Шортанды ауданында озық технологияға негізделген диірмен салынуда

КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Шортанды ауданының орталығы Шортанды кентінде озық технологияға негізделген жаңа диірмен құрылысы қарқынды жүргізілуде,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астықты аймақтағы жаңа өндіріс орталығын осындағы «Даржан топ» жауапкершілігі шектеулі серіктестік қолға алып отыр. Жобаның жалпы сомасы екі жарым миллион АҚШ долларын құрайды. Кәсіпорын әр ауысым сайын 120 тонна ұн шығара алады. Мұнда жергілікті 60 адам жұмыспен қамтамасыз етілмек. Қажетті технологиялық жабдықтар түрік елінен әкелініп, құрастырылды. Қазіргі кезде кадрларды қайта даярлықтан өткізу, технологиялық желілерді бақылаудан өткізу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар