) жекпе-жегінде жеңілген боксшымен жолдамаға таласады.     



Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын техникалық нокаутпен ұтып, Олимпиадаға жолдама алды

Бүгін Қытайда бокстан Азия және Мұхит аймағы елдері бойынша Олимпиада ойындарына жолдама берілетін турнирдің жартылай финалдық бәсекелері өтіп жатыр.Осыдан бірер сәт бұрын 75 келі салмақта рингке шыққан қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы моңғолиялық былғары қолғап шебері Шинебаяр Нармандахты техникалық нокаутпен жеңіп, финалға шықты. Айта кетейік, шешуші кезеңге шыққан боксшыларға Олимпиада жолдамасы беріледі. Осылайша Жәнібек Риодағы байрақты бәсекеде ел намысын қорғауға мүмкіндік алды. Бұған дейін 64 келіде Абылайхан Жүсіпов қытайлық боксшы Цянксун Худы тізе бүктіріп, финалға шыққан болатын. Ал, 56 келіде өнер көрсеткен Қайрат Ерәлиев үндістандық Шива Тапаға жол берген еді. Алайда ол ертең, 1 сәуір күні Марио Фернандес (Филиппин) - Чатчай Бутди (Таиланд) жекпе-жегінде жеңілген боксшымен жолдамаға таласады.       



Алматы әкімдігі «Шымбұлаққа» жолаушы тасымалдаудың балама тәсілін ұсынды

Алматы әкімдігі «Шымбұлаққа» адамдарды жеткізудің оңтайлы тәсілдерін қарастырып жатыр.Бұл туралы бүгін қала әкімінің қатысуымен болған көшпелі жиында белгілі болды. Әкімдіктегілердің айтуынша, қазір «Shuttle bus» арнайы қызметін енгізу көзделіп отыр. Бұл көліктер жолаушыларды «Шымбұлақ» пен «Медеуге» жеке-жеке таситын болады. Бір бағыттағы жол жүру құны 500 теңгеден аспайды. Сондай-ақ, таксопарк басшылығымен де такси құнын 2 есе түсіру жайында келіссөздер жүргізіліп жатыр. Қазір таксимен жету құны 1100 теңге болып отыр. Аспалы арқан жолымен демалыс күндері оқушылар мен зейнеткерлерге, 6 жасқа дейінгі балаларға жеңілдік берілетін болды. Көшпелі жиын барысында белгілі болғандай, көлікпен кіруге тыйым салынғалы бері Шымбұлаққа келушілердің саны күрт артқан. «Сараптамаға сүйенсек, бүгінде күніне мұнда 10 мың адам келеді. Бұрын келушілер саны 2 мыңнан аспайтын. Мейрамханалардың табатын күндізгі табысы 30%-ға артты», - деді Б.Байбек. Сондай-ақ, қала басшысы экологиялық мәселелерді шешумен айналысатын экологиялық кеңес құруды ұсынды. Оған қала тұрғындарын қабылдау көзделген. Айта кету керек, 2016 жылдың  ақпанынан бастап «Медеу» мұз айдынынан «Шымбұлаққа» барар жолда жол-патрульді комиссияның мобильді посты құрылды. Тыйым салынған аймаққа тек арнайы коммуналдық қызметтің көліктері ғана ене алады. Келушілер «Шымбұлаққа» жаяу немесе аспалы арқан жолымен, болмаса таксимен ғана қатынап жүрген.     



Оралда тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында ел біріншілігі мәреге жетті

Орал қаласында тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында ел біріншілігі мәреге жетті.БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, тоғызқұмалақтың классика түрі бойынша жеңімпаз-жүлдегерлер былайша анықталды. 10 жастағылар арасынан ұлдар: Ш.Қойшыбай (Қарағанды) - 1-орын, Б.Қалыбек (ОҚО) - 2-орын, А.Маратбеков (Қызылорда) - 3-орын, қыздар: Ж.Мұңайтпасова (Қызылорда) - 1-орын, Г.Гафарова (БҚО) - 2-орын, І.Қайыржанова (БҚО) - 3-орын. 12 жас, ұлдар: Е.Боранбай (Жамбыл) - 1-орын, А.Тілегенов (Ақтөбе) - 2-орын, Д.Қалыбек (ОҚО) - 3-орын, қыздар: А.Егінбай (Павлодар) - 1-орын, Ә.Дәуренбекқызы (Қызылорда) - 2-орын, Ж.Байлдяшова (Павлодар) - 3-орын. 14 жас, ұлдар: Д.Ахметов (Қызылорда) - 1-орын, Н.Сүлейменов (Павлодар) - 2-орын, Б.Жортабаев (БҚО) - 3-орын, қыздар: Г.Алдабергенова (Ақтөбе) - 1-орын, Ж.Смаилова (Қостанай) - 2-орын, Д.Ерниязова (БҚО) - 3-орын.   



