14:18, 03 Қаңтар 2009 | GMT +5
Шу қаласында ұн тартатын комбинат ашылды
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 3-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ – Шу қаласындағы бұрынғы астық қабылдау кәсіпорнында ұн тартатын комбинат ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қаладағы «КazСом-К» ЖШС аудандық әкімдіктің қолдауымен астықты қайта өңдеу және ұннан жасалатын өнімдер шығаратын кәсіпорын ашты.Серіктестік директоры Нағым Маңгелдиевтің сөзі бойынша, комбинат тәулігіне 45 тоннаға дейін өнім өндіре алады.