Шотландияда 5,5 балдық жер сілкінісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шотландияның Эдинбург қаласының солтүстік-батыс аумағында 5,5 магнитудалы жер сілкінісі болды, деп хабарлады Би-би-си Еуропалық-жерорта теңізі сейсмологиялық орталығына сілтемемен.

Шотландияда 5,5 балдық жер сілкінісі болды

Жер сілкінісінің кіндігі Шотландия астанасынан 214 шақырым жерде, 120 км тереңдікте орналасқан.

Жапа шеккендер туралы хабар жоқ.