Дариға Шәкімова Рио Олимпиадасының жолдамасына ие болды

Бүгін Қытайда бокстан Азия және Мұхит аймағы елдері бойынша Олимпиада ойындарына жолдама берілетін турнирдің жартылай финалдық бәсекелері өтіп жатыр.Осыдан бірер сәт бұрын қыздар арасында 75 келі салмақта рингке шыққан қазақстандық боксшы Дариға Шәкімова кореялық былғары қолғап шебері Ун Жангпен жекпе-жекте қарсыласын ұтты.   Айта кетейік, шешуші кезеңге шыққан боксшыларға Олимпиада жолдамасы беріледі. Осылайша Дариға Шәкімова байрақты бәсекеде ел намысын қорғауға мүмкіндік алды. Бұған дейін боксшы Жәнібек Әлімханұлы моңғолиялық былғары қолғап шебері Шинебаяр Нармандахты техникалық нокаутпен жеңіп, финалға шыққан еді. 64 келіде Абылайхан Жүсіпов қытайлық боксшы Цянксун Худы тізе бүктірген болатын. Өкінішке қарай күндізгі сессияда 56 келіде өнер көрсеткен Қайрат Ерәлиев үндістандық Шива Тапаға жол берген еді. Алайда әлі де үміт бар. Ол ертең, 1 сәуір күні Марио Фернандес (Филиппин) - Чатчай Бутди (Таиланд) жекпе-жегінде жеңілген боксшымен жолдамаға таласады.           



О.Сәттібаев қытай боксшысынан ұтылды, алайда оның Олимпиада жолдамасын алуына тағы бір мүмкіндігі бар

Бүгін Қытайда бокстан Азия және Мұхит аймағы елдері бойынша Олимпиада ойындарына жолдама берілетін турнирдің жартылай финалдық бәсекелері өтіп жатыр.Осыдан бірер сәт бұрын 52 келі салмақта боксшымыз Олжас Сәттібаев қытайлық спортшы Жиангван Хумен жекпе-жекте ұтылып қалды. Айта кетейік, шешуші кезеңге шыққан боксшыларға Олимпиада жолдамасы беріледі. Алайда Олжас Сәттібаев қырғыз боксшысы Азат Үсеналиев пен өзбек спортшысы Шахобидин Зоировтың кездесуінде жеңілген былғары қолғап шеберімен рингке шығады. Осы жекпе-жекте жеңіске жетсе оның Олимпиада жолдамасын алуына мүмкіндігі бар. Еске сала кетсек, бұған дейін 75 келі салмақта рингке шыққан қазақстандық боксшы Дариға Шәкімова кореялық былғары қолғап шебері Ун Жангты ұтып, финалға шыққан еді. Ал, ерлер арасында 75 келі салмақта боксшы Жәнібек Әлімханұлы моңғолиялық былғары қолғап шебері Шинебаяр Нармандахты техникалық нокаутпен жеңді. 64 келіде Абылайхан Жүсіпов қытайлық боксшы Цянксун Худы тізе бүктірген болатын. Өкінішке қарай күндізгі сессияда 56 келіде өнер көрсеткен Қайрат Ерәлиев үндістандық Шива Тапаға жол берген еді. Алайда әлі де үміт бар. Ол ертең, 1 сәуір күні Марио Фернандес (Филиппин) - Чатчай Бутди (Таиланд) жекпе-жегінде жеңілген боксшымен жолдамаға таласады.     



