Шойгу астананы Сібірге көшіруді ұсынды

АСТАНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат - Мәскеу облыстық думасы губернатор лауазымына бекіткен ТЖМ басшысы Сергей Шойгу Ресей астанасын Сібірге көшіру қажет деген пікірін білдірді. Ол бұл пікірін «Орыс жаңалықтар қызметінің» эфирінде мәлім етті, деп хабарлады «Лента.ру».
None
None

Тувада туып өскен Шойгу Сібірді дамыту қажеттігін біраздан бері айтып жүр. Атап айтқанда, ол Владимир Путинге Шығыс Сібір мен Қиыр Шығысты дамыту жөнінде мемлекеттік корпорация құруды ұсынды.

Шойгудың ұсыныстарын «Басқа Ресейдің» көшбасшысы Эдуард Лимонов та қолдап келеді. «Мен 1994 жылдан бері астананы Оңтүстік Сібірге көшу жөнінде айтып жүрмін. Бұл Сібірді Ресейге бекіте түседі және қытай экспансиясын үркітеді, Ресейдің еуропалық бөлігінің жүктемесін азайтады», - деді Лимонов «Интерфакс» агенттігіне.  

Шойгу Мәскеу облысының губернаторы қызметіне аймақтың қазіргі басшысы Борис Громовтың өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін 11 мамырда кіріседі. Жаңа губернатор Мәскеудің облыс бөлігіне бірігуі кезінде жұмыс жасайтын болады. «Біз Мәскеу облысында да Мәскеудегідей жағдай туғызуымыз қажет», -  деді ол.

Соңғы жаңалықтар