11:57, 03 Қаңтар 2009 | GMT +5
Шу ауданында әлеуметтік жобалар іске асырылуда
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 3-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ – Шу ауданының әкімшілік орталығы – Төле би ауылында Жаңа жыл қарсаңында жаңа балабақшаның ашылуы болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бос тұрған мектеп-интернат үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, қажетті құрал-жабдықтар, жиһаздар әкелінді. Міне, енді «Қуаныш» балабақшасы ауылдың 50 бүлдіршініне өз есігін айқара ашып отыр. Балабақша ? осы аймақтағы жалғыз ғана әлеуметтік нысан емес. Шу қаласының батысында 24 пәтерлі тұрғын үй бой көтеруде. Құрылыс 100 млн. теңге сома көлемінде республикалық бюджеттен қаржыландырылуда. Нысанды пайдалануға беру алдағы көктемге жоспарланған.Шу қаласында 2008 жылдың мамырында құны 415 млн. теңге болатын, 780 оқушыға арналған Мақатаев атындағы мектеп үйінің құрылысы басталды. 2008 жылға арналған бюджетте көзделген қаражаттың 294,7 млн. теңгесінің 73 пайызы игерілді.Бірлікүстем ауылында 150 орындық аурухана үйінің құрылысы жүргізілуде. Құрылыс әзірге бастапқы кезеңде.