Әділбек Ниязымбетов түркімен боксшысын ұтып Олимпиада жолдамасына ие болды

Бүгін Қытайда бокстан Азия және Мұхит аймағы елдері бойынша Олимпиада ойындарына жолдама берілетін турнирдің жартылай финалдық бәсекелері өтіп жатыр.Осыдан бірер сәт бұрын 81 келі салмақ дәрежесінде боксшымыз Әділбек Ниязымбетов түркіменстандық спортшы Азиз Ачиловпен жекпе-жекте қарсыласын ұтты. Айта кетейік, шешуші кезеңге шыққан боксшыларға Олимпиада жолдамасы беріледі. Бұған дейін 52 келі салмақта Олжас Сәттібаев қытайлық Жиангван Худан ұтылды. Ол қырғыз боксшысы Азат Үсеналиев пен өзбек спортшысы Шахобидин Зоировтың кездесуінде жеңілгені былғары қолғап шеберімен рингке шығады. Осы жекпе-жекте жеңіске жетсе оның Олимпиада жолдамасын алуына мүмкіндігі бар. Еске сала кетсек, бұған дейін 75 келі салмақта рингке шыққан қазақстандық боксшы Дариға Шәкімова кореялық былғары қолғап шебері Ун Жангты ұтып, финалға шыққан еді. Ал, ерлер арасында 75 келі салмақта боксшы Жәнібек Әлімханұлы моңғолиялық былғары қолғап шебері Шинебаяр Нармандахты техникалық нокаутпен жеңді. 64 келіде Абылайхан Жүсіпов қытайлық боксшы Цянксун Худы тізе бүктірген болатын. Өкінішке қарай күндізгі сессияда 56 келіде өнер көрсеткен Қайрат Ерәлиев үндістандық Шива Тапаға жол берген еді. Алайда әлі де үміт бар. Ол ертең, 1 сәуір күні Марио Фернандес (Филиппин) - Чатчай Бутди (Таиланд) жекпе-жегінде жеңілген боксшымен жолдамаға таласады.         



Иван Дычко Қытайдағы жарыста Рио Олимпиадасының жолдамасын ұтып алды

Бүгін Қытайда бокстан Азия және Мұхит аймағы елдері бойынша Олимпиада ойындарына жолдама берілетін турнирдің жартылай финалдық бәсекелері өтіп жатыр.Осыдан бірер сәт бұрын +91 келі салмақ дәрежесінде боксшымыз Иван Дычко иорданиялық Хусейн Яшаишпен кездесті.  Аса ауыр салмақтағы сайысқа қазылық еткен үш төрешіде жерлесімізге ұпай жазды. Айта кетейік, шешуші кезеңге шыққан боксшыларға Олимпиада жолдамасы беріледі. Еске сала кетсек, бұған дейін 81 келі салмақ дәрежесінде боксшымыз Әділбек Ниязымбетов түркіменстандық спортшы Азиз Ачиловпен жекпе-жекте қарсыласын ұтып, Рио Олимпиадасының жолдамасына ие болды. 52 келі салмақта Олжас Сәттібаев қытайлық Жиангван Худан ұтылды. Ол қырғыз боксшысы Азат Үсеналиев пен өзбек спортшысы Шахобидин Зоировтың кездесуінде жеңілгені былғары қолғап шеберімен рингке шығады. Осы жекпе-жекте жеңіске жетсе оның Олимпиада жолдамасын алуына мүмкіндігі бар. 75 келі салмақта рингке шыққан қазақстандық боксшы қызымыз Дариға Шәкімова кореялық былғары қолғап шебері Ун Жангты ұтып, финалға шыққан еді. Ал, ерлер арасында 75 келі салмақта боксшы Жәнібек Әлімханұлы моңғолиялық былғары қолғап шебері Шинебаяр Нармандахты техникалық нокаутпен жеңді. 64 келіде Абылайхан Жүсіпов қытайлық боксшы Цянксун Худы тізе бүктірген болатын. Өкінішке қарай күндізгі сессияда 56 келіде өнер көрсеткен Қайрат Ерәлиев үндістандық Шива Тапаға жол берген еді. Алайда әлі де үміт бар. Ол ертең, 1 сәуір күні Марио Фернандес (Филиппин) - Чатчай Бутди (Таиланд) жекпе-жегінде жеңілген боксшымен жолдамаға таласады.             



«Ақжайықтың» жас футболшылары Ресейде өткен жарыста екінші орынды иеленді

«Ақжайық» футбол орталығының тәрбиеленушілері Ресейдің Орынбор облысы Бузулук қаласында өткен жарыста екінші орынды иеленді.«Ақжайық» футбол клубынан түскен мәліметке қарағанда, Бузулуктағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігіне 2006 жылғы балалардан құралған командалар қатысты. Бузулук, Колтубановка, Орал, Нефтегорск және Сорочинск қалаларынан барлығы алты команда сынға түсті. «Ақжайық-2006» ойыншылары жартылай финалда Нефтегорск командасын 9:0 есебімен ұтты. Финалда Бузулук пен Орал командалары арасындағы ойын 3:3 есебімен тең аяқталғанымен, пенальти соғудан алаң иелері жеңіске жетті. Үшінші орынға Колтубановка командасы көтерілді. Жас футболшылар түрлі аталымдар бойынша да марапатталды. Соның ішінде оралдықтардан Мұрат Ерасыл «Үздік қорғаушы», Ахмет Айбар «Ең пайдалы ойыншы» атанды. «Ақжайық-2006» командасының бапкері Филипп Богер екенін айта кетейік.     

 

Соңғы жаңалықтар