Шри-Ланкадағы сайлауда қазіргі президент жеңіске жетті
АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат - Шри-Ланкадағы мерзімінен бұрын өткен сайлауда елдің қазіргі президенті Махинда Раджапакса жеңіске жетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының деректеріне сай, сайлау бюллетендерін есептеудің алдын ала қорытындылары бойынша Раджапакса 5,5 млн, дауысты жинаған. Ал оның негізгі қарсыласы Шри-Ланка Қарулы Күштерінің бұрынғы қолбасшысы генерал Саратх Фонсекке 3,9 млн. сайлаушы дауыс берді.