Шотландияда бұғылар аштан қырылудың аз-ақ алдында
АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат - Биылғы қыста Шотландияда қарлы боран мен қатты аяздың салдарынан мыңдаған бұғы аштан қырылудың аз-ақ алдында тұр,
деп хабарлайды ВВС телекомпаниясы.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, биыл жануарлар үшін соңғы онжылдықтағы ең ауыр қыс болды. Әбден әлсіреген бұғылардың аштан қырылуына жол бергенше, оларды өзіміз атып өлтіргеніміз дұрысырық болатын шығар, дейді тұрғындар.