Шотландияда тәуелсіздік референдумы өткізілуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шотландияның Ұлыбритания құрамынан шығу-шықпауын айқындайтын референдум өткізілуі мүмкін. Бұл туралы Шотландияның бірінші министрі Никола Старджен мәлімдеді, деп хабарлады 24.kz.
None
None

Оның айтуынша, 23 маусымдағы референдумда шотландықтардың 60%-ы Корольдіктің Еуроодақ құрамында қалуын қалап дауыс берген. Сондықтан референдум қорытындысы мұндағылардың наразылығын тудыруда. Тіпті жергілікті билік Шотландияның тәуелсіздігі туралы референдум өткізуге қажетті заң жобасын әзірлеуге кірісіп те кетті. Естеріңізге салайық, бұған дейін Шотландияның тәуелсіздігі туралы референдум 2014 жылдың 18 қыркүйегінде өткен болатын. Бірақ ол кезде тұрғындардың 55%-ы тәуелсіздікті қаламаған еді. 

Соңғы жаңалықтар