Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Шорт-тректен Қазақстан командасының бас бапкері ауысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шорт-тректен Қазақстан командасының бапкерлер штабында маңызды өзгеріс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Шорт-тректен Қазақстан командасының бас бапкері ауысты

Құраманың бас бапкері қызметіне Нұрберген Жұмағазиев тағайындалды. Ол жақында ғана зейнетке шыққан Мәдіғали Қарсыбековті алмастырды.

Н.Жұмағазиев Олимпиада ойындарының қатысушысы. Сондай-ақ ол Әлем кубогінде, Азия ойындарында және өзге де турнирлерді медаль еншілеген.

Айта кетейік, биылғы желтоқсан айында Алматыда шорт-тректен әлем кубогының екі кезеңі өтеді. Атап айтқанда, 9-11 желтоқсанда және 16-18 желтоқсанда әлем кубогының III және IV кезеңдері ұйымдастырылады. Алматы шаһары әлем кубогы кезеңіне қатысушыларды 2018 жылы да қабылдаған болатын.