Шортанды аудандық салық басқармасының лауазымды қызметкері 80 мың теңге пара алу кезінде қолға түсті

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысы Шортанды аудандық салық басқармасының салық есебін тексеру, қабылдау және өңдеу бөлімнің бастығы В. дейтін әйел 80 мың теңге пара алу кезінде қаржы полициясының қолына түсті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аудан салық басқармасының лауазымды қызметкері Л.есімді кәсіпкерді құжаттарын уақытында өткізбегені үшін әкімшілік жауапкершіліктен босатып жіберуге септесуге уәде етіп, оңай олжаға кенелмек болған сәтінде айғақты дәлелдермен құрықталды. Ал Щучье ауданы аумағындағы «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғат бағының орманшысы С. есімді жауапты қызметкер Золотобор орманшылығында дайындалған ағашты заңсыз шығарып алмақ болған К. есімді азаматты жауапкершіліктен босату жөніндегі қызметін 100 мың теңгеге бағалаған. Қазір қос пара алушы ҚР ҚК-сінің 311 бабының 1 және 2 тармақтарымен жауапқа тартылып, тергеу амалдары жалғастырылуда.
Соңғы жаңалықтар