Штанга: Бүгін Светлана Подобедова Әлем чемпионатында ел намысын қорғайды

АСТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Париж қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан Әлем чемпионатында ерлер 77 келіде, әйелдер 75 келіге дейінгі салмақтарда бақ сынайды.
None
None

Қазақстан ұлттық құрамасы бұл сында Әлемнің екі дүркін чемпионы, әйгілі Светлана Подобедоваға үлкен сенім арып отыр. Сондай-ақ осы салмақта Анна Нұрмахамбетова да бағын сынап көреді.

Бүгін Қазақстанның ерлер құрамасы сапында 77 келіде Кирилл Павлов ел намысын қорғайды.

Бұл салмақ бойынша ерлер арасындағы бәсеке Астана уақыты бойынша 21 сағат 30 минутта, әйелдер бәсекесі 24 сағатта басталады.

Әлем чемпионатының тартысты бәсекелерін «Еларна» және «Еуроспорт» телеарналары көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар