Шотландияда әлемдегі ең күшті сыра қайнатылды

АСТАНА. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат - Шотландияның сыра қайнататын BrewDog шағын зауыты әлемдегі ең күшті сыраны қайнатты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента. Ру сайтына сілтеме жасап.

«Тактикалық ядролық пингвин» (Tactical Nuclear Penguin) деп аталатын ішімдіктің күштілігі 32 пайызды құрайды.

Көлемі 0,33 литр болатын жаңа сыраның әзірге 500 шөлмегі қайнатылды. Бір шөлмектің бағасы - 30 фунт стерлинг (50 АҚШ доллары).

Сыраның атауы оның әзірлену технологиясына байланысты шыққан. Алғашқы партияның өндірісі балмұздақ өндіретін жергілікті фабрикада жүргізілді. Онда су мұздату арқылы алкогольден бөлінеді, нәтижесінде оның концентрациясы арта түседі. Одан кейін сыра вискиге арналған бөшкелерде бір жарым жыл бойы сақталады.

Сыраның күштілігі бойынша бұған дейінгі рекорд немістің Schorschbraeu маркасына тиесілі болды (31 пайыз).

Соңғы жаңалықтар